Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2013 жылғы қаңтар-қазандағы қорытындылары туралы
Ағымдағы жылы облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1858,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 101,9% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 92,5% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1719,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 101,9% құрады.
Есепті кезеңде мұнай өндіру 15 млн. тоннаны құрады немесе 2012 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 101,9%. Табиғи газ өндіру 4,5%-ға (1810,3 млн. текше метр) төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 26,1%-ға өсіп, 74,9 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінде – 40,6%-ға, металдық емес өзге де минералды өнімдер өндірісінде – 24,1%-ға, машина жасауда – 26,6%-ға, тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде – 7,3%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісінде – 20,3%-ға (арту, «ҚазАзот» ЖШС-нің өнеркәсіпті қайта құру және жаңғырту бағдарламасынан кейін өндірісті біртіндеп іске қосуына байланысты) өсу байқалады.
Тоқыма бұйымдар өндірісіндегі көлем – 19,9%-ға, резеңке және пластикалық масса бұйымдар өндірісіндегі көлем – 30,6%-ға азайды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі есепті кезеңде 48,1 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 113,8% құрады.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 15,6 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2012 жылдың тиісті деңгейіне – 126,4%.
Маңғыстау облысы бойынша Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280,1 млрд.теңге болатын және жаңадан шамамен 8,8 мың жұмыс орны құрылатын 34 жоба енгізілді. Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 230,9 млн. теңге болатын және жаңадан 8,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 32 жоба, республикалық Картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 354 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба енгізілді.
2010-2012 жылдардағы кезеңде 23 жоба аяқталды (сметалық құны – 131,4 млрд. теңге, 1 828 тұрақты жұмыс орны құрылып, оның ішінде «Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісі» жобасы бойынша сметалық құн 65,1 млрд. теңгені құрады)
Облыста 2010 жылы 36,4 млрд. теңге сомасында 8 объект пайдалануға беріліп, іс жүзінде 933 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде:
«Диірмен кешенінен, құрама жем зауытынан тұратын элеватор кешені» «Корпорация АПК-Инвест» ЖШС;
«Баутино кентіндегі кіші кемелерді жөндеу зауыты» «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС;
«Мұнай-газ жабдықтарын даярлау бойынша зауыт» (2 кезең) «ГММОС» ЖШС;
«Халықаралық жолаушылар терминалы және Ақтау қаласы әуежайының ұшыру-қондыру жолағын қайта құрылымдау» «АТМ Групп» ЖШС;
«Қабырғалық қуыс жабынды плиталар өндірісі» «Еврострой» ЖШС;
«Теңіз операцияларын қолдау базасы» «Балыкшы» ЖШС;
«Қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерітінділер өндірісі» «Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.» (КAZ МІ ЖШС);
«Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы» «Теңіз Сервис»ЖШС.
2011 жылы жалпы сметалық құны 84 млрд.теңге болатын және іс жүзінде 580 тұрақты жұмыс орны құрылған 9 жоба аяқталды, оның ішінде:
«Ақтау қаласындағы қаптау кірпішін өндіру бойынша шағын зауыт» «Сарыташ Тау Құм» ЖШС;
«Оқшаулауалды құбырлар өндірісі» «Ақтауполимер» ЖШС;
«Ақтау қаласындағы жаңа нау зауыты» «Магабред» ЖШС;
«Ақтау қаласының аумағындағы газ құю терминалының құрылысы» «ФРЭШ» ЖШС;
«Металл конструкцияларды өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (жаңа атауы – «Темір ата» теңіз мұнай-газ өнімдерін өндіру зауыты»);
«Электр техникалық құрал-жабдықтар шығару бойынша зауыт» «РИГ» ЖШС;
«Ақтау қаласындағы газбетон зауыты» «Концерн Сфинкс» ЖШС;
«Планшетті компьютерлер, теледидарлар және мониторлар өндірісі» «Caspiy Electronics» ЖШС;
«Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» жаңа темір жол желісі» «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ.
Облыста 2012 жылы 11 млрд. теңге сомасында 6 объект пайдалануға беріліп, іс жүзінде 138 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде:
«Мұнайдан тұратын қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Шырын» зауытының құрылысы» «Эко – су тазарту» ЖШС;
«UHT өңделген сүт және балмұздақ өндірісі бойынша жаңа қуаттылықты іске қосу» «Гурман» ЖШС;
«Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту» «ҚазАзот» ЖШС;
«Ақтау қаласындағы мұнай және мұнай өнімдерін сақтау терминалының құрылысы» «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС;
«Полиэтилен құбырларын шығару бойынша зауыт» «Арлан Group- Aktau» ЖШС;
«Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы» «Осетр-Аралды» САС.
Облыс әкімі ағымдағы жылғы қаңтарда мемлекеттік органдардың басшылары тұлғасында жауапты адамдарды белгілеу арқылы, ҮИИДМБ аясында 2012 жылы пайдалануға берілген кәсіпорындарды жүктеуді және жобалық қуаттылығына шығаруды қамтамасыз етуді бекіту жоспарын бекітті.
2012 жылы пайдалануға берілген жобалар бойынша қуаттылықтарды жүктеу кәсіпорындардың меншікті бағдарламаларына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Индустрияландыру картасының жоғарыда көрсетілген 2010-2012 жылдары пайдалануға берілген жобаларының ішінен 40%-дан кем өндірістік қуаттылыққа ие мына жобалар өнім шығаруды бастаған жоқ:
1) «Ақтау қаласындағы газбетон зауыты» «Концерн Сфинкс» ЖШС – «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында кәсіпорынға пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша көмек көрсетілді. Жоба аталған бағдарламаның 1 бағытының аясында 2012 жылы мақұлданды. Жоба іске асырылды, алайда Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің технологиялық жабдықтарды кеденнен өткізу рәсіміне қатысты (ҚҚС-н төлеу бойынша келіспеушілік) талаптарына байланысты жобаны жоспарланған мерзімде пайдалануға беруге мүмкіндік болмады. Кеден органдарының барлық талаптары 2012 жылдың тамызында алынып тасталды.
Қазіргі кезде жабдықтарды түпкілікті жинақтау және іске қосуды реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Екінші жартыжылдықта осы жұмыстар аяқталып, кәсіпорын өнім шығаруға кіріспек.
2) «Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы» «ТеңізСервис» ЖШС – жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.
3) «Теңіз металл конструкцияларын өндіру бойынша өнеркәсіптік кешен» «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС - жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.
4) «Теңіз операцияларын қолдау базасы» «Балықшы» ЖШС - жоба Солтүстік Каспий жобасына бағдарланған, толық жүктеу Қашаған кен орнының 2 фазасын іске асыру бойынша жұмыстар басталғаннан кейін күтілуде.
2013 жылы сметалық құны 85,2 млрд. теңге болатын және 975 тұрақты жұмыс орны құрылатын 3 жобаны аяқтау жоспарлануда оның ішінде:
«Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» БК» ЖШС.
Кәсіпорынның қатысушылары – «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) және «CITIC Kazakhstan» ( «CITIC Group» 100% еншілес кәсіпорны, ҚХР).
Жобаның сметалық құны – 43 500 млн. теңге. Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 1200, пайдалану кезеңінде – 325 адам. Шикізат: Қаражанбас кен орнының мұнайын қайта өңдеу, жылына - 1 млн. тонна. Негізгі өнім: жылына - 40 кг және 100 кг жентіктелген битум түріндегі 406,5 мың тонна жоғары сапалы жол битумдары.
Бүгінге жұмыс комиссиясы 2013 жылғы қыркүйектен бастап Битум зауытын қарауға және қабылдауға кірісті.Жұмыс комиссиясының оң қорытындысына қол қойылғаннан кейін, ағымдағы жылғы қарашада объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қоюмен Мемлекеттік қабылдау комиссиясын өткізу жоспарлануда.
«Шетпе ауылында цемент зауытын салу» «Каспий Цемент» ЖШС. Жобаның сметалық құны – 40 000 млн. теңге.
Құрылысын салу кезеңінде құрылатын жұмыс орнының саны – 800, пайдалану кезеңінде – 300 адам. Жобалық қуаттылығы: жылына 1 млн. тонна цемент шығару. Шығарылатын өнім: 300-800 маркалы цемент.
110 орындық вахталық кентті салу бөлігі аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Объектілерді пайдалануға беру дайындығының дәрежесі 95% құрайды, пайдалануға беру 2013 жылғы желтоқсанға жоспарланған.
2014 және кейінгі жылдары сметалық құны 64,5 млрд. теңге болатын және жаңадан 3,9 мың жұмыс орны құрылатын 8 жобаны аяқтау жоспарлануда, оның ішінде:
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.
Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен және Өңірлік даму министрлігімен келісілді.
Соңғы жылдары мұнай мен газ өндірудің төмендеуіне байланысты, облыс әкімдігі Үкіметке облыстың барлық минералды-шикізат кешенін, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын іздеу, барлау және жете барлау бойынша жұмыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шешім қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныстарды бірнеше рет жолдады.
Қансу және Жазғұрлы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-на беру бойынша тікелей келіссөздер 2012 жылғы қарашада болып өтті. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай және Газ министрлігімен жер қойнауын пайдалану құқығын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Қансу және Үстірт учаскелерінде іздеу жұмыстарының жобалары дайындалып, Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиямен (БИОК) мақұлданды. Қансу учаскесі бойынша Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мемлекеттік сараптамаға жолданды. Жезғұрлы учаскесінде іздеу жұмыстарының жобасы бойынша уәкілетті органдардың келісімдерін алу рәсімі аяқталуда, содан кейін жоба БИОК-ның қарауына жолданбақ.
Бұдан басқа, бүгінге «ҚазАзот» ЖШС мен уәкілетті орган арасында Бейнеу ауданының «Шағырлы-Шөмішті» газ кен орнындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жобасы тиісті келісулерден өтуде.
Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында мына іс-шара қосылған: «АҚЗ» ЖШС мен «Каспиан Сталь» ЖШС-ін толық жүктеу үшін металл сынықтары (қара металл сынықтары) айналымын заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау». Жауаптылар – ИЖТМ және облыс әкімдігі.
Өңірдің металлургиялық өндірістерінің проблемаларын шешу үшін, Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металл сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі Үкіметке оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ұсыныс жолдады. Нәтижесінде, қазіргі кезде мына нормативтік-құқықтық актілер қабылданды:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Заңы, осындағы 248 бапқа (23 тармақ) сәйкес түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылған;
- Еркін сауда аймағы туралы шарт ратификацияланып, 2012 жылғы 8 желтоқсаннан бастап күшіне енді, онда Кедендік одақ аумағынан шығарылатын жоғарыда аталған тауарларға (7204 коды) кедендік баж мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы үшін 15% мөлшерінде, алайда 1000 кг-ға 20 евродан кем болмауы тиіс.
Жергілікті металлургиялық өндірістерді шикізатпен жабдықтау бойынша жағдайды жақсарту мақсатында, ҚР заңнамасына ішкі және сыртқы рыногтарға сынықтар жеткізу бөлігінде жаңадан енгізілген өзгерістер туралы ақпарат облыстағы металл сынықтарын жеткізушілерге жолданды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шараларын алуы үшін, облыс әкімдігі «АҚЗ» ЖШС-не Дағдарыстан кейін қалпына келтіру (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бағдарламасына және ҚР-н үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға енгізу бойынша қолдау көрсетті.
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 24 жобаны іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет.
2011 жылы №3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. 2012 жылы №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді. 2013 жылға – 1466 млн. теңге, 2014 жылға – 1593,0 млн. теңге көздестірілген.
Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бұрынғы Ақтау пластикалық массалар зауытының негізінде жол битумдарын шығару бойынша өндірісті іске асыруда. Жаңа өндіріс үшін химиялық-техникалық параметрлері бойынша сәйкес келетін Қаражанбас кен орнының мұнайы негізгі шикізат болмақ. Құрылыс-жинақтау жұмыстары 2010 жылғы маусымда басталды. Өндірісті пайдалануға беру 2013 жылдың желтоқсанынан басталады.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын «Манашы-Шетпе» учаскесінде (ұзындығы – 200 км, жобаның сомасы – 283 млн. доллар) қайта құрылымдаудың 1 кезеңі іске асырылуда. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жыңғылды-Шайыр» және «Қияқты-Тұщықұдық» автожолының құрылысы, «Ақтау-Форт-Шевченко» және «Таушық-Шетпе» автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.
«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Республикалық бюджет қаражаты есебінен объектілердің ЖСҚ-ын әзірлеу аяқталды.
ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарымен «Кендірлі» курортты демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын салу аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап «Окарем-Бейнеу» магистралды газ құбырынан газ бұру құбырын салу және АГБС тарту көздестірілген.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6112,8 млн. теңгені құрады. 2012 жылдың тиісті кезеңіне нақты көлем индексі – 99,8%.
2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мал басының барлық түрінің, оның ішінде түйенің – 14,6%-ға, жылқының – 3%-ға, ірі қара малдың – 6,5%-ға, қой мен ешкінің – 24,3%-ға төмендеуі байқалады.
Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 26,3 мың бірлікті құрады немесе 2012 жылдың осындай күнімен салыстырғанда 0,1%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 82,7 мың адамға дейін артты (1.11.2012 жылға – 85,1 мың адам).
Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында 3,2 млрд. теңге сомасына 39 жоба мақұлданды.
Екінші деңгейдегі банктер 2013 жылдың 1 қыркүйегіне шағын бизнес субъектілеріне 38,8 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 87,1%-ға көп.
Барлық шағын кредит ұйымдары есепті кезеңде 489,4 млн. теңге сомасына 191 шағын кредит беріп, 444 жұмыс орны құрылды.
Негізгі капиталға инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында 342,6 млрд. теңгені құрады немесе нақты баға индексін есепке алғанда 2012 жылдың осындай кезеңінен – 109,5%.
Инвестициялар құрылымында негізгі көлемді өнеркәсіп – 70,4%, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі – 63,7%, көлік және қоймалау – 17,3%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1,9%, өзгелері – 10,4% алады.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі меншікті қаражат есебінен 184,6 млрд. теңгені немесе 53,9%, шетелдік инвестициялар есебінен – 76,4 млрд. теңгені (22,3%), қарыз қаражат есебінен – 42,5 млрд. теңгені (12,4%), бюджет қаражаты есебінен – 39,3 млрд. теңгені (11,4%) құрады.
Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті кезеңде 123,3 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың қаңтар-қазанына қарағанда 5,2%-ға аз. Оның ішінде, 2012 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі 16,2%-ға (106,9 млн.теңге) азайды.
Жалпы ауданы 385,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2012 жылдың осындай деңгейіне 94,8%. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі негізгі көлем халық қаражатының үлесіне келеді – 96%.
Сыртқы сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 7 545,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы қаңтар-қыркүйегіндегі деңгейінен 22,3%-ға көп. Экспорт 6 933,6 млн. АҚШ долларын (20,1%-ға ұлғайды), импорт 611,9 млн. АҚШ долларын (50%-ға ұлғайды) құрады.
Сыртқы сауда балансының сальдосы 2013 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 6 321,6 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2012 жылдың қаңтар- қыркүйегінде – 5351,8 млн. АҚШ доллары).
Тұтыну бағаларының индексі ағымдағы жылғы қазанда 2012 жылдың желтоқсанына – 103% (ҚР бойынша – 103,6%) деңгейінде оның ішінде азық-түлік тауарларына – 102,3% (ҚР бойынша – 101,8%), азық-түлік емес тауарларға – 103,2% (ҚР бойынша – 102,2%), ақылы қызметтерге – 103,5% (ҚР бойынша – 107,1%) деңгейінде қалыптасты.
2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2013 жылғы қазанда азық-түлік тауарларынан: жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 0,6%-ға, жоғары сұрыпты бидай ұны – 4,3%-ға, бірінші сұрыпты бидай ұны – 1,4%-ға, вермишель – 2,9%-ға, күріш – 8,8%-ға, ұнтақ жарма – 16%-ға, сұлы жармасы – 15,4%-ға, арпа жармасы – 11,7%-ға, тары – 4,6%-ға, шошқа еті – 0,8%-ға, қой еті – 0,9%-ға, жартылай қақталған шұжық – 4,7%-ға, сары май – 3%-ға, қаймақ – 6,6%-ға, сүзбе – 1,2%-ға, шай – 0,9%-ға, картоп – 13,3%-ға, жуа – 14%-ға, қызылша – 1,8%-ға, сәбіз – 3,1%-ға, тұз – 1,6%-ға қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарлардан: маусымдық ерлер пальтосы – 5,6%-ға, костюм-шалбар – 3,9%-ға, ерлер шалбары – 4,4%-ға, синтетикадан жасалған жылытқышы бар әйелдер күртесі – 6,4%-ға, мектеп жасындағы балаларға күртесі – 5,3%-ға, ерлердің қонышсыз бәтеңкесі – 4,5%-ға, әйелдердің қысқы етігі – 4,2%-ға, балалардың қонышсыз бәтеңкесі – 5,8%-ға, төсек жабдықтарының жинақталымы – 2,3%-ға қымбаттады.
Ақылы қызметтерден: негізгі тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 3,6%-ға, ерлердің шаш қию үлгісі – 6,3%-ға, әйелдер залындағы шаш қию үлгісі – 6,7%-ға қымбаттады.
Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-92 – 5,8%-ға, бензин Аи-95, 96 – 2%-ға, дизел отыны – 3,4%-ға қымбаттады.
Облыс бойынша жүк айналымы есепті кезеңде 6747,0 млн. тонна/км көлемінде қалыптасты немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне – 111,5%.
Облыс бойынша байланыс қызметтерінің көлемі есепті кезеңде 6515,8 млн. теңге көлемінде қалыптасты немесе 2012 жылдың осындай кезеңіне – 95,8%.
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 1.11.2013 жылға 0,7% құрады (01.11.2012 жылға – 0,9%). Жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек рыногында) 2013 жылдың 3 тоқсанында 5,5%-ды құрады (2012 жылдың 3 тоқсанында - 5,6%).
Облыс бойынша есепті кезеңде 21786 жұмыс орны құрылды (2012 жылдың тиісті кезеңінде – 20931 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 3070 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 2360 адам қатысты.
Бір қызметкердің орташа айлық атауылы жалақысы 2013 жылдың қаңтар-қазанында 177979 теңгеді құрады, бқл 2012 жылдың осындай кезеңінен 8%-ға көп.
Салықтар мен бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 222 млрд. теңге (болжамға – 103,4%), оның ішінде республикалық бюджетке – 146,6 млрд. теңге (101,8%), жергілікті бюджетке – 75,4 млрд. теңге (106,4%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2013 жылғы 1 қарашаға 13,8 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың басымен салыстырғанда 27,8%-ға ұлғайды (10,8 млрд. теңге).
Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 38,6 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 9,9%-ға өсті).
Білім беру объектілерін дамытуға 2013 жылы – 8717,2 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 7 257,7 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1459,5 млн. теңге бөлінді.
Қарақия ауданының Жетібай кентінде және Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданында, Жаңаөзен қаласының Бостандық шағын ауданында әрқайсысы 624 орындық орта мектептердің, Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылының Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында, Басқұдық және Баянды ауылдарында әрқайсысы 960 орындық орта мектептердің, Қарақия ауданының Болашақ ауылында 80 орындық және Құрық ауылында кәсіптік-техникалық лицейдің үлгі ғимаратының құрылыстары аяқталды.
Мұнайлы ауданының Батыр ауылында, Түпақараған ауданының Ақшұқыр ауылында әрқайсысы 960 орындық орта мектептің, Жаңаөзен қаласының Мерей шағын ауданында, Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында әрқайсысы 1200 орындық орта мектептің, Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің құрылыстары жалғасуда. Маңғыстау ауылының Жыңғылды ауылында 200 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.
Жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау ауданының Шайыр, Жармыш, Жыңғылды ауылдарында әрқайсысы 80 орындық балабақша салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі кезде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарымен қамту 74% құрайды (республика бойынша орташа алғанда – 70,6%).
Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2013 жылғы нақтыланған бюджет бойынша 18,4 млрд. теңгені құрады (2012 жылға қарағанда 12,2%-ға өсті).
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2013 жылы – 5845,7 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5 121,4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 724,3 млн. теңге көздестірілді.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Мұнайлы ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы аяқталып, Маңғыстау облыстық ауруханасына «Г» блогы жапсарламасының құрылысы жүргізілуде. Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы жалғасуда. Бейнеу ауданының Атамекен ауылында, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Қызылтөбе-2, Атамекен, Баянды ауылдарында, Маңғыстау ауданының Жармыш, Шайыр, Шебір, Тұщықұдық ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылдың қаңтар қазанында балалар өлімі 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 24,6%-ға азайып, 1000 тірі туғандарға 11-ді құрады. Ана өлімінің 1 жағдайы тіркеліп (2012 жылдың 1 қыркүйегіне – 1), деңгей 100 мың тірі туғандарға 66,8-ді құрады. Туберкулезбен ауыру 2012 жылғы 1 қарашадағы 100 мың халыққа шаққандағы 68,3-тен, ағымдағы жылдың 1 қарашасына 62,7-ге дейін төмендеді.
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруға іс жүзінде жиыны 10,3 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюдждеттен – 8,6 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,0 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражаты есебінен 760,0 млн теңге (оның ішінде 200,0 млн. теңге – жергілікті бюджеттің кірісіне аударылған әлеуметтік міндеттемелер) бөлінді.
«Жұлдыз» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның; «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектептің; «Рахат-3» шағын ауданында сумен жабдықтау жүйесінің; «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарында электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыстары 2013 жылы аяқталып, «Рахат» шағын ауданында емхана; Теңге ауылында сумен жабдықтау жүйесін; Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша комбинат салу; «Жұлдыз» шағын ауданында салқын су есептеуіштерін құру және орнату жыл соңына дейін аяқталмақ.
«Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп; бұрыннан бар электрмен жабдықтау желілерін қайта құрылымдау және кеңейту; ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты қайта құрылымдау және кеңейту сияқты жобаларды іске асыру жалғастырылып, 2014 жылы аяқтау жоспарлануда.
Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында, Жаңаөзен қаласында учаскелік полиция пункттеріне арналған 6 орынжайдың, 2 стационарлық полиция пунктінің және «Шаңырақ» шағын ауданындағы Жедел басқару орталығының құрылыстары аяқталды. Жедел басқару орталығын іске қосу үшін жабдықтар сатып алынуда. 6 шығар жолыбар үлгілік өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталуда.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік (пәтерлік үлгідегі жатақхана) екі тұрғын үйдің, Теңге және Қызылсай ауылдарындағы тірек пункттердің, және қалалық ауру хана ғимаратының тераптевтік корпусының құрылыстары басталып, үлгілік әскери қалашықтың құрылысы жалғасуда.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясындағы іс-шараларды іске асыруға, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы үшін 2013 жылы іс жүзінде 1086,1 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қаражатты игеру 851,4 млн. теңгені немесе 78,4% құрайды. Бағдарлама аясында: Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелерінде инженерлік желілер салу; қаланың қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу; Жаңаөзен қаласының Көктем шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді абаттандыру сияқты жобалар іске асырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |