|
Материалдар кедергісі курсы бойынша
|
бет | 1/4 | Дата | 13.02.2022 | өлшемі | 43,5 Kb. | | #35680 |
| Емтихан сұрақтары Материалдар кедергісі курсы ТТ экз
Материалдар кедергісі курсы бойынша
5В071300 - «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
мамандығы үшін емтихан сұрақтары
Материалдар кедергісінің негізгі мәселелері мен түсініктері. Үш түрлі. негізгі инженерлік есептеулер.
Конструкция элементтерінің типтері. Есептеу схемасы.
Ішкі күштер, оларды анықтау. Қималар әдісі.
Кернеу. Нүктедегі тік және жанама кернеулер. Деформациялар және орын ауыстырулар.
Материалдар кедергісінің негізгі гипотезалары мен принциптері.
Созылу және сығылу. Бойлық күштер. Көлденең және көлбеу қималардағы кернеулер. Жанама кернеулердің жұптық заңы.
Созылу-сығылу кезінде деформациялар мен орын ауыстырулар. Гук заңы.
Созылу-сығылу кезінде деформацияның потенциалдық энергиясы. Меншікті потенциалдық энергия.
Созылу-сығылу. Статикалық анықталмайтын жүйелер, оларды есептеу реті.Күш әсеріне есептеу.
Созылу-сығылу. Статикалық анықталмайтын жүйелерде температуралық кернеулерді анықтау.
Созылу-сығылу. Статикалық анықталмайтын жүйелерді құрастыру факторын ескеріп есептеу.
Созылу диаграммасы. Материалдардың негізгі механикалық сипаттамалары. Жүктеу және жүктен босату. Мығымдау (наклеп).
Әр түрлі материалдардың созылу диаграммаларын және үлгілерінің қирау сипатын салыстыру. Пластикалық (тұтқыр) және морт сыну.
Пластикалық және морт материалдардың сығылу диаграммалары. Материалдардың сығылу кезінде деформациялану ерекшеліктері.
Материалдардың механикалық сипаттамаларына әр түрлі факторлардың әсері.
Шектік (қауіпті кернеулер). Қауіпсіз (мүмкіндік) кернеулер. Беріктік қоры коэффициенті.
Қауіпсіз (мүмкіндік) кернеулер әдісі. Беріктік шарты Негізгі есептеулердің үш түрі.
Созылу-сығылу кезінде беріктікке және қатаңдыққа есептеу.
Ығысу. Таза ығысу және оның ерекшеліктері. Көлбеу алаңшалардағы кернеулер. Тік және жанама кернеулердің экстремальді мәндері.
Ығысу кезінде Гук заңы. Материалдың үш серпімді тұрақтыларының арасындағы байланыс. Ығысу диаграммасы. Меншікті потенциалдық энергия.
Ығысу кезінде беріктік шарты. Тойтармалы және пісірме қосылыстарды есептеу туралы түсінік.
Бұралу. Қимасы дөңгелек біліктердің бұралуы. Бұраушы моменттерді және көлденең қималардағы кернеулерді анықтау.
Қимасы дөңгелек біліктің бұралуы. Бұралу бұрышын анықтау. Салыстырмалы бұралу бұрышы. Потенциалдық энергия.
Бұралу кезінде беріктікке және қатаңдыққа есептеу.
Қимасы дөңгелек емес біліктердің бұралуы.
Бұралу кезінде ст атикалық анықталмайтын есептерді шешу.
Цилиндр тәріздес оралған серппелерді есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|