СӨЖ мазмұны: Сурет салу: „Лимфатикалық жүйе”
ОЖСӨЖ мазмұны:
Гипоталамус
Гипофиз
Қалқан безі, қалқан маңы бездері
Бүйрек үсті бездері
Жыныс бездері
СӨЖ мазмұны: Шағын конспект: „Эпифиз, ұйқы безінің эндокриндік бөлігі”.
Әдебиет: М.Ф.Иваницкий. Анатомия человека. «ФиС». М., 1985
Кредит сағаты 33
Тақырып: Нерв ұлпасы. Жұлын
Зертханалық жұмыс:
Нерв жасушасы. Нейрофибриллдер. Нерв талшықтары
Діңі, олардың көлденең қимасы
Ақ зат пен сұр заттың жұлында орналасуы
Орталық нерв жүйесінің сегментарлық құрылысы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Бауыр, орналасуы, ішкі және сыртқы құрылысы.
Отқабы
Ұйқы безі, құрылысымен атқаратын қызметі.
СӨЖ мазмұны: Сурет салу: „Бауырдың ішкі құрылысы”.
Әдебиет: В.Я.Липченко, Р.П.Самусев. Атлас нормальной анатомии человека. Медицина. М., 1988, 320 стр.; М.М.Курепина, Г.Г.Воккен. Анатомия человека. Атлас. «Просвещение». М.,1979, 126.
12 апта
Кредит сағаты 34-35
Тақырып: Ми.
Дәріс мазмұны:
Эмбриогенез. Бас миға жалпы шолу. Бөлімдері
Сопақша ми. Ретикулярлық формация
Көпірдің ақ және сұр заттары
Мишық. Топографиясы мен құрылысы. Ядролары.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Көмекейдің қанқасы
Кеңірдек, орналасуы, құрылысы
Өкпе, орналасуы, пішіні, сыртқы қабаты, бөлшегі және атқаратын қызметтері.
СӨЖ мазмұны: Сурет салу: „Көмекей”
ОЖСӨЖ мазмұны:
Ортанғы ми
Аралық ми
Шеткі ми
СӨЖ мазмұны: Сурет салу: „Үлкен мидың жарты шарлары” (медиальдық және латеральдық)
Әдебиет: М.Ф.Иваницкий. Анатомия человека. «ФиС». М., 1985
Кредит сағаты 36
Тақырып: Бас ми
Зертханалық жұмыс:
Пішіндері, көлемі, бөлімдері және қарыншалары
Бас мидың топографиясы.
Артқы ми, ортаңғы ми және аралық ми. Топографиясы.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Үлкен мидың қыртыс
СӨЖ мазмұны: Шағын конспект. „Гетикулярлы формация”. Қазіргі замандағы ұғым”.
Әдебиет: В.Я.Липченко, Р.П.Самусев. Атлас нормальной анатомии человека. Медицина. М., 1988, 320 стр.; М.М.Курепина, Г.Г.Воккен. Анатомия человека. Атлас. «Просвещение». М.,1979, 126.
13 апта
Кредит сағаты 37-38
Тақырып: Ми шеңберлері
Дәріс мазмұны:
Жабынды, иіс сезім миы
Бас мидың сыртқы және ішкі құрылысы
Шеткері нерв жүйесі. Мойын және иық торабтары
Қабырғааралық нервтер. Бел мен құйымшақ торабтары.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Кезбе жүйке, оның бөлімдері
Жұлынның жүйкелері
СӨЖ мазмұны: Сурет салу „Қиян жүйкелердің басқуынап және бас мидан шығу орны”
ОЖСӨЖ мазмұны:
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикатикалық бөлігі
А) мойын бөлігі
Б) кеуде бөлігі
В) бел бөлігі
Г) құрсақ (сәулем) бөлігі
2.Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі:
А) ми бөлігі
Б) жанбас бөлігі
СӨЖ мазмұны: Сурет салу „Вегетативтік жүйке жүйесі”
Әдебиет: М.Ф.Иваницкий. Анатомия человека. «ФиС». М., 1985
Кредит сағаты 39
Тақырып: Үлкен ми шеңберлері
Зертханалық жұмыс:
Жазықтықтары, үлестері олардың шекаралары
Негізгі қатпарлар мен сайлар. Ақ затпен сұр заттардың орналасуы
Архитектоникасы. Өткізгіш жолдары. Қабықтары.
ОЖСӨЖ мазмұны:
Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігі:
А) ми бөлігі
Б) жанбас бөлігі
СӨЖ мазмұны:
Сурет салу: Кезбе жүйке, оның бөлімдері.
Әдебиет: В.Я.Липченко, Р.П.Самусев. Атлас нормальной анатомии человека. Медицина. М., 1988, 320 стр.; М.М.Курепина, Г.Г.Воккен. Анатомия человека. Атлас. «Просвещение». М.,1979, 126.
14 апта
Кредит сағаты 40-41
Тақырып: Вегетативті нерв жүйесі
Дәріс мазмұны:
Симпатикалық нерв жүйесі
Парасимпатикалық нерв жүйесі
Сезім мүшелері
ОЖСӨЖ мазмұны:
Вестибулярлы аппарат
Тері, оның құрылысы
Иіс және дәм сезу мүшелері
СӨЖ мазмұны:
Сурет салу: „Көз жанары”
ОЖСӨЖ мазмұны:
Дене сымбатының жас шамасы өзгерістері.
Дене сымбатын топтастыру
СӨЖ мазмұны:
Шағын конспект: „Адам дене сымбатын анықтау әдістері”.
Әдебиет: М.Ф.Иваницкий. Анатомия человека. «ФиС». М., 1985
Кредит сағаты 42
Тақырып: Орталық нерв жүйесі
Зертханалық жұмыс:
Жұлыннан шығатын нерв талшықтары
Бас мидан шығатын нерв талшықтары
Талшықтардың аты-жөні және олардың тарау аймақтары
ОЖСӨЖ мазмұны:
Иіс сезу мүшелері
Дәм сезу мүшелері
СӨЖ мазмұны:
Сурет салу: „Тері”
Әдебиет: В.Я.Липченко, Р.П.Самусев. Атлас нормальной анатомии человека. Медицина. М., 1988, 320 стр.; М.М.Курепина, Г.Г.Воккен. Анатомия человека. Атлас. «Просвещение». М.,1979, 126.
15 апта
Кредитсағаты 43-44
Тақырып: Қан айналу шеңберлері
Дәріс мазмұны:
Үлкен қан айналу шеңберлерінің артериялары
Баспен мойын артериялары
Қол мен аяқ артериялары
Қан тамырлар жүйесіндегі спортпен жаттығудан болатын өзгерістер
ОЖСӨЖ мазмұны:
Спорттық морфологиядан зерттеу тарихы.
Бейімделу мен қайта бейімделу туралы түсінік
Спортқа іріктеу
СӨЖ мазмұны:
Шағын конспект «Спорттық морфологияның мазмұны мен әдісі».
ОЖСӨЖ мазмұны:
Спортшылардың денесіндегі (омыртқа бағанасы мен қабырқалар), аяқ-қолдарындағы, бас сүйегіндегі бейімделу өзгерістері.
Спортшылардың бұлшық ет жүйесіндегі өзгерістер.
СӨЖ мазмұны:
Шағын конспект « Спортшылардың ішкі мүшелеріндегі бейімделу өзгерістер.
Әдебиет: М.Ф.Иваницкий. Анатомия человека. «ФиС». М., 1985
Кредит сағаты 45
Тақырып: Үлкен қан айналу және кіші қан айналу шеңберлері
Зертханалық жұмыс:
Жоғарғы және төменгі қуыс вена қан тамырлары
Анастомоздар. Ерекшеліктері
Адамның лимфа жүйесі, оның құрылысы
Талақ, оның топографиясы
ОЖСӨЖ мазмұны:
Адам ағзасындағы мой компонентінің зерттеу.
СӨЖ мазмұны:
Шағын конспект «Балаларда-қимылдау қабілетінің дамуын зерттеу».
Әдебиет: В.Я.Липченко, Р.П.Самусев. Атлас нормальной анатомии человека. Медицина. М., 1988, 320 стр.; М.М.Курепина, Г.Г.Воккен. Анатомия человека. Атлас. «Просвещение». М.,1979, 126.
1.5. Әдебиеттер тізімі
НЕГІЗГІ ОҚУЛЫҚТАР
Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Ана тілі». Алматы, 1992. 270 бет.
Иваницкий М.Ф. Анатомия человека «Физкультура и спорт». М. 1985
Курепина М.М.,Воккен Г.Г. Анатомия человека. Атлас. М., 1979. 304 стр.
Cапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека. «Высшая школа». М. 1989. 544 стр.
ҚОСЫМША ОҚУЛЫҚТАР
Гальперин С.И. Анатомия и физиология человека. М., 1969.
Исмагулова Ф.А., Төленбеков И.М. Адам анатомиясы және физиологиясының кейбір мәселелері. «Мектеп». Алматы, 1970.
Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Мектеп». Алматы, 1984.
3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:
Графикалық есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.;
Орындалу уақыты;
Бақылау түрлері( тестілер, экспресс-сұрақтар, рефераттар, есептер, баяндамалар т.б.).
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)
|
Балл
|
Бақылау түрі
|
-
|
Ауызша сабақ үстінде жауаптар
|
Тақырып бойынша
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
Әрбір апта сайын
|
5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)
|
Ауызша немесе баяндама түрінде
|
2
|
ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау (әр жұмада екі тапсырмадан
|
Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру
|
Дәріс пен семинар сабақтарына байланысты
|
ОЖСӨЖ кестесі бойынша
|
Тақырып бойынша 1-4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)
|
Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру
|
3
|
Cеминар сабақтарына арналған сұрақтар
|
Пән бойынша жалпы білімдерін тексеру
|
Семинар тақырыбына байланысты
|
5-6 және 12-13 апталар
|
Тапсырмалар саны бойынша 30 % бағаланады
|
Ауызша
|
4
|
Емтихан
|
Білімді кешенді тексеру
|
|
|
Тест арқылы қалған (40%)
|
Компьтер арқылы тапсырылады
|
4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра ДТТӘО тьютор Дияров Амангелді Сағынұлы
Пән Адам анатомиясы мен спорттық морфология
Кредит саны
1
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу паызы (%)
|
Электронды түрі
|
ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Ана тілі». Алматы, 1992. 270 бет.
|
5
|
|
30
|
|
|
2
|
Иваницкий М.Ф. Анатомия человека «Физкультура и спорт». М. 1985
|
15
|
5
|
100
|
|
|
3
|
Курепина М.М.,Воккен Г.Г. Анатомия человека. Атлас. М., 1979. 304 стр.
|
10
|
10
|
100
|
|
|
4
|
Cапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека. «Высшая школа». М. 1989. 544 стр.
|
|
1
|
|
|
|
5
|
Исмагулова Ф.А., Төленбеков И.М. Адам анатомиясы және физиологиясының кейбір мәселелері. «Мектеп». Алматы, 1970.
Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Мектеп». Алматы, 1984.
|
1
|
1
|
|
|
|
5.Пән бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны
АДАМ АНАТОМИЯСЫ
Кіріспе. Адам анатомиясы жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі үлкен бір саласы. Адам анатомиясы адам денесінің жалпы құрылысын және мүшелері мен жүйелерінің құрылысын, орналасуын, тіршілігі мен тарихи дамуын зерттейді.
Анатомия гректің «anatemno» - кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп-сою (осу) анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады.
Анатомия ғылымы адам денесін жан-жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Оған жүйелілік анатомия, топографиялық анатомия, мүсіндік (пластикалық) анатомия, сипаттамалы анатомия, қызметтік анатомия, динамикалық анатомия және салыстырмалы анатомиялар жатады.
Жүйелілік немесе жалпы анатомия-ағзаның тірек-қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек қан тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.
Топографиялық анатомия- адам денесіндегі мүшелердің өзара орналасуы тәртібін дәрігерлік мақсатта зерттейді.
Мүсіндік анатомия-адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын зерттейді.
Динамикалық анатомия болса, адам денесінің қозғалыс аппараттарының құрылысын (биомеханикасын) тексеріп, дене тәрбиесі және спорт үшін қажетті мәселелерді қарастырады.
Ағзалардың құрылысы мен пішінін сипаттап жазумен сипаттамалы анатомия шұғылданса, олардағы мүшелер пішінінің еңбек, тұрмыс және сыртқы орта әсеріне байланысты қалыптасуын қызметтік анатомия зерттейді.
Адам анатомиясының зерттей әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірілей тексеретін саласын-қызметтік деп атауға болады.
Анатомия ғылымы көптеген зерттей әдістерін пайдаланады. Ең негізгі ескі әдіс-кесу-осу әдістері.
Құйып толтыру( инъекциялық) әдісі бойынша ішіне құйғанда тез қатып қалатын бояулы заттарды пайдалану арқылы қан тамырларын, лимфа және қуыс мүшелерді зерттейді.
Бұзу(коррозия) әдісі өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің (өкпе,бауыр) құрылысын зерттейді. Өкпе не бауыр ішіне тез қататын сұйық заттар құйып, қатқан соң сыртындағы ұлпаларды бұзатын ерітінділермен өңдейді.
Жидіту (мацерация) әдісі-шірітіп (жидітіп), өлікті жылы сумен шаю арқылы сүйек препаратын немесе тұтас қаңқа алуға мүмкіндік береді.
Ағарту әдісі-жасалған препаратты немесе ұлпаны арнаулы сұйықтықпен өңдеп ағартып алады. Көбінесе сүйектерді ағартуда қолданылады.
Микроскопиялық әдіс –адам денесінің көзге көрінбейтін ұсақ құрылысын байқау үшін микропрепараттар жасап зерттеуге қолданылады.
Антропометриялық әдіс- дене мүшелерінің бір-біріне салыстырмалы пропорциясын зерттеу арқылы олардың дұрыс қалыптасып бара жатқанын анықтайды.
Адам денесіндегі мүшелердің денеде орналасу тәртібін анықтау үшін арнаулы анатомиялық терминдер қолданылады. Мүшелердің орналасу тәртібін анықтап жазғанда, адам тік тұрып, екі қолын түсіріп, алақаны алдына қараған күйінде белгілейді. Сонда адам денесін және мүшелерін жазықтыққ пен білікке (өске) бөліп белгілеуге болады.
Адам денесін тік етіп үш жазықтыққа бөліп (тік-сагиттальді, маңдай алды-фронтальді және көлденең-горизонтальді) қырқады.
Сагтитталь (sagitta-тік) жазықтық тік орналасқан. Денені алдынан артына қарай қиып өтіп тұрады, соның нәтижесінде адам денесі немесе мүшесі тең екі сыңарға, оң және сол бөлікке бөлінеді.
Беталды (frons –маңдай) жазықтық –сагитталь жазықтыққа ұқсас тік орналасқан, бірақ оған перпендикуляр жататындықтан, адам денесін немесе мүшесін алды және арты етіп екі бөлікке бөледі. Бұндай жазықтықпен кесілген мүшені оның фронтальды қимасы деп атайды.
Көлденең (gorisontal) жазықтық-сагитталь және фронталь жазықтықтармен тік бұрыш жасай қиылады. Бұл жазықтықтарды дененің бірнеше жерінен жүргізуге болады.
Медиаль (medialis) – деген, адам денесінің ортаңғы бөлігіне жақын деп;
Сыртқы шеткі (lateralis) латераль-дегенді, дененің шетінде орналасқан; бүйірі (латери) дегенді, дененің сыртына теріге жақын деп түсіну керек.
Краниаль (cranialis) –деген сөзді адамның басына жақын деп түсінсек, ал
Каудаль (caudalis) –дегенді тұлғаның төменгі жағына, аяққа жақын орналасқан деп түсіну керек.
Проксималь (proximalis) – деген сөзді денеге, тұлғаға жақын деп, ал
Дисталь( distalis) – деген сөзді тұлғадан алшақта деп түсіну керек.
Вентраль (ventralis) –деген сөзді дененің алдыңғы жағы, немесе ішкі, құрсаққа жақын деп түсіну керек.
Дорзаль (dorsalis) – дегенде дененің арқа жағы, немесе адамның сырт жағына жақын деп түсіну керек.
Адам денесінің құрылысы, оның еркін тік тұрған күйінде зерттеледі. Олар мыналар: Бас (caput) бөлімінде: ми сауыты (cranium), бет (facies), мұрын (nasus), ауыз (oris) болады. Мойын (cervix), тұлға (truncus) бөлімінде: кеуде (thorax), құрсақ (abdomen), жамбас қуысы (pelvis) болады.
...Морфологиялық жағынан адам конститутциясының үш түрі (белгісі) бар (М.В.Черноруцкий).
Гиперстениктер-енді, шомбал, көлемді, семіз (қоңды). Денесі ұзынша келгенмен аяқ-қолдары қысқа. Ми сауыты, көкірек қуысы және құрсақ көлемді еледі. Құрсақ жағы көкірекке қарағанда, көлденең өлшемдердің ұзына бойына қарағанда көлемді және басым келуі тән.
Астениктер-бұлар ұзын бойлы, сымбатты және денелерінің құрылысы жеңіл, жалпы дамуы нашар, аяқ-қолдары тұлғасына қарағанда әлдеқайда ұзын және басым, көкірек қуысы құрсаққа қарағанда басым болып келеді.
Нормостениктер-екеуінің арасында орналасатын тип.
Басқа классификация бойынша адамның дене құрылысы тағы да үш түрге бөлінеді:
Долихоморфты –биік, орта бойдан жоғары, денесі қысқаша келген, көкірек қуысының шеңбері кішілеу, иық белдеуі орташа немесе тарлау келген, аяқтары ұзын, жамбастың еңкейу бұрышы аз.
Брахиморфты-орташа немесе бойы одан да кіші, денесі ұзыншалау, көкірек қуысының шеңбері үлкен, иық елдеуі кеңірек, аяқтары қысқа, жамбастың еңкейу бұрышы үлкен.
Мезоморфты-орташа, жоғарғы екі типтің орта шенінде орналасады.
Нәсіл бойынша бүкіл адамзатты үш үлкен нәсілге бөледі:
Экваториальді немесе астрало-негроидты;
Евразиялық немесе европеоидты
Азиялық-американдық немесе монголоидты.
Тірі табиғат біртекті емес, тұтас жүйе бұған иерархиялық ұйымшылдық тән. Бұнда бірнеше деңгейді аңғаруға болады:
0,1 мм-ден үлкен-мүшелер: ағза (ұйымшылдық деңгейі) –мүшелі (зерттеу деңгейі) –анатомиялық;
100 мкм-10 мкм (зерттеу объектілерінің мөлшері) – (зерттеу объектісі) –ұлпалар-(ұйымшылдық деңгейі) –ұлпалық –(зерттеу деңгейі)-гистологиялық;
10-0,2 мкм (200 нм)-жасушалар-жасушалық –цитологиялық;
200-1 нм-жасуша компоненттері-субжасушалық-ультраструктуралык;
1 нм- биополимерлер молекуласы-макромолекулярлы –физика-химиялық
Жасушалардың пішініне қарай эпителийді: жалпақ, бағана тәрізді, призма тәрізді немесе цилиндр тәрізді және текше эпителий деп бөлінеді.
Бір қабатты жалпақ эпителий (мезотелий) –серозды қабықшалары бар құрсақ қуысын, плевраны және перикардты жауып жатыр.
Бір қабатты текше эпителий –бүйректердің арнашықтарын, бездердің көптеген тармақтарын және ұсақ бронхыларды астарлап жатыр.
Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий –қарынның шырышты қабығын, ішектердің, жатырдың және басқа да мүшелерді астарлап жатыр. Бұндағы эпителий бокал тәрізділері кездеседі, шырыш бөліп шығарады. Жатыр мен жатыр түтікшелерінің эпителий жасушалары кірпікшелермен жабдықталған.
Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителий-ұзындықтары әртүрлі, сондықтанда бұлардың ядролары әр деңгейде және бірнеше қатар болып орналасады. Бұлар мұрын қуысын, көмейді, трахея мен бронхыларды астарлап жатыр.
Көп қабатты жалпақ эпителий-теріні, ауыз қуысын, өңешті, көздің мүйізді денесін, бөліп шығару мүшелерін жауып жатыр. Бұл эпителийдің үш түрі бар: мүйізделген, мүйізделмеген және өтпелі.
Безді эпителий-жасушалардың әртүрлі пішінімен берілген, бөліп шығару қасиеті бар-секрет бөліп шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |