Білім алушы өз қалауы бойынша ректордың атына СТҚКО-ға берілген жеке өтініші негізінде оқудан шығарылуы мүмкін. Ақылы негізде білім алушы өз еркі бойынша оқудан шығару туралы СТҚКО-ға өтініш берген күнге дейінгі кезеңгебілім беру қызметі үшін толық ақы төлеуі тиіс. Білім алушыны басқа жоғары оқу орнына ауысуына байланысты оқудан шығару білім алушының жеке өтініші және білім алушы ауысып жатқан ЖОО-ның жазбаша келісімі негізінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ ректорының бұйрығымен басқа ЖОО-ға ауысу туралы өтініш жазылған күннен бастап жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |