Макроэкономика ќаз



жүктеу 0,88 Mb.
бет4/6
Дата18.12.2017
өлшемі0,88 Mb.
#4790
1   2   3   4   5   6




“Ақшаға сұраныс” түсінігі мынаны білдіреді:

A) Қажетті жағдайда тұрақты бағамен оңай ғана ақшаға айналдырып алуға болатын бағалы қағаздарды ұстауға ықылас білдіру.

B) Кәсіпкерлердің белгілі бір процент мөлшерлемесі жағдайында қарыз беруге ниет білдірген ақша сомасы.

C) Табыстың бір бөлігін “қаралы күнге” сақтап қоюға тілек білдіру.

D) Активтер тарапынан ақшаға сұраныс деген сөз.

E) Активтер тарапынан және мәліме жасауға қажетті ақша сомасы деген сөз.





Төмендегілердің қайсысын “ақша дерліктерге” жатқызуға болмайды:

A) Чектік емес жинақ салымдарын.

B) Ірі мерзімдік салымдарды.

C) Несие карталарын.

D) Қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарды.

E) Кішігірім мерзімді салымдарды.





Жалпы инвестициялар көлемінің құлдырауға беталысы мынадай жағдайда орын алады:

A) Сату көлемінің өсу беталысы ұлғаяды.

B) Сату көлемінің өсу деңгейі тұрақты болып қала береді.

C) Сату көлемінің өсу қарқыны бәсеңдейді.

D) Бәсеке азаяды.

E) Нарық шарттары өзгереді.





Өзін-өзі реттейтін рыноктық жүйе неге кепіл береді:

A) Товарлар дефицитінің болмауына.

B) Товарлар артықшылығының болмауына.

C) Товарлардың жиі болып тұратын тұрақты және ұзақ мерзімді дефицитінің болу мүмкіндігіне.

D) Баға механизмі әрекетінің нәтижесінде тез жойылатын, товар массасының дефициті мен артықшылығына.

E) А) және В) жауаптары дұрыс.





Импорт товарларына бағаның өсуі немен байланысты?

A) Жиынтық ұсыныстың қысқаруымен.

B) Жиынтық ұсыныстың өсуімен.

C) Жиынтық сұраныстың өсуімен.

D) Жиынтық сұраныстың қысқаруымен.

E) Тұтынудың жоғарлауымен.





Берілген елдің экспортының өсуі басқа тең жағдайларда:

A) Жиынтық сұранысты өсіреді, ал ұлттық табысты азайтады.

B) Жиынтық сұранысты азайтады, және ұлттық табысты арттырады.

C) Таза экспортты өсіреді.

D) Жиынтық сұранысты және ұлттық табысты өсіреді.

E) Тек С) және Д) жауаптары дұрыс.





Төмендегілердің қайсысы “Құйылу” ұғымына жатады:

A) Инвестициялар.

B) Жинақ ақшалар.

C) Салықтар.

D) Импорт

E) Экспорт.





Егер АҚШ-тың ЖҰӨ-і төмендейтін болса, онда еркін өзгермелі валюта бағамы жүйесінде:

A) Импорт төмендейді де, АҚШ долларының құны өседі.

B) Импорт пен АҚШ долларының құны төмендейді.

C) Импорт пен доллар бағасы өседі.

D) Импорт өседі де, ал доллар құны төмендейді.

E) Экономикалық өсу қарқыны арта түседі.





Егер Американдық корпорациялар шетелдіктерге жоғары дивиденд (доллармен) төлейтін болса, онда:

A) Бұл доллардың құнсыздануына әкеле алады.

B) Бұл доллар бағамының көтерілуіне әкеле алады.

C) Елден кетіп қалған долларлардың өтемі ретінде АҚШ-на алтын келе бастайды.

D) Елден шетке кетіп қалған долларлардың өтемі ретінде АҚШ-на келетін импорт көлемі ұлғаяды.

E) Доллардың ұсынысы көбейеді.





Төлем балансының актив сальдосы ұлғаяды, егер елде:

A) Нақты процент мөлшерлемесі төмендесе.

B) Инфляция қарқыны өссе.

C) Экономикалық өсу қарқыны өссе.

D) Жоғарыда аталған процестердің барлығы орын алса.

E) Экономикалық өсу қарқыны төмендейді.





Испания төлем балансы тапшылығын төмендету үшін, сыртқы саудаға бақылау белгілеуді шешеді. Бұл шешім нәтижелерінің бірі – болады:

A) Елдегі инфляция деңгейінің төмендеуі.

B) Экономикалық өсу деңгейінің төмендеуі.

C) Испания экспортының төмендетуі.

D) Испания импортының төмендетуі.

E) Сауда баланс сальдосының төмендетуі.





Нақтылы еңбек ақының деңгейі мыналарға байланысты:

A) тауарлар мен қызметтердің баға деңгейлеріне

B) пайда нормасына

C) жер рентасына

D) жұмыс уақытының ұзақтығына

E) инвестицияға





Қысқа мерзімді Филипс қисығы оңға жоғары қарай жылжиды, егер:

A) тауарлар мен қызметтердің баға деңгейлеріне

B) пайда нормасына

C) жер рентасына

D) жұмыс уақытының ұзақтығына

E) инвестицияға





Жиынтық шығыстардың өсуі инфляцияға апарады, егер:

A) экономика толық жұмыстылық жағдайында дамыса

B) ЖҰӨ нақты түрдегі және әлеуетті көлемі тең

C) жұмыс күші саны өспейді

D) А және В жауаптары ғана дұрыс

E) дұрыс жауабы жоқ





Жиынтық сұраныс қисығының оңға және солға бірдей жылжуының нәтижесі, егер:

A) бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының көлденең межесінде орын алады

B) бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының тік межесінде орын алады

C) бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының аралық межесінде орын алады

D) экономика құлдырауға ұшырайды

E) дұрыс жауабы жоқ





Орталық банк несиеге кең жол ашу үшін жүргізетін ашық нарықтағы кең масштабты операциялары:

A) мемлекеттік бағалы қағаздар курсын көтереді

B) коммерциялық банктер резервтерінің жалпы көлемін азайтады.

C) жалпы баға деңгейін төмендетеді

D) мемлекеттік бағалы қағаздар курсын азайтады

E) коммерциялық банктерге бекітілген міндетті резервтердің нормасын көтереді.





Аталған ағымдардың қайсысы ұлттық табыс көлемін анықтау кезінде қолданылмайды:

A) корпорация пайдасы

B) мемлекеттік трансфертті төлемдер

C) кәсіпкерлердің несиеге алған капиталға төлейтін проценті

D) рента табысы

E) еңбекақы





Қоғамдық өнімнің номиналды тұрғыдағы есептелуі:

A) әлемдік бағамен

B) экспорттық бағамен

C) ағымдағы рыноктық бағамен

D) базалық бағамен

E) келісілген мәміле бағасымен





Мемлекеттік трансферттік төлемдерге не жатады ?

A) қызметкерлердің еңбек ақысы

B) басқарушы персоналдың еңбек ақысы

C) зейнет ақы

D) рента

E) корпорация түсімі





Жұмыспен қамтылған бір адамға есептегенде өндіру көлемінің тұрақты өсуі немен түсіндіріледі ?

A) халықтың өсуімен

B) жинақ-нормаларының өсуімен

C) техникалық прогреспен

D) кәсіпорындармен

E) еңбек биржаларымен





Экономикалық өсудің интенсивті түрі:

A) өнім көлемін ұлғайту арқылы қол жеткізу

B) капиталды молайту арқылы қол жеткізу

C) еңбек ресурстарын көбейту арқылы қол жеткізу

D) еңбек өнімділігін арттыру арқылы қол жеткізу

E) құрал-жабдықтарды ұлғайту арқылы қол жеткізу.





Кейнстің қарапайым мультипликатор үлгісі мынаны көрсетеді:

A) табыс өсімінің инвестиция өсіміне қатынасы

B) табыс өсімінің мемлекеттік шығын өсіміне қатынасы

C) инвестиция өсімінің жинақ өсіміне қатынасы

D) ақша массасы өсімінің табыс өсіміне қатынасы

E) салық өсімінің жинақ өсіміне қатынасы





Егер адамдар барлық табыстарын тұтынуға шығармай, тұтынудан қалғанын банкке салатын болса, онда олар:

A) қор жинайды, бірақ инвестиция жасамайды

B) инвестиция жасайды, біпақ қор жинамайды

C) қор жинайды да, инвестиция да жасайды

D) қор жинайды, бірақ белгілі бір бөлігіне бағалы қағаздарды сатып алады

E) қор жинамайды және инвестиция жасамайды





Егер өндіріліген ЖҰӨ деңгейі тепе-тең мөлшерден аз болса, онда өндірушілер:

A) өндіріс қорларын қысқартады, өндірісті кеңейтеді

B) қорларын арттырады, өндірісті кеңейтеді

C) қор мен өндірісті қысқартады

D) қорды арттырып, өндірісті қысқартады

E) өндірісті өзгертпей, қорды арттырады





Егер номиналды ЖҰӨ көлемі қысқарса, онда:

A) келісімдер үшін ақшаға сұраныс және ақшаға жалпы сұраныс өседі

B) келісімдер үшін ақшаға сұраныс және ақшаға жалпы сұраныс азаяды

C) келісімдер үшін ақшаға сұраныс өседі, ал ақшаға жалпы сұраныс азаяды

D) келісімдер үшін ақшаға сұраныс азаяды, ал ақшаға жалпы сұраныс өседі

E) келісімдер үшін ақшаға сұраныс және ақшаға жалпы сұраныс өзгеріссіз қалады





Егер, Орталық банк халықтан мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып ала бастаса, онда бұл шара неге алып келеді:

A) халық қолындағы ақша массасы азаяды

B) инвестиция көлемі азаяды

C) халық қолындағы ақша массасын арттырады

D) пайыздық мөлшерлеме өседі

E) ақша массасына әсері болмайды





Баумоль-Тобин үлгісі бойынша қолма-қол ақшаға сұраныс келесі факторларды көздемейді:

A) номиналды пайызды ставканың мәні

B) банкке байланысты шығындар мөлшері

C) клиенттердің табыс деңгейі

D) ағымдағы шығындар деңгейі

E) фирма табыстарының деңгейі





Экономикадағы ақшаға ұсыныстың қысқаруының графиктегі бейнеленетін қозғалысы:

A) солға-жоғары AS қисығы

B) оңға-төмен AS қисығы

C) солға-жоғары AD қисығы

D) оңға-жоғары AD және AS қисығы

E) дұрыс жауабы жоқ





Егер жоспарланған тұтыну шығындары 40+ 0,9 Yj –ке тең болса және жоспарланған инвестициялар 50 болса, онда табыстың тепе-теңдік деңгейі тең болады:

A) 90


B) 400

C) 500


D) 900

E) 50




Жиынтық сұраныстың ұлғаюы тепе-тең ТҰӨ-ң және баға деңгейінің өсуіне алып келеді, егер жиынтық сұраныс қозғалысы:

A) AS қисығының кейнсиандық кесіндісінде өтсе

B) AS қисығының аралық кесіндісінде өтсе

C) AS қисығының кейнсиандық және аралық кесіндісінде өтсе

D) AS қисығының классикалық кесіндісінде

E) AS қисығының кейнсиандық, аралық және классикалық кесіндісінде





Ұазқ және қысқа мерзімді кезеңдегі экономикалық жағдайлар арасындағы айырмашылық мынада:

A) тек ұзақ мерзімдік кезеңде ғана мон,етарлық және фискалдық саясат шығарылым көлеміне әсер етеді.

B) қысқа мерзімді кезеңде баға және номиналды жалақы салыстырмалы икемді болады

C) қысқа мерзімдік кезеңде жұмыстылық пен шығарылым көлемі жиынтық сұранысқа әсер етеді, ал ұсынысқа ұзақ мерзімді кезеңде

D) ұзақ мерзімді кезеңде баға мен номиналды жалақы бұлжанбайды

E) толық жұмысбастылық ұзақ мерзімді кезеңге тән графиктегі бейнеленетін қозғалыс





Мемлекеттік борыш – сомасы:

A) Мемлекеттік шығындардың.

B) Бюджеттік тапшылықтың

C) Бюджеттік артылғандарды алып тастағандағы бюджеттік тапшылықтардың.

D) Бюджеттік тапшылықтарды алып тастағандағы бюджеттік артылғандардың.

E) Қорғанысқа жұмсалған шығындардың.





Инфляция – бұл мынаған салық:

A) Мемлекеттік борыштың иелеріне; ол бюджет тапшылығы мөлшерін қысқартады.

B) Мемлекеттік борыштың иелеріне; ол бюджет тапшылығы мөлшерін көбейтеді.

C) Үкіметке: ол бюджет тапшылығы мөлшерін қысқартады.

D) Мемлекеттік боыштың иелеріне; ол бюджет тапшылығы мөлшеріне әсер етпейді.

E) Тұтынушыларға.





Мемлекеттік борыш мемлекетті банкроттыққа әкеле алмайды, өйткені ол:

A) Борышты өтеуге міндетті емес.

B) Борышты қайта қаржыландыра алады.

C) Айналыстағы ақша массасын көбейте алады.

D) А,В,С жауаптары дұрыс.

E) Айналыстағы ақша массасын азайта алады.





«Автоматты стабилизаторларң:

A) уақытша кешігу пролемасын шиеленістіреді

B) ресурстарды толық қамтуда бюджеттің теңдестігін (сбалансированны) ұстап тұратындай салық ставкасын түзетуге әкеледі

C) нақты мемлекеттік бюджетің теңдестігін ұстап тұратындай салық ставкасын түзетуге әкеледі

D) ұлттық табыстың құбылуының ауытқуын төмендетеді

E) жыл сайынға ақша массасының өсу қарқынын 4% – 6% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.





Мемлекеттік боршпен байланысты ығыстыру әсері мемлекеттік шығындардың өсуі, нәтижесінде пайда болған:

A) Жеке инвестициялық шығындарды қысқартады.

B) Пайыз мөлшерлемесін көбейтуге әкеледі.

C) Өндірістік әлеуетті болашақта қысқартуға әкеледі.

D) А,В,және С жауаптары дұрыс.

E) Пайыз мөлшерлемесін азайтуға әкеледі.





Егер мемлекет қоршаған ортаның сақталуына талапты күшейтетін болса, бұл нені туындатады ?

A) өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының оңға ығысуы

B) өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының солға ығысуы

C) өнім бірлігіне өндіріс шығынының өсуі мен жиынтық сұраныс қисығының солға ығысуы

D) өнім бірлігіне өндіріс шығындарының төмендеуі және жиынтық сұраныс қисығының солға ығысуы

E) өнім бірлігіне өндіріс шығындарының төмендеуі және жиынтық сұраныс қисығының оңға ығысуы





Жиынтық ұсыныс қисығы ненің арасындағы қатынастан көрінеді:

A) баға деңгейі мен тұтынылған іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемімен

B) баға деңгейі мен іс жүзіндегі өндірілген ЖҰӨ көлемімен

C) өндірушілер сатуға, ал сатып алушылар сатуға құмартатын тауарлар жөніндегі баға деңгейімен

D) өндірілген және тұтынылған іс жүзіндегі ЖҰӨ көлемімен

E) жоспарланған шығын мен нақты көлемі





Мемлекеттік борышты өтеуге қызмет көрсетудің салыстырмалы шығындары өлшенеді:

A) Мемлекеттік борыштың сомасымен.

B) Борыш бойынша пайыздық төмлемдер сомасымен.

C) Борыш мөлшерінің ЖҰӨ көлеміне қатынасымен.

D) Борыш бойынша пайыздық төлемдер сомасының ЖҰӨ көлеміне қатынасымен.

E) Мемлекет активтерінің мөлшерімен.





Мемлекеттік борыш салық төлеушілердің алдындағы мемлекеттің міндеттемесі ретінде болады. Бұл мынадан шығады:

A) Тек пайыздардың төлемдері өз алдына экономикалық ауыртпалық болады.

B) Ресми мәліметтер мемлекеттік борыштың мөлшерін азайтып көрсетеді.

C) Мемлекеттік облигациялардың негізгі массасы елдің азаматтарына және ұлттық фирмаларға жатады.

D) Мемлекеттік борыш мемлекет активтерінің сомасына тең.

E) Елдің азаматтары трансферттік төлемдерді алушылар болады.





Ығыстыру әсері мынаны болжайды

A) Мемлекеттік шығындардың өсуі жеке инвестициялардың азаюына әкеледі.

B) Импорт ел ішінде тауарларды өндірумен ауыстырылады.

C) Жеке инвестициялардың өсуі мемлекеттік шығындардың азаюына әкеледі.

D) Тауарлар мен қызметтерді түтыну өседі ; ал инвестициялар көлемі қыскарады

E) Мемлекеттік шығындардың өсуі жеке инвестициялардың көбеюіне әкеледі





Елдің төлем балансы құрамының бөлігі (ағымдағы операциялар шоты) өзіне. қоспайды:

A) экспорт тауарларын

B) инвестициядан түскен таза табыстарды

C) шет мемлекеттерге көрсеткен транспорттық қызметтерді

D) шет ел бөлігінде болған елдің активтеріндегі өзгерістерді

E) бір жақты трансферттік төлемдерді.





Қазақстанда қай жылы ұлттық валюта теңге енгізілді:

A) 1990 жыл

B) 1992 жыл

C) 1993 жыл

D) 1994 жыл

E) 1995 жыл





Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мына жағдайларда пайда болады:

A) Мемлекет активтерінің сомасы оның міндеттемелері мөлшерінен артық болғанда.

B) Мемлекеттік шығындардың сомасы салық түсімдерінің сомасынан артық болғанда.

C) Мемлекеттік шығындар азайғанда.

D) Салық түсімдері сомасы қысқарғанда.

E) Мемлекет міндеттемелері оның активтерінен артық болғанда.





Мемлекет борышының нақты проблемаларының бірі мынада болады:

A) Табыстардағы теңсіздік қысқарады.

B) Өндіріс тиімділігін арттыруға ынта өседі.

C) Ұлттық өнімнің бөлігі елден тыс кетеді.

D) Қолда бар табыстың барлық деңгейлерінде жинақ ақшаның үлесі өседі.

E) Ұлттық экономиканың тиімділігі өседі.





Елдің ақша бірлігінің валюталық бағамының немесе алтын мөлшерінің көтерілуі – бұл:

A) дефляция

B) деноминация

C) девальвация

D) .ревальвация

E) нуллификация





Тауардың бағасы, нарықтағы алтын бағада өсіп, шетел валютасымен салыстырғанда ұлттық валюта курсының төмендеуі:

A) ақшаның құнсыздануы

B) валютаның қымбаттауы

C) валюта девальвациясы

D) валюта ревальвациясы

E) дефляция





Технологиялық жұмыссыздық – бұл:

A) мамандықтары мен квалификациясы жұмыс табуға мүмкіндік бермейтін жұмысшылардың жұмыс іздеуімен байланысты жұмыссыздық

B) экономиканың циклдік ауытқуымен байланысты жұмыссыздық

C) адамдардың машинамен ауысуымен байланысты пайда болатын жұмыссыздық

D) жаңа жұмыс іздеу және жұмыс күтумен байланысты уақытша жұмыссыздық

E) еңбек қызметінен ерікті бас тарту





Экономиканың ұсыным теориясы бойынша анық көрсетілген бюджеттік экспания саясаты мынаны болжайды:

A) Салықтың айтарлықтай өсуін.

B) Бюджеттік молшылықты және салықтың кішкене көбеюін.

C) Салықтың айтарлықтай төмендеуін.

D) Халық табысының өсуін.

E) Инфляция екпінінің төмендеуін.





Табыс пен өндірістің қалаған тепе-теңдік деңгейіне жету үшін мемлекеттік шығындар мен салықтар арқылы айла-шарғы жасау, мынаған жатады:

A) Несие саясатына.

B) Кейнстік тұтыну функциясына негізделген саясатқа.

C) Дефляциялық алшақтыққа бағытталған саясатқа.

D) Кейнстік фискалдық саясатқа.

E) Монетарлық саясатқа.





Балансталған бюджет мультипликаторы концепциясы бойынша, салықтар мен мемлекеттік сатып алуларды бірдей мөлшерде қысқарту:

A) Ұлттық табыс пен өндірістің деңгейін өзгертпейді.

B) Жеке инвестицияларды ығыстыруға жағдай жасайды.

C) Ұлттық табыс пен өндірістің тепе-теңдік деңгейін ұлғайтады.

D) Бұрын балансталған бюджеттің тапшылықты жағдайға қарай қозғалысын туғызады.

E) Ұлттық табыс пен өндірістің тепе-теңдік деңгейін төмендетеді.





Егер үкімет ТҰӨ нақты деңгейін көтеруіді пайымдаса, ол:

A) Салықты төмендетеді.

B) Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды азайтады.

C) Трансферттік төлемдерді азайтады.

D) Бюджеттік тапшылықтың деңгейін төмендетеді.

E) Трансферттік төлемдерді ұлғайтады.





Өндірістің төмендеуі мен фирманың жабылуы салдарынан жұмыстан босатылған адам жұмыссыздықтың қай категориясына жатады:

A) жұмыссыздықтың фрикциондық формасына

B) жұмыссыздықтың құрылымдық формасына

C) жұмыссыздықтың циклдік формасына

D) жұмыссыздықтың маусымдық формасына

E) жұмыссыздықтың жасырын формасына





Егер номиналды табыс 8% өсіп, ал баға деңгейі 10% өссе, онда нақты табыс:

A) 2%-ке өседі

B) 18%-ке өседі

C) 2 %–ке төмендейді

D) 18%-ке төмендейді

E) өзгермейді





Экономика толық жұмыстылық жағдайында тепе-теңдік жығдайында болады. Өкімет тауарлар мен қызметтерді сатып алуды 10 млрд. долларға арттыруды жорамалдайды, сонымен инфляцияны болдырмай салықтарды көтермекші, яғни ЖҰӨ бұрынғы тепе-теңдік деңгейін сақтап. Жорамалдап отырған салықтардың артуы неге тең?

A) 10 млрд.доллардан астам.

B) 10млрд.доллар.

C) 10 млрд.доллардан кем (0-ге тең емес) .

D) 0

E) 0-ден аз, яғни салықтан түсім азаюы керек.





Шығыстар мен салық салу салысындағы мемлекеттік саясат былай аталады:

A) Ақшаның сандық теориясының негізіндегі саясат.

B) Монетарлық саясат.

C) Іскерлік цикл.

D) Фискалды саясат.

E) Табыстарды бөлу саясаты.





Жиынтық сұраныс қисығының оңға жылжуы мынаны білдірмейді:

A) Баға деңгейімен ЖҰӨ-ң нақты көлемінің бір мезгілде өсуін.

B) ЖҰӨ-ң нақты көлемі өспесе де баға деңгейінің көтерілуін.

C) Баға деңгейі көтерілмей-ақ, ЖҰӨ-ң нақты көлемінің өсуін.

D) Бір мезгілде баға деңгейінің өсуін және ЖҰӨ-ң нақты көлемінің азаюын.

E) Табыстардың төмендеуін





Жиынтық сұраныс қисығының солға және оңға жылжуының нәтижесі бірдей болады, егер:

A) Бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының көлденең кесіндісінде болса.

B) Бұл жылжу жиынтық жиынтық ұсыныс қисығының тік кесіндісінде болатын болса.

C) Бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының аралық кесіндісінде болса.

D) Экономика тоқырау жағдайында болса.

E) А,В,С,Д жауаптары дұрыс емес.





Егер ЖҰӨ-ң тепе-теңдік көлемі оның потенциалды деңгейінен жоғары болса, онда:

A) Бағалар деңгейі өседі.

B) Жұмыссыздық деңгейі өседі.

C) Дефляциялық жарылыс пайда болады.

D) Жиынтық ұсыныс автоматты түрде өседі.

E) Жиынтық сұраныс автоматты түрде өседі.





Жиынтық сұраныс қисығы көрсетеді:

A) Товарлар мен қызметтерді сатып алудағы жиынтық шығыстар мен баға деңгейі арасындағы қатынасты.

B) Баға деңгейі мен нақты өндірілген ЖҰӨ арасындағы қатынасты.

C) Сатып алушыны да, сатушыны да қанағаттандыратын бағалар деңгейі арасындағы қатынасы.

D) Нақты өндірілген және тұтынылған ЖҰӨ көлемдері арасындағы қатынасты.

E) Тұтыну мен ақша қоры көлемінің арасындағы қатынасы.





Инвестиция көлеміне әсер етеді:

A) Пайыз қойлымының деңгейі.

B) Кәсіпкерлердің оптимистік немесе пессимистік күтулері.

C) Технологиялық өзгерістер деңгейі.

D) Өндірістік құралдардың іске қосылу деңгейі.

E) А,В,С,Д жауаптары дұрыс.





Жиынтық сұраныс қисығының төмендеуі–

A) Нақты кассалық қалдықтар әсерінің нәтижесі.

B) Пайыз қойылымының әсерінің нәтижесі.

C) Импорттық сатып алулардың нәтижесі.

D) А,В,С жауаптары дұрыс

E) Импорт тауарларына бағаның төмендеу нәтижесі.





Егер нақты пайыз мөлшерлемесі артса, онда:

A) Инвестицияға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды.

B) Инвестицияға деген сұраныс қисығы солға жылжиды.

C) Инвестицияға деген сұраныс қисығы жоғары орын ауыстырады.


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау