М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет146/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149
kulgildinov-kolik

қОРыТынды
Еліміз шаруашылығының әртүрлі салаларындағы техникалық про-
гресс дамуы машина жасау деңгейіне, яғни машина саны мен оның 
сапасына, өндірісте жаңа технологиялық процестердің үздіксіз пайда 
болуына және қолданыстағы процестерді өнімді, үнемді де дәл процес-
термен алмастыруға байланысты болады.
Қазіргі кезде, ел шаруашылығын реформалау және нарық 
қатынастарын енгізу жағдайында жоғарыда аталған мәселелерді 
сәтті шешуді қамтамасыз етуде негізгі қорларды техникалық қайта 
жарақтандыру басты мақсаттардың бірі болып саналады, яғни бұл 
шаруашылықтың әртүрлі кешендерінде (құрылыста, көлікте және 
т.б.) техниканы пайдаланатын мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін 
қамтамасыз етеді. Сонымен техникалық қайта жарақтандыру мәселесі 
экономиканы құрылымдық кайта құрудың маңызын жаңартып артты-
рады.
Бұл мәселелерді шешу технологиялық процестерді кешенді меха-
никаландыру және автоматтандыру және жаңа техниканы кең көлемде 
енгізу базасында жүзеге асырылады. Дағдарыс жағдайынан соң машина 
жасауда өндіріс ауқымын өсіру, инвестиция деңгейін жоғарылату және 
шетелдік фирмалармен бірлесе отырып машина өндірісін ұйымдастыру 
оларды бағдарламалық басқаруда кең көлемде қолдануға негізделген 
массалы-ағымдық, үздіксіз, автоматтандырылған өндіріске қайта өтуге 
міндеттейді. Бұл мәселелерді жабдық пен технологияны кешенді жа-
сау, көлік техникасын өндіруді мамандандыру, детальдарды жөндеу мен 
қалпына келтірудің жаңа әдістерін енгізу, көлік техникасын күту мен 
жөндеу бойынша кәсіпорындарды жобалау кезінде алдыңғы қатарлы 
бағыттарды ұстану арқылы шешуге болады.
Машина жасау саласында негізгі бағыттардың бірі есебінде 
технологиялық шығындарды барынша төмендететін дайындама 
жасаудың экономикалық формаларын таңдау болып саналады. Қазіргі 
кезде дайындау өндірісінде прокатпен бір мезгілде бір ағымға біріктіру 
арқылы металды үздіксіз құю әдісімен бұйымдар мен дайындаманы 
алудың жаңа технологиялық процесі кең көлемде енгізілуде. Мұнда 
еңбек өнімділігі едәуір өсіп, меншікті күрделі шығындар азаяды. Со-
нымен бірге машина дайындаудың өзіндік құны мен массасын азайтуға 
мүмкіндік беретін, термиялық өңдеусіз беріктігі жоғары пластикалық 
шойындардан құйма дайындамаларды өндіру технологиясы да қолға 
алынған. 
Табақ метариалдарды газдық, плазмалық немесе лазерлік кесу-
ге арналған қисық сызықты жайманы жасау процесін автоматтан-
дыру үшін дайындау цехтарында компьютерлік графиканы пайда-


271
лану жүйелері енгізілуде. Бұл жүйе әртүрлі өндірістік жағдайларға 
бейімделудің жоғарылығымен, техникалық құралдарға минимал та-
лаптар қоюмен, құнының аса үлкен еместігімен және материалды 
жайғандағы шығындардың төмендеуімен ерекшеленеді. Кесумен өңдеу 
кезінде біржүзді кескіш аспаптар көп жүзділермен алмастырылады, 
бұл өңдеу жылдамдығын, сонымен бірге еңбек өнімділігін өсіруге 
мүмкіндік береді.
Машина жасаудағы заманауи жаңа технологиялық процестер 
бұйымдарды дайындаудың еңбексыйымдылығын 2-3 есе, массасын 1-2 
есе төмендетуге, бұйым дәлдігін 1,5 -2 есе жоғарылатуға мүмкіндік 
береді.
Машина жасауда жүргізіліп жатқан шаралардың бірі – технологиялық 
процестерді типтендіру, яғни машина жасаудың әртүрлі салаларында 
қолдануға болатын, технологиялық құрал-саймандарды унификациялау 
мен бірқалыптандыруға негізделген өңдеудің типтік процестерін жасау 
болып табылады.
Қазіргі кезде машиналарды шығару мәселелерінің бірі олардың 
номенклатурасының көптігі болып табылады. Оны шешудің негізгі 
жолы – технологиялық процестердің кең диапазонына арналған 
мобильді, әмбебап және сенімді машина шығару. Бұл бағыттың негізгі 
алғышарттарына агрегаттар мен тораптарды унификациялау және мас-
салы өндірістің жаңа техникасына қойылатын өндірістік-технологиялық 
талаптарын негіздеп жасауды қамтамасыз ететін технологиялық опера-
цияларды типтеу және жан-жақты зерттеу жұмыстары жатады. Ал тағы 
бір жолына арнайы шасси базасындағы көпмақсатты әмбебап машина-
ларды агрегаттауға көшу жатады, бұл жөндеу қорының номенклатура-
сын азайтуға септігін тигізеді. Бұл екі жолды да шешудің негізгі шар-
тына машина жасау кәсіпорындарында және де машина парктерінде 
физикалық және моральді түрде тозған техниканы жаңартуды жылдам-
дату жатады. 
Массалы және ірі сериялы өндірістегі механикалық цехтарда агре-
гатты типтегі әртүрлі көпаспапты және көппозициялы автоматтар және 
жартылай автоматтармен жарақтандырылған жабдықтар қолданылады. 
Сонымен бірге стандарттық күштік бастиектерге негізделіп жасалған 
автоматты желілер де кең қолданыс тапқан.
Ескірген станоктарды алмастыру немесе оларды модернизация-
лау саласында да кең көлемді жұмыстар атқарылуда. Әмбебап станок-
тар әртүрлі автоматтық, тиеп-түсіру және өлшеу құрылғыларымен, 
қысқыш жабдықтармен, гидрокөшірмелік суппорттармен қамтамасыз 
етілген. Жоғары өнімділікті станоктар мен автоматтық желілер 
кешендерінің жаңа түрлерін жасау бойынша көлемді бағдарламалар да 
жүзеге асырылуда. Сонымен бірге бағдарламалық басқару жүйесімен 


272
істейтін станоктар көлемді қолданылып, жинау жұмыстары макси-
мал механикаландырылған жинаудың ағымдық әдістері кең көлемде 
енгізілуде.
Көлік техникасын жөндеу мәселесіне келсек, жөндеу жұмыстары 
әдеттегідей құрылыс, өндіріс және көлік кешендерінде маңызды мәселе 
болып қала бермек. Келешекте бұл мәселенің өзектілігі өсе түспек, себебі 
көлік өндірісі күннен-күнге ұлғайып келеді. Біріншіден, Қазақстан 
өзінің шикізат потенциалы орасан зор республикалық көлік жүйесін 
дамытуды үдете түседі. Екіншіден, Қазақстанның көлік коммуника-
циялары оның әлемдік нарыққа шығуына әсер етуі тиіс. Осы мақсатта 
республикалық темір жол және автожол желілерінің құрылымы өзгере 
түседі, жоғары жылдамдықты магистральдар құрылысы қолға алына бас-
тайды, шетелдік фирмалармен байланыстар ұлғая түседі. Үшіншіден, 
халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкестендіріліп модерни-
зациялау мақсатында көлік нысандарын қайта құрылымдау қажеттілігі 
де арта түседі. Сонымен бірге тұрғын үй құрылысы, энергетикалық 
құрылыстар мен мұнай-газ құбырларын салу қарқыны да өсе түспек. 
Аталған жағдайлардың барлығы да машина паркінің құрамын, соған 
байланысты жөндеу қажеттілігін өсіруді де талап етеді.
Пайдалануына байланысты, нысандар сипатына қарай машиналар-
ды жөндеу өндірістің әртүрлі үш сферасында: жөндеу механикалық за-
водтарында, шеберханаларда және пайдалану базаларында жүргізілуі 
тиіс.
Желілік өндіріс жағдайында және ірі шоғырланған нысандарда 
территориялық механикаландыру басқармалары ұйымдастыратын 
жөндеудің агрегаттық-тораптық әдісін жетілдіру кең қолданыс табуы 
қажет.
Жақын арада машина паркін сервистік күтуді дамыта түсу керек. 
Қазіргі кезде барлық аймақтарда көлік техникасын жөндеу мен күтудің 
сервистік пункттері жұмыс істеуде. Олардың базасында конструкция-
сы бойынша ұқсас машиналардың бірнеше типін жөндеуге арналған 
ірі бірлестіктер пайда болуда. Жөндеу өндірісін орталықтандыру елдің 
шаруашылық кешендері үшін тиімді бірыңғай мақсатты техникалық 
саясат жүргізуге, сонымен бірге машиналарды жөндеу тиімділігі 
мен оларды пайдалану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Жөндеу 
кәсіпорындарында тозған детальдарды қалпына келтірудің алдыңғы 
қатарлы әдістерін жетілдіру жұмыстары да қарқынды жүргізілуі тиіс.
Ел экономикасының әртүрлі салаларында жұмыс істейтін машина-
ларды жөндеу тиімділігін арттырудың жаңа жолдары төмендегідей:
– жөндеуді индустриализациялау, яғни жөндеуді заманауи машина 
жасауға жақындайтын жөндеу өндірісінің формалары мен әдістеріне 
көшіру (ағымдық өндіріс, мамандандыру, жекелеген жөндеу және т.б.);


273
– өндірісті басқаруды жетілдіру, негізінен сала аралық және 
аймақтық басқаруды қайта құру. Мұндай күрделі мәселе саланың 
барлық деңгейінде шешілуі тиіс. Сонымен бірге әрбір жөндеу 
кәсіпорнының ішкі заводтық құрылымды басқаруды, өндірістік жос-
парлауды жетілдіруге мүмкіндігі бар;
– жөндеу сапасын көтеру, бұл өндірушілердің бәсекелестік жағда-
йында маңызды роль атқарады. Мұның негізгі бағыттары: технологиялық 
тәртіпті бекіту, жөндеу және технологиялық құжаттамалар сапасын 
жоғарылату, орындаушылардың жауапкершілігін өсіру және т.б.;
– механикаландыру және автоматтандыру. Механикаланды-
ру жұмыстары жөндеудің технологиялық процестерін механика-
ландыру және автоматтандыру құралдарының типтік стандарттық 
жабдықталуымен қамтамасыз етілуге септігін тигізеді.
Жөндеу өндірісі мен машина паркін кешенді дамыту үшін жөндеу 
қуаттарын орналастыру мен үйлесімді жүктемелеуді біртіндеп есептеу 
принципі қолданылады.
Жөндеу өндірісінің жүйесіне кірме параметрлері қатарына маши-
на паркінің төмендегі сипаттамалары жатады: типтік өлшемдік құрам, 
жастық құрылым, тозуды ескергендігі машинаның әрбір типтік өлшемдік 
тобының жұмыстық уақыт қоры. Ал шығу параметрлеріне құрылыс 
бөлімдері нысандарының және машина паркін дислокациялаудың 
жоспардағы нұсқасының деректері кіреді.
Қазақстандағы құрылыс және көлік саласының көлемінің қарқындап 
өсуі жұмыс істеп жатқан жөндеу заводтарын қайта құрылымдауды, 
әсіресе игерілмеген аймақтарда жаңадан жөндеу механикалық ше-
берханаларды салуды көздейді. Мұндай жағдайларда жақсартылған 
жылуоқшаулағыш қасиеттері бар жеңіл құрылымдар мен толықтай да-
йын құрылыс құрылымдарын қолдану басымдыққа ие.


274

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау