Тартылған болттар, түскен күштің әсерінен түйіскен жердің ажырамауын қамтамасыз етуі керек. Мұндай қосылыстарда элементтер арасындағы күштің бөлінуі статикалық жолмен анықталмайды. Сондықтан элементтердің деформациясын ескере отырып есептеу қажет. Белгілейміз: - болтты тарту күші; - бір болтқа түсірілетін күш (- болттар саны). Қақпақша жақсы жабылуы үшін, оларды бекітетін болттарды белгілі бір күшпен тартуымыз қажет (3.19, б-сурет), сонда сол күштен болттар шамасына ұзарады, ал жапсар бөлшектері шамасына қысылады (3.19-суретте және шамалары көрнекілік үшін үлкейтілген).
Достарыңызбен бөлісу: |