Ескерту: ЖБП – жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП – әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер;АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымы анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар
*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқа байланысты өзгертіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы «____»___________
№_____ бұйрығына 42- қосымша
0108000 «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы).
Циклдің белгіленуі
|
Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар
|
Қалыптасатын құзырет коды
|
ЖГП 00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП 01
|
Кәсіптік қазақ (орыс) тілі
Қазақ (орыс) тілінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі. Тіл дамыту. Мамандық бойынша сөздіктер. Кәсіптік бағыттағы мәтіндерді аудару техникасы (сөздікпен). Кәсіптік қатынас.
|
Білімдер:
кәсіптік бағыттағы қазақ (орыс) тіліндегі мәтіндерді оқу мен аударуға (сөздікпен) қажетті лексикалық және грамматикалық минимум.
Іскерліктер:
- қазақ және орыс тілдерінде қарапайым қарым-қатынас жасау;
- сауатты сөйлеу; әңгімелесуді қалыптастыру; әдебиетті жүгірте және мәнерлеп оқу;
- терминдерді дұрыс қолдану;
- кәсіптік тақырыптарды сөйлесу.
|
БҚ 1.-
БҚ 12.
|
ЖГП 02
|
Кәсіптік шет тілі
Орта (толық) білім бағдарламасының лексикалық-грамматикалық материалы. Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық байламдар мен терминдер. Кәсіптік-бағыттағы мәтіндерді аудару техникасы (сөздікпен). Кәсіптік қатынас.
|
Білімдер:
- кәсіптік бағыттағы шет тілінің мәтінін оқуға және аударуға (сөздікпен) қажетті лексикалық және грамматикалық минимум.
Іскерліктер:
- шет тілінде қарапайым қарым-қатынас жасау;
- сауатты сөйлеу; әңгімелесуді қалыптастыру; әдебиетті жүгірте және мәнерлеп оқу;
- терминдерді дұрыс қолдану;
- кәсіптік тақырыптарды сөйлесу.
|
БҚ 1.-
БҚ 12.
|
ЖГП 03
|
Дене шынықтыру, ритмика хореография негіздерімен
Мамандар дайындаудағы, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене шынықтырудың ролі. Дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психологиялық-физиологиялық негіздері. Музыкалық-ритмикалық іскерліктер мен дағдылар. Музыкалық шығарманың сипаты, оның қарқыны мен динамикалық реңі. Музыкалық қимылдың формасы. Метроритм, оның мәнерлі мәні және қимылдағы бейнесі.
|
Білімдер:
- дене шынықтыру мен салауатты өмір салтының негіздері;
- халықтық және ырғақты би негіздері туралы;
- музыканы қабылдау негізінде мәнерлі, координациялық қимылдар.
Іскерліктер:
- спорттық-дене шынықтыру іс-әрекетін денсаулықты шынықтыру, өмірлік және кәсіптік мақсаттарға жету үшін, дене шынықтырудағы өз орнын анықтау үшін пайдалану;
- өз бетінше қарапайым билер мен би комбинацияларын, әнге сахналау құрастыру.
|
БҚ 1.-
БҚ12.
|
ЖКП 00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Психология
Психология пәні, зерттеу әдістері мен міндеттері. Ми және психология. Сана психикалық бейненің жоғарғы формасы. Іс-әрекет және жеке адам. Топтағы қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынас. Психикалық танымдық процестер. Эмоционалды еркін процестер мен қалып. Жеке адамның өзіндік ерекшеліктері. Жас ерекшелік психологиясы негіздері. Жас ерекшелік түсінігі. Жас ерекшелік кезеңдерін сипаттау (мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта және жоғары мектеп жасындағылар). Педагогикалық психология негіздері. Оқыту үрдісінің құрылысы, компоненттері, заңдылықтары. Тәрбие психологиясы және оның заңдылықтары туралы түсінік. Педагогикалық қабілет, шеберлік, дағды. Оқу-тәрбие үрдісіндегі басқару стилі туралы түсінік.
|
Білімдер:
- психологиялық терминдер мен түсініктер;
- психология пәні, оның міндеттері, салалары, зерттеу әдістері;
- психикалық әрекеттің құрылымы;
- негізгі психикалық танымдық үрдістер;
- олардың ағынды заңдылықтары, оларды оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде қолданудың мәні мен іскерлігі;
- әр түрлі жастағы балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері.
Іскерліктері:
- музыка сабағында білім алушылардың шығармашылық дамуын жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастыру;
- психологиялық зерттеудің және диагностиканың әдістерін игеру;
- өздігінен даму бойынша жұмыс ұйымдастыру.
|
БҚ 6
БҚ 7
БҚ 8
БҚ 9
БҚ12
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.14
КҚ 3.1.15
КҚ 3.1.16
|
ЖКП 02
|
Педагогика
Жалпы педагогика негіздері. Педагогикалық ойдың тарихи дамуы. Қазақстандағы педагогикалық ой. Білім жүйесі туралы негізгі түсініктер. Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Оқыту теориясы (оқыту принциптері, әдістері, мазмұны). Оқу жұмысын ұйымдастыру формасы. Білімді, біліктілікті, дағдыны тексеру. Тәрбие теориясы (тәрбие принциптері мен әдістері. Қазіргі кездегі тәрбие міндеттері мен мақсаттары. Коллективтің қалыптасуы және оның жеке адамға әсері. Ғылыми көзқарас негізін қалыптастыру, рухани тәрбие. Еңбек тәрбиесі. Дене тәр-биесі. Эстетикалық тәрбие. Жанұя тәрбиесі. Тәрбие жұмысының мазмұны мен тәсілдері. Педагогикалық шеберлік және оның педагогикалық қызметтегі мәні. Білімді басқару. Озат педагогикалық тәжірибелер.
|
Білімдер:
- оқу мен тәрбие теориясы;
- негізгі педагогикалық түсініктер мен терминдер;
- білім беру саласындағы негізгі заңнамалық актілер.
Іскерліктер:
- кешенді әдіс тұрғысынан нақты оқу-тәрбиелік міндеттерді орындау;
- педагогикалық ғылымның қазіргі заманғы жетістіктерін пайдалану;
- халықтық және қазіргі заманғы педагогиканың идеяларын пайдалану.
|
БҚ4
БҚ 6
БҚ 7
БҚ 8
БҚ 9
БҚ 12
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.14
КҚ 3.1.15
КҚ 2.1.16
КҚ 3.1.17
КҚ 3.1.18
КҚ 3.1.19
КҚ 3.1.20
|
ЖКП 03
|
Этнопедагогика
Халық педагогикасы ұжымдық халық шығармашылығының құрамды бөлігі ретінде, көпшілік мәдениетті көрінісі ретінде. Авиценна, Беруни, Аль-Фараби, В.Г.Белинский, Н.Г Чернышевский, К.Д.Ушинский халықтың педагогикалық ұлылығы туралы. Ағартушылық идеялар мен халық педагогикасы. Халық педагогикасының мәні, мақсаты, міндеттері, оның өзіне тән ерекшеліктері. Халық педагогикасының ескерткіші педагогикалық шындықтың жинағы ретінде. Дидактикалық принциптердің халық ауыз шығармашылығында көрініс беруі. Халық педагогикасының миниатюрасы ретіндегі мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар. Халық өмірінің оқулығы ретіндегі ертегілер, дастандар, эпостар. Халық педагогикасындағы тәрбие әдістері, мазмұны, тәсілдері, құралдары. Жеке адамның қалыптасуы мен тәрбиесі туралы халықтық түсінік. Жас ұрпақты рухани тәрбиелеу, рухани тұлғаның халық түсінігіндегі негізгі белгілері. Халық педагогикасы жүйесіндегі еңбек тәрбиесінің мәні. Халық педагогикасында жас ұрпақты дәстүлі тәрбиелеудің ережесі, әдістері, құралдары.
|
Білімдер:
- халықтық педагогикада қолданылатын негізгі педагогикалық түсініктер;
- халықтық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін, негізгі формаларын, әдістерін, тәсілдерін, факторлары;
- ғылыми педагогика нормалары бар өнегелілік, руханилық, тәрбиелік туралы халықтық педагогика түсініктерінің жалпылығы;
- қазақ халқы тәрбиесінің ерекшеліктері.
Іскерліктер:
- халықтық педагогика идеяларын қолдану;
- халықтық педагогика білімдерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану.
|
БҚ 10
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.14
|
ЖКП 04
|
Тәрбие жұмысының әдістемесі
Заманауи деңгейдегі тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Тәрбие жұмысының жалпы әдістемесі: тәрбие әдістері жүйесі, педагогикалық техника, мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, педагогикалық әсер ету әдісі. Тәрбие ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. Сынып жетекшісінің жұмыс әдістемесі: тәрбие жұмысының негізгі міндеттері және жоспарлау қызметі, білім алушыларды зерттеу әдістері.
Тұлға жасының дамуының заңдылықтары және жас кезеңдерінің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Білім алушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемесі.
Тәрбиенің мәні, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері.
Заманауи жағдайлардағы тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелері.
Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.
Тәрбиелеу мәселелері жөніндегі ҚР Мемлекеттік құжаттары.
Халықтық тәрбиенің альтернативтік әдістемелері, формалары, әдістері, құралдары.
Өзін-өзі дамыту бойынша жұмыс ұйымдастыру.
Арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау.
|
Білімдер:
- білім алушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелері;
- тәрбиелеудің мәні, міндеттері, мазмұны, формалары және әдістері;
- заманауи жағдайлардағы тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мәселелері;
- педагогикалық қарым-қатынас психологиясы;
- тәрбиелеу мәселелері жөніндегі ҚР Мемлекеттік құжаттары;
- тәрбиенің альтернативтік әдістемелері;
- халықтық педагогикада қолданылатын негізгі педагогикалық түсініктер;
- халықтық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, негізгі формалары, әдістері, құралдары, факторлары, оқыту мен тәрбиелеудің теориясын білу;
- тұлға жасының дамуының заңдылықтары және жас кезеңдерінің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Іскерліктер:
- өзін-өзі дамыту бойынша жұмыс ұйымдастыру;
- арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау;
- мұғалімдердің тәрбие саласындағы тәжірибесін бақылау және талдау;
- негізгі педагогикалық түсініктерді пайдалану;
- халықтық тәрбиенің альтернативтік әдістемелерін, формаларын, әдістерін, құралдарын қолдану.
|
БҚ 3
БҚ 4
БҚ 6
БҚ 8
БҚ 9
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.5
|
ЖКП 05
|
Заманауи оқыту құралдары
Фотоаппараттар мен объективтер. Фотографиялық түсірілім. Сандық фотоаппараттың құрылғысы. Сандық фотоаппараттың жұмысы. Сандық фотографияның артықшылықтары мен кемшіліктері.
Мультимедиалық технология. Мультимедиалық технологияның қағидалары, қолданылуы. Компьютердің аппараттық бөліміне қойылатын талаптар.
Интернет-технология. Интернетке қосылу. Интернеттің ресурстары. Электрондық пошта. Телеконференция.
Интерактивтік технология. Кеңселік технологияларды басқарудың технологиясы. Принтер, оның түрлері. Сканер, оның түрлері. Факс. Ксерография.
|
Білімдер:
- оқытудың техникалық құралдарының құрылғыларын, олардың жұмыс жасау қағидалары; - мультимедиялық технологиялар, оларды қолданудың қағидалары;
- интернет-технологиялардың функциялары.
Іскерліктер:
- практикада оқытудың техникалық құралдарымен, интернет-технологиялармен жұмыс жасау, сканерлеу, көшіру; сабақ өткізуде техникалық құралдардың заманауи түрлерін қолдану.
|
БҚ 4
БҚ 10
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.11
КҚ 3.1.13
|
ЖКП 06
|
Дүниежүзілік көркем мәдениет
Алғашқы адамның рухани мәдениеті. Ежелгі мәдениет. Ежелгі Рим мәдениеті. Орта ғасыр мәдениеті. Дамыған феодализм өнері. Шет елдің музыкалық мәдениеті. Гуманизм және Италиядағы қайта туу. ХХ ғ. мәдениеті. Халық шығармашылығы - халықтың мәдениет көзі. Қазақстан мәдениеті.
|
Білімдер:
- әлемдік көркем мәдениеттің негізгі құрылу кезеңдері мен даму барысы;
-әлемдік көркем мәдениет жауһарлары.
Іскерліктер:
- өнер туралы әңгіме, сұхбат, сынып сағаттарын өткізу; өзара жақын өнер түрлерінің (сыршырай, әдебиет, музыка) өзара әрекеттестігінің әдістерін меңгеру.
|
БҚ 2
БҚ 4
БҚ 9
КҚ 3.1.5
КҚ 3.1.11
КҚ 3.1.19
|
ЖКП 07
|
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Құжаттар және олардың қызметтері. Құжаттарды рәсімдеудің әдістері. Құжаттар жүйесі. Істер номенклатурасы. Іс жүргізу технологиясы және оны ұйымдастыру, қызметтік құжаттардың жағдайы және оларды дайындау.
|
Білімдер:
- ресми кеңселік құжаттың түрлері;
- қызметтік хат құру әдістемесі, құжаттардың классификациясы мен қозғалысы;
- мемлекеттік тілде іскерлік құжаттар құру технологиясы;
- кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу, ПЭВМ қолдану;
- құжатқа қойылатын талаптар;
- құжатпен қамтамасыз ету қызметі және олардың функциялары.
Іскерліктер:
- стандарт бойынша құжаттар бланкісін ресімдеу;
- іскерлік құжаттар құру;
- сөздік-анықтамалық, арнайы терминдер қолдану;
- реквизиттерді дұрыс орналастыру және толтыру, қызметтік хат құру, істер номенклатурасын жасау, индекстеу;
- ақпараттық-анықтамалық, қаржылық және қаржылық-есептік құжаттар жасау және оларды АСУ жағдайларында өңдеу.
|
БҚ 7
БҚ 8
БҚ 10
БҚ 12
КҚ 3.1.11
КҚ 3.1.12
КҚ 3.1.18
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
|
|
АП 01
|
Балабақшадағы музыкалық тәрбие әдістемесі
Қазақстандағы және шет елдегі мектепке дейінгі музыкалық тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы. Музыкалық тәрбие әдістері мен тәсілдері. Мектепке дейінгілердің музыкалық қызмет түрлері: ән салу, тыңдау, музыкалық ырғақты қозғалыс, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау музыкалық репертуарларды талдау және әртүрлі жас тобында іс-әрекеттің әр түріне оқыту әдісі. Музыкалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі формалары: музыкалық сабақ (типтері, вариативтігі), және әртүрлі таңертеңгілік мереке (мерекелер сценарийін құрастыру және оны өткізу), өзіндік музыкалық іс-әрекет, балабақшаның күнделікті өміріндегі музыка. Балабақшадағы үйірме жұмысы. Жұмыс жоспары. Балаларға арналған әдістік құралдар және музыкалық әдебиеттер. Сабақ пен ойын-сауыққа арналған музыкалық зал мен педагогикалық үрдіске арналған құрал-жабдықтар.
|
білімдер:
- балабақшадағы музыкалық тәрбие әдісі мен теориясын, музыкалық қызметтің түрлерін және оны ұйымдастыру формаларын;
- балабақшадағы музыкалық тәрбие бағдарламасының репертуарлық материалын.
іскерліктер:
- музыкалық материалдарды талдау, әртүрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалану қажеттілігін негіздеу;
дағдылар:
- нотадан оқу, музыкалық шығармаларды естіп таңдау.
|
БҚ 1
БҚ 4
БҚ 8
БҚ 10
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1..3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.12
КҚ 3.1.13
КҚ 3.1.14
КҚ 3.1.15
КҚ 3.1.16
КҚ 3.1.17
|
АП 02
|
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі сұрақтары. Дидактикалық принциптер және музыкалық оқу мен тәрбие әдістері. Мектептегі музыка мұғаліміне қойылатын талаптар. Мектептегі музыка сабағы. Мектептегі сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру. Сабақтағы музыкалық жұмысты және сабақтан тыс іс-әрекеттерді жоспарлаудың мәні. Білім алушылардың музыкалық іс-әрекетінің түрлері және оны ұйымдастырудың негізгі формалары: хормен ән айту; музыкалық білім; музыканы тыңдау; музыкалық-ырғақты қозғалыс; балалар аспабында ойнау. Білім алушылардың шығармашылығы мен импровизациясы. І-ҮІІ сыныптан бастап мектепте музыка сабағын өткізу әдістері. Еліміздегі және шет елдегі музыкалық білім бағыттарына шолу жасау.
|
білімдер:
- Қазақстандағы және шет елдердегі жалпы музыкалық тәрбиенің қазіргі бағыттары туралы;
- мектепке арналған «Музыка» бағдарламасының дидактикалық қағидалары мен әдістерін;
- білім алушылардың музыкалық іс-әрекеттерінің түрлерін білу, білім алушылардың шығармашылық дамуының мәні мен жолдарын түсіну;
- мектепте және әр сыныпта музыка сабағын өткізу әдістемесін;
- мектеп бағдарламасының репертуарын;
іскерліктер:
- білім алушыларды музыкалық тәрбиелеу процесінде оқытудың әдістерін және жалпы дидактикалық қағидаларды қолдану;
- музыка сабағын өткізуге материал таңдау;
- мектептегі музыкалық жұмысты жоспарлау;
- қосымша материал ретінде шығармалар таңдау.
дағдылар:
- мектептегі музыка сабағын жоспарлау және есепке алу;
- нақты музыкалық сабақтар, әңгімелесулер, музыкалық ойындар жүргізу;
- музыка сабағында көркемдік және техникалық оқу құралдарын қолдану.
|
БҚ 1
БҚ 4
БҚ 8
БҚ 10
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.2
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.4
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.12
КҚ 3.1.13
КҚ 3.1.14
КҚ 3.1.15
КҚ 3.1.16
КҚ 3.1.17
|
АП 03
|
Қазақ музыкалық әдебиеті
Қазақстанның халық музыкалық шығармашылығы. Ықылас. Сүгір. Ыбырай. Майра. Әміре Қашаубаев. Ән мәдениетінің негіздері, жанрлары (еңбек, салттық, отбасылық-тұрмыстық, лирикалық, әлеуметтік наразылық әндері, тарихи әндер және т.б.). Қорқыт. Қорқыт туралы аңыз.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халық-кәсіби музыкалық мәдениет және оның көрнекті өкілдері - әнші Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Ақан Сері Қорамсаұлы, Абай Құнанбаев.
ХІХ ғасырдың қазақ халық аспаптар музыкасы, аспапты музыканың негізгі жанрлары және оның көрнекті өкілдері: күйші Құрманғазы Сағырбаев, Даулеткерей Шигаев, Тәттімбет Қазанғапов.
Кеңес дәуіріндегі (1917-1980) қазақ халық музыкалық шығармашылығы және оның көрнекті өкілдері, халық композиторлары: Дина Нұрпейісова, Кенен Әзербаев, Сейтек Оразалиев, Әли Құрманов, Ғарифолла Құрманғалиев. Балуан Шолақ, Мұхит.
Қазақстандағы кәсіби музыканың пайда болуы мен одан әрі дамуы: опералық өнер, симфониялық музыка, кантата және оратория, балет. Қазақстанның қазіргі заманғы музыкалық мәдениеті және біздің заманымыздың музыкасы (Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е.Хасанғалиев, Т.Қажығалиев, Алмас Серкебаев, Төлеген Момбеков және т.б.)
|
білімдер:
- қазақ музыкасының үздік үлгілерін, қазақ композиторларының, ақындарының музыкаларының стильдік ерекшеліктерін, музыкалық бағыттарды, ұлттық музыкалық мектептерді білу;
іскерліктер:
- музыкалық шығарманың мазмұнын түсінікті, эмоционалды жеткізе білу және образын аша білу, стильдердің, музыкалық жанрлардың және формалардың ерекшеліктерін айыру, шығарманы оның мазмұнымен байланысты талдау;
- шығарманы мазмұнымен байланыстырып талдау;
дағдылар:
- музыкалық өнерді қабылдау және аудиториямен қарым-қатынас.
|
БҚ 2
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.11
КҚ 3.1.12
КҚ 3.1.14
|
АП 04
|
Әлемдік музыкалық әдебиет
Шетел музыкасы. Операның пайда болуы мен дамуы. 18-19 ғғ. Аспапты музыканың дамуы. Классицизм кезеңі. Музыкадағы романтизм өкілдері. Музыкадағы реализм. Орыс, қазақ музыкасы. Ресейдің халық музыкалық шығармашылығы. Орыс халық-кәсіби музыкалық мәдениеті. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы орыс музыкалық мәдениеті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы халықтарының қазіргі заманғы музыкалық әдебиеті. Опералық өнер. Симфониялық музыка. Кантата және оратория. Балет. Ән шығармашылығы.
|
білімдер:
- - әлемдік музыкалық классиканың үздік үлгілерін, ұлттық музыкалық мектептің, музыкалық бағыттардың, композиторлардың стильдік ерекшеліктерін.
іскерліктер:
- музыкалық шығарманың мазмұнын түсінікті, эмоционалды жеткізе білу және образын аша білу, стильдердің, музыкалық жанрлардың және формалардың ерекшеліктерін айыру, шығарманы оның мазмұнымен байланысты талдау;
- шығарманы мазмұнымен байланыстырып талдау;
дағдылар:
- музыкалық өнерді қабылдау және аудиториямен қарым-қатынас.
|
БҚ 2
КҚ 3.1.1
КҚ 3.1.3
КҚ 3.1.11
КҚ 3.1.12
КҚ 3.1.14
|
АП 05
|
Музыканың қарапайым теориясы
Музыкалық дыбыс. Музыкалық жүйе. Темперация. Ноталық жазу. Ырғақ. Темп. Лад. Тональдылық. Халық музыкасының ладтары. Ара қашықтық. Аккорд. Хроматизм. Ішкі-ладты альтерация. Ауытқу. Модуляция. Салыстыру. Тональдық тұтастығы. Әуен. Әуен қозғалысының түрлері. Секвенция. Музыкалық тілдің құрылу элементтері. Әртүрлі синтаксистік құрылым. Транспозиция. Партитура. Партия. Мелизма.
Гармония
Бас үшдыбыстың функционалдық жүйесі. Каденция. Бас пен әуенді гармониялау. Доминантсептаккорд және доминант тобының аккордтары. Гармониялық мажор. Фригистік айналымдағы натуральды минор. Қос доминант.
|
білімдер:
- теориялық анықтамаларды, түсініктерді;
- қолданылатын музыкалық терминдерді;
- басқа музыкалық-теориялық пәндерді оқуда осы пәннің мәнін білу;
- негізгі гармониялық заңдылықтарды білу және музыканың мәнерлі құралдарының бірі ретінде гармония туралы түсініктің болуы.
іскерліктер:
- алған білімін музыкалық шығармаларды талдау кезінде пайдалану, сонымен қатар практикалық тапсырмаларда - аспапта жаттығу кезінде, жазбаша жұмыстарда;
- гармония бойынша теориялық білімдерін гармониялау, гармониялық бірізділікті құру, гармониялық талдау бойынша практикалық тапсымаларда қолдану;
дағдылар:
- интервал, аккорд, лад, дыбыстық қатар құру;
- метроритммен жұмыстар, транспозициялар, аккордтық бірізділіктің, секвенциялардың құрылысы;
- музыкалық тіл элементтерін талдау;
- гармониялау;
- транспозициялау;
- аккомпанементті таңдау;
- гармониялық талдау;
- гармониялық бірізділіктерді, секвенцияларды құру;
- түрлі жанрда, формада, стильде шығармалар құру.
|
КҚ 3.1.10
КҚ 3.1.12
КҚ 3.1.13
КҚ 3.1.14
КҚ 3.1.16
|
Достарыңызбен бөлісу: |