6. ТЕТРАДАЛЫҚ АНАЛИЗ КЕЗІНДЕ КРОССИНГОВЕРДІ ЕСЕПТЕУ
Жоғары сатыдағы организмдерде мейоздың профазасында өткен кроссинговерді
кроссоверлі особыардың — рекомбинанттардың жиілігі бойынша біледі, өйткені
олардың пайда болуы кроссоверлі және кроссоверлі емес гаметалардың' қатынасын
көрсетеді деп есептеледі.
Рекомбинантты зиготалардың кроссоверлі гаметаларға сәйкес келетіндігін
тікелей дәлелдеу үшін, кроссинговердің нәтижелерін мейоздың гаплоидты өнімі
бойынша тікелей анықтау қажет. Бұл кезде гендер өздерінің әсерін гаплофазада
көрсетуі тиіс. Осындай зерттеу іске асқан объекті мысалы, зең саңырау-құлағы
(Меигозрога сгазза) болды. Бұл саңырауқұлақта тірші-лік циклінің негізгі бөлігі
гаплофазада өтеді, ал оның диплоидтық фазасы өте қысқа болады.
Ұрықтанғаннан кейін көп ұзамай, зиготада мейоздық бөліну басталады да,
гаплоидты сгюралары бар қалташалар—аска түзілуіне алып келеді. Бөліну кезінде
ұрық осі қалташаның көл-денең осіне сәйкес келеді. Сондықтан мейоз өнімі—
споралар—-қалтаның ішІнде тізбектеле орналасқан. Мейозда пісіп-жетілудіқ
қалыпты екі бәлінуі, бүдан кейін бір митоздық бөліну болады да, осының
нәтижесінде әр қалташада 8 аскоспора түзіледі.
Мейоз өнімі бойынша кроссинговер нәтижесін тікелей анықтауға нейроспора
мүмкіндік беретіыдіктен, бұл жағдайда ажырау сипатын анықтау, кроссинговермен
ажырау мейозда іске асатындығынын, тікелей дәлелі болып табылады. Бүл әдіс
жоғарыда баяндалған тетрадалық аиализдің бір түріне жатады, бірақ мұның
тіркескен гендерге қатысы бар.
47-сурет
.
Нейроспорада аскоспоралар түзу кезіндегі гомологиялық хромосомалар
қасиетінің әр түрлі типті схемасы:
1
— кроссинговер байңалмайды;
2
— кроссинговер
байқалады.Моногибридті шағылыстыру жағдайында гаплоидты өнім-дер (споралар)
бойынша ажырау 1
А :
1
а
қатынасында болады деп күтіледі. 47-суретте
аскоспоралардың реңін анықтайтын ал-лельдердің бір жұбы бойынша
(А
және
а)
ажырау келтірілді. Аскадағы 8 спораның 4-нің боялғаны (Л), 4-нің боялмағаны
(а)
көрінеді, яғни ажырау 1 : 1 қатынасында болатыны байқалады. Ген мен центромера
аралығында кроссинговер жоқ кезде спо-ралардың қалтада орналасу тәртібі мынадай:
АЛАЛаааа
(47-сурет, 1). Егёр аскоспоралардың орналасу тэртібі, мысалы,
ААааААаа
болып өзгерсе, онда ол
а
локусы мен центромера арасында өткен айқасу болғандығын
көрсетеді (47-сурет,
2).
Споралардың орналасуы бірінші және екінші мейоздық бө-лінулер кезіндегі
хромосомалардың таралуынан тәуелді болады.
А
және
а
аллельдері қалташықтағы
споралар бойынша басқаша да ретпен орналасуы мүмкін.
Біз қарастырып отырған жағдайда айқасу осы геннің локусы мен центромера
арасындағы учаскеде болады,
а
гені центромерадан қашықтаған сайын, айқасу
мүмкіндігі арта береді, демек кроссоверлі аскалар саны да көбейеді. Егер айқасу
хромосоманың дистальді шеті.мен
а
гені арасында болса, онда аскоспоралардың
кроссоверлі орналасуы табылмайды (47-су-рет, 1). Ген мен центромера арасындағы
кроссинговер кезінде ас-кадағы споралардың орналасу тәртібінің өзгеруі тек ол төрт
жіпше стадиясында яғни хроматидтер арасында өтсе ғаиа мүм-кін болады. Егер
рекомбинация әр хромосома әлі қосарланбаған кезде өтсе, онда аскадағы споралар
тәртібі өзгермес едь Демек, споралардың орналасу тәртібінің өзгеруі бұл жағдайда
кроссинговердің сіңлілі емес хроматидтер арасында, яғни төрт жіпшелер стадиясында
жүргендігінің дәлелі болып табылады.
Сондықтан кроссинговердің механизмі және оның генетика-лық с&лддры жөиіаде
айтқак кезд,е, ондшіату үщін ғана сжы тұтас хромосомалар арасындағы алмасу деп
түсіндіреді, ал шындығында алмасу хроматидтер арасында жүреді. Нейроспо-раның
аталған ерекшеліктері аллельдердің бір жүбы бойынша ажырауды ескере отырып,
геннің хромосомадағы орнын анықтауға мүмкіндік береді; тетрадалық анализ жасауға
болмай-тындықтан диплоидты организмдерде бүл мүмкін емес.
Сонымен тетрадалық анализ мендельдік ажыраудың, сол сиякты кроссинговердің де
мейоздың' заңдылықтарына негізделгенін дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |