Ескерту:ЖБП– Жалпыбілімберетінпәндер; ЖГП– Жалпыгуманитарлықпәндер; ӘЭП- Әлеуметтік-экономикалықпәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралықаттестаттау; ҚА – қорытындыаттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтіксабақтар.
*Семестр бойынша бөлу оқыту формасына, мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы «____»___________
№_____ бұйрығына 59-қосымша
«0405000-Хор дирижеры»мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклы және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (орта буын маманы)
Циклдің (пәннің) индексы
|
Пәндердің, практикалардың атаулары мен негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар
|
Қалыптасатын
құзыреттер коды
|
ЖБП.00
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
ЖГП.00
|
Жалпыгуманитарлық пәндер
|
ЖГП.01
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Мамандықтары бойыншакәсіби қарым- қатынас жасау үшін қажетті лексика- грамматикалық материалдар (1200-1400 лексикалық бірлік); кәсіпке байланысты мәтіндерді аудару техникасы; кәсіби қарым- қатынас.
|
Білімдер:
- кәсіби терминологияны;
- қазақ (орыс) тілі жүйесін және қарым-қатынас жасау тілдік құралдарының ережелерін;
Іскерліктер:
- аударма жасау техникасын білу;
- сөздіксіз ауызша және жазбаша бағдарламалық тілдік материал аясында аударма жасау;
|
БҚ 6
|
ЖГП.02
|
Кәсіби шетел тілі
Мамандықтары бойыншакәсіби қарым- қатынас жасау үшін қажетті лексика- грамматикалық материалдар (1200-1400 лексикалық бірлік); кәсіпке байланыстымәтіндерді аудару техникасы; кәсіби қарым- қатынас.
|
Білімдер:
- кәсіби териминологияны;
- шет тілінің жүйесін және қарым-қатынас жасау тілдік құралдарын пайдалану ережелерін;
Іскерліктер:
- аударма жасау техникасын меңгерген;
- аудармасыз, ауызша және жазбаша бағдарламалық тілдік материал аясында аударма жасау.
|
БҚ 6
|
ЖГП.03
|
Дене тәрбиесі (ритмика)
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене шынықтырудың ролі.
Тұлғаның дене шынықтыру және жан-жақты дамуының негіздері.Кәсіби қолданбалы дене шынықтыру.
Қимыл үйлестігін, болашақ кәсіби артистік қызметке қажетті дене мүшесінің икемдігі мен дене мүсінінің сұлулығын қалыптастыруға арналған ырғақтық гимнастика сабағы.
|
Білімдер:
- дене шынықтырудың адамның жалпы мәдени, кәсіби және әлеуметтік дамуындағы рөлі жайлы;
- салауатты өмір салтының негіздерін;
Іскерліктер:
- денені шынықтыру және сауықтыру қызметті денсаулықты нығайту, өмірлік және кәсіби мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалану.
|
БК 12
|
ӘЭП.00
|
Әлеуметтік-экономикалық пәндер
|
ӘЭП.01
|
Мәдениеттану
Мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі. Мәдениет теориясы. Мәдениеттің қалыптасуы мен дамуы. Мәдениет туралы көне және орта ғасырлық түсінік. Ренессанс кезеңіндегі мәдениет. Капитализм құндылығындағы жүйелер.;
Өз халқының мәдени- тарихи құндылықтарын тану, ұлттардың жалпы адамзаттық мәдениетке жетуі. Қазақстан мәдениетінің даму кезеңдері. Орта ғасырдағы Қазақстан халықтарының мәдениеті, оның салт-дәстүрі халықтың қөркем өнері. Қазіргі Қазақстан мәдениеті.
|
Білімдер:
- тақырыптар бойынша материал: қоғам және мәдениет, мәдениет және өркениет, мәдениеттің дамуы, дәстүрлер, жалғастық, жаңашылдық. Мәдениеттегі ұлттық және жалпы адамзаттық.
- өз халқының, ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарыy, жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерімен үндестікті;
- қазақстан мәдениетінің даму кезеңдерін, көнеден қазіргі заманға дейін мәдениеттің дамуын;
Іскерліктер:
- мәдениеттану ұғымдарын еркін пайдалана білу;
- материалдық және рухани мәдениеттің ерекшеліктерін түсіндіре алу.
|
БҚ 9
|
ӘЭП. 02
|
Философия негіздері
Философия пәні, дүниежүзілік философиялық ойлардың рухани негіздері; адам табиғаты мен оның тіршілігі;
Адам және Құдай; адам және космос; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның бостандығы мен жауапкершілігі, адамзаттық таным мен қызметі; ғылым мен оның ролі; адамзат жаһандық кең мәселелердің қарсаңында.
|
Білімдер:
- әлем туралы философиялық, ғылыми және діни көзқарастар, адам өмірінің мәні туралы;
- ғылым мен ғылыми танымның рөлі туралы, оның құрылымы, формалары және этикалық мәселелері туралы;
-адам мен қоғам өміріндегі философияның рөлін;
- философиялық білімнің болмыс туралы негіздерін;
- таным процесінің мәнін;
- әлем туралы ғылыми, философиялық және діни көзқарастардың негізін;
- тұлғаның қалыптасу жағдайларын;
- өмірді, мәдениетті, қоршаған ортаны сақтауға қатысты жауапкершілік пен ерік туралы ұғымдарды;
- ғылым, техника және технологиялардың дамуы мен жетістіктерін пайдаланумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді;
Іскерліктер:
- адамның биологиялық, әлеуметтік және дене тәрбиесі, рухани бастаулардағы мінез-құлқын анықтау;
- адамның ой-санасының, саналы, санасыз жүріс тұрысының мәнін талдау;
- қоғамдағы адамдармен арадағы адамгершілік қарым-қатынастарды реттеу;
- болмыстың, таным, құндылықтар, еркіндік және өмірдің мәніндегі жалпы мәселелерін қарастыру, олардың азаматтық және болашақ маманның мәдениетін қалыптастыру;
|
БК 9
|
ӘЭП.03
|
Әлеуметтану және саясаттану негіздері
Саясат және қазіргі қоғамдағы саясаттың рөлі. Саясат және саясаттану, шетелдік әлеуметтік саяси ойдың дамуы және пайда болу кезеңдері, оның идеялары мен теорияларының өзгерістері мен тегі туралы жүйелі түсінік. Әлеуметтік топтар және оның саясаттағы рөлі. Саяси билік жүйесі, пайда болуы, саяси мәдениет және оның компоненттерінің ерекшеліктері. Халықаралық қатынастар және ішкі саясат. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде. Оның даму жолындағы жаһандық мәселелері. Саяси әлеуметтанудың функциялары. Әлеуметтік концепциялар. Шағын орталарда әлеуметтік талдау; әлеуметтік процестер, институттар, ұйымдар. Әлеуметтік сұрақ жүргізу әдістері.
|
Білімдер:
- әлеуметтану ұғымы;
- қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның критерийлерін;
- әлеуметтану зерттеулерінің түрлерін;
- саясаттанудың ғылым және оқу пәні ретінде түсінігінің болуы;
- саяси билік туралы ұғымды;
- азаматтардың негізгі саяси құқықтарын;
- негізгі халықаралық ұйымдарды;
- халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін;
- қазіргі заманғы глобалдық мәселелерді;
Іскерліктер:
- биліктің мәнін, саяси тұлғаларды анықтау;
- Қазақстандағы, әлемдегі жалпы саяси қарым-қатынастар мен процесстерді түсініп, өз мамандық аясында қолдана білу;
- саяси жүйелер туралы көзқарас қалыптастыру.
|
БҚ 8
|
ӘЭП.04
|
Экономика негіздері
Экономикалық теория тарихи жобада. Жекеменшік түрлері мен формалары; Нарықтың пайда болуы және дамуы. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту негіздері. Сұраныс, ұсыныс, нарықтық баға. Кәсіпкерлік және жеке еңбек қызметі. Кіріс, қосымша кіріс. Экономиканы мемлекеттік жүргізу түрлері. Ұлттық және әлемдік валюта жүйесі.
|
Білімдер:
- экономикалық теорияның жалпы ережелерін;
- меншіктің формалары мен түрлерін;
- Қазақстанның нарық жүйесінің қалыптасуын;
- кәсіпкерлік формаларын;
Іскерліктер:
- экономикалық ақпаратты тауып, пайдалана білу;
- экономикалық терминдер мен ұғымдарды ажырата білу; -экономика әлемінде бағдар таба білу.
|
БҚ 11
|
ӘЭП. 05
|
Құқық негіздері
Құқық, түсінік, жүйе, деректеме. Қазақстан Республикасының Конституциясы
- құқық жүйесінің түйіні.
-Адам құқығының жалпы декларациясы. Тұлға, құқық, құқықтық мемлекет. Заңгерлік жауаптылық және оның түрлері . Құқықтың негізгі тармақтары, Қазақстан Республикасының соттық жүйесі, құқыққорғау ұйымдары.
|
Білімдер:
- адам мен азаматтың құқы мен еркі, олардың жүзеге асу механизмдерін;
- кәсіби қызмет аясындағы құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды;
Іскерліктер:
- маманның кәсіби қызметін реттейтін нормативті-құқықтық құжаттарды пайдалану.
|
БҚ 8
|
ЖКП. 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП. 01
|
Музыкалық педагогика мен психология негіздері
Психология нысаны.
Тұлға туралы түсінік. Жалпы психология мәселелері.
Жас жеткіншектер психологиясы мәселелері. Педагогика негіздері. Педагогика , оның нысаны.
Музыкалық педагогика. Оқу процесі, оның негізгі принциптері, түрлері, әдістемелері мен құралдары.
Балалар музыкалық мектебіндегі оқу жүйесі.
|
Білімдер:
- музыкалық психология мен музыкалық педагогиканың қалыптасу тарихы мен дамуын;
- музыкалық педагогика мен музыкалық педагогиканың психологиялық-педагогикалық ғылым жүйесінде алатын орны және олардың қолдану маңыздылығын;
- музыкалық педагогика мен психологияның қазіргі заманғы принциптерінің негізінде жатқан концепциялары мен бағыттарын;
- қазіргі кезеңдегі ғылымдардың негізгі даму бағыттарын; музыкалық білім берудің парадигмаларын;
- қазіргі заманғы музыкалық білім беру мен музыкалық мәдениеттің өзекті мәселелерін;
- педагогика мен психологияның ерекшеліктеріне қарай өзгеру сипатын;
- балалар музыка мектептерінде балалармен жұмыс жасау ерекшеліктерін;
- музыкалық дәрістерді ұйымдастырудың негізгі принциптарын, формалары мен әдістерін.
Іскерліктер:
- музыкалық білім беру саласындағы психология-педагогикалық концепцияларды еркін пайдалану;
- музыкалық педагогика мен психология саласынан алған теориялық білімін тәжірибеде қолдану;
- қазіргі заманғы талаптарға сай музыкалық-педагогикалық процесті толығымен ұйымдастыру;
- музыкалық қабілеттерді анықтаудың тестілік әдістерін пайдалану, психикалық процестер мен қалыптардың даму деңгейін анықтау.
|
БҚ 3,4, 5
КҚ 3.1.1
КҚ3.1.2
|
ЖКП. 02
|
Музыка теориясы (топтық)
Секвенция ойнау. Жүйеліктер ойнау (сатылы, интервалды, аккордты). Аккордтардың бар мүмкін ладтар мен үндестіктерге шешілуі. Жазба тапсырмалары. Музыкалық шығармаларды талдау.
|
Білімдер:
- тоналды, модальды дыбыс тізбектерін, диатоникалық, хроматикалық аралықтарды, аккордтарды (үш үндіктер, септаккордтар мен нонаккордтар), құру принциптерін, мажорлық және минорлық тоналдықтардың ара-қатынастарын;
- хор партитураларының музыкалық материалық фактуралық баяндау түрлерін;
- вокалдық және аспаптық музыканы қарапайым және күрделі өлшемдерде топтаудың принциптарын.
Іскерліктер:
- клавиатурада кез келген октавада, кез-келген «соль», «фа», «до» кілттерінде еркін әрекет ете білу;
- тоналдық жоспарды, хроматикалық, диатоникалық, аккордтық, аккордтық емес дыбыстарды, шағын музыкалық үзіндінің формасын анықтай алу;
- вокалдық және музыкалық музыканы қарапайым және күрделі өлшемдерде топтастыра білу;
-тасымалдауды барлық тәсілдер арқылы жасай алу;
- танымал әуенді дауыспен және сүйемелдеу арқылы айту.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
|
ЖКП. 03
|
Теория, гармония (жекеше)
Секвенция ойнау.
Жүйеліктер ойнау (сатылы, интервалды, аккордты ).
Аккордтардың бар мүмкін лад пен үндестіліктерге шешілуі.
Жазба тапсырмалары. Музыкалық шығармаларды талдау.
|
Білімдер:
- музыкалық ойлау, музыкалық қабылдау, ладтық сезіну, ішкі есту қабілетін ырғақтық тәрбиелеу, форманы сезіне білу тәсілдерін дамыту және тәрбиелей білу;
- түрлі есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстардың түрлері мен жаттығуларын;
-парақтан оқудың көркемдік элементтерін (жылдамдық-метр-ырғақ, динамика, артикуляция, фразировка);
- дирижерлерге олардың болашақ қызметіне қажетті арнайы есту және әншілік тәсілдерді.
Іскерліктер:
- ноталық мәтінге музыкалық шығармадағы көркемдік құралдардың рөлін түсіндіру арқылы қарапайым талдау жасай білу;
- барлық тәсілдерді қолдана отырып тасымалдау жасау;
- оқытушының нақты тапсырмалары бойынша сегіз такті көлемінде қысқа және модельдік құрылымдар шығара білу;
- музыкалық тілдің клавиатура және жазба түрдегі қарапайым үлгілерін меңгеру;
- бір дауысты әуендерге сүйемелдеуді таңдай білу;
- әуендерге төрт дауысты-гармониялық фактурада фортепианода және жазбаша түрде гармония жасай білу.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
|
ЖКП. 04
|
Гармония (топтық)
Классикалық гармонияның ең маңызды заңдылықтарын зерттеу. Музыкадаға гармонияның функциялары (құрылымдық, композициялық, фондық, функциялық, ладтық). Функционалдық, аккордтардың функционалдық жүйесі, гармоникалық оралымдар.
Гармоникалық әуен және бас.
Толық функционалдық жүйе. Хроматикалық жүйе: ауытқулар, 1-2 дәрежелі жақындықты үндестіліктер және алыс үндестілерге модуляциялар. Аккордқа жатпайтын дыбыстар. Органдық пункт. Мажорлы-минорлы және минорлы-мажорды жүйелер, Эллипсис.
Энгармоникалық модуляция. Гармония тарихына шолу жасау.
|
Білімдер:
- бағдарламалық көлемде классикалық гармонияны ұйымдастырудың теориялық негіздері (бірінші дәрежедегі туыстық модуляциясын ескергенде);
- әуен мен басты гармониялаудың негізгі ережелері;
- классикалық және романтикалық гармонияның маңызды заңдылықтары;
-гармонияның көркемдік және форма түзуші мүмкіндіктері.
Іскерліктер:
-музыкалық материалға ладтық жүйе, дыбыс тізбегінің ерекшелігі (диатоникалық, хроматикалық ладтар, ауытқулар мен модуляция) тұрғысынан, гармониялық жүйе (гармонияның модальдық және функционалдық жағы), материалдың фактуралық баяндалуы (фактуралардың түрі), музыкалық материалды баяндау типтері, модальдық типтер жағынан талдау жасау;
- гармониялық құралдарға музыкалық шығарманың мазмұнына қарай мінездеме беру;
- үйренетін құралдарды фортепианоға арналған жаттығуларда қолдану, аккордтарды түрлі әуендік қалыптарда дауыстардың кең және тар орналасуында, каданстардың барлық түрлерінде, гармониялық айналымдарда, диатоникалық және хроматикалық секвенцияда, бірінші дәрежедегі туыстық тоналдықтағы модуляцияларда шағын модуляциялық формула және период түрінде қолданады;
- үйренетін құралдарды гармониялауға арналған жазба тапсырмаларда қолданады.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.3
КҚ3.1.4
|
ЖКП. 05
|
Сольфеджио
Курс негізі – музыкалық есту қабілетін дамыту. Гармония, музыка теориясы курсында алған білімдерін тәжірибелі түрде қолдану:
-интонациялау және естуін анықтау;
- парақ бетінен оқи білу;
- бір дауыстан 4 дауысты музыкалық диктант жазу техникасын дамыту.
|
Білімдер:
- музыка теориясының негізі туралы.
Іскерліктер:
-бір дауысты-төрт дауысты музыкалық мысалдарды сольфеджио жасау;
- бір дауысты екі, үш, төрт дауысты хор партитураларындай дыбыстық сапты камертон бойынша нақты ұстау арқылы сольфеджио жасау;
- музыкалық мысалдың жанрына байланысты қосымша дауыстар немесе қосалқы дауыстарды ойдан шығара білу;
-музыкалық құрылымдарды бағдарламалық талаптарға сай жаза білу, сонымен қатар шағын хор партитураларын алдын ала талдау жасай отырып ойша жаза білу;
-полифониялық жанрлармен қоса, түрлі стиль, жанрлардағы әуендерді гармониялау;
- туыстас тоналдықтарға ауытқыған немесе модуляцияға ұшыраған сатылық, аралық, аккордтық тізбектерді ести, әндете, талдай білу;
- ұсынылған мелодиялық немесе гармониялық бөлікті аяғына дейін жеткізу;
- музыка тілінің қарапайым машықтарын клавиатура және жазуда қолдана білу, музыкалық шығармаға теориялық талдау жасай білу;
|
БҚ 3
КҚ 3.1.3
|
ЖКП. 06
|
Қазақ музыка әдебиеті және фольклор
Дәстүрлі ауызекі кәсіби өнер; аймақтық мектептер(әндік және аспаптық);
Дәстүрлі жазба кәсіби музыкасының қалыптасуы;
Қазақстан композиторларының шығармалары
(Е. Брусиловский, А. Жұбанов, Л. Хамиди,
М. Төлебаев және т.б.).
Қазақстан композиторларының шығармашылық негізгі жанрлары;
Қазақстанның қазіргі музыкалық мәдениеті мен композиторлардың шығармалары.
|
Білімдер:
- қазақ халқының бай мұрасы-көне тұрмыс -салттық ән және аспаптық фольклордың бір бөлігі, сонымен қатар ХХ-ХХІ ғасырдағы кәсіби композиторлық музыкасын;
- қазақ музыкасының негізгі даму кезеңдерін;
-ежелгі музыкалық өнер және музыкалық тілдің арнайы элементтерінің дамуы;
- 20 ғасырдың музыкалық өнері-өзекті мәселелер, даму тенденциялары;
- тарихи кезеңге бөлу және отандық фольклордың жанрлық жүйесі;
- халық шығармашылығын зерттеудің әдістемесі; -фольклордың синкретикалық формасын;
- халықтық және композиторлардың әндері мен күйлерін білу және ажырата білу;
-аймақтық әншілік және аспаптық мектептердің сильдік ерекшеліктері;
- қазақ музыка мәдениетінің негізгі тарихи даму кезеңдері, негізгі бағыттар, стильдер мен жанрлар;
- ұлттық композиторлық мектептердің құрылуы;
- қазақ композиторларының шығармашылық өмірбаяндары;
-бағдарламаға енген симфониялық, камералық- вокалдық, камералық-аспаптық және өзге де жанрлардың үлгілерін білу.
Іскерліктер:
- ноталық мәтін және әдебиетпен жұмыс жасай білу;
- білімін жазба және ауызша түрде кәсіби тұрғыдан сауатты жеткізе білу;
-аймақтық мектептер мен кәсіби композиторлардың жеке- стильдік сипаттарын ажырата білу;
-музыка мәдениетінің бүкіл кезеңіндегі қазақ композиторларының шығармаларын тани, әрі талдау жасай білу;
- қазақ музыка әдебиетіне жататын әдебиеттерді ойнау, берілген тақырыптар бойынша рефераттар жазу.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.2
КҚ3.1.4
|
ЖКП. 07
|
Дүниежүзілік музыка әдебиеті
І тарау. Шетел әдебиеті. Музыка өнер түрі ретінде және оның мәнерлік жүйелері. Музыканың негізгі жанрлары.
Классикалық музыка өнерінің әр алуан жанрларының дамуы мен қалыптасуы (театрлық, вокал-хорлық, симфониялық және камера-аспаптық жанрлары). Музыка өнерінің эволюциясы; көркемдік ағымдар- барокко, классицизм, романтизм,империализм.
Оқушылардың жалпы эстетикалық және музыкалық дамуын есепке ала отыра И. Бахтан М. Равельге дейінгі композиторлардың шығармалары.
ІІ тарау. Орыс музыка әдебиеті М. Глинкадан И. Стравинскийге дейін.
Опералық , симфониялық, вокал-хорлық негізгі шығармалары: шығармашылық ұйымдар, тарихи және көркемдік кескіндемелер.
ІІІ тарау: ХХ ғасырдың музыка (К. Орф, А. Оннегер, М. Де Фалья, Б. Барток, Б. Бриттен, Гершвин) және кеңес музыкасы (С. Прокофьев, Д. Шостакович, Г. Свиридов, В. Гаврилин, Р. Щедрин).
|
Білімдер:
- музыка өнерінің мәдениет жүйесіндегі рөлі мен маңызы туралы;
-музыка мәдениетінің негізгі тарихи даму кезеңдері, негізгі бағыттары, стильдері мен жанрлары;
- отандық және шет елдік музыканың ежелгі музыкалық өнерден антик дәуіріне дейінгі, одан соң қазіргі заманғы, сонымен қатар, ХХ-ХХІ ғғ. музыка өнеріне дейінгі негізгі даму кезеңдері;
- ұлттық дәстүрлердің ерекшеліктері, музыканың фольклорлық бастаулары;
- орыс және шет елдік атақты композиторлардың шығармашылық өмірбаяндары;
-музыка өнерінің симфониялық, опералық, камералық-вокалдық, камералық- аспаптық және өзге де жанрларының бағдарламалық минимумын; (есту арқылы елестету, ноталық мәтін);
- музыкалық шығарма негізінде музыкалық өнердің теориялық негіздері;
-музыкалық тілдің элементтері, форматүзудің принциптері, гармониялық дамудың ерекшеліктері, гармонияның көркемдік және форматүзуші мүмкіндіктері;
Іскерліктер:
- түрлі музыкалық бағыттар, стильдер мен жанрларға жататын шығармаларды ажырата білу;
-музыкалық шығармаға теориялық және орындаушылық талдау жасай білу;
- музыкалық шығарманың мазмұнындағы көркемдік құралдарға сипаттама беру;
-бейтаныс музыкалық шығармаға төмендегідей талаптар бойынша талдау жасау: стильдік ерекшеліктер, жанрлық белгілер, формақұрушы ерекшеліктер, фактуралық, метр-ырғақты, ладтық ерекшеліктер;
-музыкалық шығарманың түрлі басылымдарына салыстырмалы талдау жасай білу;
- дыбыс жазу аппаратурасымен жұмыс жасай білу.
|
БҚ 3
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.4
|
ЖКП. 08
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |