Бөлшектерді іріктеудің топтық әдісін бұйымды шығарудың біршама
көп бағдарламасында қолданады. Әдістің мәні, төмендетілген
дәлдікпен әзірленген түйісетін бөлшектердің параметрлерді
өлшегеннен соң бірнеше топқа бөлетіндігінде. Түйісетін
бөлшектерді құрастыруға топ бойынша жеке жеке береді, яғни
бұйымды бір топқа түскен бөлшектерден жинайды. Құрастыру
дәлдігі, түйісетін бөлшектердің қанша топқа бөлінетіндігіне сәйкес
соншалықты есе артады. Бір топтық шамасында бұйымды
құрастыру толық өзара алмасу бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: