Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
31
жылдығына арналған «Сәкеннің ақындық өмірі» атты мақалалары Қайрылқанды тағы бір
қырынан таныта түскендей.
Газет бетінде жарияланған «Ән-күй туралы», «Екі өмір, екі документ», «Музей –
тарихи мұра, ғылыми орда болсын», «Аудан, колхоз сахнасын күшейтелік», «Бригада
қосын мәдениетті жолға салайық» тағы басқа мақалалары арқылы мәдениетті қолдаушы,
қорғаушы жанды көреміз. Бұл мақалалардың барлығы да 1934 – 1935 жылдарда жазылған.
Осы жылдары Шығыс Қазақстан облыстық жазушылар ұйымының басшылығымен
«Еңбек» және «Екпінді еңбек» жинағы шығып тұрған. Осы жинақта Қайрылқанның
«Сабыржан» атты үлкен поэмасы, «Жер – еңбек» атты ұзақ өлеңі жарияланған. Сол
сияқты «Мәр-мәр күйі», «Батыр Жәкет», «Барсакелмес» поэмалары да осы жылдардың
жемісі.
Осы жерде «Барсакелмес» поэмасы жайында айтылған архив дерегін келтіре кетуді
жөн санадық.
1935 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінде Шығыс Қазақстан облыстық Жазушылар
ұйымының төрағасы Уалиахметұлы Рақымның «Жас ақынға көңіл бөлінсін» атты
мақаласы жарияланды. Мақалада: «Жақында съезге арнап жазылған Қайрылқанның
«Барсакелмес» деген поэмасын басқа материалдарымен бірге өлкелік ұйымдастыру
комитетіне жібердім», – делінеді.
«Барсакелмес» Америкадағы атақты төңкерісшіл Козериалдың өмірінен алынған
поэма. Түр жағынан болсын, мазмұн жағынан болсын Асқардың «Берлин көшесінен»
артық болмаса кем жазылмаған поэма. Бөлек кітап ретінде басып шығаруға әбден
жарайтын шығарма. Егер «Барсакелмес» Ілияс, Сәкен, Тайыр, Асқарлардың қаламынан
шықса осы күні съездегі жұрт оқып отырар еді. Өйткені, олардың өздері осында, аттары
бар ақындар. Ал төменгі жерде жатқан Қайрылқанның қаламынан шығып еді, қайда
екенін білмей отырмыз», – дейді. Сөзінің соңын: «Бұлар сықылды өсіп келе жатқан
ақындар жалғыз Шығыста емес, басқа жерлерде де көп. Сондықтан бұдан былайғы күнде
бұл сықылды саладар салақтықты тастап, жас жазушыларды тәрбиелеу жұмысына
жұмыла кірісетін болуымыз керек», – деп қорытындылайды.
Бұдан біздің түйгеніміз: жаңа ғана көріне бастаған Қайрылқан, Тұрлықан,
Ахметжан,
Самат сияқты жас ақындардың қаламынан туған дүниелердің орталыққа жетпей,
«тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кеткендігі немесе жете тұра жеке жинақ етіп
басылып шықпағандығы, баспа бетін көрмегендігі өкінерлік жай.
Қанша сарыла іздегенімізбен, біз зерттеген ақындардың ішінде Самат
Нұржанұлының шығарылған екі жинағынан басқа басылып шығарылған ақындардың
жеке жинағы көзімізге түспеді. Артына осыншама мұра қалдырған ақындар еңбектерінің
пышақтың қырындай болса да жеке кітап болып басылмағандығы неліктен екен деген
күдігімізді архив деректері сейілткендей болды. Дайын жинақтардың жарық көрмей
қолды болғандықтарын айғақтап та берді.
Шығармашылығын біз қарастырып отырған ақындардың әзірге қолда бар мұрасы
онша көп емес. Оның үстіне қызыл империяның бауырында кеткен ақындар
шығармаларының ел ішінде сақталып қалғаны да көп емес. Ақындардың біз кездестіре
алмаған талай кесек туындыларының бір қалтарыста сәтті күнін сарғая күтіп, шаң басып
жатқанында еш күмән жоқ. Асыл пышақ қап түбінде ұзақ жатпайтынын ескерсек,
олардың
да ертең-ақ жарқ етіп алдымыздан шығатынына кәміл сенейік. Солақай саясаттың
құрбаны болған ақындар мұраларын жинау енді ғана қолға алынып жатқан тұста қолда
барға қанағат еткен абзал.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы. – Алматы: Жазушы, 1973. – 256 б.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
32
2. Уалиахметұлы Р. Жас ақынға көңіл бөлінсін // Қазақ әдебиеті, 1935.
РЕЗЮМЕ
Суюндикова С.Ж.,
магистр
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Творчество поэта Кайрлыкана
В данной статье рассматривается творческий путь Кайрлыкана Еркебайулы.
Талантливый поэт стал жертвой 27 лет красный империй под предлогом «сына кулака».
1337 году его арестовали как «врага народа». 1943 году он так и умер не реабилитируйся.
Ключевые слова: время, поэт,
советская империя, эра, сборник.
SUMMARY
Suindikova S.Zh., master
(city Almaty, Kazakh state women’s teacher training university)
WORKS OF KAYRLYKAN POET
The article deals with the creative way of Kayrlykan Erkebayuly. A gifted poet was a victim in
27 years red Empires under the pretext of the «sons of the fist». In 1937, he was arrested as an
«enemy of the people». 1943, he died not rehabilitate.
Keywords: period, poet, the Soviet empiere, era, collection.
UDC 821.161.1
CLOSED-OPEN OPPOSITION IN THE NOVEL OF A. PLATONOV
«HAPPY MOSCOW»
G. Sapar, master of 2
nd
course
G.A. Orynkhanova,
candidate
of phil. sciences, supervisor scientific
(Almaty, KazakhState Тeacher
Training University)
Abstract:
The main image of closed / internal space in the novel «Happy Moscow» is a
house, apartment. The
problem solution of human life’s isolation was always connected at
Platonov with motion in space, coming out of the closed world of the house into boundless open
spaces of Russia. The road leading to a boundless distance is the central image of the opened,
disconnected space in Platonov’s creative work. This image is closely connected with utopian
subject in Platonov’s creative work: the heroes set out in search of «communism» by this road,
and having been disappointed in search, come back to their «children's homeland» by this road.
In fact, the road is time space of searching the meaning of life, finding by the person himself
and the world. Mythic and poetic as well as religious ideas of life are reflected as the way which
are realized at Platonov in spatial interpretation of human life in terms of spatial movement,
being in the road, on the way.