Метрлік бұранда (3.1-сурет). Стандарт бойынша метрлік бұрандалар ірі және ұсақ қадамды болып бөлінеді. диаметр бірдей ұсақ қадамды бұрандалар ірі қадамды бұрандалардан қадамның мәнімен ажыратылады. Мысалы, 14мм диаметр үшін ірі қадам 2 мм-ге, ал ұсақ қадам 1,5; 1,25; 1; 0,75 және 0,5 мм-ге тең. Ұсақ қадамды бұрандалар төмендегідей болып белгіленеді: М12х1,5 (1,5 – қадам шамасын мм-мен көрсетеді), ал ірі қадамды бұрандалар М24. Қадам азайған кезде сәйкес бұранданың биіктігі (3.6-сурет) және бұранданың көтерілу бұрышы (3.1)-формуланы қара азаяды, ал ішкі диаметр өседі.
ішкі диаметрдің өсуі винт сырығының беріктігін жоғарылатады, ал көтерілу бұрышының азаюы бұрандадағы өздігінен тежелуді арттырады (алда көрсетіледі). Осы себептерге байланысты ұсақ қадамды бұрандаларды динамикалық күш түскен қосылыстарда (өздігінен бұралуға бейім), сонымен қатар қуыс жұқа қабырғалы және ұсақ бөлшектерге қолданады (авиация, дәл механика, радиотехника және т.б.).
Трубалы бұрандалар (3.3, а-сурет) қосылыстың тығыздығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Ұсақ қадамды болып келеді. Дюйммен өлшенеді. Конусты трубалы бұранда қосылыстың жоғары тығыздығын қамтамасыз етеді. Конусты бұранданың цилиндрлі бұрандаға қарағанда дайындалуы қиын. Қазіргі уақытта трубалы бұрандалардың орынына ұсақ қадамды метрлік бұрандалар қолданылады.
Жұмыр бұранда (3.3, б-сурет) негізінен үлкен динамикалық күш әсер ететін винттерде, сондай-ақ көбінесе жиі бұралып алынатын өрт және гидравликалық арматураларда кеңінен қолданылады. Сонымен бірге электр лампасының патронында, противогаздарда және т.б. пайдаланылады.
Ағаштарға арналған винттердің бұрандасы (3.3, в-сурет). Бұл бұрандалардың конструкциясы әр түрлі материалдардан дайындалған бөлшектерде бұранданың бірдей беріктігін қамтамасз етеді. Мысалы, ағаш бөлшектің бұрандасы үшін кесілуге есептік өлшем , ал металдан жасалған винттің бұрандасы үшін - . .
Тікбұрышты бұранда (3.4. а-сурет) трапециялы бұрандамен қолданыстан ығыстырылып шығарылды.
Трапециялы бұранда симметриялы (3.4. б-сурет) және симметриясыз (3.4. в-сурет) профильді етіп жасалады. Симметриялы бұранданы күш екі жаққа бағыттылған жүк винттерінде қолданады. Симметриясыз бұранданы күш бір жаққа бағыттлаған жүк винттерінде қолданады және тірек бұранасы деп атайды. Пайдалы әсер коэффициентін жоғарылату үшін және винттерді фрезерлі бұранда станоктарында дайындау үшін бұранданың тірек жағының көлбеулік бұрышын 30 етіп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |