52
-
материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде 1310 шоттары;
-
ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде - 1010.1030 шоттары
дебеттеледі.
Егер де 5110 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кəсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен
қалыптастырғанын білдіреді.
5110-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер (қатысушылар, құрылтайшылар) бойынша
жүргізіледі.
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның жəне басқа да тараптардың таза табысының есебінен
қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік)
қызметінен алынған зияндарын жабуға жəне ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда дивиденттерді
төлеуге пайдаланады. Резервтік капиталды құрау жəне оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен жəне
қолданыстағы заңдармен анықталады. Резертік капитал жарлық капиталымен жəне басқа да қаражаттармен
бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады жəне ол кəсіпорынның меншік капиталы болып
табылады.
Резервтік капиталдың есебі 54-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынандай пассивті шоттарында
жүргізіледі: 5410-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» жəне 552-ші «Басқа да резервтік капитал».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС,
АҚ
жəне
басқалар)
резервтік
капиталы
құрыдтайшылардың
құжаттарында
(жарғысында,
құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тəртіп бойынша мемлекеттік
тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында
белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.
Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кездеь 5610 шоты дебеттеледі де, 5510 шоты
кредиттеледі.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде
көрініс табады:
Артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы бомаған жағдайда
серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивиденттердің есебінен төлеген кезде; 5610-шот «Есепті
жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)», 5620-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы
(жабылмаған зияны)» - зиян шекеен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл
щотта заң тəртібімен көзделген мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 5460-шоттың корреспонденциясына
ұқсас. Бұндай резервтер кəсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.Бөлінбеген табыстың
(жабылмаған зиян) есебі бухгалтерлік есептің Бас есеп жоспарындағы 56 бөлімшесіндегі шоттарында
жүргізіледі.
5610-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)».
5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)».
Енді осы келтірілген шоттар бойынша жасалатын операцияларын қарастырып көрейік.
Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зияны) есебі есеп берілетін жылда пайда болған
бөлінбеген табыс немесе жабылмаған табысының зиянының сомасының қолда бары жəне қозғалысы туралы
ақпараттарды жинақтауға арналған 5610-шоты пайдаланылады.
Есеп берілетін жылдың соңында 5610-шотқа жыл ішінде есептелген табыстың немесе зиянның
сомасы жазылады. Бұл ретте шоттардың мынандай корреспонденциясы жазылады:
-
жыл ішінде алынған табыс сомасына
5610-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты дебеттеліп, 5510-ші «Есепті жылдың бөлінбеген табысы
(жабылмаған зияны)» шоты кредиттеледі. Жыл ішінде алынған зиян сомасына жоғарыдағы жазу керісінше
жазылады.
Сонымен қоса, 5610 шоттың кредиті жəне 5510 шотының дебеті – есепті жылдағы алынған зиянды
өтеуге бағытталған резерв капиталының сомасын көрсетеді; 5610 шоттың кредиті жəне 5410 шоттарының
дебеті – есептен шығарылған негізгі құралдар бойынша қайта бағалаудың сомасын жəне ұзақ мерзімді
инвестицияның сомасын көрсетеді; 5610 шоттың кредиті жəне 5210 шоттың дебеті - өз акцияларын қайтып
сатып алған кезде, номиналдық құнынан төмен болған соманың айырмасы көрсетіледі.
Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын есепке алу
үшін 5610 «жиынтық табыс (зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кəсіпорын табысты болса, онда шот
пассивті, ал кəсіпорынның келтірген пайдасынан гөрі залалы көп болса, онда шот активті болуы мүмкін.
Жыл ішіндегі əр түрлі қызмет түрлерінен түскен табыстар 60-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар»
бөлімшесінің 6010-6420 шоттарында, 7010-ші «Сатлыған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік
құны» бөлімшесінің шоттарында, оған 7010-7710 шоттар кіреді, сондай-ақ шоттарында жыл бойы жалпы
алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.
Жыл аяғында алынған табыстар сомасына шоттардың мынандай корреспонеденциясы жасалады:
60-ші «Негізгі қызметтен түскен табыстар» бөлімшесінің (6010-6420 шоттар) дебеттеледі, 5610-ші
«Жиынтық табыс (зиян)» шоты кредиттеледі.
53
Төтенше жағдайлардан жəне тоқтатылған операциялардан алынған табыстар сомасына шоттардың
мынандай корреспонденциясы анықталады:
6030 -ші «Сатылған тауарлардың қайтарылуы жəне сату кезінде берілетін жеңілдік, сондай-ақ бағаны
кеміту» бөлімшесінің шоттары бойынша табыстар мен зияндар болулары мүмкін. Табыс сомаларын 61-
бөлімшенің 6110-6120 шоттарының дебеті бойынша жəне 5610 шотының кредиті бойынша көрсетіледі;
зиянды 61-бөлімшенің 6110-6120 шоттарының кредитінен 5610-шоттың дебетіне көшіріледі.
5610-ші «Жиынтық табыс (зиян)» шоты салыстырушы операциялық шоты болып табылады: онда
табыстар (5610-шоттың кредиті) жəне зияндар (5610-шоттың дебеті) салыстырылады. Табыс 5610-шоттың
дебеті бойынша жəне 5610-ші «есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының кредиті
бойынша көрініс табады. Шығын 5610-шоттың кредиті жəне 5510-ші «есепті жылдың бөлінбеген табысы
(жабылмаған зияны)» шотының дебеті бойынша көрініс табады.
10.2. – сұрақ: Міндеттемелер есебі
Банктегі шот, несие бойынша, салық бойынша банкпен есеп айырысу,
бюджетпен, қызметксрлермен еңбекақы бойынша, жабдықтаушылармен, мердігерлермен жəне басқадай
кредит берушілермен бастапқы құжаттардың негізінде түгенделеді, мұнда қалдықтардың нақтылығы
белгіленіп, бұл шотқа жататын соманы мұқият тексереді. Берешектің пайда болған мерзімін, оның
нақтылығын, талап мерзімін өткізіп алған кінəліні анықтайды. Барлық дебиторлармен жəне кредиторлармен
кəсіпорын қағаздық шоттан үзінді көшірме алмасуы керек жəне оларға түгендеу комиссиясын ұсыну керек.
Баланстан берешектің есептеп шығаруын тексеріп, 3 жылдың ішінде өндіріп алу мүмкіндігін бақылауды
жүзеге асыру аса қажет.
Егер айырысуларды түгендеу дебиторлық жəне кредиторлық берешектер сомасын негіздсу жəне
қысқарту, айыппүл төлеуге, тұрақсыздық төлеміне (айыбы) жəне күмəнді қарыз бойынша резерв пайда
болуына жол бермеу үшін төлем тəртібінің сақталуын қадағалау, бекітідген келісімшарт бойынша өзара есеп
айырысу, төлем мерзімін нақтылау максатында жүргізіледі.
• есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу - Қазақсган Респубтосасы заңында белгіленген іссапар
жəне өкілдік щығындардың орнын толтыру нормасына, субъектінің кассалық операцияларды жүргізу
Ережесіне сəйкес апаруашылық, өкілдік жəне іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру
негіздемесінің дұрыстығын тексереді. Ақшалай қаражатты беру жəне шағын кəсіпорындардағы 24 «Шағын
кəсіпкерлік субъектілерінің есебі жəне есеп беруі» Стандартына сəйкес тексеріледі;
• кредиттерді алу жəне өтеу бойынша банкпен есеп айырысу — тексеру барысында ағымдық,
корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк
жазулары салыстырылады. Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне жəне процент төлеміне
(кредиттік келісімішартпен анықталады) сəйкес тексеріледі;
Заемды белгілі орны бар банктер коммерциялық келісімшарт негізінде несиелік қабілеттілігі жоғары кəсіпорындарға береді.
Банк заемы – банк белгілі мерзімге сыйақысын төлеу арқылы клиентке соманы бөледі немесе беретін келісімшарт болып
табылады.
Банктік емес мекемелердің заемдары – бір жақ – «заем беруші» - екінші жаққа – «заем алушыға» - ақша немесе материалдық
қорларды қайтарып беру шарты бойынша бір периодқа қарызға беру туралы келісімшарт.
Банк заемдарының түрлері:
-
қысқа мерзімді- 1 жылға дейінгі,бірақ 2 жылдан кем емес;
-
орта мерзімді- 1 жылдан 3жылға дейінгі;
-
ұзақ мерзімді-3 жылдан жоғары.
Орта жəне ұзақ мерзімді заемдар кəсіпорынның өндірістік жəне əлеуметтік дамуына қолданылады.
Несиелендіру түрлері:
-
аванстық - өнім дайындаушы кəсіпорындарға бөлінеді;
-
бланкілік(сенімхат) –қаржылық тұрақты субъектілерге,сенімді төлеушілерге сенімді түрде беріледі;
-
консорциалық несие- үлкен мақсатты жобаларды несиелеу үшін заем алушы екі немесе одан көп банктерде
қарастырылады;
-
ипотекалық- мүлікті кепілдікке алып берілетін ұзақ мерзімді ссудалар;
-
овердрафт- банк клиенттерінің шоттарынан қорларды шығару арқылы жүзеге асырылатын қысқа мерзімді
несиелендіру формасы;
-
кредиттік сызық – минималды төлемдер шегінде несиелер немесе «заем алушы» алдындағы банктердің құнды
түрде құжатталған міндеттемесі;
-
тұтынушы мақсаттарына арналған несие: несиеге алынған тауарларға; жеке құрылыстарға; жеке басқа да жеке
қажеттіліктерге несиелер;
-
Стэнд – бай – халықаралық валюталық қор елдерінен берілген несиелер.
Банк заемы есебі «Заемдар» шотында қарастырады.
11- дəріс : Қаржылық есептілікті дайындау
1-сұрақ : Қаржылық есептілікті жасау жəне ұсыну
2- сұрақ : Қаржылық есеп берудің №1 формасы бухгалтерлік баланс