Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық, салалық бағдарламаларға сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2015 жылдың қаңтар-наурызында қолданыстағы бағада 392 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,5% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінде үлесі 89,7% құрайтын кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 351,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ 100,6% құрады.
Есепті кезеңде 4,6 млн. тонна мұнай өндірілді немесе 2014 жылдың осындай кезеңдегі деңгейіне – 101,7%. Табиғи газ өндіру 4,6%-ға артты (543,5 млн. текше метр).
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 4,3%-ға артып (саланың үлесі – 4,5%), 17,8 млрд. теңгені құрады.
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіруде – 3,5 есе, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 2,6 есе, химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіруде – 2,9%-ға, , азық-түлік өнімдерін өндіруде – 11,1%-ға өсу байқалады.
«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында 5,2 млрд. теңге көлемінде өнім шығарылды немесе 2014 жылдың тиісті деңгейіне – 22,1%.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-наурызында 92,5 млрд. теңгені құрады, бұл – 2014 жылдың осындай кезеңінен 2,2%-ға көп.
Индустрияландыру картасын іске асырудың екінші бесжылдығына (2015-2020 жылдар) жалпы құны 1 трлн. теңге болатын және 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 60-тан астам жобаны, оның ішінде 2015 жылы – құны 100,6 млрд. теңге болатын және 800-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылатын 16 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 370,0 млн. теңге сомасына бір жоба – «КУДУ Индастриес Қазақстан» ЖШС-нің толық жиынтықты бұрандалы сорғы жүйелерін шығаратын (Канадалық технология бойынша) зауыты пайдалануға беріліп, 31 жұмыс орны құрылды. Бұдан басқа, мына жобаларды іске асыру көздестірілген:
1. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ – «Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолын реконструкциялау. Құны – 46,4 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 10.
2. «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС – Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жобасын іске асыру. Құрғақ жүк тиеу айлақтары және инфрақұрылым объектілері. Құны – 37,5 млрд. теңге. Қуаттылығы – 2,5 тонна құрғақ жүк. Жұмыс орындары – 173.
3. «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасы» ЖШС – «Sofie Medgroup» көп бейінді клиникасын салу. Құны – 3882 млн. теңге. Қуаттылығы – 13 мың келуші. Жұмыс орындары – 224.
4. «Бозашы Оперейтинг ЛТД» КФ – №31 топтық өлшеу қондырғысын салу. Құны – 2077 млн. теңге. Қуаттылығы – 2400 м3/тәулік. Жұмыс орындары – 8.
5. «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС – сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен. Құны – 1668 млн. теңге. Қуаттылығы – 20 млн. дана инфузиялық дәрілік құралдар. Жұмыс орындары – 29.
6. «ДСК-Ақтау» ЖШС – үй құрылысы комбинатын салу. Құны – 1 580 млн. теңге. Қуаттылығы – 300000 м2. Жұмыс орындары – 68.
7. «Маерск Ойл Қазақстан Гмбх» КФ – теңіз суын жинау станциясы және теңіз суының құбыржолы. Құны – 1 499 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 3,5 млн. м2. Жұмыс орындары – 5.
8. «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС – азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалық орынжайлар құру. Құны – 1,5 млрд. теңге. Жұмыс орындары – 40.
9. «Қарақұдықмұнай» ЖШС – газ жетегі бар блокты шоғырлы сорғы станциясын салу. Құны – 1144 млн. теңге. Қуаттылығы – 25,2 мың кВт-сағат. Жұмыс орындары – 20.
10. «Берекет-Ф» ЖШС – Нан, кондитер, макарон, шұжық өнімдерін, ет жартылай фабрикаттарын, ауыз су өндіретін «Ақ нан-Маңғыстау» зауыты. Құны – 828 млн. теңге. Қуаттылығы – тәулігіне 25 тонна. Жұмыс орындары – 80.
11. «ТасболатОйлКорпорейшн» ЖШС – электрлік қуаттылығы 2х1819 кВт газ поршеньді электр станциясы. Құны – 825,9 млн. теңге. Қуаттылығы – 22 мың МВт. Жұмыс орындары – 4.
12. «Ақтау трансформатор зауыты» ЖШС – электр қалқан жабдығын өндіру және 6-10-35 кВ қуаттық трансформаторларын жөндеу. Құны – 600 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 1000 дана. Жұмыс орындары – 60.
13. «Шыны-пластикалық құбырлар зауыты» ЖШС – шыны-пластикалық құбырлар мен фитингтер өндіретін 3-цехтың құрылысы. Құны – 568 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 260 км. Жұмыс орындары – 50.
14. «Достық Полимер» ЖШС – полимерлік бума өндіретін зауыт салу. Құны – 191,9 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 380 тонна полимерлік бума. Жұмыс орындары – 32.
15. «Атамекен» ЖШС – әк ұнының өндірісі. Құны – 52 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 7,2 мың тонна. Жұмыс орындары – 20.
2015 жылдың қаңтар-наурызында құрылыс жұмыстарының көлемі 20,3 млрд. теңгені, өсу қарқыны 111,5% құрады. Жалпы ауданы 239 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2014 жылдың қаңтар-наурызынан 66,3%-ға артық.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту), облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика), құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты демалыс аймағы).
«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге АЭА аумағында 2014 жылы пайдалануға берілген: «КИС-Ақтау» индустриялық құрылыс комбинаты, жол-құрылыс материалдарын шығаратын «КаспийТасжол» зауыты, «Каспиопласт» ЖШС-нің төмен қысымды құбырлар өндірісі және «KazTrub-Industries» ЖШС-нің құбырлар мен пластмасса бұйымдар өндірісі атты 4 жобаны есепке алғанда, 9 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
2015 жылы 5 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
АЭА-ның инвестициялық тартымдылығын көтеру мақсатында, аумағын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге №3 және №1 кіші аймақтар инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. № 1 (қосымша учаске), № 2 және №4 кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.
Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында, Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен «Ақтау-Бейнеу-Атырау» автожолын реконструкциялау жобасы іске асырылуда: «Бейнеу-Шетпе» учаскесінде құрылыс аяқталуда, «Шетпе-Жетібай-Ақтау» учаскесінде жұмыстар басталды.
«Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» автожолының және Ақтау-Қаламқас автомобиль жолының «Ақтау-Ақшұқыр» және «Ақтау-С. Шапағатов» облысішілік бағыты бойынша автопавильондардың (13 бірлік аялдама, 14-26 километр учаскесінде) құрылысы жүргізілуде.
«Ақтау-Құйылыс» (7-15 км), «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км), және «Ақтау-Қаламқас» (101 және 104 км) автожолдарын күрделі жөндеу, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) және «Ақтау-Қаламқас» (10-89 км) автожолдарын орташа жөндеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы Батыс Қазақстанды жағажай туризімінің орталығы ретінде, оның ішінде Кендірлі курортты демалыс аймағын дамытуды көздейді. Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспары әзірленіп, бекітілді. Курортты аймақты дамытуға инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Тұтыну бағалары мен тарифтердің индексі 2015 жылдың наурызында 2014 жылдың желтоқсанына 101,8% (ҚР бойынша – 101,1%), оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,6% (ҚР бойынша – 101,6%), азық-түлік емес тауарларға – 100% (ҚР бойынша – 99,4%), ақылы қызметтерге – 104,0% (ҚР бойынша – 102,2%) құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1787,7 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2014 жылдың тиісті кезеңіне 100,7%. Ірі қара мал басының – 28,8%-ға, қой мен ешкі басының – 54%-ға, жылқы басының – 32,1%-ға, түйе басының – 34,1%-ға өскені байқалады.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 1.03.2015 жылға 48,2 мың мың бірлікті құрады немесе 2014 жылдың осындай датасымен салыстырғанда 15,6%-ға артты.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында 2015 жылдың 1 тоқсанында 205,4 млн. теңге сомасына 5 жоба мақұлданды.
Екінші деңгейдегі банктермен 2015 жылғы 1 ақпанға шағын бизнес субъектілеріне 456,9 млн. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл – 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 27%-ға аз.
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласында, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуын есепке алғанда 2015 жылдың қаңтар-наурызында облыс бойынша 5353 жұмыс орны құрылды (2014 жылдың осындай кезеңінде – 4851 жұмыс орны). Оның ішінде, қалалар мен аудандардың әкімдіктері халықтың нысаналы топтары үшін 594 әлеуметтік жұмыс орнын құрып, жоғары оқу орындарының 509 түлегін жастар практикасына тартты.
Есепті кезеңде жұмысқа орналастыру делдалы – жұмыспен қамту органдарына 4937 адам өтініш білдірді. Әлеуметтік қорғау шараларымен 3337 адам қамтылып, оның ішінде 1403 адам жұмысқа орналастырылды, 1332 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2014 жылдың 4 тоқсанында (ашық еңбек рыногында) 5,1%-ды құрады (2013 жылдың 4 тоқсанында – 5,4%).
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 220 282 теңгені құрады, бұл – 2013 жылдың осындай кезеңінен 20,4%-ға жоғары.
Мемлекеттік бюджетке (Ұлттық қорды есепке алмағанда) 2015 жылдың қаңтар-наурызында 77,7 млрд. теңге (болжамға – 111,6%), оның ішінде республикалық бюджетке – 49,8 млрд. теңге (болжамға – 101,2%), жергілікті бюджетке – 27,9 млрд. теңге (болжамға – 136,8%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер түсті.
Бюджетке төлемдер бойынша берешек жыл басымен салыстырғанда 6,1%-ға азайып, 10,8 млрд. теңгені құрады.
Білім беру. Білім беруге арналған шығыстар 2015 жылға 50,9 млрд. теңгені құрайды (2014 жылға қарағанда өсімі – 19,5%). 1.04.2015 жылға 8,9 млрд. теңге игерілді.
Білім беру объектілерін дамытуға 2015 жылы – 7,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 4 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,1 млрд. теңге көздестірілді.
2015 жылы аяқталатын 2590 орындық 11 балабақшаның, оның ішінде: Жаңаөзен қаласының Мерей, Арай, Астана шағын аудандары мен Қызылсай ауылында әрқайсысы 320 орындық 4 балабақшаның, Ақтау қаласында 280 орындық балабақшаның, Бейнеу ауылында әрқайсысысы 140 орындық 2 балабақшаның, Мұнайлы ауданының Атамекен және Дәулет ауылдарында әрқайсысы 280 орындық 2 балабақшаның, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 140 орындық, Қызылөзен ауылында 50 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Қарақия ауданының Жетібай ауылында 280 орындық балабақшаның құрылысын бастау, «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылға көздестірілді.
Үш ауысыммен оқытатын мектептерді жою мақсатында, Форт-Шевченко қаласында 550 орындық мектеп-интернаттың және Атамекен ауылында 1200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, Бейнеу ауылында 900 орта мектеп салу жобасы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында 2015 жылға көздестірілді.
Авариялық мектептерді жою мақсатында, 2015 жылы аяқталатын әрқайсысы 624 орындық тағы 2 орта мектептің құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде (Қарақия ауданының Құланды ауылы мен Жетібай станциясында).
7 білім беру объектісін күрделі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді.
Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2015 жылға 19,1 млрд. теңгені құрайды (2014 жылмен салыстырғанда өсімі – 16,5%). 1.04.2015 жылға 4,4 млрд. теңге игерілді.
Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2015 жылы – 2,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 895,9 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,2 млрд. теңге көздестірілді.
Республикалық бюджет қаражатының есебінен Ақтау қаласында 150 орындық Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығын салу көздестірілген.
Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Маңғыстау ауданының Үштаған, Қызан және Жыңғылды ауылдарында, Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында және Мұнайлы ауданының Батыр ауылында ауысымына 40 келушіге арналған 5 дәрігерлік амбулаторияның және Қарақия ауданының Құланды ауылында және Ақтау қаласының Өмірзақ ауылында ауысымына 25 келушіге арналған 2 дәрігерлік амбулаторияның, сондай-ақ Бейнеу ауданының Есет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы жүргізілуде.
Балалар өлімінің деңгейі 2014 жылғы қаңтар-наурыздағы 1000 тірі туылғандарға шаққанда 9,4-тен 2015 жылғы қаңтар-наурызда 11,4-ке дейін артты. Ана өлімінің фактілері тіркелмеді (2014 жылдың қаңтар-наурызында – 1).
Туберкулезбен ауыру 2014 жылғы қаңтар-наурыздағы 100 мың халыққа шаққандағы 18,9-дан 2015 жылғы қаңтар-наурызда 17,1-ге дейін азайды.
Өңірді тиімді дамыту жөніндегі 2015 жылғы 2 тоқсанға арналған міндеттер:
1. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты 2014 жылғы 11 қарашадағы Қазақстан халқына Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету.
2. Индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның аясында ағымдағы жылға көздестірілген жобаларды іске асыруды, жаңа жобаларды іздеуді және Индустрияландыру картасын уақытылы өзектілендіруді қамтамасыз ету.
3. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламаларын тиімді іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау.
4. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген 2015 жылғы 11 ақпандағы тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, «ерекше кезеңді» есепке ала отырып орындауды қамтамасыз ету.
5. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының және Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясындағы іс-шараларды іске асыруды жалғастыру.
6. Облыстың Тірек ауылдық елді мекендерінің және аудан орталықтарының 2014-2018 жылдарға арналған кешенді даму жоспарларын, Ауылдық округтерді, ауылдарды және кенттерді дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Маңғыстау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету.
7. Түпқараған ауданының Форт-Шевченко шағын қаласының кешенді даму жоспарын әзірлеуді аяқтау.
8. Маңғыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша жұмысты бастау.
Достарыңызбен бөлісу: |