|
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік ҚазақстанИнтернационалдандыру саясаты
|
бет | 51/94 | Дата | 09.01.2022 | өлшемі | 1,31 Mb. | | #31977 |
| Интернационалдандыру саясаты
Интернационализация – бұл оқыту және зерттеу сапасын арттыру және талап етілетін құзыреттілікке қол жеткізу мақсатында университеттің зерттеу, білім беру және әкімшілік қызметіне халықаралық құрамды енгізу процесі.
Білім беруді интернационалдандыру білім сапасын арттыруға бағытталған және университеттің жаһандық білім беру кеңістігіне кірігуінің маңызды құралы болып табылады.
Университет университеттің стратегиялық жоспарына интернационалдандыру саясатын біріктіруді қамтамасыз етеді.
Білім беруді интернационалдандыруға университет халықаралық ынтымақтастықтың келесі түрлерін жатқызады:
білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы;
университет менеджментіне шетелдік мамандарды тарту;
ағылшын тілінде бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
халықаралық конференцияларға, семинарларға, бағдарламаларға, жобалар мен көрмелерге қатысу;
шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
білім алушылар мен оқытушылардың тілдік дайындығын қамтамасыз ету;
пәндер мазмұнында халықаралық контентті қалыптастыру;
білім беру бағдарламалары үшін халықаралық аккредиттеуді алу;
рекрутинг және шетелдік студенттерді оқыту, шетелдік студенттерді стипендиялық бағдарламаларға тарту.
Университет басшылығы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және қолдауға бағытталған іс-шараларды өткізуге бастамашылық жасайды.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім беруді интернационалдандыру және мәдениетаралық байланыстарды дамыту мақсатында шетелдік ұйымдар мен білім беру мекемелерімен байланысты орнатады және белсенді дамытады.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамытуды ынталандырады, соның ішінде оқуды, шетелдік тәжірибе мен шетелде тағылымдамаларды ұйымдастыруға, шетелдік оқытушыларды дәрістер оқуға және шетелдік топ-менеджерлерді басқару қызметіне тартуға назар аударылады. Университет ECTS бағасының белгіленген эквивалентіне және Ұлттық бағалау шкаласына сәйкес кредиттерді қайта есептеуді қамтамасыз етеді. Академиялық ұтқырлық бойынша серіктес ЖОО өз елінде аккредитацияланып, аккредиттелген білім беру ұйымдарының Реестріне енгізілуі тиіс. Академиялық ұтқырлықты дамыту үшін АҰИД жұмыс істейді.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын және шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асыра отырып, білім беру қызметтерінің спектрін кеңейтеді.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ білім беру сапасын арттыру және интернационалдандыру мақсатында оқытушылар мен білім алушылардың халықаралық конференцияларға, семинарларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуына ықпал етеді.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ шетелдік ұйымдармен және ғалымдармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық ғылыми жобаларды іске асыруға, бірлескен жарияланымдар дайындауға, қолданбалы ғылыми зерттеулерді ағылшын тіліне кезең-кезеңмен көшіруге ЖОО ғалымдарының қатысуы үшін жағдайлар мен ғылыми инфрақұрылым жасайды. Университеттің ғылыми қызметінде халықаралық құрамдас бөлікті кеңейтуге Ғылым департаменті ықпал етеді.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ оқыту әдістемесін үнемі жетілдіру, ағылшын тілінің көп деңгейлі тегін курстарын ұйымдастыру, ағылшын тіліндегі пәндерді кеңейту, үш тілді білім берумен қамтылған мамандықтарды арттыру, көшпелі ұтқырлықты дамыту, үш тілде тәрбиелік іс-шараларды өткізу арқылы шетел тілдерін меңгеруге ұмтылуда қызметкерлер мен білім алушыларды қолдайды. Оқытудың жүйелілігі АҰИД, АҚД және үштілді білім беруді жүзеге асыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу арқылы қамтамасыз етіледі.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының санын арттыруға ұмтылады және шетел тәжірибесін, қазіргі ақпараттық ресурстарды ескере отырып, пәндердің мазмұнын үнемі жаңартуды, шетелдік білім беру бағдарламаларымен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ техникалық білім беру бағдарламалары үшін халықаралық аккредитация алуға ұмтылады.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын қазақ диаспорасының өкілдерін және шетел азаматтарын оқуға шақырады, оларға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге кепілдік береді, оқу мен тұруға қолайлы жағдай жасайды. Шетелдік студенттер үшін «Foundation» факультетінің базасында дайындық курстары жұмыс істейді, әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және академиялық қолдау бойынша бағдарлама жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстанның жетекші экономикалық серіктестерінің бірі Ресей Федерациясымен шекаралас орналасуын ескере отырып, М. Қозыбаев атындағы СҚУ Қазақстан мен Ресейдің ғылым және білім саласындағы іскерлік байланыстарын дамытуға, ғылыми және оқу мекемелерінің байланыстарын орнатуға және өзара іс-қимылына, басшы қызметкерлердің тағылымдамаларын өткізуге, ғылыми және педагогикалық кадрлардың делегацияларымен алмасуға, бірлескен ғылыми және білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге, семинарлар мен конференциялар өткізуге белсенді ықпал етеді.
Университеттің кадрлық саясаты әлемдік білім беру кеңістігіне табысты кірігу үшін қажетті лингвистикалық және басқа да құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған.
М. Қозыбаев атындағы СҚУ сайттың үш тілде жұмыс істеуі арқылы интернационалдандыру процесін ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
Интернационалдандыру саясатын жүзеге асыру М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың халықаралық беделін нығайтуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|