Ауа-өмір өзегі Мақсатым: Ауаның адам өміріндегі маңыздылығын,ауасыз тіршілік жоқ,таза ауа адамзат денсаулығының кепілі,ауасыз-өмір жоқ екендігін дәлелдеу. Міндеттерім: 1. Ғылыми деректерге сүйене отырып, ауаның қасиеттері мен құрамын зерттеу; 2. Ауаның адам өміріндегі маңызын білу; 3.Таза ауаны қайдан аламыз? 4.Менің ауа тазалығына қосар үлесім; Өзектілігі: - Жер бетінде ауа қалай таралған? - Айналамызды ауа қоршап тұрғанын қалай білуге болатынын түсінгім келеді. -Ауаның құрамын білгім келеді. -Ауаны қалай тазартуға болады? Ол үшін не істеу керек? Болжам: Егер мен дүниетану пәнінен алған білімім негізінде қарапайым зерттеулер жүргізе отырып,кез келген жерде,қуыстарда ауа болатындығын білсем,оның қасиеттерін,қолданылатын жерін қажеттілігін түсінемін. Ауаны ластауға жол бермеу жұмыстарына қатысып өз үлесімді қосамын. Егер ауа болмаса,әлем меңіреу тыныштыққа бөленер еді. Дыбыстың өзі-ауа бөлшектерінің толқынды қозғалысы. Аспанның көгілдір түсті болып көрінуі де күн сәулесінің ауаға сіңуінен. Ауасыз атмосфераның түсі де басқаша болып көрінері сөзсіз. Ауа жер шарын тегіс қоршап қабат түзеді.Оның қалыңдығы бірнеше жүз километрге жетеді. Бұған қарасақ біз газдан тұратын ауа мұхитының түбінде өмір сүреміз. Ауа бірнеше қабаттан тұрады.Жерге жақын бөлігінде су буы болады.Одан түрлі бұлттар түзіледі.Ауа мен Жер арасындағы зат алмасуы, жауын-шашынның болуы осы төменгі қабатқа байланысты жүреді. Келесі екінші бөлігінде газдар сирейді,бұлттар түзілмейді себебі су буы аз болады. Үшінші сыртқы бөлігінде ауа құрамындағы газдар одан әрі кеміп, ауасыз кеңістік басталады. Күндіз ауа қабаты күн сәулесін шашыратады,сондықтан Жер бетін жылытады. Ал түнде күн көкжиектен батқан кезде оны көзге көрінбейтін көрпемен қымтағандай болады.Ауа қабаты-Жердің қорғанышы.Ол жерді қатты ысып және суып кетуден сақтайды. Ауа қабаты болмайтын Айда күндізгі температура+120 ,түнгі температура -160 градусқа жетеді.Жердегі ағзалардың ешқайсысы мұндай температураларда тіршілік ете алмас еді.Бұл ауа қабатының тіршілік үшін бір пайдасы. Екінші пайдасы- ғарыштан келетін аса өткір күйдіргіш сәулелерді жібермей ұстап қалатындығы. Адам тамақ ішпей айдан аса уақыт,сусыз бірер апта,,тіршілік етсе,ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады[58]. 1-сарамандық жұмыс: Қолымызға бір парақ қағаз алайық немесе алақанымызбен желпіп көрейік бетімізге жел лебі келеді яғни бізді ауа қоршап тұр деген сөз. 2-сарамандық жұмыс Бос стақанды алып, оны суы бар ыдысқа төңкерейік,бос стақанға су кірмейді.Егер стақанды сәл қисайтсақ оның ішінен ауа көпіршіктері шығады да,оның ішіне су кіре бастайды. Басқа да кез келген заттарда ауаның болу-болмауын стақандағы суға топырақ,кірпіш сынығы,ағаш,қант тағы сол сияқты заттарды салсақ одан шыққан ауа көпіршіктерін байқаймыз. Демек, бос заттардың қай-қайсысында да қуыстарының ауаға толы болатынын дәлелдейміз.Аңдардың жүнінің,құстардың мамығының арасында да ауа бар,сондықтан олар суықта тоңбайды. Адамдар қыста жүннен тоқылган немесе теріден жасалған киімдер киеді себебі олардың жүндерінің арасындағы ауа адам денесінің жылуын өткізбей сақтап тұрады да сол себепті тоңбайды. - 3-сарамандық жұмыс:
- Стақанға ернеуінен шүпілдете су құйып, оның бетін қағазбен жауып,қағаздың сыртынан алақанмен басып, төңкеріп соңынан қолды алса,стақандағы су төгілмейді.
- Оның себебі сыртқы ауа стақанға қысым түсіреді,судың қағазға түсірген қысымы сыртқы қысымнан кем болады да,қағаз стақанның ернеуіне жабысып тұрады[71].
Ғалымдардың анықтамасы бойынша ауа құрамы мынандай газдардан тұрады: | | | | | - Азот
- Оттегі
- Аргон
- Көмірқышқыл газы
- Гелий
- Неон
- Крипон
- Озон
- Радан
- сутегі
| - 78,10
- 20,93
- 0,993
- 0,03
- 5,10
- 1,810
- 1,10
- 1,10
- 6,10
- 5,10
| - 75,51
- 23,15
- 1,286
- 0,04
- 7,10
- 1,2
- 3,10
- -
- -
- 3,10
| Тіршілік үшін аса қажетті оттегі ауаның үштен бір бөлігінқұрайды. Көмірқышқыл газының ауадағы үлесі оттегінен 700 есе аз. Ауа қоспасындағы ең көп газ-азот.Ол ауның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78%-ы азот,21%-ы оттегінің үлесінде. - Өсімдіктердің оттегін шығарып көмірқышқыл газын сіңіретіндігін мынандай сызбамен көрсетуге болады.
- Ауадағы көмір
- Қышқыл газы
- Ендеше адамдардың уақытын көп өткізетін жұмыс бөлмелеріндегі, сынып бөлмелеріндегі ауаны тазартып тұратын бөлме өсімдіктерінің маңызы ерекше Ол үшін сынып бөлмесінде бөлме гүлдерін көптеп өсіруді әдетке айналдыру керек.
- Сарамандық жұмыс: Хлорофитум- ауаны көмірқышқыл газынан өте жақсы тазартады. 24 сағат ішінде 10 хлорофитум ауаны жеткілікті деңгейде тазартып шығады. Ауа лас болған сайын хлорофитум тез өседі және көп өскіндер өсіп шығады.10 метр квадрат жердегі ауаны 4-5 хлорофитум 70-80% -ға тазартады. Сынып бөлмесінің ұзындығы-7м.50см. Ені-7м. Ауданы-? 10метр кв.-4-5 хлорофитум. 7.5х7=52.5м.кв. 52.5 : 5 = 13.1(гүл) Сонда 52 метр квадрат сынып бөлмесінің ауасын тазарту үшін шамамен 13 хлорофитум өсімдігін отырғызу керек.
- Қорытынды: Ауада оттегінің мөлшері 10%- ға төмендеп, көмірқышқыл газының мөлшері 10%-ға артса, тірі ағза өмір сүре алмайды. Мен өз сынып бөлмемдегі бөлме гүлдерін үнемі қадағалап, күтім жасаймын сынып кезекшілері бөлме ауасының таза болуын үнемі бақылап отырымыз. Ауада қанша оттегі кемісе ,сонша мөлшерде көмірқышқыл газы артады. Мектеп ауласына да гүлдер отырғызылған. Оларды күтіп ,суару арқылы мен ауа тазалығына өз үлесімді қосамын.Мен таза қалада өмір сүргім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |