Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың



жүктеу 10,7 Mb.
бет1/117
Дата21.01.2018
өлшемі10,7 Mb.
#7832
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117



МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ.............................................................................................

4

1-тарау.

МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ...........................................................

6


1.1.

Бағалау құндарының түрлері............................................................

6

1.2.

Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидаттары..............

7

1.3.

Бағалаудың мақсаты..........................................................................

9

1.4.

Бағалау процессі................................................................................

10

1.5.

Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы шығын амалы..........

11

1.6.

Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы нарықтық амал........

18

1.7.

Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы табыс амалы............

22

2-тарау.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР – ДЫҢ ТОЗУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ АНЫҚТАУ ӘДІСТЕРІ............

31


2.1.

Жалпы мәліметтер.............................................................................

31

2.2.

Тиімді пайдалану уақытына байланысты әдіс................................

32

2.3.

Жөндеу цикліне байланысты әдіс....................................................

36

2.4.

Табыстың кемуіне негізделген әдіс.................................................

39

2.5.

Машина құрылымын жекелей есептеу әдісі...................................

40

2.6.

Физикалық тозудың коэффициентін анықтағанда түзетілетін және түзетілмейтін тозуларды есептеу............................................

42


2.7.

Тұтыну қасиетінің төмендеуіне байланысты әдіс..........................

48

2.8.

Өнімділік диннамикасын талдау әдісі.............................................

49

2.9.

Машина жағдайын сараптамалау әдісі............................................

51

2.10.

Корреляциялық талдау әдісі ............................................................

53

2.11.

Тікелей анықтау әдісі........................................................................

56

2.12.

Тозуды амортизация мөлшеріне байланысты анықтайтын әдістер.................................................................................................

57


3-тарау.

МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛ - ДЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСКІРУІН (ТОЗУ) ЗЕРТТЕУ

62


3.1.

Функционалды ескіру (тозу)...........................................................

62

3.2.

Капиталды шығындардың әсерінен болған функционалды ескіру...................................................................................................

62


3.3.

Өндіріс шығындарының әсерінен болған функционалды ескіру

65

3.4.

Түзетілетін функционалды ескіру ...................................................

66

3.5.

Экономикалық немесе сыртқы тозу.................................................

68

4-тарау.

МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ІС ЖҮЗІНДЕ БАҒАЛАУ...........................................................................................

70


4.1.

Жалпы мәліметтер.............................................................................

70

4.2.

Техникалық жабдықтардың тағайындалуы мен техникалық сипаттамалары....................................................................................

71


4.3.

Шығын амалын қолдану арқылы мүліктің нарықтық құнын анықтау...............................................................................................

73


4.4.

Нарықтық амалды қолдану арқылы мүліктің нарықтық құнын анықтау.................................................................................................

78


4.5.

Табыс амалын қолдану арқылы мүліктің нарықтық құнын анықтау.................................................................................................

91





НӘТИЖЕЛЕРДІ ҮЙЛЕСТІРУ.........................................................

94




МҮЛІКТІҢ НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ......

97




ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................

98




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................

99

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикаға өткен жағдайда және нарықтық инфрақұрылымның құрылған жағдайында, әр түрлі активтердің, оның ішінде: машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын бағалаудың өзекті мәселесі туындады. Қазақстанда мүлікті заңдастыру және инвестицияларды активизациялау жағдайында негізгі нарыққа қатысушылардың қызметінің айқындылығын көрсету үшін өндірісті және өндірісті емес негізгі қорларды бағалау қажетті болып табылады.

Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғалардың жылжитын, жылжымайтын мүлікті және активтерін объективті бағалау, несие қорларын алуға, меншікті сатуға, сатып алуға және айырбастау процессіне қатысуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын мүлігін бағалау үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорынның ең маңызды активтері – машиналар мен жабдықтарды бағалау болып табылады. Көптеген кәсіпорындарда жұмысқа жарамды жабдықтардың қалдық баланстық құны нөлге тең. Бірақ, сол уақыттағы жабдықтың шынайы тозуын ескерсек, жабдықтың нарықтық құны едәуір маңызды өлшемді құрайды.

Кейбір кезде керісінше жағдайлар болады. Тиімділігі төмен машиналар мен жабдықтардың баланстағы қалдық құны едәуір жоғары болады. Осындай жағдайларда машиналар мен жабдықтарды бағалау маңызды болып табылады.

Машиналар мен жабдықтарды бағалауда тозу факторы ең маңызды рөль атқарады. Жылжымайтын мүлікке қарағанда, машиналар мен жабдықтардың тозуы уақыт өткен сайын қарқынды түрде өседі. Негізінде машиналар мен жабдықтардың құны техникалық жағдайға және экономикалық факторларға тәуелді болып келеді.

Машиналар мен жабдықтарды бағалау негізгі үш кезеңнен тұрады:


  • жаңа объектінің құнын ағымдағы бағалармен анықтау;

  • тозудың жиынтығын анықтау;

  • бағалау объектісінің қорытынды құнын анықтау.

Осы кезеңдерге байланысты машиналар мен жабдықтарды бағалау әдістері қалыптасады.

Әр түрлі әдістермен анықталған бағалау объектісінің құндары, қолданылған әдіске байланысты әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан, нақты бір құнды шығару үшін нәтижелерді үйлестіру қажет.



1-тарау. МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ БАҒАЛАУДЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1. Бағалау құндарының түрлері

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде әр түрлі құндардың түрлері қолданылады. Бірақ, құндарды түрлерін анықтамас бұрын оларды бағадан ажырата білу қажет.

Бағалаудағы құн – бұл:


  • меншік объектісінің ақшалай көрінісі;

  • меншік объектісінің болашақта әкелетін ағымдағы құны;

  • меншік объектісін сатудан түсетін ағымдағы табыстың ақшалай көрінісі.

Баға – бұл:

- бағалаудағы құнға тең емес, меншік объектісіне төленетін сомма.

Бағалау қызметінде нарықтық құнның түсініктемесі жиі қолданылады. Бұл құнның жалпы анықтамасы Халықаралық бағалау стандарттарында қалыптасқан. Нарықтық құн – бұл машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының ықтималды құны. Ол бойынша мәміле тараптары объектіні бағалау туралы ақпаратпен таныс болып, әрекет ететін жағдайда осы объект бәсекелестік шарттағы мәмілелер негізінде иелігінен айырылуы мүмкін, ал мәміле бағасында қандай да бір төтенше жағдайлар белгіленбейді. Тәжірибеде нарықтық құнның екі түрі қолданылады: жаңа машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының құны (бастапқы нарықтық құн) және қолданылған машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының құны (қайталама нарықтық құн).

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде келесі құндардың түрлері кеңінен қолданылады:

Қайта өндіру құны – бұл ағымдағы бағалармен есептелген нақты көшірмені қайта өндіруге жұмсалған шығындар жиынтығы.

Толық ауыстыру құны – бұл бағаланып жатқан объектіге ұқсас жаңа объектінің ағымдағы құны.

Банкрот кезінде, реструктуризация, яғни, машиналар мен жабдықтарды сатуға мәжбүр болған жағдайда кәсіпорынның активтерін бағалағанда, құнның келесі анықтамалары қолданылады:

Жоспарланған ликвидтік құн - бұл сатушының объектіні жоспарланған уақытта сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні.

Жеделдетілген ликвидтік құн – сатушының объектіні тездетілген уақытта сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні.

Утилизациондық құн – бұл активтерді немесе оның құрама компоненттерін сатудағы ақшалай эквиваленттік мәні. Бұл құнды «қалдық ликвидттік құн» деп атайды.

Ауыстырудың сақтандыру құны – сақтандыру полисінде көрсетілетін толық ауыстыру құны.

Тозуды есепке алудағы сақтандыру құны – бұл сақтандыру мақсаты үшін

ауыстырудың сақтандыру құнынан тозу көлемін алыптастағандағы құн. Бұл құнды «қалдық сақтандыру құны» деп атайды.

Жоғарыда көрсетілген құндардан басқа, бағалау тәжірибесінде мынадай құндарды да жиі қолданады:

Қайтадан қалпына келтіру құны – активтің нақты көшірмесін қайта өндіруге жұмсалатын шығындары.

Қалпына келтіру құны – бұл бастапқы жағдайдағы қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың мөлшері.


1.2. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудың қағидаттары

Машиналар мен жабдықтарды бағалаған кезде әр түрлі қағидаттарды пайдаланады. Бағалаудың төрт қағидат топтары бар:



  • сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген;

  • өндіріспен байланысты;

  • нарық айналасымен байланысты;

  • неғұрлым тиімді пайдалану.

Арнайы объектіні бағалаған кезде жоғарыда келтірілген қағидаттардың

бірнешеуі пайдалануы мүмкін.

Сатып алушы - инвестордың мақсатына негізделген қағидаттар:

Пайдалылық қағидаты – бұл объектіні иеленушінің қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті. Пайдалылық – бұл потенциалды иеленушіге объектінің табыс әкелу қабілеті.

Алмастыру қағидаты – бұл сатып алушының пайдалылығы және сапасы бірдей объектінің біреуіне көп төлемеуіне негізделген. Бұл қағидат бағалаудың

үш амалында да қолданылады.

Күту қағидаты – бұл құнның болашақта түсетін табысқа байланысты құрылуы. Бұл сатып алушы – инвестордың логикасын анықтайтын маңызды принцип болып табылады. Қазіргі уақыттағы объектіге салынған ақша, болашақта ақталатын табыс ретінде қайтарылуы керек. Бұл қағидатқа бағалаудағы табыс амалы негізделген.

Өндіріспен байланысты қағидаттар:

Салым қағидаты –жеке компоненттің құны объект құнына салынған салым арқылы өлшенеді.

Баланстанған қағидат – объектіден түсетін табыс максималды болуы үшін, барлық өндіріс факторлары қатынаста болуы қажет.

Нарық айналасымен байланысты қағидаттар:

Сәйкестілік қағидаты – объектінің құны нарықтың талаптарына сәйкес құрылады.

Сұраныс және ұсыныс қағидаты – объектінің бағасы сұраныс жоғарлаған уақытта өседі, ал ұсыныс жоғарлаған уақытта төмендейді.

Бәсекелестік қағидаты – бірнеше сатушылардың арасында болатын бақталастық. Бәсекелестік – максималды табыс пен экономиканың дамуының негізі.

Өзгеріс қағидаты – объектінің құны уақыт өткен сайын және экономикалық факторлардың әсерінен өзгеріп тұрады.
Барынша тиімді пайдалану қағидаты:

Белгілі бір уақытта объектіге жоғары таза табысты қамтамасыз ететін нұсқауды пайдалану. Физикалық мүмкін, жеткілікті дәлелденген және қаржылық жүзеге асыру мүмкіндігі бар және объектінің құнын жоғарлататын нұсқауды пайдалану.

Бұл қағидат жан – жақты болып келген және бағалау қызметіне жататын барлық қағидаттарды байланыстырады.
1.3. Бағалаудың мақсаты

Бағалау қызметінің негізгі мақсаты машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын иемденуі бойынша билік жүргізуге және пайдалануға, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет араларында құқықтық қатынастардың туындауында байланысты машиналар мен жабдықтардың, көлік құралдарының құнын анықтау болып табылады.

Машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын бағалаудағы сұраныс келесі жағдайларда туындайды:

1) «көлік құралдары» тобы бойынша негізгі қорларды қайта бағалау;

2) экспорттау және импорттау барысында кедендік құнын анықтау;

3) жекешелендіру;

4) сатып алу-сату, соның ішінде аукционды;

5) кепілді рәсімдеу;

6) жалға беру және лизингтік операциялар;

7) жарғылық капиталына салымдар ретінде рәсімдеу;

8) акционер салымдарын қоғамнан шығу барысында бөлу;

9) жоғалу, жою немесе зақымдану жағдайларынан сақтандыру;

10) зақымдану кезінде зиян құнын бағалау;

11) иелердің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру;

12) сыйға беру (салық салу мақсаттары үшін);

13) мұрагерлік (салық салу мақсаттары үшін);

14) сот тәртібі бойынша мүліктерді бөлісу;

15) айырбастау шарты және бартерлік мәмілелер;

16) мүліктерді тәркілеу;

17) есептен шығару және қосымша пайдалану.


1.4. Бағалау процессі

Бағалау процессі бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Мақсатты анықтау. Тапсырыс беруші мен бағалаушының арасында бағалаудың мақсатын анықтайды. Бағалау объектісі мен бағалау күні анықталады. Бағалау күні – бұл есептеулерді жүргізу үшін арнайы бекітілген күн.

2. Құнның түрін анықтау. Бұл кезеңде берілген жағдайда қарастырылатын

және есептелетін құнның түрі мен бағалаудың мақсатын салыстырады. Машиналар мен жабдықтарды бағалағанда әр түрлі құнның түрлері пайдаланылады. Олардың негізгісі нарықтық құн болып табылады.

3. Объект меншігін анықтау. Бұл кезеңде меншікті теңестіру мен түгендеу тізімімен салыстыру болып табылады.

4. Ақпаратты жинау. Бұл жұмыстың ең күрделі кезеңі болып табылады. Бағалаушы объектіні физикалық байқаудан өткізеді, объектінің жағдайын сипаттайды, машинаның физикалық жағдайын талдайды, техникалық қызмет көрсету әдістерімен танысады. Бұл машинаның жағдайын анықтауға мүмкіндік

береді.


Ақпаратты жинау кезеңі маңызды болып табылады. Өйткені, жұмыстың нәтижесі жиналған мәліметтердің сапасына тәуелді.

Ақпаратты жинау кезеңінде үш бағыттағы мәліметтерге аса көп көңіл бөлу қажет:



  • бұл ағымдағы нақты көшірмені қайта өндіруге жұмсалған шығындар.

  • машинаның жағдайы және тағайындалуы бірдей объектілердің сатылуы,

яғни сондай жабдықтың нарығын талдау.

- берілген меншіктің иесіне қаншалықты табыс әкелуі.

5. Тозуды талдау. Бұл кзеңде бағалаушы машинаның шынайы физикалық жағдайын анықтау үшін тапсырыс берушіден алған мәліметтерді және өз мәліметтерін талдайды. Белгілі бір дәрежеде тозған машинаның құны жаңа машинаның құнынан едәуір төмен болады.

Объектінің жағдайын талдаған соң, бағалаушы жұмыстың ең маңызды бөлігіне кіріседі, яғни есептеулер жүргізеді және объектінің құнын бағалайды.

6. Бағалаудың әдістемесі. Машиналар мен жабдықтарды бағалауда үш амал қолданылады: шығын, нарықтық және табыс амалдары.
1.5. Машиналар мен жабдықтарды бағалаудағы шығын амалы

Шығын амалымен бағалау объектісінің құнын анықтаған кезде, ең алдымен жабдықты құрастыруға кеткен шығындарды есептейді. Шығын амалымен анықталған құн әдетте нарықтық құнмен сәйкес келмейді. Өйткені, жабдықты құрастыруға кеткен шығындарға пайдалылық, сапа және бәсекелестік себептері әсер етпейді. Бірақ та, кейбір жағдайларда шығын амалын қолдану, арнайы мақсаттарға арналған жабдықтарға, арнайы тапсырыстармен құрастырылған және де нарықта ұқсас аналогтары жоқ жабдықтарды бағалау үшін жалғыз мүмкіндік болып табылады.

Шығын амалымен анықталатын нарықтық құн – қайта өндіру құны болып табылады.

Машиналар мен жабдықтарды шығын амалымен бағалау, келесі әдістер арқылы жүзеге асады:



  1. Біркелкі объект бағасы арқылы есептеу әдісі;

  2. Машина құрылымын жекелей есептеу әдісі;

  3. Шығындарды талдау және индекстеу әдісі;

  4. Үлкейтілген нормативтер арқылы есептеу әдісі.

Біркелкі объект бағасы арқылы есептеу әдісі. Бұл әдісте бағаланып жатқан объект үшін құрылымы жағынан, құрастырылған материалы және құрастыру технологиясы жағынан ұқсас біркелкі объектіні таңдап алады. Таңдалып алынған біркелкі объект басқа салада және де басқа мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Біркелкі объект нарықта белгілі бір сұранысқа ие болуы мүмкін және де оның бағасы белгілі болуы қажет.

Біркелкі объектіні құрастыруға кететін шығындар, яғни оның өзіндік құны бағаланып жатқан объектінің өзіндік құнына жақын болып келеді.

Біркелкі объектінің бағасы өзіндік құннан, кәсіпорынның таза табысынан, табыс салығынан, саудадағы баға үстемесінен және қосылған құн салығынан құралады. Біркелкі объектіні құрастырудың өзіндік құны төменгі формулада көрсетілген:



, (1.1)

Мұнда, біркелкі объектінің бағасы;

жүктеу 10,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау