БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Тақырыбы: «MS Excel кестелік процессор. Пайдаланушы интерфейсі. Блоктармен жұмыс.»
Мамандғы: МЕЙІРБИКЕ ІСІ
Пән: ИНФОРМАТИКА
КУРС: І
Құрастырушы: Гупранов Қ.С.
ТАҚЫРЫБЫ: MS Excel кестелік процессор. Пайдаланушы интерфейсі. Блоктармен жұмыс
Тақырып маңыздылығы:
Медициналық практикада және ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлі кестелер жиі қолданылады. Microsoft Excel программалар пакетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру кестелерді құру және олармен жұмыс істеу уақытын біраз қысқартуға мүмкіндік береді.
Сабақ мақсаты: Студенттерді қолданбалы программалар пакетімен жұмыс істеуді үйрету.
Студент білуі керек:
Excel программасының тағайындалуын
Excel программасының мүмкіндіктерін
Студент істеуі керек:
Excel программасын қосу
кесте шаблонын құру
бастапқы мәліметтерді енгізу
бастапқы мәліметтер кестелерін құрастыру
жаңа жұмыс кітабын құру
беттермен жұмыс істеу
Базистік сұрақтар
Windows операциондық жүйесі
Терезелермен жұмыс істеу
Менюмен жұмыс істеу
«Тышқанмен» жұмыс істеу
Файлдармен жұмыс істеу (құру, көшіру, атын өзгерту)
Word мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар
Excel программасын қосу.
Жаңа жұмыс кітабын құру.
Excel пайдаланушылық интерфейсі.
Мәліметтерді енгізу тәсілдері.
Автозаполнение командасымен жұмыс істеу.
Шаблон құру.
Беттермен жұмыс істеу технологиясы.
Кестелерді форматтау тәсілдері.
АҚПАРАТТЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК
Оқытушымен жұмыс істеу
EXCEL – бұл өте қуатты және жоғары интеллектуалды кестелік редактор: электрондық кестелерді құру және өңдеуге арналған программа.
EXCEL қарапайым кестелермен ғана жұмыс істемейді. Кесте ұяшықтарын цифрлармен, мәтінмен, графикамен толтыруға болады. Сонымен қатар EXCEL графиктер мен диаграммалар құрастыра алады (оны қарапайым кестені түрлендіру арқылы алуға болады).
EXCEL байланыс механизмі бір беттің ғана емес, бүкіл кітаптың шегінде тоқтаусыз жұмыс істейді.
Ұяшықтардың бір-бірімен байланысын ғана емес, EXCEL сонымен қатар пайдаланушыларға сұрыптаудың үлкен мүмкіндіктерін ұсынады.
Excel негізгі терминдері
Excel қосылған кезде құжат терезесінде бос жұмыс кітабы пайда болады. Жұмыс кітабы – Excel-дің мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін қолданатын негізгі құжаты. Жұмыс кітабы жеке жұмыс беттерінен тұрады, олардың әрқайсысында мәліметтер болуы мүмкін. Үнсіз келісім бойынша әрбір жаңадан құрылған жұмыс кітабы 3 жұмыс бетінен тұрады, олардың санын өзгертіп отыруға болады.
Microsoft Excel-дегі кітап файл болып табылады. Әрбір кітап бірнеше беттен тұра алатындықтан, бір файлда түрлі мәліметтер салып, олардың арасында қажетті байланыстар орнатуға болады.
Жұмыс беттері мәліметтерді ұйымдастыру және талдау үшін қажет. Мәліметтерді бір уақытта бірнеше бетте енгізіп, өзгертіп отыруға болады, сонымен қатар бірнеше беттегі мәліметтерге сүйене отырып, есептеулер жүргізуге болады.
Әрбір жұмыс беті 256 бағаннан және 65536 жолдан тұрады.
Бағандар латын әріптерімен белгіленген: A-дан Z-ке дейін, әрі қарай AA-дан AZ-ке дейін, сосын BA-дан BZ-ке дейін және т.с.с IV- ке дейін.
Жолдар араб цифрларымен белгіленген.
жолдар мен бағандарға бөлінген, олардың қиылысулары ұяшықтарды құрастырады, оларда жұмыс бетінде көрсетілген барлық ақпарат орналасады. Әрбір ұяшықтың қиылысқан жол мен бағанға сәйкес өз белгіленуі болады. Осылайша, әрбір ұяшықтың латын әрпінен және саннан тұратын адресі болады. Мысалы, C5 – бұл С бағаны мен 5 жолдың қиылысуындағы ұяшық адресі.
Нәтижесінде көптеген торларға (ұяшықтарға) бөлінген бет аламыз. Бұл беттерді кез келгенмен толтыруға болады – мәтінмен, сандық мәнмен, графикамен.
Жұмыс бетінің терезесінің төменгі жағында беттер ярлыктары орналасқан, олар жұмыс кітабындағы қажетті беттерді таңдауға мүмкіндік береді. Олардың бастапқы аттары Лист1, Лист2 және т.б.
Excel қосу. Жаңа жұмыс кітабын құру.
Excel келесі меню көмегімен қосылады: Пуск - Программы - Microsoft Excel. Экранда стандартты Книга 1 атты жаңа жұмыс кітабы пайда болады.
Шаблон құру.
«Шаблон» файлы "Книга 1" файлының атын өзгерту арқылы жасалады. Excel-дің әрбір жұмыс кітабының бастапқы 3 беті болады. Шаблонға біреуі де жеткілікті. Сондықтан қалған екеуін алып тастау керек.
Кестені көріктілеу ету үшін әртүрлі форматтау (пішімдеу) элементтерін кіргізуге болады. Шрифтті және оның өлшемдерін өзгертуге болады, бұл мәтіндік мәліметтерге ғана емес, сандық мәліметтерге де жатады. Excel-дегі жұмыс кітабын ашқанда шрифт автоматты түрде Arial Cyr, ал өлшемі 10 болады.
Кестелерді құрудың негізгі ережелері.
Excel-де кестелерді құру жұмыс бетінде орындалады. Жұмыс кітабын ашқанда бірінші беттің А1 ұяшығы белсенді болады. Белсенді ұяшықтың баған мен жолдың тақырыпшаларының тізбегінен тұратын адресі формула жолының сол жағында – атөрісінде көрсетіледі.
Жұмыс кітабында әрқашанда ұяшыққа нұсқағыш болады. Ұяшықты белсенді ету үшін, оны шерту керек. Ұяшық нұсқағышын пернетақтаның көмегімен жылжыту үшін курсорды басқару пернелері қолданылады.
[Page Up] пернесін басқанда кестенің көрінетін бөлігі бір экранға жолдар нөмірлері азайған жаққа қарай көтеріледі, ал [Page Down] пернесін басқанда – кері жаққа көтереді. [Alt + Page Down] пернелер комбинациясын басқанда кестенің көрінетін бөлігі бағандар нөмірлерінің өсу жағына қарай ауысады.
Белгіленген ұяшықтар.
Ұяшықты белгілеу үшін тышқанмен шерту жеткілікті. Шерткен кезде тышқан нұсқағышы ашық түсті қасу белгісі түрінде пайда болуы қажет..
Ұяшыққа мәлімет еңгізу.
Ұяшықтын біреуіне мәлімет еңгізу үшін оны белгілеу қажет, және курсордың нұсқағышының пайдаболуын күтпестен пернетақтадан мәлімет еңгізуге болады. Жалпы электрондық кестенің мәтіндік редактордан айырмашылығы ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін бекіту керек. Сіз программаға нақты бір ұяшыққа мәліметті еңгізіп болғанынызды түсіндіру қажет. Мәләметтерді бекітудің бірнеше жолдары бар:
Enter батырмасын басу арқылы.
Тышқан батырмасымен басқа ұяшықты басу арқылы.
Пернетақтада орналасқан басқару батырмаларын қолдану арқылы.
Сонымен мәліметтерді ұяшыққа еңгізу ғана емес, оларды бекітуіміз қажет.
Формула жолы.
Ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:
– «Қайтару» командасын орындау үшін қызмет көрсетеді.
– «Енгізу» командасын орындау.
–формуа енгізуге мүмкіндік береді.
Жолдармен бағандарды белгілеу.
Бағанды толығымен белгілеу үшін баған тақырыбын тышқанмен шерту жнткілікті. Жолды толығымен белгілеу үшін жол тақырыбын тышқанмен шертеміз.
Ұяшық аралықтарын белгілеу.
Ұяшық аралықтарын екі жолмен белгілейміз:
Тышқан көмегімен: тышқанның солжақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты ұяшықтың аралық шегінің жоғарғы көлденнен және оң жақ тігінен батырмасын басып отырып ұяшық аралықтарын көрші екі жағына кескін жүргізуге болады.
Пернетақта көмегімен нұсқағыш батырмаларын қолдана отырып жоғарыдағыдай әдісті қолдануға болады.
Ұяшық мазмұның толықтыру.
Егер мәліметі бар ұяшықты белгілеп, және сол ұяшыққа пернетақтадан жаңа мәлімет енгізетін болсақ онда ұяшықта жаңа мәлімет қалып, соңғы мәлімет өшіріліп қалады.
Ұяшыққа мәліметтерді толықтырудың екі жолы бар:
Ұяшыққа тышқанды екі рет шерту арқылы мазмұның редактірлеу режиміне түсуге болады. Бұл ұяшықта мәтіндік курсор пайда болады. Енді өзгерту енгізіп, мәліметтерді бекітуге болады.
Ұяшықтың мазмұны Формула жолында қайталанады. Мәтіндік курсорды Формула жолында тышқанмен екі рет шерту арқалы орнатуға болады. Енді Формула жолына өзгертулер енгізуге болады. Содан кейін мәліметтердің қорытынды нұсқасын формула жолындағы жасыл белгісі бар «Енгізу» батырмасын басу арқылы бекіту қажет.
Егер мәтін ұзын стандартты жол бойымен болса, онда ұяшықтын толық мазмұның Формула жолында қарап шығуға болады. Ол үшін мазмұның көргініз келген ұяшықты белгілеп, Формула жолынан қарап шыға аласыз.
Сонымен, Формула жолының мүмкіндіктері:
ұяшық мазмұнына өзгерістер енгізуге болады;
Егер мәлімет толық көрінбесе, ұяшық мазмұның көріп шығуға болады.
ӨЗІНДІК ЖҰМЫС.
Тапсырма: Excel программасын қолданып бір топ үшін үш пән бойынша емтихандық ведомость құру. Топ біреу болғандықтан, студенттер мәліметтері өзгермейді, сондықтан шаблон құрастырған ыңғайлы, оның ішінде әрбір ведомостіде қайталанатын студенттер туралы мәліметтер сақталады. Оны сосын көшіре салу керек.
1. Шаблон құру.
Пуск - Программы - Microsoft Excel менюінен Excel программасын қосыңыз. Экранда «Книга1» стандартты аты бар жаңа жұмыс кітабы пайда болады.
«Книга1» файлының атын «Шаблон» атына өзгертіңіз, ол үшін Файл/Сохранить (Сохранить как) командасын қолданыңыз. Диалогтық терезеде Книга1 орнына Шаблон жазып, оны С дискісіндегі өз папкаңызға сақтаңыз.
Excel-дің әрбір жұмыс кітабының бастапқы 3 беті болады. Шаблонға біреуі де жеткілікті. Сондықтан қалған екеуін келесі әдіспен алып тастау керек: қажетсіз беттердің ярлыгына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп контекстті меню шақыртыңыз. Сосын Удалить опциясын таңдап, қосымша сұраудан кейін ОК таңдаңыз. Қалған Лист1 бетінің атын өзгертіңіз. Ол үшін контекстті меню шақыртып, Переименовать опциясын таңдаңыз. Лист1 орнына Шаблон деп жазыңыз.
Енді бастапқы мәліметтер енгізіңіз.
В1 ұяшығына «ЕМТИХАНДЫҚ ВЕДОМОСТЬ» мәтінін енгізіп «Enter» басыңыз.
НҰСҚАУ: ұяшықтарға мәлімет енгізген соң жаңа жолға көшу пернесін «Enter» басыңыз.
Егер енгізілген мәтін ұяшыққа сыймаса, онда оның жалғасы келесі ұяшықтардың үстінен орналасады ( егер олар бос болса). Егер де келесі ұяшық бос болмаса, онда мәтін кесілген сияқты болады, оны толықтай Формулалар жолында көруге болады. Бағанның шектерін жылжытуға да болады. Ол келесі әдіспен орындалады: тышқанның маркерін бағандардың тақырыптар жолына апарып, көрші бағандармен шектесетін сызыққа апару керек, осы кезде тышқан маркері екіжақты стрелка түріне ие болады. Шекті жаңа орынға, тышқан батырмасын жібермей, апарыңыз. Сонымен қатар баған және жолдардың енін автоматты түрде келтіруге болады. Ол үшін бағандар немесе жолдар шекарасына тышқанды апарып, екі рет шерту керек. Бұл баған немесе жолдың өлшемдерін ішіндегі мәліметтерге сәйкес автоматты түрде келтіруге мүмкіндік береді.
A3 ұяшығына «№ 32 топ» мәтінін енгізіңіз;
СЗ ұяшығына - «Пән»;
А5 ұяшығына - «№ п/п»
В5 ұяшығына - «Фамилиясы, аты, жөні»;
С5 ұяшығына - «Сынақ кітапшасының №»;
D5 ұяшығына - «Баға»;
Е5 ұяшығына - «Емтихан қабылдаушының қолы».
Егер ұяшық ішіндегі мәліметті өшіру керек болса, алдын ала қажетті ұяшықты белсенді етіп, Delete пернесін қолдануға болады басқа варианты – ұяшыққа тышқанның оң батырмасын шертіп, контекстті менюде “Очистить содержимое” опциясын таңдау. Егер қате мәтінді басу кезінде жіберілсе, онда Esc пернесін басқан жеткілікті. Ұяшық ішіндегісін редактрлеу (өзгерту) үшін (барлық мәтінді өшіру қажеттілігі болмағанда) тышқанның сол батырмасымен қажетті ұяшыққа екі рет шертіп, өзгертулер енгізуге болады.
Топтағы әртүрлі бағалар санын есептеу үшін әрбір баға түріне баған қосу керек: F бағаны бестер үшін (F5 ұяшығы), G бағаны төрттер үшін (G5 ұяшығы), Н бағаны үштер үшін (Н5 ұяшығы), I бағаны екіліктер үшін (I5 ұяшығы), J бағаны келмегендер үшін (J5 ұяшығы). Бұл ұяшықтарға сәйкес бағаларды енгізіңіз. По центру орнатыңыз. Кестенің бөлгіш сызықтарын (ішкі және сыртқы) орнатыңыз.
Енді әрбір ұяшыққа келесі технологияны қолданып, кесте басын форматтаңыз:
А5, Б5, С5, Д5, Е5 ұяшықтарын белгілеңіз
Меню жолында Формат - Ячейки - вкладка Выравнивание опциясын таңдаңыз:
По горизонтали: по центру
По вертикали: по центру
Отображение: переносить по словам опциясына флажок орнатыңыз
ОК
Немесе мәтінді орталыққа орнатудың стандартты вариантын қолданыңыз. Яғни ұяшықтарды белгілеп, саймандар панеліндегі По центру батырмасын басыңыз.
Сосын А6 ұяшығына 1, ал А7 ұяшығына – 2 санын енгізіңіз. Екі ұяшықты белгілеп, курсорды А7 ұяшығының оң жақ төменгі бұрышына апарыңыз. Тышқан нұсқағышы крест таңбасына ие болғанда тышқанның сол батырмасын басып тұрып курсорды қажетті өлшемге дейін созыңыз (курсордың қасында сары квадрат ішінде нөмірлердің өзгерістерін бақылауға болады, топтағы студент саны 30 болғандықтан, 30 санында тоқтаңыз). Бұл ұяшықтарды автотолтыру (автозаполнение ячеек) деп аталады.
В бағанына (фамилиясы, аты, жөні) В5 ұяшығынан бастап, тапсырма бойынша берілген санға сәйкес студенттер фамилиясын енгізіңіз.
С5 ұяшығына бірінші студенттің сынақ кітапшасының № енгізіңіз. Ұяшықтарды автотолтыруды қарастырылған әдістен басқа жолмен де орындауға болады. Курсорды С5 ұяшығының оң жақ төменгі орнатып, тышқан нұсқағышы крест таңбасына ие болғанда тышқанның оң батырмасын басып, курсорды қажетті өлшемге созыңыз. Контекстті менюдің Заполнить (толтыру) командасын орындаңыз.
В бағанына топтағы алынған бағалардың қорытынды санының атын енгізіңіз: В37 ұяшығына «өте жақсы», В38 ұяшығына – «жақсы», В39 – «қанағаттанарлық», В40 – «қанағатсыз», В41 – «келген жоқ», В42 – «БАРЛЫҒЫ».
Құрылған кестенің көрнекілігін келтіру үшін бөлгіш сызықтарды, яғни кестенің шекараларын (сыртқы және ішкі) көрсеткен дұрыс. Ол үшін қажетті ұяшықтар тобын белгілеңіз. Белгіленген өріс қара түске боялады. Excel-дің Форматирование Саймандар панелінде ( Панель инструментов) Границы батырмасын таңдаңыз. Ол кестенің бөлгіш сызықтарын көрсетуге мүмкіндік береді. Ішкі және сыртқы шекараларды ( ) таңдаңыз. Шаблон дайын.
Шаблон файлын жабудан бұрын оны көшіріңіз. Ол үшін ақпараты бар барлық ұяшықтарды таңдап, стандартты саймандар панелінде Копировать батырмасын шертіңіз. Бұл операциядан кейін ұяшықтардың ішіндегі барлық ақпарат алмасу буферіне орналастырылады (алмасу буферінде орналасқан ұяшықтар үзік сызықтармен белгіленеді). Шаблон файлын жабыңыз.
2. Емтихандық ведомость құру.
Енді жаңа жұмыс кітабын құру қажет. Былай істеңіз: Файл менюіне кіріп Создать командасын таңдаңыз. Экранда қосымша сұрау шығады, ОК басыңыз. Жаңа жұмыс кітабы құрылды.
Бұл жаңа жұмыс кітабын «Книга 2» аттан «SESSION» атына өзгертіңіз. SESSION файлы құрылды.
Бұл жұмыс кітабында 4 бет болады. Бірінші бетте математика пәніне емтихандық мәліметтер көрсетіледі. Екінші бетте –физикадан. Үшінші бетте – тарихтан. Ал төртінші бетте әрбір студенттің алынған бағаларына сәйкес стипендия мөлшері саналады.
Жұмыс кітабында 3 бет қана болғандықтан тағы бір бет қосу керек. Ол үшін тағы бір бетті контекстті меню көмегімен Добавить лист опциясын таңдау арқылы қосыңыз. Беттерді Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3), Стипендия деп атаңыз.
Шаблон кестесі бұл жұмыс кітабының үш бетінде қайталанатындықтан, Емтихан1, Емтихан 1(2), Емтихан 1(3) беттеріне мәліметтерді бір уақытта енгізіңіз. Ол үшін:
Жұмыс кітабының бірден үш бетін белгілеңіз. Қажетті беттер бірінен соң бірі орналасқандықтан, бірінші бетке ярлыгын тышқанмен шерту арқылы өтіп, Shift пернесін басыңыз. Пернені жібермей тұріп емтихандық ведомостьтің ақырғы бетінің ярлыгын шертіңіз.
Бірінші беттің (Емтихан1) А1 ұяшығына мәліметтер енгізіңіз (стандартты саймандар панеліндегі Вставить батырмасы).
Осылайша SESSION жұмыс кітабының үш Бетінде Шаблон пайда болды.
Мәліметтерді алғашқы мысалдағыдай форматтаңыз.
НАЗАР АУДАР! Әрі қарай жұмыс кітабының қандай да бір бетіне мәлімет енгізгіңіз келсе, қалған беттердің белгіленуін алып тастаңыз. Ол үшін бірінші бетке өтіп, оның ярлыгына тышқанмен шертіңіз, сосын Shift пернесін басып тұрып бірінші беттің ярлыгын тағы да шертіңіз.
Әрбір беттің D3 ұяшығына сәйкес пәннің аттарын енгізіңіз: математика, физика, тарих.
Математика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 4, «4» саны — 13, «3» саны —10, «2» саны — 1, «келемегендер» саны — 2.
Физика пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 6, «4» саны — 12, «3» саны — 8, «2» саны — 2, «келемегендер» саны — 2.
Тарих пәнінен емтихандық ведомость құру үшін бағаларды келесі түрде енгізіңіз: «5» саны 12, «4» саны — 15, «3» саны —1, «2» саны — 1, «келемегендер» саны — 1.
Е6 ұяшығына сәйкес емтихан қабылдаушының фамилиясын енгізіңіз. Е бағанының ұяшықтарын қажетті өлшемге автотолтыруды жүзеге асырыңыз. Осындай операцияны Емтихандық ведомостьтің барлық беттерінде орындаңыз.
В бағанына топта алынған бағалардың қорытынды санын енгізіңіз: В45 - өте жақсы, В46 – жақсы, В47 – қанағаттандырарлық, В48 – қанағатсыз, В49 – келмегендер, В50 – БАРЛЫҒЫ.
Қорытынды білім деңгейін тексеруге арналған бақылау сұрақтары
Excel программасы қалай қосылады?
Ұяшықта не болуы мүмкін?
Ұяшық адресі неден тұрады?
Жаңа жұмыс кітабын қалай құруға болады?
Шаблонды қалай құруға болады?
Жұмыс кітабының неше беті болуы мүмкін?
Автозаполнение не үшін қолданылады?
Беттермен қалай жұмыс істейді?
Жұмыс кітабын қалай сақтайды?
Мәліметтерді Excel-ге қалай көшіреді?
Әдебиеттер тізімі:
Информатика Қ.Ж.Құдабаев (оқу құралы) Алматы 2012.
Гельман В.Я. Медицинская информатика практикум. (2-е изд.) – СПб: Питер, 2002
Достарыңызбен бөлісу: |