Оқу жетістіктерін балдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағалау
|
халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйедегі сандық эквивалентіне сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау жүйесі.
|
ЖОО компоненті
|
білім беру бағдарламасын меңгеру үшін жоғары оқу орны дербес айқындайтын оқу пәндерінің және академиялық кредиттердің тиісті ең төменгі көлемінің тізбесі.
|
Жоғары арнайы білім (мамандану)
|
тиісті білім беру бағдарламасы бойынша маман біліктілігін бере отырып, кемінде 300 академиялық кредитті міндетті түрде игере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім деңгейі.
|
Екі дипломды білім беру
|
екі дипломды білім беру–қос тең бағалы диплом немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом алу мақсатында, екі білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары бойынша оқу мүмкіндігі.
|
|