М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


-тарау. КөлІК ТЕхниКАСын КҮРдЕлІ ЖөндЕудІҢ



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет117/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   149
kulgildinov-kolik

3-тарау. КөлІК ТЕхниКАСын КҮРдЕлІ ЖөндЕудІҢ
өндІРІСТІК ПРОЦЕСІ
3.1. Көлік техникасын жөндеудің өндірістік процесінің 
жалпы сұлбасы
Көлік техникасын күрделі жөндеудің өндірістік процесі төмендегі 
негізгі операциялардан тұрады:
– машинаны жөндеуге қабылдау;
– машинаны сыртқы жуу;
– машинаны агрегаттар мен тораптарға бөлшектеу;
– агрегаттар мен тораптарды тазалау және жуу;
– агрегаттар мен тораптарды детальдарға бөлшектеу;
– детальдарды тазалау және жуу;
– детальдарды дефектациялау;
детальдарды жөндеу;
– детальдарды жинақтау;
– агрегаттар мен тораптарды жинау;
– агрегаттар мен тораптарды жаттықтыру мен сынақтан өткізу және 
бояу;
– машинаны жалпы жинау, жаттықтыру мен сынақтан өткізу және 
бояу;
– жөндеуден өткен машинаны (агрегатты) тапсыру.
Машиналарды жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы 
3.1-суретте келтірілген. Сұлбада агрегаттық-тораптық әдіспен жөндеу 
кезіндегі жекелеген операцияларды орындаудың технологогиялық реті 
көрсетілген. Мұнда машинаны жинау айналма қордың қоймасынан 
келіп түсетін алдын ала жөндеуден немесе жаңа тораптарды (агрегат-
тарды) пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да базалық 
деталь жөндеуден өтісімен, (мысалы, рама) көп күттірмей машинаның 
жалпы жинауы орындалады. 
3.2. Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын
ұйымдастыру
Машиналар мен олардың құрамдас бөліктерінің күрделі жөндеуге 
келгенде ластығы әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан жөндеу ны-
сандарын тазалау және жуу машинаны бөлшектеу, дефектациялау және 
детальдарды қалпына келтіру алдындағы міндетті түрде жүргізілуі тиіс 
операцияларға жатады.


197
Дөңгелекті трактор базасындағы машиналардың сыртын жууға 
арналған қондырғы нұсқасы 3.2-суретте келтірілген. Қондырғы екі 
жуу камерасы мен машиналық бөліктен тұрады. Камералар арасында 
майлау материалдары мен отынды төгуге және машинаны бөлшектеуге 
арналған посттар орналастырылған. Базалық трактор және жұмыстық 
жабдық бетіне жуу сұйығы гидрожетектегі автоматты тербелетін 
жинағыштан жеткізіледі.
3.1-сурет. Машиналарды жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы


198
3.2-сурет. ОМ-1 типіндегі дөңгелекті трактор базасындағы көлік 
техникасын сырттай жууға арналған қондырғы:
1 – бастапқы жағдай; 2 – үлкен камера; 3 – машиналық бөлім; 4 – кіші камера; 
5 – тартым құрылғысының жетек станциясы; 6 – тракторды агрегаттарға 
бөлу посты; 7 – кіші бөлу посты; 8 – жану-майлау материалдарын құйып алу 
және ішкі бөліктерді булау посты
Қондырғының ауысымдағы өнімділігі – 16 машина, жылдық жос-
пар – 1000 машина, габариттік өлшемдері – 6170х3470х3500 мм.
Заманауи машиналар конструкциясының күрделілігі, олардың де-
тальдарын дайындауда қолданылатын материалдардың әркелкілігі, 
жөндеу нысандарында ластанудың әртүрлілігі тазалау операцияларын 
бірнеше сатыда жүргізуге міндеттейді. Жөндеу кәсіпорындарының 
көпшілігінде жуу-тазалау жұмыстарын ұйымдастырудың 3.3-суретте 
келтірілген нұсқасы қолданылады.
Жөндеу-механикалық заводтары посттарының бірқатарында ма-
шиналарды жуу конвейерлік желідегі бөлшектеу участоктарымен 
біріктірілген. Бұл жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға 
және бөлшектеу участоктарында өндіріс мәдениетін жоғарылатуға 
септігін тигізеді.
Лабомид-101, Лабомид-102 жуу құралдары машиналарды майлы 
асфальт-шайырлы кірлерден ағымды тазалауға арналған және маши-
наларды агрегаттарға, агрегаттарды детальдарға бөлшектеп жөндеу 
алдындағы тазалау операцияларында қолданылады. Олар су ерітінділері 
түрінде пайдаланылады.
Жуу құралдарын қолданудың технологиялық режимдерін 
детальдардың ластану сипатына, тазалау әдісіне, жуу жабдығының 
параметрлеріне, жуылатын бұйым материалына және басқа да 
факторларға байланысты анықтайды. Лабомид-101 және Лабомид-
102 жуу құралдарының ең көп тараған жуу операцияларына арналған 
технологиялық режимдері 3.1-кестеде келтірілген.


199
3.3-сурет. Жуу-тазалау жұмыстарын 
ұйымдастыру сұлбасы
Ж ндеуге
ө
қабылдау
алдында машинаны
Машинаны кіші
бөлшектеу
Қоректендіру
жүйесінің
Электр
жабдықтарының
Картерлерді булау ,
жуу
Машинаны б лшектеу
ө
Агрегаттарды кіші
бөлшектеу
Камераны, раманы
булау
Агрегаттарды жуу
Агрегаттарды
бөлшектеу
Детальдарды жалпы
жуу
Детальдарды арнайы
тазалау
Мойынтректерді
жуу
Детальдарды
қайнаудан тазалау
Детальдарды қалпына
келтіру алдында майдан
тазалау
Қ
ғ
алыптастырыл ан
ж не
ə
майда
детальдарды тазалау
Детальдарды тот
басудан жуу
Детальдарды жинау
алдында ы
ғ
операция
аралық жуу
Детальдарды
к йіктен
ү
тазалау
Блоктар мен иінді
біліктердегі майлау
арналарын тазалау
Детальдарды бояу
алдында майдан


200
3.1-кесте

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау