Литература: Шишковец Т. А. Справочник социального педагога. М.: Вако, 2009. 336 с



жүктеу 56,25 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2017
өлшемі56,25 Kb.
#5270
түріЛитература


Калабаева А.Е. 

84

 



Литература: 

1.

 



Шишковец Т.А.Справочник социального педагога. - М.:ВАКО, 2009. - 336 с. 

2.

 



Апресян Р.Г. Этика // Энциклопедический словарь. – М., 2001. - 670 с. 

3.

 



Давыдов В.В. Российская педагогическая энциклопедия. – М., 1993. 

4.

 



Караковский В.А. Управление воспитательной системой школы: проблемы и решения. – 

М.: 1999. - 90 с. 

5.

 

Кудрявцев Л.Д. Современное общество и нравственность. – М., 2000. -  62 с. 



6.

 

Разум сердца: Мир нравственности в высказываниях и афоризмах. - М., 1989. - 345 с. 



7.

 

Фридман  Л.  Программа  формирования  воспитанности.//  Народное  образование,  №6, 



2002 – С. 136-141. 

 

 



 

УДК 37 

 

ҚИЫН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖƏНЕ АТА-АНАЛАРМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН 

ЖҰМЫС ЕРЕКШЕЛІГІ 

 

Калабаева А.Е. 



(Благовещенка №2 орта мектебінің психологы) 

 

 



 

Баяндама мақсаты: 

1.

 

Оқушылармен ата – аналарға жан - жақты талдау жасай отырып, мектеп, 



ұстаз, ата-ана қарым-қатынасын нығайту. 

2.

 



Əр түрлі əдіс-тəсілдер арқылы олармен өткізілетін жұмыс түрін арттыру. 

3.

 



Адамгершілік, сыйластық, инабаттылық тəрбиеге баулу. 

Адамзаттың  өмірдегі  ең  қымбаттысы,  көз  қуанышы  –  бала.  Бала–дербес 

тұлға.Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, 

мектепте, əлеуметтік ортада нəрленеді. Баланың бас ұстазы–ата–анасы. Десек те, 

бала тəрбиесіне қоғамның барлық мүшесі жауапты екені анық. 

Бала  тəрбиесі  жөнінде  Абай:  «Адамның  жақсы  болуы  тегінде  емес, 

тəрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: 

ата-анадан,  ұстазынан,  құрбысынан.  Əсіресе  олардың  қайсысын  жақсы  көрсе, 

содан көп жұғады»,-деп, осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. 

Сол кезеңде осы қағидаларды қатаң ұстаған қазақ баласын 7 жасынан бастап хат 

тануға, иманды да ибалы болуға үйрететін ұстазға оқуға берген. 

Тəрбие тəсілдері əрбір жастың жеке адам ретінде ерекшелігін ескеруге оның 

шексіз мүмкіндігін пайдалануға бағытталуы тиіс. 

Қазіргі  таңда  мектептерде  мұғалімдерді  мазалайтын  басты  мəселе  «қиын» 

балалар.  Алдымен  осы  «қиын»  оқушылар  дегеніміз  кімдер?  Олар–мектеп 

тарапынан  ерекше,  қосымша  бақылауды  талап  ететін,  тəрбиелеуге  қарсылық 

білдіретін оқушылар. Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тəртібі нашар, сабақтан 

көп  қалатын,  ұстаздардың  талабын  орындамайтын,  адамгершілік  деңгейі  төмен, 

сыныптастарымен үнемі тіл табыса алмайтын, ұжым мəселелері қызықтырмайтын 

оқушылар,  ойлау  қабілеті  кейін  қалған,  ашуланшақ  оқушыларды  қиын  балалар 

қатарына  жатқызып  жүрміз.  Баланың  қиын  мінез–құлқының  себебін  іздесек, 

көбіне  баланың  өз  отбасындағы  ата-анамен  қарым-қатысына  байланысты  екені 

анықталды. 



Қиын оқушылармен жəне ата-аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі 

85

 



Кей  оқушылар  ата-ана  тарапынан  ешқашан  жүрек    жылуын  көрмей  өсіп, 

осыған  мектептегі  өз  тобындағы  оқушылардың,  мұғалімдердің  кері  көзқарасы 

қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу жүйке ауруларына шалдықтырып, бала 

ашуланшақ,  өмірге  ызалы,  тұйық  қалыпқа  түседі.  Ата-ана  тарапынан,  мектеп 

қабырғасынан  жылылық  сезінбеген  жасөспірім  өмірде  өзін  ешкімге  қажетсіз  деп 

есептеп,  уайымға    шалдығады,  кей  жасөспірімдердің  ұйқысы  бұзылып,  түнде 

қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді. 

«Қиын» оқушыларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: 



 

Тəн  кемтарлығы жəне жан  жарақаты бар оқушылар. 



Отбасында,  мектеп  тəрбиелеуден  шет  қалған,  жеке  басын  қалыптастыруды 

сыртқы кері əсерлерден, əлеуметтік жағдайдың əсері болған жəне өтпелі кезеңнің 

күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар. 

«Қиын»  оқушылардың  өскен  ортасының,  отбасының  жай-күйін  талдағанда, 

кейде  отбасының  өзі  бала  тəрбиесіне  кері  əсер  бертіні  анықталып  отыр.  Əдетте, 

ата-аналардың бала тəрбиесінен əр түрлі себептерге сай аулақатануы да теріс əсер 

етеді  (ата-аналардың  жұмыс  басты  болуы  немесе  жеке  басының  қамымен  жүруі, 

балаларына теріс үлгі көрсетіп, келеңсіз өмір сүретін, ұзақ іс сапарда болатын ата-

аналар).  Жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы  тағы  да  бір  қолайсыз  жағдай  бала 

тəрбиесіне  ата–аналардың  əртүрлі  көзқарасы  немесе  біреуінің  бала  тəрбиесінен 

шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тəрбиеленуі салдарынан болады. 

Отбасындағы  орта  қандай  болса,  бала  сондай  болып  өседі.  Отбасындағы  жайсыз 

ахуал қандай болсын балаға ауыр əсер етеді.  

Əсердің  күші  мен  тереңдігі  балалардың  жасында,  осы  кезге  дейінгі 

тəжірибесіне, мінезіне, тəрбиесіне,тəрбиелілігіне,сезімталдығына тəуелді. Мұндай 

жағдайды болдырмау үшін ата–ана не істеу керек? 

 

Жазалау мен шектеуді шектен тыс қолданбау. 



 

Балаға жекелей ықпал жасау керектігін ұмытпау. 



 

Танымдық қызығын арттыру. 



 

Баланы ағартушылықтың көптеген түрлеріне қатыстыру, бірақ жағдайды 



үнемі бақылауды ұмытпау. 

 



Əңгімелесу, түсіндіру, бірақ бірден үлгілі мінез-құлықты талап етпеу. 

 



Өзгерістерді бала өміріне кешенді түрде енгізу. 

 



Мінез-құлқындағы кішкене болса да өзгерістерді бақылау. 

 



Бала жетістікке өзі жету арқылы бақыт пен қуанышты сезіну. 

 



Баламен əдепті сөйлесу. 

 



Балаға сену керек, əрине, бұл ең маңызды. 

«Бала тəрбиесінің ең  үлкен мектебі-əке мен шешенің қарым-қатынасы»-деп 

В.А.Сухомлинский  айтқандай,  «Ата–ана-өз  баласының  тəрбиесі  үшін  ел,  халық 

алдында жауапкер». 

Жүргізілген  зерттеулеріміздің  нəтижесі  бойынша  «қиын»  оқушылардың 

тууына итермелейтін тағы бір əсер–отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Қазір 

материалдың    байлықтың  рухани  байлықтан  жоғары  тұрған  уақытында 

жасөпірімдер арасында «анау да керек, мынау да керек» деген көрсеқызарлықтың 

əсерінен,  «өзгелерде  бар  нəрсе  менде  неге  жоқ»  деген  оймен  баланың 

көзқарасының өзгеріне əкеп соғуы мүмкін. 

Жасөспірім  бойындағы  жағымды  қасиеттерді  дамытуда  əлеуметтік–

педагогикалық,  психологиялық  əдістерді  қолданып,  тəрбиені  ерікті,  зорлықсыз 

түрде  іске  асыру  керек.  Ата–аналар  бала  тəрбиесінде  қолданатын  əдістерді 



Калабаева А.Е. 

86

 



таңдауда жиі қателеседі. Мəселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің 

жеке  басын  сыйламау,  адам  қатарына  санамау),  негіссіз  жазалау,  көп  сөз, 

қорқыту,  ұру–жасөспірімнің  қатыгез,  қатал,  ашықтан-ашық  отбасы  талабын 

орындамай,  өз  білгенің  істеуге  бейім  болып  өсуіне  əкеліп  соқтырады. 

Ымырашылдық жол–бұл, керісінше, баланың барлық талабын ойланбай орындау, 

жазаламау.  Мұнда  қолданылатын  əдіс,  негізінен,  əңгіме,  сол  арқылы  баланың 

барлық  іс-əрекеттерін  жақтау,  балаға  жалыну,  өтіну  болады.  Ондай  жеткіншек 

бойында өзімшілдік, дарашылдық, жеке басты ойлау, қоғамдық мүддеден гөрі өз 

басының  мүддессін  бірінші  орынға  қою,  өзгелердің  ойымен  санаспау,  өз  ісін 

атқаруда  өзгеге  талап  қою  əрқайсысына  əр  түрлі  қарау  да  жасөспірімнің  жеке 

тұлға  ретінде  қалыптасуына  теріс  əсерін  тигізеді.  Үнемі  ескерту  естіп,  үлкендер 

тарапынан  кеміту  қорлаудан  арылмаған  бала  өзіне  сенімсіз,  тұйық,  өзіне–өзі 

көңілі  толмайтын,  көңгіш,  келеңсіз  болып  қалыптасады.  Қиын  жасөспіріммен 

жұмыс істегенде, сынып жетекшісі мен мұғалімдер оны жеке тұлға ретінде танып, 

біліп қана қоймай, мынадай үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет: 

 



Бұрынғысы; 

 



Қазіргісі; 

 



Болашағы. 

Оқушының 

мінез–құқының 

ерекшеліктерін 

анықтау 

барысында 

төмендегілерге көңіл бөлгенміз жөн: 

 



Оқушының тəртібін сабақ үстінде жəне сабақтан тыс кезеңде бақылау; 

 



Оның  қызметін  талдау  (əр  пəн  бойынша  дəптерін,  бақылау  жұмыстары, 

шығармалары, т.б.); 

 

Оқушыдан  оны  не  қызықтырады  жəне  жақсы  көретін  сабақтарын 



жөнінде əңгімелесу; 

 



Достарымен, ата–анасымен əңгіме жүргізу. 

Жазалау  мен көтермелеу  əдістерін қатар қолдану–педогогтің негізгі құралы 

болуы тиіс. Таңдап алынған əдіс–тəсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, 

мінезін  жақсы  жаққа  өзгертуі  тиіс.  Орынды  қолданылған  əдіс–тəсілдер  оқу–

тəрбие  жүйесінің  деңгейін  көтеріп,  қиын  оқушы  мен  педагог  қарым–қатынас 

жақсартатыны сөзсіз. 

Ата–аналарға қандай талап қойылады? 

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата–анаға байланысты екенін 

талдадық,  соның  ішінде  білім  негізі–стандарт  талаптарын  орындау,  ал  стандарт 

талаптарын  орындау–күнделікті  дайындық  пен  қатемен  жұмыс  жасау  арқылы 

жүзеге  асады,  қатемен  жұмыс  кезінде  оқушыға  мұғалім  мен  ата–ана  көмегі, 

қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.  

«Тек  қана  ата–аналармен  бірге,  жалпы  күш–жігерді  біріктіру  арқасында 

мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беру мүмкін» деген ұлы ғұламалар.  

Олай болса осы талаптарды орындау кімге жүктеледі. Стандарт талаптарын 

орындау  кімге  жүктеледі?  Осыған  жүгінсек  –  ата  –  анамен  істелетін  жұмыстың 

сапалылығы.  Ол  үшін  ата–аналарды  əртүрлі  ерекшелікутеріне  қарай  топтарға 

бөліп алу қажет. 

Мектепте  жүргізілген  тест  қорытындысы  бойынша  ата–ана  мен  баланың 

бірін–бірі қаншалықты жақсы білетіндігі анықталды.  

Баласын  үнемі  қадағалап  ,  бағыт–бағдар  беруді  мақсат  тұтатын  ата–аналар 

жауабы  дəл  келіп  ,  ал  тəрбиеге  жауапсыз  қарайтын  ата–аналар  жауаптары  бала 

жауабымен үлеспей тұрды. Оны мынадай түрде талдауға болады. 



Қиын оқушылармен жəне ата-аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі 

87

 



Осындай  шаралардан  соң  қиын  баламен  де  жалпы  сынып  оқушыларымен 

жұмыс атқару жалпының ісі екені сөзсіз.  

Осыған  байланысты  өз  сынбында  өткізген  «Баланың  бас  ұстазы–ата–ана» 

атты жиылысындағы бірнеше элементтерді сіздермен өткізбекпін. 

1.

 

Педагогикалық ойын. (2минут ішінде жазып оқу). 



1 топ: Мақтау сөздерін жазу. 

2 топ: Ұрсу сөздерін жазу. 

2.

 

Педагогикалық сұрақ.( Балаға мақтау сөздер айтып, 2–ден жарысады). 



Сіздің баланыз сізді қатты қуантты? 

Сіз не айтасыз? 

Қалай қолдайсыз? 

3.

 



Ата–ана пікір ойыны.(Төмендегі кестедегі ойдың қайсысымен келісесіз?) 

Бала тəртіпсіздік жасай қалса, төмен баға алып келсе ата–ана не істейді? 

Ештеңе сатып алмайсың!   

Неге оқымайсың? 

Ақылсызсың!  

 

Қолыңнан ештеңн кемейді. 



Ұятқа қалдырасың!   

Енді ешқайда бармайсың! 

Ата–аналар  жиналысында  жас  ұрпақ  тəрбиесіне  байланысты  мынандай 

сұрақтар қойдым: 

1.Баланың еркін тəрбиелеген дұрыс па?, əлде қатаң тəрбиелеген дұрыс па? 

2.Сіз қандай ата–анасыз? 

3.Қайтсек ұлымыз–ұлағатты, қызымыз инабаты болады? 

4.Отбасыңызда ұлттық салт–дəстүріңізді қалай насихатсыз? 

5.Балаңыздың қандай баламен дос болғаның қалайсыз? 

Қорытындылай  келсек,  бала,  ата–ана  жəне  мектеп  осы  үш  бірлік  бірлесе 

жұмыс атқарғанда ғана нəтежеге қол жеткізе аламыз. 

Мектептегі  оқу–тəрбие  жұмысың  осылай  ата–анамен  бірлескен  əрекеттер 

негізінде құру–білімнің жаңа түріне көшуге əзірлік ретінде оқыту үрдісінде жаңа 

құрлымның түзіліуіне негіз болды 

Қазіргі құрылым: 

 



Өзін–өзі тани білу; 

 



Сенім почтасы(көкейінде жүрген сұрақтармен бөлісу); 

 



Үйлестіру кеңесі  

 



сұрақтарға жауап береді. 

Осындай  жұмыстар  бала  тəрбиесіндегі  жетекші  рөл  ата–ана  екеніне  көз 

жеткізеді. 

Ата–ана жұмысын былайша ұйымдастырудан қандай нəтиже алдық? 

1.Ата–ана  өзін  мазалап  жүрген  сұрақтарына  мұғаліммен  бірге  жауап  таба 

білді. 


2.Жаттанды білім алу мен бірлесе оқудың айырмашылығын білді. 

3.Жантану  ерекшеліктері,  қабілеттерінің  əр  түрлі  болатыны  туралы  ата–

ананың əуел өзін тануы туралы мағлұмат берілді.  

4.Мектепке, педаготарға деген сенімі күшейді. 

5.Тəрбие  шараларын  өздерінің  өткізуі  (тəрбие  сағаттары,  мұражайға  бару, 

серуенге  шығу,  шырша  тойы,  сынып  бөлмесін  безендіру,  қосымша  əдебиеттер, 

ақпараттар əкелу). 

6.Тікелей  жұмысына  араласуы  арқылы  ата–ананың  педагогикалық–

психологиялық тақырыпқа қызығушылығы оянды. 

7.Ата–ананың жиналысқа қатысуы, белсенділік деңгейінің өсуі байқалды. 



жүктеу 56,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау