АЛҒЫ СӨЗ
Биологиялық білім
әp6ip мәдениетті адам үшін аса қажетті бола бастады. өйткені
биология пәні физика, химия және математика сияқты нақты ғылыми пәндердің
қатарына қосылды және ол қоғамньң өндіргіш күштерінің, ауыл шаруашылығы мен
өнеркәсіп өндірісінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашты.
Биологияныц ҒЫЛЫМ ретіндегі маңызыньң арта түcyi оның, 6ip саласы —
генетиканың, табиғаттың, негізгі құбылыстарын білу ісінде және оны зерттеу
әдістерінде, атап айтқанда, клетканьң дамуын, тұқым қуалау мен өзгергіштік қабілетін
зерттеуде нарыз революция жасағанына байланысты болды. Табиғаттың, негізгі
құпияларын—тіршіліктің, пайда болуы, тipi материяның дамуы және органикалық,
энергияның, пайдаланылуы жоғарыда аталған үш құбылысты білгенде ғана шешіледі.
Осы міндеттерді шешу үшін қазір биолог-генетиктер, химиктер, физиктер, математиктер
бірігіп күш жұмсауда және бүкіл табиғаттану ғылымдарының, қол жеткен табыстары
қорытылуда.
Оқулық, педагогика институттары студенттері үшін бекітілген программа көлеміне
сай жазылды. Мұнда қазіргі генетиканьң негізгі жeтicтiктepi ғана берілді. Ал генетика
тез дамып келе жатқан ғылым, сондықтан авторлар кейбір проблемалардың, әлі
шешілмегенің атап көрсетуге талпынды.
Авторлар генетиканы оқып білу үшін студенттердің цитологиядан, эмбриологиядан,
биохимия мен физиологиядан және систематикадан тиянақты жалпы биологиялық
дайындығы болуы керектігін жэне басқа да нақты ғылымдар (химия, физика жэне
математика)негізгі
бойынша да тиісті дәрежеде білімі болуы қажет екенін алдын ала
ескертеді. Генетикалық, заңдылықтарды жалпы биологиялық заңдыльқтардан бөліп
қарастыруда болмайды.
Жануарларды зерттеу арқылы ашығган жалпы биологиялық және
генетикалық заңдыльқтар адамда болатын осындай заңдыльқтарда қарсы қойылып
жүр. Адамды жануарлардан артық етіп тұрған нәрсе оның екінші хабар системасыньң
болуы және әлеуметтік тіршілік жағдайы, ал биологиялық, және генетикалық
заңдыльқтар екеуінде де ортақ. Сондықтан кітаптағы сол генетикалық
заңдылықтар
жануарлар,
өсімдіктер
және
микроорганизмдер
негізінде
қарастырылады, олар әдетте адам үшін де жан-жақты үйлесімді болады. Мұндай
ескертуді біз қажет деп есептейміз, өйткені педагог балаларды тәрбиелеу мен оқытудьң
әлеуметтік аса зор мүмкіндіктерін біле отырып, олардың, генетикалық тұрғыдан алуан
түрлі болатының ұмытпауы қажет, демек бұл жағдай әр адамды жеке қарастыруды
талап етеді. Баланьң генетикалық мүмкіндігін дер кезінде анықтау қоғамға
кемеңгердің келуіне, ал ауру болса, оны емдеп жазуға мүмкіндік береді. Осы
айтылғандарға байланысты педагог генетикальқ білімдер 6epiп, ғана қоймайды,
сонымен қатар, сенімді тест жасалған жағдайда қоғамның, интеллектуалды
потенциалын анықтау жолында оны табысты пайдалана алады.
Авторлар
|