Қазақ-3
Қазақ
ОҢТАЙЛЫ ӨНІМДІЛІК АЛУ ҮШІНСҰЙЫҚ КРИСТАЛДЫҚ ТҮСТІ
МОНИТОРДЫ ОРНАТУ ЖӘНЕ КӨП ФУНКЦИЯЛЫ МОНИТОРДЫ
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЕСКЕРІҢІЗ.
•
МОНИТОРДЫ АШПАҢЫЗ.
Құрылғы бөліктерін
пайдаланушының жөндемеуі қажет және қақпақтарды ашу немесе
жабу қауіпті ток соғу немесе басқа да қауіптерге әкелуі мүмкін.
Қызмет көрсетуді білікті мамандар орындауы тиіс.
•
Корпусқа қандай да бір сұйықтықты төкпеңіз немесе мониторды суға
жақын жерде пайдаланбаңыз.
•
Корпус ұяшықтарына қандай да бір нәрселерді енгізбеңіз, олардың
зиянды немесе ажалды болуы мүмкін немесе ток соғуын, өртенуді не
жабдықтың бұзылуын туындататын қауіпті кернеу нүктелеріне тиіп
кетуі мүмкін.
•
Қандай да бір ауыр заттарды қуат кабеліне қоймаңыз.
Кабельді зақымдау ток соғуына немесе өрт шығуына әкелуі мүмкін.
•
Осы өнімді қисық немесе орнықсыз көлікке, тірекке немесе үстелге
қоймаңыз, монитордың құлап, ауыр зақымдануы мүмкін.
•
Осы өнімді ұзақ уақыт бойы төмен қаратып бекітпеңіз, экранның
қалпына келмейтіндей зақымдалуы мүмкін.
•
Қолданылатын қуат кабелі елдің қауіпсіздік стандарттары бойынша
бекітілуі және оған сай болуы керек. (Еуропада H05VV-F 3G 1мм
2
түрі қолданылуы қажет).
•
Біріккен Корольдікте осы монитормен қолдану үшін қара (13A)
сақтандырғышы бар құйылған ашалы BS бекіткен қуат кабелін
пайдаланыңыз.
•
Монитордың үстіне ешнәрсе қоймаңыз және маониторды далада
пайдаланбаңыз.
•
Майыстырмаңыз, әйтпесе қуат кабелін зақымдайсыз.
•
Әйнек сынған болса, сақ болыңыз.
•
Монитордағы желдеткішті жаппаңыз.
•
Мониторды жоғары температуралы, ылғал, шаң немесе майлы
орындарда пайдаланбаңыз.
•
Монитор не әйнек сынса, сұйық кристалды ұстамаңыз және абай
болыңыз.
•
Жылу дұрыс таратылатындай монитордың айналасына тиісті
желдетілетін орын қалдырыңыз. Желдету саңылауын бітемеңіз
немесе мониторды батарея не басқа да жылу құрылғыларының
жанына қоймаңыз. Мониторға ешнәрсе қоймаңыз.
•
Қуат кабелі жүйені қуат көзінен ажырататын негізгі құрал болып
табылады. Монитор оңай алынатын розеткаға жақын орналасуы
керек.
•
Тасымалдау кезінде сақ болыңыз. Тасымалдау үшін қорапты алып
қойыңыз.
•
Жалдеткішті үздіксіз пайдаланатын болсаңыз, саңылауларды кем
дегенде айына бір рет тазартып тұрыңыз.
•
Сенімді болу үшін кір мен шаңды алдын алу мақсатында кемінде
жылына бір рет корпустың артқы
жағындағы тесіктерді тазалап
тұрыңыз.
•
LAN кабелін пайдаланғанда, артық кернеуі болуы мүмкін сыммен
бірге қосымша құрылғыға қосушы болмаңыз.
•
Температурасы және ылғалдылығы текз өзгеретін жерде мониторды
пайдаланбаңыз немесе салқындатқыш шығысынан салқын ауаның
тікелей шығуының алдын алыңыз, бұл монитордың жарамдылығын
қысқартуы немесе конденсация пайда болуы мүмкін. Конденсация
пайда болса, конденсация кеткенге дейін монитор тіреген ажыратып
қойыңыз.
Теледидарға жалғау*
•
Кабельді тарату жүйесі ANSI/NFPA 70, Электр құрылғыларын
орнату жөніндегі ұлттық ереже (NEC), оның ішінде 820,93-бөлім,
Коаксильді кабельдің сыртқы өткізгіш қорғанысын жерге қосу
стандартына сай жерге қосу керек.
•
Коаксильді кабельдің қорғанысы жерге қосуға арналған.
Осындай жағдайда мониторды қабырғадағы розеткадан суырыңыз және
қызмет көрсету қызметінің білікті маманына хабарласыңыз.
•
Қуат кабелі немесе аша зақымданған кезде.
•
Сұйықтық құйылса немесе мониторға зат түсіп кетсе.
•
Монитор жаңбыр не су астында қалса.
•
Монитор құласа немесе корпус зақымданса.
•
Қандай да бір құрылымдық зақымды байқасаңыз, мысалы, жарық
немесе қозғалу.
•
Монитор келесі жұмыс істеу нұсқаулары бойынша дұрыс істемесе.
Ұсынылған пайдалану
•
Оңтайлы режим үшін 20 минут қыздырып алыңыз.
•
Кемінде 5 фут қашықтықтағы нысанды фокустау арқылы көзді
тұрақты демалдырып тұрыңыз. Жиі жыпылықтатыңыз.
•
Шағылысуды азайту үшін мониторды терезеге және басқа жарық
көздеріне 90° бұрышқа қойыңыз.
•
Сұйық кристалды мониторды түксіз және жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз. Тазартуға арналған ерітіндіні немесе әйнек тазалағышты
пайдаланбаңыз!
•
Оқу мүмкіндігін жақсарту үшін монитордың жарықтығын, контрасты
мен анықтығын реттеңіз.
•
Қалдық кескін әсерін (кескіннен кейінгі әсер) болдырмас үшін ұзақ
уақыт бойы мониторда қозғалмайтын кескінді көрсетпеңіз.
•
Көру қабілетін жиі тексеріңіз.
Эргономика
Максималды эргономиялық пайданы іске асыру үшін келесі нәрселерді
ұсынамыз:
•
Стандартты сигналдармен бірге Өлшем мен Орынды алдын ала
орнату басқару элементтерін пайдаланыңыз.
•
Түсті алдын ала орнату параметрін пайдаланыңыз.
•
Реттелмеген сигналдарды пайдаланыңыз.
•
Қара фонда бастапқы көк түсті пайдаланбаңыз, өйткені бұл көруді
қиындатады және жеткіліксіз контраст себебінен көзді талдырады.
•
Экраннан шығатын шағылысулардың ауытқуын болдырмау үшін
басқарылатын жарқырайтын орталардағы көңіл көтеру мақсаттарына
жарамды.
Сұйық кристалдық тақтаны тазалау
•
Сұйық кристалдық тақтасы лас болғанда, жұмсақ матамен абайлап
сүртіңіз.
•
Сұйық кристалдық тақтаны қатты затпен сүртпеңіз.
•
Сұйық кристалдық тақта бетіне қысым түсірмеңіз.
•
OA тазалағышын пайдаланбаңыз, өйткені ол сұйық кристалдық тақта
бетіне зақым алып келіп немесе түсін өзгертуі мүмкін.
Корпусты тазалау
•
Қуат көзін ажыратыңыз
•
Корпусты жұмсақ шүберекпен ақырын сүртіңіз
•
Корпусты тазалау үшін қандай да бір жуу құралымен және
сумен шүберекті дымқылдап, корпусты сүртіңіз де, кейін құрғақ
шүберекпен сүртіңіз.
ЕСКЕРТУ:
Корпусты тазалауға бензин, ерітінді, спирт қосылған жуу
құралы, әйнек тазалағыш, балауыз, жуу ұнтағы немесе
инсектицид ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Резина немесе винил
корпусқа ұзақ уақыт бойы жабысып тұрмауы керек.
Сұйықтық пен материалдардың осы түрлері корпусты
зақымдауы, жаруы немесе бояуын кетіруі мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары, сақтау және ұсынылған пайдалану
* Сатып алған құрылғыңызда осы мүмкіндік болмауы мүмкін.