Ескерту:ЖБП– жалпы білімдер беретін пәндер; ЖГП– жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП- әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтіксабақтар.
*Семестр бойынша бөлу мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.
Қазақстан Республикасы
Білімдер және ғылым министрінің
2013 жылғы «____»___________
№_____ бұйрығына 199-қосымша
1117000 – Электрондық техника өндірісіне арналған жабдық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Пәндер циклдары және кәсіптік практика бойынша білімдер беру бағдарламасының мазмұны (жоғары деңгей біліктілігі)
|
Циклдің индексі
|
Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері
|
Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар
|
Қалыптасатын құзыреттер коды
|
|
ЖБП.00
|
Жалпы білімдер беретін пәндер
|
|
ЖГП.00
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
|
ЖГП.01
|
Кәсіби қазақ (орыс) тілі:
Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. Қазақстан Республикасының іс-қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма (сөздікпен) техникасы, кәсіптік қарым-қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым-қатынас жасау.
|
Білімдер:
- қазақ (орыс) тілін үйреніп, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге және оларды талдауға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумды меңгеруі;
- тілдік нормаларды және тілдесудің іскерлік аясындағы стилистистикасын игеру;
Іскерліктер:
- салада қолданатын терминологияны қолданып құжаттарды оқи, сөйлесе алу.
|
БҚ 1,2,3,4,6
|
|
ЖГП 02
|
Кәсіби шетел тілі:
Лексикалық-грамматикалық материал (2300 лексикалық бірліктер).
Мамандық бойынша кәсіптік тілдің негізі, кәсіптік лексика,
фразеологиялық құрылымдар және терминдер.
Кәсіптік қарым-қатынас.
|
Білімдер:
- үйретілетін тіл;
- мамандығы бойынша лексикалық сөз топтары, грамматикалық материал, сөйлем құрылымы, тақырыптық сөз топтары;
Іскерліктер:
- іскерлік әңгімелесу;
-диалог мазмұнын әңгіме түрінде жазбаша беру және керісінше әңгімені диалог түрінде беру;
- берілу ретін сақтай отырып, іскерлік құжаттарды өңдеу;
- Интернет жүйесін, факс жіберуді және электронды поштаны қолдану.
|
БҚ 1,2,3,4,6
|
|
ЖГП.03
|
Қазақстан тарихы:
Қазақстан тарихы
(XV – XXI ғ. басы).
ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында.
ХҮІІІ-ХХ ғ.ғ. қазақ халқының патшалық Ресейдің езгісіне қарсы ұлт-азаттық күресі. Қазақстан 1917 ж. Қазан төнкерісі және азаматтық қарсыластық кезеңінде. “Алаш” партиясының тарихы. Қазақстан тоталитарлық кезеңде (ХХ ғ. 20-50 ж. ж.). Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезеңінде (1941-1945 ж.ж.). Қазақстан авторитарлық кезеңде. Қазақстан қайта құру кезеңінде. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы.
“Қазақстан-2030”- стратегиялық бағдарламасы. Қазақстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті және оның ғылыми еңбектері. Қазақстан және Еуразиялық қауымдастықтық құру үрдісі. Қазақстан Республикасының жастар саясаты.
|
Білімдер:
қазақ мемлекеттілігінің тууы, дамуы қалыптасу ерекшеліктері;
Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы, отаршылдық саясаттың мәні;
Патшалық үкіметтің құлауы мен Қазақстанда Уақытша үкіметтің пайда болуы;
«Алаш» партиясының құрылуы және оның қайраткерлері туралы;
Азамат соғысы мен соғыс жылдарындағы экономикалық саясаттың халыққа тигізген ауыртпалығы;
Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысының шайқастары мен тылында көрсеткен ерліктері;
авторитаризм кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық даму ерекшеліктері;
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасу үрдісі;
ТМД елдерінің интеграцияландыру үрдісінің ерекшеліктері;
Қазақстандық Жастар Конгрессінің мақсат-міндеттері.
Іскерліктер:
XV – XXI ғ. басындағы саясатқа сипаттама және тарихи баға беру;
Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін ашу;
Қайта құру кезіндегі экономика мен саясаттағы қарама-қайшылықтар мен проблемаларды сараптау;
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үрдісін сипаттау;
Евразиялық Қоғамдастықты, оның Қазақстандағы Евразиялық Қоғамдастықты қалыптастырудағы ролін ашу;
жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбие берудегі Қазақстанның жастар ұйымдарының рөлін ашу.
|
БҚ1,2,3,4,6,7,8
|
|
ЖГП 04
|
Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы; дене тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінің негіздері; салауатты өмір сүруді анықтайтын себептер; жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін әдістер; жұмыс қабілеттілігі мен қозғалу белсенділігінің тәртіптері; өздігінен жетілудің физикалық негіздері; кәсіби-қолданбалы іс-жүзінде қолданылатын дене дайындығы – дене тәрбиесінің бағыты мен қажеттілігі.
|
Білімдер:
- салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу;
- дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері;
Іскерліктер:
- спортпен айналысу, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдай алу.
|
Б Қ 1,2,3,4,
|
|
ЖКП.00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
|
ЖКП.01
|
Сызу:
ЕСКД, МЖМБС кіріспесі, түсінік; сызбалардың графикалық
ресімделуі; сызба сызықтары; сызба форматтары; графикалық редактордың көмегімен стандартты шрифтпен сызбаларда жазулар жазу; масштабтар; өлшемдер салу; қолмен және графикалық редактордың көмегімен тетіктердің контурларын орындау тәсілдері; проекциялық сызба және техникалық сурет салу; геометриялық денелердің аксонометриялық проекциялары; геометриялық денелердің толық қиылысуы; геометриялық денелердің өзара қиылысуы; проекциялық сызу; техникалық сызу; сызбалар мен нобайларды орындаудың жалпы ережелері; құрама сызба; берілістер; құрама сызбаларды оқу және детальдау; сұлбалардағы шартты, графикалық белгілеулер; мамандық бойынша сұлбалар.
|
Білімдер:
- МЖМБС 2.303-68* бойынша сызықтар, МЖМБС 2.301-
68* бойынша форматтар,
- МЖМБС 2.304-81 бойынша;
сызба шрифттер;
- МЖМБС 2.302-68 бойынша масштабтарды, МЖМБС 2.307-68* бойынша өлшемдерді салу ережелерін, жанасу түрлері; Іскерліктер:
- стандартты сақтай отырып, әртүрлі сызықтарды сызу;
- графикалық редактордың көмегімен стандартты шрифтпен сызбаларда стандартты шрифтпен жазу жазу;
- қолмен және графикалық редактордың көмегімен сызба масштабын анықтауды, берілген масштабта тетіктерді сыза алу;
- сызбада қарапайым нысандағы тетіктердің өлшемін жасау;
- әртүрлі жанасулар мен лекалды қисықтарды орындау.
|
КҚ 2.1.2
КҚ 2.1.3
КҚ 2.1.4
|
|
ЖКП.02
|
Электротехниканегіздері
Электрлі және магниттi тізбектерді анықтау. Электр энергиясының қабылдағыштары және көздері (тұтынушылар). Негiзгi электрлік және магниттiк шамалар. Тұрақты тоқтың көпiрi.
Тұрақты токтың сызықсыз тiзбектерi туралы ұғым.
Магнит тізбегінің классификациясы. Магниттi тізбектің элементтерi. Магниттi тізбек элементтінің сиптатамасы. Айнымалы тоқтың электр тiзбегiнiң классификациясы.
Электрлік машинаның құрылғысы және әрекет ету принциптері.
|
Білімдер:
- электротехника негіздері;
- электрлі тізбектің жұмыс тәртібі;
- электр тоғының сипаттамаларын өлшеуге арналған аспаптар;
- ауыспалы процестердің туындау себептері;
Іскерліктер:
- электр тізбектерін есептей алу;
- электрлік желілермен жарықтандырылған құрылғыларды пайдалану және өшіре алу, қоса білу;
- электр қауіпсіздігін сақтау;
|
БҚ 9
КҚ 2.1.1
КҚ 2.1.8
КҚ 2.1.7
|
|
ЖКП.03
|
Нарықтық экономика негіздері
Нарықтық экономикаға кіріспе; нарықтық экономиканың негізгі ұстанымдары, мониторингі,
сұранысы және ұсынысы; нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік; кәсіпкерліктің дамуы және нарықтық қатынастың субъектісі; кәсіпорын қызметінің нәтижелері және экономикалық шығындар; маркетинг және жарнама, құны және өзіндік құны; шаруашылық қызметінің өндірістік тиімділігі; салықтар және салық салу.
|
Білімдер:
- экономикалық жүйелердің типтері мен үлгілері;
- тауарлар, қызмет көрсетулер сұраныстары мен ұсыныстары, баға тепетеңдігі;
- нарық механизм; бәсекелестік және
монополия;
- әлемдік экономиканың даму бағыттыры; ауыспалы кезеңде
макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттігі;
- салықтардың түрлері және оларды есептеудің негізгі әдістері;
- шығындар бойынша негізгі ұғымдар, рынок субъектілері;
- маркетингтің мағынасы, принциптері және анықтаумасы;
Іскерліктер:
- қоғамның әлеуметтік–экономикалық даму жолын сипаттау;
-- рынок ұғымын түсіндіру, оның негізгі факторларын, функцияларын және түрлерін білу;
- биржалардың пайда болу себептерін ашу және оның қазіргі экономикадағы маңызы;
- кірістерді, шығындарды есептеу;
- тауардың өзіндік құнының бағасын, өндіріс бағасын, көтерме бағасын, бөлшекті бағасын анықтау (мысал әдісімен);
- бизнес-жоспар құру.
|
БҚ 4,7,8
|
|
ЖКП.04
|
Информатика және өндiрiстi автоматтандыру негiздерi
Техника қауiпсiздiгi. Ақпараттар. Ақпараттарды кодтау. Санау жүйесi. Бiр жүйеден екiншiсiне ауысу. Екiлiктi арифметика логика – пән ретiнде. Үлгiлiк; математикалық логика. Моделдеу. Модель туралы түсiнiк. Модель түрлерi. OC WINDOWS түрлерi.
WOR мәтiндiк процессоры. EXCEL электронды кестелерi. CORL DRAW векторлық редакторы. Вирустардан қорғану. WinZip архивтары. Norton Commander бұлт – бағдарламасы. Ойындар. Алгоритм түсiнiгi. Көрiнiс тәсiлдерi мен қасиеттерi. Алгоритм түрлерi. Есеп шығару кезеңдерi. Бағдарлама тiлi. Бағдарлама және оның құрылымы. Командалар мен операторлар. Шартты операторлар. Цикл операторлары. Берiлген шарт түрлерi. Сызықты бағдарламаны жобалау. Тармақты бағдарламаны жобалау. Циклдiк бағдарламаны жобалау. Графиктiк бағдарламалар. Шығармашылық жобаларды жобалау. Автоматтық реттеу туралы түсiнiк, анықтама, реттемелi параметр, нысаны /нысаны/, олардың қасиеттерi мен схемалары. Автоматты ретеуiштердiң атқаратын қызметi, тiктелуi, құрылысы, жұмыс iстеу приципi, функциональдық және құрылымдық схемалары, реттеу мүшелерi. Автоматтық басқару жүйесiнiң қосалқы құралдары; панельдер, станциялар, басқару блоктары, жағдайларды көрсеткiштер мен сезгiштер, бағдарламалық құрылғылар. Процестердi автоматтық басқару жүйесiнен қолмен басқаруға ауыстыру және керiсiнше.
|
Білімдер:
- есептеу жүйелерi;
- формалды, математикалық логикалар;
- WINDOWS ОЖ, WinZip архиваторы, DOS ОЖ-нің түрлері;
- бағдарламлар - қабықшалар;
- алгоритм ұғымы, қасиеттері, берілу тәсілдері;
- алгоритмнің түрлерi;
- программалау тiлдерi;
- сызықты бағдарламаларды программалау тәсілдері;
- тармақты бағдарламаларды программалау;
- графиктiк бағдарламалар;
- автоматты басқарылатын процестердi қолмен басқаруға және керiсiнше ауыстыру реті;
Іскерліктер:
- бiр жүйеден басқа жүйеге ыстыру;
- WORD мәтiндiк процессорымен, EXCEL электронды кестесiмен, Corel DRAW векторлық редакторымен жұмыс iстеу;
- вирустардан қорғау қою;
- творчестволық жобаларды әзірлеу;
- автоматты реттеуді қолдану;
- автоматты жүйемен басқарудың қосалқы құралдарын пайдалану;
- техника қауiпсiздiгiн сақтау.
|
БҚ 5
111701 2
КҚ 2.1.3
111702 3
КҚ 2.1.4
|
|
ЖКП.05
|
Еңбекті қорғау
Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары; еңбек заңнамасының негіздері; өндірісте және жұмыс орынында еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; электрлік қаупсіздік; электр және электр магниттік өріс пен электр тогының адамға әсері; электр тогымен жарақаттанудан қорғау шаралары және электр, электрмагниттік өрістің әсері; қадамдық кернеу, жанасу кернеуі; қорғаныс құралдары; тиеу-түсіру жұмыстарында қауіпсіздік шаралары; қорғаныс құралдары; өндірістік санитария; жалпы талаптар; сумен жабдықтау, канализация, жұмыс аймығының ауасы; жарықтандыру; вибрация; шу; бақытсыз жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсету; өрт қауіпсіздігі негіздері.
|
Білімдер:
- еңбекті қорғаудың негізгі міндеттері мен құқықтық негіздері;
- электр қондырғылырына қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасының ережелері;
- өртке қарсы техника ережелерін және өндірістік санитария ережелерін;
- нұсқаулық түрлері;
Іскерліктер:
- 1000В дейін электр қондырғыларындағы негізгі және қосымша қорғаныс құралдарын пайдалану;
- торапта адамға электр тогы әсерінің қауіптілік дәрежесін анықтау;
- зардап шегушінің күйін бағалау және алғашқы көмек көрсету;
- кернеудің болмауын тексеру және тасымалды жерлестіру қою;
|
Б Қ 6,9
111701 2
КҚ 2.1.1
111702 3
КҚ 2.1.2
|
|
АП.00
|
Арнайы пәндер
Біліктілігі: 111700 2 - Технологиялық жабдық реттеушісі (электрондық техника өндірісі)
|
|
АП.01
|
Электрондықтехника
Электрондық техника бұйымдарыөндірісі туралы жалпы мәліметтер.
Электрондық техника бұйымдары (жартылайөткізгіш және электрвакуумдық аспаптар): топтамасы, түрі, негізгі көрсеткіштері, қолданылу аясы, құрылымдық ерекшеліктері.
Бөлмелерді ластанудан қорғау шаралары. Электрондық техника бұйымдарын өндіру кәсіпорындарындағы қауыпсіздікке қойылатын талаптар.
Техникалық механикадан деректер
Механизм кинематикасы: негізгі түсініктер мен терминдер. Материалдар қарсыластығы: негізгі түсініктер, анықтамалар, терминдер. Машина тетіктері: жалпы және арнайы бағыттағы тетіктер мен құрастыру бірліктері, айналмалы қозғалыс берілісінің тетіктері мен құрастыру бірліктері.
Шақтама, қондыру және техникалық өлшемдер
Өлшемдердің ағаттықтары: өлшемнің нақтылығын көтеру түрлері мен тәсілдері.
Өлшемдері: атаулы, шеткі, рауалы, нақты. Қондырулар: түрлері, жұмсалуы, шақтама мен қондыру жүйесі. Беттің кедір-бұдырлығы: көрсеткіштері, сызбадағы белгілер. Тізбекті өлшемдерді өлшеуге арналған құралдар. Өлшегіш құралдарды таңдауды анықтайтын негізгі факторлар.
Тетіктерді ұсталық өңдеу
Ұсталық операциялар: түрлері, жұмсалуы, мәні, орындаудың негізгі тәсілдері. Ұсталық және бақылау өлшеуіш саймандар және айлабұйымдар:түрлері, жұмсалуы, қолдану және өлшемді орындау тәсілдері.
Құрастыру жұмыстары
Тетіктерді біріктіру топтамасы. Технологиялық құжаттама. Жабдықтарды құрастыру кезінде қолданылатын негізгі операциялар мен жұмыстар.
Ұсталық құрастырушылық және бақылау өлшегіштік саймандар мен айлабұйымдар: түрлері, жұмсалуы, пайдалану тәсілдері. Жабдық механимзі мен буындарын бөлшектеу және құрастыру. Құрастыру жұмыстары кезінде жұмыс орнын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігінің талаптары.
Электржинақтау жұмыстары
Электржинақтаудың техникалық құжаттамалары: түрлері, жұмсалуы. Электржинақтау жұмыстарын орындау үшін қажетті саймандар, айлабұйымдар мен жабдықтар: түрлері, жұмсалуы, қолданылу тәсілдері. Түрлі маркалы және қималы сымдар мен кабельдерді дәнекерлеу. Баспа платасын қолдану арқылы аппаратураны құрастыру және электржинақтау. Жұмыс орнын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі.
|
Білімдер:
- жартылайөткізгіш және электрвакуумды жабдықтарды: негізгі түрлері, технологиялық ерекшеліктері;
- технологиялық үрдістің түсінігі, түрлері, этаптары мен ненігзі элементтері;
- машина тетіктерінің ажырама және ажырымас қосылымдары;
- шеткі ауытқуларды;
- өлшем шақтамасын, шақтама өрісі;
- шкала интервалы мен бөліну құны, көрсеткіш диапозоны, өлшем диапазоны;
- ұсталық өңдеуді орындауда еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талаптар;
- құрастыру ақауларын, оның алын алу;
- электжинақтаудың негізгі түрлерін және орындалу тәсілдері;
- электрқосылымдар мен жинақтауға қойылатын талаптар;
- дәнекерлеу кезінде ақаулар және оның алдын алу тәсілдері;
- жинақтау сымдары, кабельдерін, базалық тетіктерді, оқшаулағыш материалдар;
- сипаттама, маркалау, шартты бейнелеулер;
Іскерліктер:
- жартылайөткізгіш және электрвакуумды аспаптардың өндірістік және технологиялық үрдісін орындай алуы;
- тетіктерді даярлау және құрастыру кезіндегі ағаттықтарды жоюды білуі;
- жартылайөткізгіш және электрвакуум өндірісі жұмысшыларына және түрлі категориялық бөлмелерге элеткрондық гигиена бойынша қойылатын негізгі талаптарын білуі;
- өлшеуіш саймандары мен аспаптарының негізгі сипаттамасын қолдана білуі;
- тізбекті өлшемдерді өлшей алуы;
- аралық өлшемдердің операциялық шақтамалары мен әдіптерін анықтай алуы;
- сымдар мен кабельдерді қималау және оқшаулауды таңдау.
.
|
БҚ 6,7,9
КҚ2.1.1
КҚ 2.1.2
КҚ 2.1.3
|
|
АП.02
|
Электрондық жабдықты жинақтау технологиясы
Технологиялық және сынақ жабдығын жинақтау және реттеу технологиясы.
Технологиялық және сынақ жабдығының тораптарын, блоктарын және электр схемаларын жинақтау және реттеу технологиясы.
Орындалу тәсілдері. Технологиялық жабдықтар, жабдықтар, өлшеу аппаратурасы, жинақтау және баптауға қажет аспаптар мен саймандар: әр түрлілігі, жұмсалуы, қолданылу тәсілдері. Жинақтау және баптаудың техникалық және технологиялық құжаттамалары: түрлері, жұмсалуы. Жарамдылық пен көрсеткіштерін тексеру. Жинақтау және баптау кезіндегі ақаулар, олардың алдын алу.
Жинақтау және баптау кезінде қолданылатын бақылау өлшеу саймандары мен жабдықтары
Электрөлшеуіш аспаптар: түрлері, жұмсалуы, жұмыс жасау принципі, құрылысы, өлшеуіш сызбасы, пайдаланылуы, өлшеуіш техникасы, негізгі кемшіліктері. Радиоөлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура: қолданылу аясы, түрлері, жұмсалуы, құрылысы, реттеу ережелері. Микроскоптар: жұмсалуы, қолданылуы, негізгі типтері.
Технологиялық жабдықтардың құрылысы
Технологиялық жабдықтар: түрлері, жұмсалуы, құрылысы, жұмыс істеу принципі. Технологиялық жабдықшалар. Негізгі технологиялық ерекшеліктер. Техникалық пайдалану ережелері.
Технологиялық жабдықтарды баптау
Технологиялық жабдықтардың механикалық және электрондық бөліктерін баптау.
Технологиялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету.Түрлері, жұмсалуы, жөндеу жұмыстарын орындау және техникалық қызмет көрсетудің жүйелік реті. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін саймандар мен айлабұйымдарды таңдау.
Жартылайөткізгіш өндірістің сынақ жабдықтары. Жабдықтардың топтамасы, түрлері және қолданылуы.
Сынақ жабдықтарын жинақтау және баптау
Сынақ жабдықтарын баптау. Жабдықтың жеке блоктары мен функционалды тораптарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру. Бақыланатын көрсеткіштер, оларды өлшеу.
|
Білімдер:
- радиоэлектрондық аппаратура элементтерін;
- негізгі сипаттамалар, көрсеткіштер, құрылымдық ерекшеліктер, шатты белгілеулер;
- электррадиоөлшеу
лердің негізі;
- өлшеу әдістерін, ағаттықтар, нақтылық класы, атаулары мен белілнеулерінің МОСТ бойынша топтамасы;
- түрлері, жұмсалуы, қолданылуы, құрылысы, жұмыс жасау принципі, электр сызбалары, реттелінуі;
- өлшеу техникасын пайдалану ережелері;
- негізгі механизм, жүйе мен элементтердің өзара әсері;
- бапталатын жабдықтардың пайдаланылу шарттары;
- жабдықтардың электрлік және қызметтік сызбалары;
- жұмысн орнын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
Іскерліктер:
- жинақтау және баптау кезінде негізгі және көмекші операциялардың технологиялық ретін орындай алуы;
- технологиялық және сынақ жабдықтарының қарапайым бірікпелерін жинақтау және баптауды білуі;
- аспаптарға температураны өлшеу және реттеуді білуі;
- аспап көмегімен ылғалдылықты өлшей білуі;
- жабдықтар мен қондырғыларды басқара алуы;
- технологиялық жабдық жұмыс кестесін бақылауды орындай алуы;
- жөндеу жұмысын орындау және жинақтауды орындауға қажетті саймандар мен айлабұйымдарды таңдай алуы;
- жабдықтарды қоса және тоқтата алуы;
- сынақ жабдықтарын жинақтай алуы;
- аспаптар мен аппаратураны қолдануы.
|
БҚ 9
КҚ2.1.4 -
КҚ 2.1.8
|
ӨО және КП.00
|
Өндірістік оқытужәне кәсіптік практика
|
КП.01
|
Кәсіптік практика
Кіріспе сабақ. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нұсқаулар беру. Кәсіпорнымен таныстыру.
Оқу шеберханаларындағы өндірістік оқыту.
Оқу шеберханаларындағы еңбек қауіпсіздігі, электр және өрт қауіпсіздігі.
Бақылау-өлшеу электрондық аспаптарымен және жабдықтарымен жұмыс. Электрондық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, үйлестіру және жөндеу кезінде қажет болатын слесарлық және құрастыру жұмыстарының түрлері және мазмұны.
Үйлестіру және жөндеу жұмыстарында қолданылатын жабдықтар, аспаптар және бақылау-өлшеу құралдары.
Жабдықтың механизмдері мен тораптарын тарату және жинау. Электрлік құрастыру жұмыстары.
Бітірту біліктілік емтихандары.Тексеру жұмыстары.
Есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- тәжірибенің мақсаты мен міндеттері;
- электрондық жабдық шығаратын және жөндейтін кәсіпорнының құрылымы:
ұғымдары, түрлері, кезеңдері, негізгі технологиялық процестің элементтері;
- жартылай өткізгішті және электр вакуумды жабдығы: өндірістің негізгі түрлері, технологиялық ерекшеліктері;
- оқу шеберханаларындағы, өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері ;
Дағдылар:
- электрондық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде технологиялық жұмыстар орындау;
- жөндеу жұмыстары кезінде жабдықты, құралдарды, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану;
- еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар беру;
- электрондық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қажетті болатын әр түрлі слесарлық, құрастыру жұмыстарын орындау;
- тораптарды жинау технологиясын қолдану
|
БҚ 2–6, 9
КҚ 2.1.4 - 2.1.7
КҚ 2.1.4 - 2.1.6
|
КП. 02
|
Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша практика
Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері.
Компьютерлік графика,қазіргі программалық қамтамасыз ету жұмыстары. Есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- қазіргі компьютерлік бағдарламалар мен технологияларға өндірістің қоятын талаптары;
Дағдылар:
- материалдармен компьютерде жұмыс істей алу.
|
БҚ 1,3,4,5
|
КП 03
|
Технологиялық практика:
Кәсіпорнымен таныстыру.
Өндірістегі технологиялық процестердің негізімен және реттеу, жөндеу жұмыстарының жоғары сапасымен танысу.
Технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник-электрониктің құқықтары мен міндеттерін оқып үйрену.
Өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру дәрежесімен таныстыру. Технологиялық процестерді, жұмыс графиктерін зерттеу.
Электрондық техниканы жөндеуге және реттеуге қабылдау жұмысына, аппаратурамен жұмыс істеуді жоспарлауға, жұмыс орнында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар жүргізуге, бір айдағы жұмыс нәтижесін қорытындылауға (тапсырмалар беруге, есеп беру материалдарын құрастыруға) қатысу. Кәсіпорынның құрамдас бөлімшелерінің жұмысымен таныстыру. Күнделік жүргізу, тәжірибе бойынша есеп беруді рәсімдеу
|
Іскерліктер:
- өндірістегі реттеу, жөндеу жұмыстарының технологиялық процестерінің маңызы;
- технологиялық жабдықтар реттеушісінің және техник-электрониктің құқықтары мен міндеттері;
- өндірістік процестерді механикаландырудың және автоматтандырудың негізгі мәселелері;
- кәсіпорынның құрамдас бөлімшелері айналысатын жұмысының қысқыша мазмұны;
Дағдылар:
- технологиялық жұмыстардың, жабдықты жөндеуге және реттеуге қабылдау жұмысының
графиктерін құру;
-жұмыс орнында еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқаулар жүргізу;
- бір айдағы жұмыс нәтижесін (тапсырмалар беру, есеп беру материалдарын құрастыру және т.с.с.) қорытындылау;
- слесарлық жұмыстарды жүргізу, бригадада жұмыс істеу, жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, шебердің және бригада бастығының тапсырыстарын орындау.
|
КҚ 2.1.1 –
2.1.8
КҚ 2.1.4 –
2.1.7
|
КП. 04
|
Диплом алдындағы практика:
Кіріспе сабақ. Өндірісті басқару құрылымымен, тәжірибе нысандарымен таныстыру. Жұмыс орнын ұйымдастыру. Өндірістегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғаныс шараларын сақтау бойынша берілетін нұсқаулармен таныстыру. Жұмыстың орындалуы туралы есеп беру құжаттары. Техникалық құжаттарды өңдеу және тіркеу және оны рәсімдеудің реті.
Электрондық схемаларды, сызуларды оқу және құру; жабдықты реттеуге, жөндеуге және құрастыруға дайындау.
Құрастыру-жинау жұмысы. Техника қауіпсіздігі.
Кәсіпорнындағы материалдар мен дайындамаларды тасымалдау. Механизмдер мен жабдықтарды қолдану, сынау және пайдалануға тапсыру.
Кәсіпорнындағы жұмысшылардың және қабылданып істелетін жұмыстың құрамы. Жұмыс өндіруші шебердің құқықтары мен міндеттерін зерттеу. Бригада ішінде еңбекті ұйымдастыру, жұмысшылардың және инженер-техник қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу процесімен таныстыру.Жабдықты жөндеу-реттеу жқмысына дайындау. Дайындық жұмыстары. Жөндеу жұмысының сапасын қадағалау. Пайдалануға беру үшін сынақтан өткізу. Тәжірибе бойынша жүргізілген күнделікті, есеп беруді рәсімдеу.
|
Іскерліктер:
- өндірістегі техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау бойынша нұсқаулар;
- электрондық жабдық реттеушісі мен техник-электрониктің, жұмыс жүргізуші шебердің құқықтары және міндеттері туралы қағидалар;
- бригада ішіндегі жұмысты ұйымдастырудың, жұмысты орындау бойынша есептік құжаттарды құрастырудың, техникалық құжаттарды өңдеудің және тіркеудің, жұмысшылардың және инженер-техник қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеудің әдістері мен тәсілдері;
- электрондық жабдық, қолданылуы және жұмыс істеу әрекеті, техникалық қызмет көрсету, реттеу және жөндеу тәсілдері;
Дағдылар:
- жұмысты орындау бойынша есеп беру құжаттарын толтыру және құрастыру;
- техникалық құжаттарды өңдеу және тіркеу;
- электрондық аппаратураның және оның жеке бұйымдарының ақауларын табу, сызбалары мен нобайларын құру, аппаратураны жөндеуге дайындау;
- реттеу және жөндеу жұмыстары кезінде өлшеу аспаптарын, механизмдерін және құрылғыларды қолдану, сынақ жүргізу, сапасын қадағалау және пайдалануға тапсыру.
|
БҚ 1,3,4,5,6,7
КҚ2.1.2
КҚ 2.1.3
|
Достарыңызбен бөлісу: |