248
1
2
3
4
5
Токарлық-
бұрамакескіш ста-
ноктарда өңдеу
+
+
+
+
Фрезерлік станоктар-
да өңдеу
-
+
-
+
Дірілдоғалы
балқыма өңдеу
-
-
+
+
Флюс қабатымен
балқытып өңдеу
-
-
-
+
Термиялық өңдеу
-
-
+
+
Ажарлау
станокта-
рында өңдеу
+
+
+
+
Ескерту.
«+» – өңдеу қажет; «-» – өңдеу қажет емес.
5.2. Тісті дөңгелектерді, барабандарды және
шығыршықтарды жөндеу
Тісті дөңгелектерде кездесетін негізгі ақаулар төмендегідей:
тістердің қалыңдығы және ұзындығы бойынша тозуы;
тіс бетінің
бұзылуы; мүжілуі, тістің сынуы; күпшек тесігінің тозуы; күпшекте не-
месе құрсауда сызаттың пайда болуы.
Егер тістер тозуы 10...15%-ға жеткен жағдайда, онда беріліс
конструкциясының жылжу кеңістігіне байланысты тістер тозбаған
жағымен жұмыс істей алатындай етіп дөңгелекті айналдырып жіберуге
болады. Тістердің терең беттері мүжілген жағдайда да дөңгелекті
айналдыруға тура келеді. Бұл әдісті орындау барысында детальдарды
қосымша өңдеу қажет болады, мысалы күпшектің 2 бір бөлігін кеседі
де, жетіспейтін бөлікке 1 шет жағынан пісіріп біріктіреді (5.3-сурет).
5.3-сурет. Тісті дөңгелектің тісі мен оның шет жақтарының
тозуларын жөндеу: 1,2 – күпшек бөліктері
249
Тозығы тозу шегіне жеткен тістерді балқытып және тістік тәжді ауыс-
тыру тәсілімен қалпына келтіреді. Тістерді балқыту әдісін модулі 12 мм-
ден жоғары жай жүрісті тісті берілістерді жөндеу кезінде қолданады.
Балқытып бекітілгеннен соң тістерді ажарлау станогінде ажарлайды.
Болат тісті дөңгелектердің оймакілтектері тозған жағдайда оларды
доғалық пісірумен балқытып, сонан соң күпшектің шетжақтарын кеседі,
тесіктерді кеңейтіп, жаңа оймакілтектерді ұрып кіргізеді. Эвольвентті
тісті дөңгелектердің параметрлерін машина жасауда жалпы қабылданған
әдістермен тексереді: тіс қалыңдығын штангентісөлшегіш көмегімен
немесе нормальдің жалпы ұзындығы бойынша тексереді; қалпына
келтірілген жұлдызшалар тістерінің геометриялық
параметрлерінің
сәйкестігін адымға, бойлық профильге (5.4 а-сурет) және көлденең про-
фильге (5.4 ә-сурет) арналған арнайы қимаүлгінің көмегімен тексереді.
Осы әдістермен қалпына келтірілген дөңгелектер мен жұлдызшалар
беттік шынықтыруға жіберілуі мүмкін.
5.4-сурет. Жұлдызша тісінің геометриялық параметрлерін
бақылауға арналған қимаүлгілер:
а – адым мен бойлық профильге арналған; ә – көлденең профильге арналған
Барабандар мен шығыршықтардың көбінесе арқан астындағы арна-
шалары тозады. Жаңа шығыршықтар мен барабандардың арқандарының
тірек беттері әдетте 120
0
-қа тең болатын
a
н
бұрышымен анықталады (5.5
а-сурет). Арнашалардың тозуы кезінде
a
н
бұрышы мен арқанның тірек
беті едәуір азаяды (5.5 ә-сурет), бұл арқанның жұмыс істеуіне кедергі
болады. Барабандар мен шығыршықтардың
арнашаларын қалпына
келтірудің ең қарапайым тәсіліне детальдардың тозған элементеріне
толық профильді арнашаларды кесіп салу жатады (5.5 б-сурет).
250
5.5-сурет. Барабанның тозған арнашаларын қайта қалпына
келтіру сұлбасы:
а – жаңа тірек беті; ә – тозған бет; б – қалпына келтірілген бет;
d
k
– арқан диаметрі
Тозу нәтижесінде барабан қабырғасы
D
H
шамаға азайса, арнаша-
лар айналу нәтижесінде
D
p
шамасына азаяды. Қабырға қалыңдығы
S
p
арнашаларды кесіп салғаннан соң оның беріктігі мен орнықтылығын
қамтамасыз етуі тиіс.
Конвейерлер шығыршықтарының тозған арнашаларын флюс қабаты
астындағы автоматтық балқытумен немесе автоматтық дірілдоғалы
балқытумен қалпына келтіруге рұқсат етіледі. Балқыту СВ-08Л не-
месе СВ-08ГА сымдары, ОЦС-45 немесе АН-348А маркалы флюстер
көмегімен жүзеге асырылады. Мұндай
шығыршықтардағы жергілікті
жарықшақтар қолдық балқытумен жөнделеді.
Достарыңызбен бөлісу: