«Макинск қаласы мектеп лицей» кмм 2016-2017 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы есебі



жүктеу 0,98 Mb.
бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,98 Mb.
#8196
  1   2

«Макинск қаласы мектеп лицей» КММ

Макинск қаласы мектеп лицей директорының

«Макинск қаласы мектеп лицей» КММ

2016-2017 оқу жылында атқарған жұмыстары туралы

ЕСЕБІ

МАЗМҰНЫ


Мекеме туралы жалпы ақпарат

Білім беру мазмұнының ерекшелігі

Білім беру үрідісін ұйымдастыру ерекшелігі. Сыртқы әлеуемттік байланыс.

Білім беру мекемесінің көрсеткіштері мен білім сапасы.

Білім беру мекемесінің қаржы-экономикалық әрекеттері.

Жалпы қоғамдық пікірлерінің қорытындысы бойынша шешім.

Перспективалық жоспарлар мен болжамдар.

Құрметті, мұғалімдер, ата-аналар және достар!
Сіздер барлығыңыз білім беру үрдісіне тікелей қатысты тұлғалар ретінде саналасыздар. Жанашыр да, бала болашағын ойлайтын адам осы мекемемен тығыз байланыста болады. Мемлекеттік саясаттардың мүмкіндігіне сай қазіргі таңда білім беру мекеме экономиканың, инновациялық дамудың, адами капиталдың негізі ретінде азаматтардың сәттілігі мен қауіпсіздігінің факторы болып табылады. Білім алу әр бір адамның өмір кезеңін айқындаушы және шешуші оның жеек тұлғалық қасиеттерінің табысты болуының арқасында мемлекеттің рөл атқарады.

Білім беру мекемесінің басты мақсаты:

«Мұғалімнің өз білімін, кәсіби деңгейін жетілдіруіне жағдай жасай отырып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы оқушыларға сапалы білім беру, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу».



Мақсатқа жетуде төқмендегі міндеттер басты болып атыбылды:

- Әр оқушыға ұлттық тәрбиенің құндылығын, тілдің құрметін таныту, Отандық патриотизмге, адамгершілікке, ұлтаралық татулық пен толеранттылыққа тәрбиелеу.

-Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын, Тіл туралы, білім туралы, Еңбек туралы, Сыбайлас жемқорлық туралы Заңдарды, Білім беру Тұжырымдамасын, және басқа нормативті-құқықтық құжаттарды оқып-білу және жүзеге асыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру;

-оқытудың жаңа технологиялары мен әдістері арқылы тәжірибелік деңгейін, білім сапасын арттыруға қол жеткізу;

-оқушыларды бейінді сыныптарда, пәндерді тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру, дарынды оқушыларды қолдау, оларды барлық деңгейдегі интеллектуалдық сайыстарға және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын мадақтау;

-оқушылардың өзін-өзі басқаруын тірек етіп тәрбие жұмысының жүйесін үнемі жетілдіру;

-салауатты өмір салтына тәрбиелеу, қылмыстың алдын алу балаларды әлеуметтік қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру, оқушылардың тамақтануын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

-педагогикалық практикаға қазіргі заман технологияларын енгізу және игеру бойынша мұғалімдердің жұмысының деңгейін аррттыру;

-курстық даярлықтан өту, аттестаттау және өзіндік білім көтеру арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру;

-мұғалімдердің компьютерлік сауаттылығын арттыру және ақпараттық технологияларды практикаға енгізу;

-мектептің материалды-техникалық базасын бекітуді қамтамасыз ету;

2016-2017 оқу жылында білім беру мекемесі аталған мақсатқа жетуде міндеттерін толықтай атқара алды.

І. Мекеме туралы жалпы ақпарат

Мекеменің толық атауы: Бұланды ауданы әкімдігінің «Макинск қаласының мектеп-лицей» коммуналдық мемелекеттік мекемесі

Мектеп-лицей құрылтайшысы: «Бұланды ауданы әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Мектеп-лицейінің мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ орган қатысты субъектінің мемлекеттік меншік құқығы функцияларын жүзеге асыратын орган «Бұланды аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия № KZ 18LAA00007734 31.10.2016 жылы берілген. Лицензиар ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақмола облысының білім саласындағы бақылау департаменті.

Мекеменің заңды мекен-жайы: Макинск қаласы улица 1 Зои Космедемьянской 67.

Жұмыс тәртібі бойынша:

Жұмыс күні: 9.00-18.00

Үзіліс: 13.00-14.00

Демалыс күні: жексенбі

Оқыту тілі: қазақ тілі

Сабақтар: 45 минуттан

Аусым: І


Білім беру мекемесі қала сыртындағы жаңа мөлтек-ауданында орналасқан. Жақын маңайда жаңа салынып жатқан үйлер мен ғимараттар, «Балалар шығармашылық үйі», «Балалар музыка мектебі», «Ботақан» балалар ойын-сауық орталығы бар. Мектеп контингенті мен сынып комплекті бойынша: бастауыш буында- 7 сынып, орта буында – 9 сынып, жоғары буында -2 сынып, сонымен қатар, «Жұлдыз» шағын орталығында – 2 топ бар. 2016-2017 ож. Мектепте қыркүйек айында 254 (296)оқушы болды, жыл соңында 251(293) оқушы қалды.

Мекеменің әлеуемттік паспорты:

 Мақсаты: әлеуметтік педагогтың жыл бойы атқарған лауазымдық қызметіне сараптама жасау, ата-аналармен жүргізілген психологиялық-педагогикалық жұмыстың қорытындысын шығару, салыстырмалы көрсеткішін анықтау және жаңа оқу жылының жоспарына енгізетін ұсыныстар жасау

Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары.

Көпбалалы отбасы- 21, Азқамтылған-27, Мүгедек бала-1, Оралмандар-2, сәтсіз отбасы-2 отбасы.
ІІ. Білім беру мазмұнының ерекшелігі

1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптарда білім беру

процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылды:

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292

қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға

міндетті мемлекеттік стандарты;

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327

қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы

15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы

8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;

 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және

басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі

тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №309 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары

2) 2-11-сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар

негізінде жүзеге асырылды:

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080

қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты

2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;

 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы

8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61

бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің

үлгілік оқу жоспарлары;

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы

3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің,

таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;

 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы

3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен

бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы

3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;

 «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың,

оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша

әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін

атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;

 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және

басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі

тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдарымен оқытылды.Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары)

оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,

2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,

5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,

8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан,

11-сыныпта – 39 сағаттан, лицей сыныптарында 5 – сынып – 36 сағат, 6-сынып- 37 сағаттан асқан жоқ.
Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау үшін педагогтердің

таңдауымен іске асырылатын әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылды.

Бақылау шараларының негізгі түрлері шығарма, ауызша, жазбаша,

практикалық формалармен жүзеге асырылды. Бақылау формаларын таңдау оқу пәнінің ерекшеліктері мен мазмұнына, оны оқуға бөлінген сағат санының

көлеміне, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне, оқыту кезеңдері мен оқытудың жоспарланған нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылды. Мектепішілік бақылау жұмыстары мектептің жылдық жоспарына сай жүргізілді.

Аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 660 бұйрығы негізінде 5-8,10 сыныптар арасында сыныптан сыныпқа көшу емтихандары мен 9,11 сыныптар арасында мемлекеттік емтихандар өткізілді.

Сонымен қатар 2016-2017 оқу жылында желтоқсан айының 5-8-і кезекті мемлекеттік аттестаттау өткізілді. Аттестацияның қорытындысы бойынша мамыр айында қайта аттестаттау жүргізіліп нәтижесінде мектеп мемлекеттік аттестаудан өтті. Сонымен қатар кезектен тыс 29-желтоқсан, 11-13 қаңтар, 12-маусым Облыстық Білім басқармасынан, 9-13 қаңтар аудандық Білім бөлімінің әдіскерлері және қала мектептерінің мұғалімдерінен құралған комиисия тексерісінен ойдағыдай өтті.

Қосымша білім беруді ұйымдастыру:

Бейіндік оқытуда тәжірибелі мұғалімдеріміз оқушыларға жүйеленіп, өңделген материалды дайын күйінде ұсынбай, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырып отыруға тиіс. Осы бағытта біздің мекеменің білім беру үдерісі 4 нысан арқылы ұйымдастырылуда.

Мекеме бірбағытта білім беруші мекеме деп есептеледі, себебі, жаратылыстану-математикалық бағытта осының негізінде оқыту типі бойынша «лицей» статусында жұмыс жасайды.

ҚР МЖББС сәйкес оқушының бейіналды және бейіндік оқыту негізінде функционалды қызметін қалыптастыру мақсатында мектеп-лицейінде «Жаратылыстану ғылымдарының үндестігі» атты эксперименталды алаң жұмыс жасауда. Алаңның негізгі нысандары: 9-сыныптарда биология, математика, химия пәндерінің тереңдетіп оқыту. 2016-2017 оқу жылы алаңның «Жаратылыстану функционалдығы» деп аталып ІІ (енгізу)кезеңі жүргізілуде. Әр пән бойынша жылдық жалпы жоспар құрылып, жүзеге асырылуда.

Мектептің оқу жоспары, оқу жоспарының вариативті бөліміндегі факультативті және қолданбалы курстар оқушылардың мүмкіндіктерін, бейімділіктерін ескере отырып, бейіндік оқытуға негізделген.

Мектептің тәжірибелі ұстаздары мектеп бағытына сәйкес тереңдетіліп оқытылатын пәндердің бағдарламаларын құрастырған.

1-сыныптарда инварианттық оқу жүктемесі бойынша:

Белсенді қозғалмалы сипатағы сабақтардан: «Сурет салудың дәстүрден тыс технологиясы»-1 сағат, «Қызықты математика»-1 сағат.

2 сыныптарда таңдау курстары бойынша: 3 сағат «Қызықты матемматика»-1 сағат, «Қызықты грамматика»-1 сағат, «Көркем жазу» - 1сағат; 3-4 сыныптарда- 4 сағат, «Мектеп газеті» -1 сағат, «Қызықты матемматика»-1 сағат, «Қызықты грамматика»-1 сағат; «Ұлттық дүниетаным» -1 сағат.

5-9 сыныптарда:

Факультатив пен таңдау курстары ағылшын тілі, математика, информатика, қазақ тілі, физика, химия, биология, денешынықтыру, тарих пәндері бойынша сағаттар берілді. 10-11 сыныптар бойынша (физика-математикалық бейін) қолданбалы курстар физика, математика, биология, информатика, химия пәндері бойынша берілген.

Меткепте заманауи талаптарға жауап беретін информатика пәні бойынша «Робот техникасы» қолданбалы курстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Құм терапиясы» 5-6 сыныптарда ұйымдастырылды.

ІІІ. Білім беру үрідісін ұйымдастыру ерекшелігі. Сыртқы әлеуемттік байланыс.

Тәрбие жұмысы:

Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарын өз туған елінің патриоты болуға, сана-сезімін ата-бабаларымыздың салт дәстүрімен сабақтастыра отырып, «Мәңгілік елдің» белсенді әрі, жаңа ғасырға лайықты, рухани сенімі мол, табысты тұлғасы етіп тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселенің бірі. Сондықтан да білім мекемесі жан-жақты дамыған, әлеументті де салауатты ұрпақ тәрбиелеп, ел болшағын арқалайтын жас жеткіншектерді тәрбиелеуге оразан зор үлес қосатыны сөзсіз. Осы орайда мектебіміздің тәрбие жұмысы Қазақстан республикасы білім мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағларламасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 01 маусымдағы №348 бұйрығымен бекітілген Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар атқарылды. Тәрбиенің тұжырымдамалық негізінде көрсетілген 8 басым бағыттар бойынша жылдық тәрбие жоспары құрылып, іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тәрбие жұмысының негізгі проблемалық тақырыбы:

«Мәңгілік ел» жылпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде жеке тұлғаны қазақстандық патриотизмге, рухани-адамгершілікке және жан-жақты дамыған тұлға болуға тәрбиелеу.



Тәрбие жұмысының басым бағыттары:


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау