АИТВ оң дегеніміз не? Қанында АИТВ вирусы бар адамдарға АИТВ оң деп айтылады. Бұл адамдар қанында антидене бар серологиялық әдіс бойынша оң адамдар.
Тесттер.
АИТВ-ті анықтау үшін жасалатын тесттер:
Анықтау тесттері
1. Анти АИТВ ЕLISA ферментті белгісімен иммуносорбентті анализ. Агглютинация негізінде жасалынатын тесттер (латекс, гемаклютинация т.б.)
Растау тесттері
1. Анти-АИТВ Western Blot тесті
2. АИТВ-тың бар екендігін және дәрежесі анықтау.
Бақылау тесттері
-р24 бөгде затты анықтау
-р24 антиденені анықтау
Вирус жұқтырған адам вирусқа қарсы антидене өндіреді. Анти-АИТВ тесті бұл антиденелердің бар екендігін көрсетеді.
Оң нәтиже вирустың денеде бар екендігінің дәлелі. АИТВ жұқтырған адамда аурудың белгілері он жылдан кейін, тіпті одан да кеш пайда болуы мүмкін. Бірақ осы уақыт ішінде АИТВ тесті оң болған адам қажетті шараларды жасамаса, ауруды басқаларына жұқтыруы мүмкін. АИТВ тесті жасатудың маңызы осыған негізделеді.
Кейбір шаралар арқылы тест нәтижесі оң болған адамның өзіне және айналасына зиян беруіне кедергі болу әбден мүмкін. Вирустың қайта-қайта жұғуына кедергі бола алса, жүйелі және әрдайым дәрігердің бақылауында болса, АИТВ вирусы бар адамда СПИД -пен байланысты аурулардың пайда болуын кешіктіруге болады. Вирус жұқтырғанын білетін адам қауіпсіз жыныстық қатынас арқылы жұбайын вирустан сақтап қала алады, дүниеге келетін сәбидің ауру болмауы үшін жүктілікке қарсы шаралар қолданыла алады.
Жалпы бұқаралық тексеру үшін серологиялық тесттер ыңғайлы емес. Өйткені бұл тесттердің 0,1%-ы жалған оң реакция беру мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, бұндай тесттер өте қымбат және көп уақыт қажет етеді. Бұның орнына тек АИТВ жұқтырып алатындай іс-әрекет жасаған адамдардың бұл тестті жасатуы пайдалы болар еді. Өмірінде АИТВ жұқтырып алатындай қауіпті іс-әрекет жасамаған адамдардың бұл тестті жасатып керегі жоқ.
Тесттің теріс нәтижесі денеде вирустың жоқтығын көрсетеді. Тесттің теріс нәтижесінің екі түсініктемесі бар. Бұлар: адам АИТВ жұқтырмаған және адам АИТВ жұқтырған, бірақ организм вирусты көрсететіндей жеткілікті антидене өндіріп шығарған жоқ.
Организмде вирустың бар-жоқтығын анықтайтын антидененің даму кезеңі екі мен сегіз апта арасы болса да, бұл кезең бір жылға дейін созылуы мүмкін. Егер де вирустың бар-жоқтығы туралы күмән туындаса, тестті қайталап 6 айда бір рет жасату керек.
Достарыңызбен бөлісу: |