60.
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
* «
Кеш» дегені «кешір» дегені. «Алдыңа келсе» дегені «кешірім сұрай
келсе» дегені екен. «Атаңның құны» дегені не?
*
Кешірімді болған жақсы қасиет пе? Жағдаяттық әңгіме құрастырып,
осы мақалды қолданыңыз.
61.
Ас тасыса – майы төгілер,
Ашу тасыса – ақыл төгілер.
*
Мақалдың мәнін түсіндіріп беріңіз.
*
Өзіңізбен араласып жүрген адамдардың арасында сіз мінезіне
қызығаты, сүйсінетін адамдар бар ма?
*
Сіз өзіңіз тез ашулансыз ба әлде сабырлы, ұстамдысыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |