. (2.29)
Кесте 2.4
Техникалық жағдай деңгейлерінің баллдық шкаласы
Техникалық жағдайдың деңгейі
|
Техникалық жағдайдың сипаттамасы
|
Орташа
балл
|
Өте жақсы
|
Жабдық аз жұмыс істеді; техникалық жөндеуден өтті; бөлшектерді ауыстырудың қажеті жоқ.
|
50
|
Жақсы
|
Жабдық номиналды жүктемеден аз пайдала- нылды (яғни, жүктемесі аз болды), бөлшектері толық ауыстырылды (жаңартылды).
|
40
|
Орташа
|
Жабдық қанағаттандырылған жағдайда, аз көлемдегі жөндеу жұмыстары қажет, номиналды
жүктемеге сәйкес пайдаланылды.
|
30
|
Кесте 2.4 жалғасы
Орташа төмен
|
Жабдықтың техникалық жағдайы жұмысқа жарамды, бірақ кейбір негізгі бөлшектерін ауыстыру арқылы толық жөндеу жұмысынан өткізу қажет.
|
20
|
Нашар
|
Жабдық техникалық қызмет көрсету кешенінің
бұзылуымен пайдаланылды, толық жөндеу жұ - мысын жүргізу қажет.
|
10
|
Физикалық тозу коэффициентін анықтау үшін (2.29) - формуланың мәнін есептей келе (2.28) - формуланы мына түрге келтіреміз:
(2.30)
Берілген әдістің артықшылығы - жабдықтардың нарықта шынайы болып жатқан жағдайын ескереді, бірақ та нарық жағдайының өзгерген кезінде және коэффициентіне түзетулер енгізеді .
(2.30) - формуланы техникалық жабдықтың физикалық тозу коэффициентін анықтау үшін пайдалануға болады. Егер де оның техникалық жағдайына дұрыс сараптамалы бағалау жүргізсе.
Мысал 2.14. 2.1-мысал арқылы ұсталы пресстің физикалық тозу коэффициентін анықтау керек. Ұсталы пресс 12 жыл жұмыс істеді және де толық жөндеу жұмысын қажет етеді.
Шешімі:.
1. 2.4 – кестеге сәйкес ұсталы пресстің техникалық жағдайы бағаланды (толық жөндеу жұмысын жүргізу қажет). Жабдықтың техникалық жағдайына
сәйкес Б = 20 – ға тең.
2. (2.30) - формула бойынша ұсталы пресстің физикалық тозу коэффициентін анықтаймыз:
.
Мысал 2.15. 2.2 – мысалдың берілгені бойынша металлкесуші станоктың физикалық тозу коэффициентін анықтау қажет.
Шешімі:
1996 жылдың желтоқсанынан 2000 жылдың маусымына дейін ста-
нок 3.5 жыл жұмыс істеді.
Станоктың техникалық жағдайына сараптама жүргізген кезде,
оның аз жұмыс істегендігі, техникалық жөндеу жұмысынан өткендігі туралы белгіленді. Олай болса, 2.4 – кестеге сәйкес станоктың техникалық жағдайын жақсы ретінде бағалауға болады. Берілген техникалық жағдайға сәйкес Б = 50.
3. (2.30) - формула бойынша станоктың физикалық тозу коэффициентін анықтаймыз:
Мысал 2.16. 2.3 – мысалдың берілгені бойынша гидравликалық пресстің физикалық тозу коэффициентін анықтау керек.
Шешімі:
1. 2.4 – кестеге сәйкес гидравликалық пресстің техникалық жағдайын
жақсы ретінде бағалауға болады (толық жөндеу нәтижесінде пресс жаңартылған, яғни тозған бөлшектер ауыстырылған). Берілген техникалық жағдайына сәйкес Б = 40.
2. (2.30) - формула бойынша физикалық тозу коэффициентін анықтаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |