Қарлығаш би
Алдынан Шайхан Тәуір көрінді.Шайхан Тәуір тасасынан күмбезі істіктеу, биіктігі он бес-он алты метрдей мазар асқақтайды. Ол әйгілі Төле бидің күмбезі екенін Рысқұлов біледі. Баяғы Тәуеке ханның тұсында қазақтың үш Жүзінің басын қосып, берекелі ел болуына __________ қызмет еткен аса ірі қайраткер екенін де біледі. Жоңғар сияқты жауға қарсы тұрарға қазақ, қырғыз, өзбек,қарақалпақтарды біріктіруді, бір ел етуді армандаған, әрекет қылғаy Ташкентте он екі жыл билік құрып, ақырғы талқаны тоқсан үш жасында таусылып, осы Шайхан Тәуірге қойылып еді.
Рысқұлов Төле бидің күмбезін сонау он бесінші жылы Ташкентке оқу іздеп әдейі барып көріп еді. Күмбездің маңдайшасындағы арабша «Қарлығаш би» дегенді оқып, таңғалған.Сөйтсе, Төле биді мұндағы ел «Қарлығаш би» деп атайды екен. Демек, онда қарлығаш құстың қасиеті болғаны ғой. Төле би де өрт шалған халқына қарлығаш құстың қанатымен су себелеп, шырылдап өткен бір сабаз.
1. Күмбездің маңдайшасындағы арабша сөз
А) Шайхан Тәуір
В) Төле би
С) Қарлығаш би
Д) Тәуке хан
2. Соңғы сөйлемнің мағынасы
А) Төле би – халқының жанашыры
В) Қарлығаш қанатымен су себелейді
С) Төле би – қарлығаштардың қамқоршысы
С) Төле би – елі құрметтеген ұлы адам
3. Төле бидің ел ішінде тараған аты
А) Тәуке би
В) Шайхан би
С) Тәуір би
Д) Қарлығаш би
4. Мәтінде бос орынға сөйлем мағынасына қарай сәйкес келетін сөзді анықта
А) аянбай
В) тиіп-қашып
С) аз
Д) баяу
Талаптыға қонады
1.Баланы елең еткізген дыбыс?
А) жапырақтың сыбдыры
В) майда әуен
С) әжесінің даусы
Д) сары шымшықтың үні
2. Қарамен жазылған табиғат құбылысының сипаттамалары
А) өзен-көл суларының арнасынан асып жайылуы
В) жердің үстіңгі қабатының теңселуі
С) тау шыңынан қардың төмен сырғуы
Д) өзен мен көл бетіндегі мұз кесектерінің қозғалуы
3. Мәтіндегі асты сызылған теңеу сөздің мағынасы
А) үлкен
В) әсем
В) әдемі
С) кішкентай
4. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайтын мақал
А) Ай туғанда алдымен кішкентай көрінер
В) өнер алды- қызыл тіл
С) Төренің баласына әнші менен көз керек
Д) Талаптыға нұр жауар
Достарыңызбен бөлісу: |