«Машина жасау және стандарттау» кафедрасы магистратурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы



жүктеу 183,79 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі183,79 Kb.
#7787
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Машина жасау және стандарттау» кафедрасы

МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша

Павлодар




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





Бекітемін

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры

___________ Өрсариев А.А.

20__ж. «___»____________




6М071200 – Машина жасау мамандығы бойынша


магистратураға қабылдау ЕМТИХАНының БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 Қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары негізінде әзірленген
Құрастырушылар_______ кафедра меңгерушісі, т.ғ.к, доцент Жунусов А.К.

Машина жасау және стандарттау кафедрасы


Машина жасау және стандарттау кафедрасының отырысында ұсынылған

20__ж. «____» ________ Хаттама № ____


кафедра меңгерушісі ______ Жунусов А.К. 20__ж. «____» ______
ММиК факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

20__ж. «____» ________ Хаттама № ____.


ОӘК төрайымы ___________ Тусупбекова М.Ж. 20__ж. «_____»___________


МАҚҰЛДАНДЫ:

ММиКФ факультет деканы ___________ Токтаганов Т.Т. «____» _________201__г.


1 Емтиханды өткізу мақсаты мен міндеттері
Магистратураға түсу үшін емтиханның қабылдау мақсаты – бұл үміткерлердің білім деңгейі мен оқуға деген құштарлықтарын анықтайды.

Емтиханды қабылдау міндеттері:



  • мамандықтың сұрақтары бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.


2 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу әдісі
Емтиханды тапсыру ҚР БҒМ бекітілген күнімен және грифімен өткізіледі. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау кешенді емтихан (КЕ) және аралас түрде (компьютерлік тестілеу – жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу – питч) үш тілдің (қазақша, орысша, ағылшынша) бірінде бірнеше тілдік оқыту концепциясы бойынша қабылданады.

Емтиханды қабылдау кезеңі видеокамераға түсіріледі.

Емтиханды өткізу кезіндегі болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ – 1 сұраққа 1,5 минуттан);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – ауызша 2-3 мин, сұрақ-жауап 2 мин.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсетін барлық үміткерлер кіреді, емтиханның екінші бөлімі оқыту траекториясы бойынша жоспарланған модульдік оқыту бағдарламасы бойынша жеке өткізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.




;№

Оқыту траекториясының атауы

Емтиханды қабылдау түрі

11

Зерттеу

Аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

12

Кәсіпкерлік(Start Up - магистратура)

Аралас (компьютерлік тестілеу + питч)

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + жазбаша) түрдегі емтиханды қабылдау:



  • компьютерлік тестілеу – мамандық бойынша 30 сұрақ, кәсіби әрекетпен байланысты сұрақтар бойынша үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • жазбаша бөлімі – эссе, оқуға және ғылыми-зерттеу әрекетіндегі ынтасын анықтау.

Емтиханды өткізу барысындағы аралас (компьютерлік тестілеу + питч) түрдегі емтиханды қабылдау:
Питч сұрақтарға жауап беру (презентациямен 3 мин баяндама және 2 мин комиссияның сұрақтарына жауап беру), машина жасау өндірісі ауданы және техникалық мүмкіншіліктері бойынша стартап-жобалар идеясын анықтау және оның коммерция тұрғысында іске асыру.
Қабылдау комиссиясының қызмет саласы мен құрамы. Мамандық бойынша емтиханды қабылдау комиссиясы (ҚК) қабылдайды, ол университеттің ректорымен бекітіледі, қабылдау комиссиясының құрамына төраға және үш комиссия мүшелері, соның ішінде екеуі техника ғылымдарының докторы болуы қажет. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедрасы, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, әртүрлі ұйымдар өкілдері және комиссия хатшысы болады.

Комиссияның қызметтік саласына кіреді:



  • мамандықтың сұрақтарындағы үміткерлердің құзыреттілігін анықтау;

  • кәсіби қызметтің білімін оқыту және ынталандыру құзыреттіліктерін анықтау;

  • магистратураның оқыту үрдісінде ғылыми, өндірістік және инновациялық өздік әрекетіндегі болашақ магистранттың дайындығын анықтау.

Емтиханды жоғарыда жазылған қабылдау комиссиясы видеокөшірмесі бар арнайы компьютерлік аудиторияда немесе бекітілген аудиторияда өткізеді.

Емтиханды өткізу барысы:



  • үміткер емтиханға аталған күні, аудиторияға белгіленген уақытта келеді;

  • ҚК мүшелерінің рұқсатымен өзінің орнын алады (компьютердің орнын/жауап беттерін алады;

  • үміткер жауап бетінде өзінің атын, тегін, әкесінің атын, әрі қарай оқуға өзі таңдап алған оқыту траекториясын немесе мамандығын жазады;

Эссе үшін:

  • Үміткер 30 мин ішінде эссе жазады (жазған жауабы ұғымды болу керек, соның ішінде кесте, формула, схема және т.б. болуы мүмкін.), ал аралас емтихан түрінде питч түрінде баяндама жасауға дайындалады;

  • барлық жазған жауаптары 3-4 беттен аспау қажет;

  • үміткер жазған жауаптарының әрбір бетіне өзінің қолын қояды және де оны қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады.

  • емтиханның жазбаша бөлімінен кейін питч уақыт кестесі бойынша сол аудиторияда жүргізіледі. Питчті тапсыру түрі: үміткер 3 минут ішінде баяндама жасайды, содан кейінгі 2 минутта комиссияның қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің питчті қорғауда және бағалауда, бір үміткер және комиссия мүшелері ғана отырады.


3 Білімді бағалау
ҚК мүшелері түсушілердің білімдері мен потенциалын балдық-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

Түсушілердің ҚЕ тапсырғандағы білімдерінің бағалау шешімін, комиссия мүшелерінің дауыс беру жүйесі арқылы жабық отырыс шешімімен қабылданады. Дауыстардың теңдей қорытындысында ҚК төрағасының дауысы негізгі болады. Комиссияның барлық отырыстары протоколдармен рәсімденеді. Протоколды шығарушы кафедраның оқытушылары арасында тағайындалатын ҚК хатшысы толтырады. Протоколда білім бағасы, ҚК ерекше ойлары және т.б. жазылады. ҚК нәтижелері университеттің ақпараттық стендылерінде емтихан тапсырған күні ілінеді.

Түсуші бағаларымен келіспеген жағдайда ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімді бағалау критерийлері
Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Қабылдау емтиханы бойынша қорытынды балдар кестеге сәйкес цифрлық эквивалентке, әріптік және қалыпты бағаға аударылып, емтихан ведомостыне жазылады.


Баллдық қорытынды баға (Қ)

Балдың цифрлік эквиваленті

(Ц)


Әріптік жүйедегі баға (Ә)

Қалыпты жүйедегі баға (Қ)

Емтихан, диф. зачет

Зачет

95-100

4

А

Өте жақсы

Қабылданды

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Қабылданбады


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (максимальды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің ғылыми-зерттеу жұмысыңыздың бағытын қалай көресіз?

Эссе құрылымы А Қосымшасында келтірілген.



Эссе жазу әдістемесі

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.

Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссе бірнеше бөлімдерден тұрады:

- кіріспе, тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі көрсетіледі (жалпы текстің 10 %);

- негізгі бөлім, автор мәселе бойынша өзінің ойын білдіреді (жалпы текстің 80 %);

- Қорытынды, жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы (жалпы текстің 10 %).

Эссе автордың өз атынан жазылады. Тексты оқуды жеңілдету үшін мағыналы текстыны абзац арқылы бөліп, жаңа ойды жаңа жолдан бастайды.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.
6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Таңдап алған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз.

Питч құрылымы Б Қосымшасында келтірілген.



Питчты жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)ойды сатып алушыны қызықтыру немесе қаржының бағытын өзіне қарай алу мақсатында сөзбен (кейде визуальды) немесе презентация арқылы көрсету, немесе сценарийды сату. Жақсы жасалған питч 5-10 сөйлеммен ғана берілуі керек (5 минуттан көп емес).

Питч 3 минутқа жасалған презентациясы бар баяндамадан тұруы керек және комиссия мүшелерінің машина жасау өндірісі саласынан 2 минуттан тұратын сұрақ-жауабынан тұруы керек.

Бұл жұмысты орындау үшін арнайы әдебиеттерді қарастырып, эссены жазу әдістемесінің ұсыныстарымен танысу қажет.

7 Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі
Қабылдау емтиханы келесі пәндер бойынша өткізіледі: «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері», «Өзара алмасымдылық негіздері», «Машина жасау технологиясының негіздері».
8 Әрбір пән бойынша тақырыптар тізімі және әрбір тақырып бойынша сұрақтар тізімі

8.1 «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері» пәні

1 тақырып Кіріспе.

«Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері» пәнін ғылыми пән ретінде анықтау.

2 тақырып Машина жасауда қолданылатын металдар мен балқымалардың жалпы сипаттамасы.

Машина жасауда қолданылатын материалдар. Болаттар, шойындар, металдар мен балқымалар, металл емес материалдар..

3 тақырып Металлургия өндірісінің технологиялық негіздері.



3.1 Шойын өндірісі

3.2 Болат өндірісі



3.3 Түсті металдар мен балқымалардың өндірісі

3.4 Ұнтақты металлургия

4 тақырып Қысымен металды өңдеу технологиясы



4.1 Қысымен металды өңдеу түрлері мен негіздері

5 тақырып Құю өндірісінің технологиясы.

5.1. Құю өндірісінің теориялық негіздері

5.2. Құмды-саз қалыпқа құймалар жасау

5.3. Арнайы құю әдістерімен құйманы алу
5.4. Түрлі балқымалардан құйма жасаудың технологиялық ерекшеліктері
6 тақырып Пісіру өндірісінің технологиясы

6.1 Пісіру өндірісінің жалпы сипаттамасы. Пісіру технологиясы және түрлері

6.2 Пісірудің термиялық кластары



6.3 Пісірудің термиялық-механикалық кластары

6.4 Тозуға және ыстыққа төзімділік жабындысын жасау
6.5 Түрлі металдар мен балқымаларды пісіру ерекшеліктері

6.6 Металдар мен балқымаларды дәнекерлеу

7 тақырып Металды кесумен өңдеу технологиясы



7.1 Металл кескіш білдектерде металды кесу үрдісі жайлы жалпы мәлімет.

7.2 Жону білдектерінде дайындамаларды өңдеу

7.3 Жоңғыш білдектерінде дайындамаларды өңдеу

7.4. Бұрғылау, кеңейте бұрғылау және тартажоңғыш білдектерінде дайындамаларды өңдеу

7.5. Сүргілеу және тіс қашауыш білдектерінде дайындамаларды өңдеу

7.6 Ажарлау және әрлеу білдектерінде дайындамаларды өңдеу

7.7 Өңдеудің электрофизикалық және электрохимиялық әдістері

8 тақырып Металл емес материалдардан дайындамалар мен машина тетіктерін өңдеу технологиясы

8.1 Пластмассадан бұйым жасаудың технологиясы

8.2 Резинадан бұйым жасаудың технологиясы



8.2 «Өзара алмасымдылық негіздері» пәні

1 тақырып. Кіріспе. Өзараауыстырымдылық туралы негізгі түсініктер

Өзараауыстырымдылықтың мәні және түрлері. Өлшем, шекті ауытқу, шақтама және қондырма туралы түсінік.

2 тақырып. Тетік беттерінің толқыдылығын, кедір-бұдырлығын, пішіні мен орналасуының ауытқуларын мөлшерлеу, бақылау және өлшеу тәсілдері мен жабдықтары.

Тетік беттерінің өзара орналасу мен пішіндік ауытқулары. Өзара орналасу мен пішіннің ауытқуларын, беттердің кедір-бұдырлығы мен толқындылығын мөлшерлеу және сызбада белгілеу. Бекіту тетіктері орнатылатын осьтердің орнықтыру шақтамасы. Беттердің кедір-бұдырлығын, орналасуы мен пішіннің ауытқуларын бақылау мен өлшеудің тәсілдері және құралдары.

3 тақырып. Тегіс цилиндрі қосылыстарды бақылау мен ауыстырымдылығы.

Пайдалануға қойылатын негізгі талаптар. Шақтама өрісінің негізгі ауытқулары. Сызбада шекті ауытқуларды және қондырмаларды шартты белгілеу. Саңылау қондырманы есептеп таңдау, пайдалану аймағы. Керілісті қондырманы есептеп таңдау, қолдану аймағы. Ауыспалы қондырманы есептеп, қолдану аймағы. Тербеліс мойынтіректің қондырмалар және шақтамалар жүйесі. Тербеліс мойынтіректердің дәлдік сыныптары. Тербеліс мойынтіректердің қондырмаларын есептеу. Тегіс цилиндрлі тетіктердің бақылау мөлшерлегіштері, жіктелуі және құрылымы. Шекті мөлшерлегіштердің қажетті өлшемдерін есептеу.

4 тақырып. Бұрандалы қосылыстарды бақылау мен оның өзараауыстырымдылығы.

Цилиндрлік бұрандалардың негізгі параметрлері және қателіктері. Метрикалық бұранданың қоңдырмалары мен шақтамалар жүйесі.

5 тақырып. Тісті және бұрамдықты берілісті бақылау тәсілдері мен құралдары және өзараауыстырымдылығы.

Тісті берілістерге қойылатын дәлдік және пайдаланушылық талаптары, жіктелуі. Цилиндрлік тісті доңғалақтың дәлдік мөлшері. Сызбада түйіндесу түрін және дәлдік дәрежесін белгілеу. Тісті доңғалақты бақылау тәсілдері мен құралдары.

6 тақырып. Оймакілтек және кілтек қосылыстарды бақылау тәсілдері мен құралдары және өзараауыстырымдылығы.

Оймакілтек және кілтек қосылыстарды пайдалануда қойылатын негізгі талаптар. Призмалы кілтек қосылыстарының шақтамалары және қондырмалары. Тік бүйірлі оймакілтек қосылыстардың шақтамалары мен қондырмалары. Центрлеу тәсілдері. Эвольвенталы оймакілтек қосылыстардың шақтамалары және қондырмалары. Сызбада оймакілтек және кілтек қосылыстарын белгілеу. Оймакілтек және кілтек қосылыстарды бақылау тәсілдері мен құралдары.

7 тақырып. Өлшемдер тізбегін есептеу теориясы мен тәжірибесінің негізгі ұғымдары

Өлшемдер тізбегінің жіктелуі. Негізгі түсініктемелер және терминдер. Жобалау және тексеру есептері. Толық өзараауыстырымдылықты қамтамасыз ететін өлшемдер тізбегін есептеу әдісі. Өлшемдер тізбегін теория-ықтималдық әдісімен есептеу.

8.3 «Машинажасау технологиясының негіздері» пәні

1 тақырып. Бұйымдар және оның элементтері.

Негізгі түсініктер және анықтамалар. Бұйым, тетік, құрастыру бірлігі (түзілім), кешен, жинақ, агрегат.

Өндіріс және технологиялық үдерістер. Технологиялық операция, технологиялық әрекет, элементті әрекет, жұмыс жүрісі, амал, жұмыс орны. Өндіріс түрінің сипаттамасы. Массалық, сериялық және бірлікті өндіріс. Шығару ырғағы, өндірістің ағынды әдісі. Өндіріс түрлерінің сипаттамасы.

2 тақырып. Өндірістік және технологиялық үдерістер.

Өндірісті технологиялық дайындау (ӨТД). Құрылымдық және технологиялық дайындау, өндіріс үдерісін күнтізбелі жоспарлау. ӨТД кәсіпорын деңгейіндегі негізгі функциялары. Технологиялық құжаттама. Бірлікті, типтік және топтық технологиялық үдеріс. Бірізділік суреттемесі, нобайлар суреттемесі, ТҮ бірізділігінің суреттемесі, операциялық суреттеме, құралды баптау суреттемесі, ақпаратты кодтау суреттемесі, СББ станоктары үшін басқару бағдарламасы.

3 тақырып. Техникалық негізделген уақыт нормасы.

Бұйымдарды шығару бағдарламасы, шығару көлемі. Даналық уақыт, құрылым tд. Негізгі, көмекші уақыт, оперативті уақыт, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты, техникалық және ұйымдастырушылық қызмет ету уақыты, дербес қажеттіліктер үшін уақыт. Дайындалу-қорытынды уақыт, дайындамалар тобын өңдеу үшін уақыт. Жұмыс күнінің хронометражы және фотосы.

4 тақырып. Технологиялық өлшемді тізбе. Өлшемді тізбелер түрлері. Өлшемді тізбенің құрамдағы буындар және тұйықтайтын буын. Өлшемді тізбелерді есептеу әдістері: max-min әдісі; ықтималдылық әдісі; топтық өзараауыстырымдылық әдісі; қиылыстыру және реттеу әдісі.

5 тақырып. Тетіктерді орнықтандыру негіздері.

Орнықтандыру. Алты нүктелер ережесі. Орнықтандырудың теориялық сұлбасы. Құрылымдық, өлшеу және технологиялық орнық. Жасанды орнық, орнықтарды материалдау. Орнықтарды үйлестіру (бірігу) қағидасы және орнықтардың тұрақтылық қағидасы. Орнықтарды ауыстырған кезде өлшемдерді қайта есептеу. Орнықтандыру қателіктері.

6 тақырып. Бұйым құрылымының технологиялылығы.

ТҮ жіктелуі. Операциялардың құрылымы. ТҮ жобалау үшін бастапқы берілгендер. Бұйым және тетіктің сызбасының техникалық талаптарын талдау. Тетік беттері және бүкіл дайындаманы өңдеу бірізділігін құру. Технологиялық әбзелдің жабдығын, кесу және өлшеу құралдарының түрін таңдау, кесу режімдерін есептеу. Жасалатын ТҮ техникалық-экономикалық көрсеткіштер. Жаңа ТҮ экономикалық тиімділігін анықтау.

7 тақырып. Әдіптер, оларды анықтау әдістері. Әдіптерді және бастапқы дайындаманың өлшемдерін анықтаудың әдістері. Ең кіші операциялық әдіпті анықтау үшін құрылымдық формула. Микро тегіс еместіктердің биктігі, ақау қабатының тереңдігі, орнықтандыру қателіктері. Шақтама және әдіптердің өрістерін құру.

8 тақырып. Технологиялық үдерістер және операцияларын құру.

ТҮ жіктелуі. Операциялардың құрылымы. ТҮ жобалау үшін бастапқы мәліметтер. Бұйым және тетік сызбасының техникалық талаптарын талдау. Тетік беттерін және бүкіл дайындаманы өңдеудің бірізділігін құру. Технологиялық әбзелдің жабдығын, кесу және өлшеу құралының түрін таңдау, кесу режімдерін есептеу. Жасалатын ТҮ техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Жаңа ТҮ экономикалық тиімділігін анықтау.



9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті. М. Самсаев, И. Самсаев, Б. Жүнісбаев, ж.б. Оқу құрал - Алматы: «Бастау» баспасы, 2008. – 262 б.

  2. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеулер. Оспан Ә.Ж., Жусин Б.Т., Мұқашева Н.А. – Астана: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспаханасы, 2008. 196 б.

  3. Стандарттау, метрология және сертификаттау негіздері. Қажғалиев Н.Ж., Жусин Б.Т., Захан С. Оқулық. – Астана: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспаханасы, 2009. 196 б.

  4. Т. Мендебаев. Машина жасау технологиясының негіздері. – Алматы: Ана тілі, 2002. – 316 б.

  5. Олжабаев Р.О. Технология машиностроения. Учебник – Астана: Изд-во «Арман-ПВ», 2007 – 504 с.

  6. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Машина жасау / жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒОФ. 2006. – 422 б.

  7. Машина құрастыру негiздерi: жоғары кәсiптiк мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студ. үшiн арналған дәрiстiк конспект.-Павлодар : С. Торайғыров атындағы ПМУ,2007. – 85 б.

  8. Ғазалиев А.М,, Егоров В.В, Исин Д.Қ. Машина жасау өндірісінің технологиялық және химиялық процестері. – Алматы : «Білім», 2010. – 740 б.

  9. Ғазалиев А.М,, Рыбкин В.А., Егоров В.В, Исин Д.Қ. Құю өндірісінің технологиялық және физика-химиялық процестері; ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциялығымен. – Алматы: Білім», 2010. – 687 б.

  10. Дайындамаларды ажарлаумен өндеу технологиялық мүмкіндіктері. 5В071200 - Машина жасау, 5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В072400 - Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығына "Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері", "Машина жасау технологиясы" пәндері бойынша №5 зертханалық жұмысын орындау үшін әдістемелік нұсқау / құраст. : А.И. Денчик, Г.Т. Итыбаева. – Павлодар : Кереку, 2013 – 19 б.

  11. Дайындамаларды жоңғылаумен өндеу технологиялық мүмкіндіктері 5В071200 – «Машина жасау», 5В073200 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология», 5В072400 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығына «Машина жасау өндірісінің технологиялық процестері», «Машина жасау технологиясы» пәндері бойынша №3 зертханалық жұмысын орындау үшін әдістемелік нұсқау / құраст. : А.И. Денчик, Г.Т. Итыбаева. – Павлодар : Кереку, 2013 – 25 б.

  12. Өзара ауыстырымдылық негіздері машина жасау мамандықтардың студенттеріне арналған оқу құралы / құраст. : Г. Т. Итыбаева, Ж. К. Мусина, А. Ж. Касенов, Д. А. Искакова. – Павлодар : Кереку, 2013. – 257 б.

  13. Машина шығару технологиясы пәнінен 5В071200 – «Машина жасау» мамандығының студенттеріне курстық жобаны орындау үшін арналған әдістемелік нұсқау / құраст. Р. У. Каржубаева. – Павлодар : Кереку, 2013 – 70 б.

  14. Дальский А.М. Технология конструкционных материалов. 1977, 1990, 2002.

  15. Стали и сплавы. Марочник / Под ред. В.Г. Сорокина, М.А. Червосьева. М.: «Интермет инжиниринг», 2001.


Қосымша

  1. Жанзақов М. М. Стандарттау:[оқулық]/М. М. Жанзақов, К. А. Мырзабек. – Қызылорда : Тұмар, 2007. – 219 б.

  2. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау, сертификаттау негiздерi және техникалық өлшеу. Сапа менеджментi / М. Самсаев [және т. б.]. – Алматы : Бастау, 2008. – 261 б.

  3. Материаловедение и технология металлов/Г.П.Фетисов, В.М.Карпман, В.С.Матюнин и др. М.: Высшая школа, 2001.

  4. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»: ҚР Заңы – Алматы, 2010.

  5. «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы»: ҚР Заңы – Алматы, 2008.

А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырмалар (максималды сөз саны - 300):

Магистратурада оқу барысында өзіңіздің болашақ ғылыми-зерттеулік әрекетінің бағытын қалай көре аласыз?


  1. Аты-жөні, тегі / Аты-жөні, тегінің кодтамасы

  2. Базалық білімі (мамандығы)

  3. Іс-әрекет бағыты бойынша ұсынылған тақырып

  4. Зерттеудің таңдалған тақырыбының өзектілігі

  5. Мақсаты мен міндеттері

  6. Өңделген деңгейі

  7. Жұмыстың ұсынылған жаңалығы

  8. Теориялық және практикалық мәнділігі

Б Қосымшасы

(Питча құрылымы)
Тапсырма:

Таңдаған салада өзіңіздің стартап-жобаңыздың ойын презентация ретінде ұсыныңыз
Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:



  • Аты жөні (компанияның атауы мен логотипі);

  • Сіздің жобаңыз қандай мәселені шешеді;

  • Оның шешілуіне қандай сұраныс бар;

  • Нарық/бәсекелес

  • Сіздің шешіміңіз: негізгі технология (қысқаша);

  • Сіздің шешіміңіз: бәсекелестер алдындағы оң жақтарыңыз;

  • Бизнес-модель: ақшаны қалай табасыз;

  • Маркетинг және сатылым: нарыққа қалай шығасыз;

  • Негізгі көрсеткіштер: гиптезалар, болжамдар, жетістік метрикасы;

  • Команда: неліктен сіздер ғана бұл бизнесты әске асырасыз;

  • Ағымдағы статус (не істелді), жоспар-кесте (не және қашан жоспарланады)

  • Капитал бөлудегі қажеттіліктер (қанша және неге ақша керек ) / инвесторге ұсыныс (олар үшін қандай ұсыныс жасай аласыз)

  • Байланыстар

жүктеу 183,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау