Мамандығы – «5В072100 – озхт курстың көлемі – 3 кредит Чугунова Нина Ивановна профессор, химия ғылымдарының кандидаты, «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы»



жүктеу 14,46 Kb.
Дата01.12.2017
өлшемі14,46 Kb.
#2603

  • «Қабыршақтүзуші заттар мен лак-бояу материалдарының химиялық технологиясы»
  • Мамандығы – «5В072100 – ОЗХТ Курстың көлемі – 3 кредит
  • Чугунова Нина Ивановна
  • профессор, химия ғылымдарының кандидаты, «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
  • Педагогикалық стажы – 30 жылдан астам

Курстың андатпасы:

  • Таңдап алатын курс
  • Пәнді оқыту мақсаты:
  • «Қабыршақтүзуші заттар мен лак-бояу материалдарының химиялық технологиясы» пәнінің мақсаты студенттерге қабыршақтүзуші заттар- әртүрлі полимерлі қосылыстарды синтездеу жолдарын сипаттап, олардан лак-бояу материалдарын дайындау мақсатында полимерлеу және поликонденсациялау реакцияларымен алу технологиялық жолдарын,қолдану бағыттарын студенттерге оқытып үйрету.
    • Пәнді оқыту міндеті:
  •   Пәннің міндеті студенттерді лак-бояу материалдарымен,олардың құрамы мен негізгі компоненті болып саналатын қабыршақтүзуші
  • лермен таныстырып, оларды тізбекті және сатылы механизмдермен алуға үйретіп шығару. Зертханалық жұмыстардың көмегімен синтездеу әдістеріне дағдыландыру.

Курстың актуальдығы мен жаңалығы

  • Лак-бояу материалдары халық шаруашылығының барлық салаларында қолданыс табады.Жылдан жылға оларға деген сұраныс артуда. Қазіргі кезде қабыршақтүзүші заттарды, яғни полимерлерді әртүрлі жолдармен алу әдістері жақсы жолға қойылған. Бұл полимерлі қосылыстар бағалы қаптамалар алуға қолданылатын лак-бояу материалдарының негізі болып табылады. Сондықтан студенттердің бұл пәнді игеруі, олардың өндірістік алу жолдарын ,технологиялық сызбанұсқаларын талдап, тусінуі оқу бітірушілердің өнеркәсіптерде
  • тиімді қызмет етуіне, заманауи проблемаларды оңай шешуіне мүмкіндік береді.

Пән бойынша қарастырылатын тақырыптар:   -Лак-бояу материалдары жөніндегі негізгі түсініктер және олардың жіктелуі. Лак-бояу материалдарының топтары.   -Қабыршақтүзуші заттарды радикалдық (со)полимерлеу арқылы синтездеу. -Иондық полимерлеу.Поликонденсациялау, полиқосылу реакциялары. Полимерлеудің химиялық түрленуі. -Қабыршақтүзуші жүйелердің негізгі түрлері.  -Қабыршақтүзуші жүйелерден қабыршақтардың (қаптамалардың) қалыптасуы. -Полимерлеу реакциялары бойынша алынатын қабыршақтүзушілер. Полиэтилен мен полипропилен, сұйық көмірсутектік каучуктер, олардың лак-бояу өнеркәсібінде қолданылуы.. -Галоген атомы бар полимерлер. Винилхлоридтің полимері мен сополимерлері. Хлорланған поливинилхлорид (перхлорвинил), полиэтилен. Хлоркаучук. -Полиакрилаттардың негізіндегі лак-бояу материалдары. Полиакрилаттарды өндіру технологиялық процестері. -Поливинилацетат және оның полимерге ұқсас түрлену өнімдері. Олардың лак-бояу өнеркәсібінде қолданылуы. -Күрделі полиэфирер (олигоэфирлер). Полиуретандарға арналған олигомерлер, оларды өндіру технологиялық сызбанұсқасы. Алкидті лак-бояу материалдарының қасиеттері мен қолданылуы. -Полиамидтердің негізіндегі қабыршақтүзуші заттар.Олиго-амидтердің лак-бояу өнеркәсібінде қолданылуы. -Фенолформальдегид олигомерлері, негізгі түрлері. Модификацияланбаған және бутанолмен модификацияланған ФФО, өндіру технологиялық сызбанұсқасы. -Карбамид- және меламинформальдегид олиго-мерлері, олардың негізіндегі лак-бояу материалдары. -Эпоксидті қабыршақтүзушілер және олардың алыну жолдары, технологиялық сызбанұсқасы. Эпоксидті лак-бояу материалдары. -Полиуретандар. Полиуретанды лак-бояу материалдары мен жартылай өнімдерін алу технологиясы.  

Өткізілетін сабақтардың түрлері:

  • Дәріс – 30 сағат
  • Зетханалық сабақтар – 15 сағат
  • Аралық бақылау (саны) – 2
  • СӨЖ – 45 сағат
  • СОӨХ – 45 сағат
  • СОӨХ(офис.) – 30 сағат
  • СОӨХ (ауд.) – 15 сағат
  • Барлық аудиториялық сағат – 60
  • Барлық аудиториядан тыс сағат– 75
  • Еңбек көлемі 135 сағат
  • Емтихан Ж семестрі 5

Пәнді оқу кезінде студенттер мынандай біліктілікке ие болады:

  • -Лак-бояу материалдары бойынша алғашқы түсініктер алады;
  • -Қабыршақтүзуші заттарды синтездеу жолдарын, реакция механизмдерін, техникалық алу әдістерін игереді;
  • -Тізбекті полимерлеу механизмі бойынша қабыршақтүзуші заттар алу теориясын меңгеріп, зертханалық сабақтар арқылы оларды синтездеу дағдысына ие болады;
  • -Поликонденсациялық олигомерлерді алу және олардың көмегімен лак-бояу материалдарын дайындау дағдысын қалыптастырады;
  • - Лак-бояу материалдарын алу үшін полимерлі негізді синтездеудегі модификациялу реакцияларын пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
  • Курс бойынша
  •   7 зертханалық , 1 бақылау жұмыстары, 1 реферат жазу, 4 өзіндік жұмыс атқарып , қорғау, 2 аралық бақылау қарастырылған.
  • – жұмыстың әр түрі понәтижесінің максималь бағасы 100 %.

Өзінің ғылыми жетістіктері:

  • Ғылыми дәрежесі : химия ғылымдарының кандидаты 02.00.06«Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы» мамандығы бойынша.
  • Ғылыми атағы: «Жоғары молекулалық қосылыстар» мамандығы бойынша» аға ғылыми қызметкер.
  • Сабақ беретін пәндері: 5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттеріне «Алифатты қатар қосылыстарының органикалық химиясы», «Циклді қосылыстардың химиясы», «Мономерлердің химиясы мен технологиясының негіздері», «Қабыршақтүзуші заттар мен лак-бояу материалдарының химиясы мен технологиясы» курстарын, 6М0572100 мамандығына «Диенді қосылыстардың химиясы мен технологиясы», 6Д0572100 мамандығына «Полимерлік материалтанудың дамуының заманауи негіздері » курстары
  • Басылымдары: 80 астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар, соның ішінде 5 авторлық куәлік, мемлекеттік тілде жазылған 2 оқулық, оның біреуін жеке өзі жазған, 2 оқу құралы (мемлекеттік және орыс тілдерінде), 10 ОӘК (6 мемлекеттік, 4 орыс тілінде) , магистраттар үшін 1 силлабус, докторанттар үшін 1 силлабус дайындалған,. Барлық сабақтар оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілген.
  • «Жеңіл бензин фракцияларын алу мақсатында мұнай мен мұнай өнімдерін өңдеу технологиясын жасау» мемлекеттік бюджеттік инициативті тақырыпты орындау.
  • Тарауы: “Жоғары тұтқыр мұнайлар үшін депрессивті присадкалардың жаңа түрлерін жасау.”
  • Студенттердің ҒЗЖ дайындау
  • Ғылыми бағыты: Белсенді функионалды топтары бар полимерлерді синтездеу және зерттеу.
  • Қоғамдық жұмыстары: Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің химиялық-технологиялық мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік секциясының мүшесі (Шымкент қ.). 2011 жыдан бастап К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ –ің оқу процесін мониторлау комитетінің мұшесі ( ОПМК). Геология және мұнай газ ісі институтының ҒӘК мушесі, МжГӨХТ кафедрасының әдістемелік кеңесінің мүшесі,,кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедраның оқу процесіне және әдістемелік жұмыстарына жауапты.
  • Қызмет ету барысында бірнеше рет алғыс қағаздар және грамоталар алған. Жеке өзі жазған «Полимерлердің химиясы мен физикасы» атты оқулығы үшін К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ-ің академикалық профессоры атағын алған. Студенттері университеттік және республикалық конкурстардың жулдегері болған.

Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы.

  • Дипломдық жұмыс тақырыбы: 1. Ауыр қалдықтарды деасфальтизациялау қондырғысының жобасы.
  • Магистерлік диссертациялардың тақырыбы: 1.Акрил қышқылы мен стиролдың сополимерлерін синтездеу және зерттеу
  • 2. Акрилді қабыршақтүзуші заттарды синтездеу және зерттеу
  • Курстар бойынша студенттердің үлгерімі 80-93 %.
  • Білім алушыларға қойылатын талап: адалдық, тәртіптілік, ынталылық.

жүктеу 14,46 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау