Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары



жүктеу 84,82 Kb.
Дата09.01.2018
өлшемі84,82 Kb.
#7205

Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары


Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары

Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.


Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата - анасын, туған - туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата - анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.

Әрине, үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.


Психологгар мен педагогтардың зерттеулері бойынша үлгермеуші баланың шығуына үш фактор себепші болады екен.
• Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
• Екіншіден, балалардың мінез - құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
• Үшіншіден, педагогикалық тәрбиенің дұрыс болмауы.
• Мұғалімдер ең алдымен үлгерімі төмен оқушыларды анықтап, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату үшін көмек көрсетуге ұмтылады. Олар үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, пәнге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік білім стандарттарын меңгертуді міндеттейді. Мұғалім сабақ кезінде үлгерімі төмен оқушылардың пәндерді меңгеруін, нәтижелерін есепке алып, диагностикалау жүргізеді. Бұл оқушының сабақтың қай жерінде олқылықтары бар екендігін анықтап, оқытудың қызығушылығын қалыптастырады, жеке көмек береді. 

Диагностикалау арқылы оқушы үлгермеушілігінің себептерін анықтайды. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін өз бетінше жұмыс істеп, қалыптасуы үшін алған білімдерін жүйелеу, сыни тұрғыдан ойлануға жетелеу, дұрыс сөйлеуді меңгерту және жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру қажет. Тапсырмалар үлгерімі төмен оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында сөздіктер, суреттер, сөздік ойындар, сөз жұмбақтар қамтылады. Жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың жасы мен ақыл ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте – бірте күрделеніп, тереңдетіле құрылады. Тапсырмаларды орындауда үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдатын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн. Мектеп жағдайында деңгейі төмен балаларды өз бетінше бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімнен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен екінші түріне үнемі аударып отыруға тура келеді. Осы жұмыстарды жүзеге асыруда зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады.



Мұғалімдер ең алдымен үлгерімі төмен оқушыларды анықтап, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату үшін көмек көрсетуге ұмтылады. Олар үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесіп, пәнге деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік білім стандарттарын меңгерту қажет. Соқыр адам тәмсіліне мән беретін болсақ, қараңғы көшеде соқыр адам таяғын тықылдатып, қолына шырақ алып жол шетінде келе жатты. Көше қиылысында жәймә ашып отырған кісі бұл соқыр адамның танысы еді. Жәймәші саудагер соқырдан: «Сіз көрмейсіз ғой, шырақтың керегі не?» деп сұрады. Соқыр адам: «Айналамдағылардан түн менің әлемім сияқты қап-қараңғы болады деп естідім, сосын көтеріп жүргенім ғой» деді. саудагер тағы да түсінгісі келгендей: «жолыңыз жарық болса елді соғып кетпеймін деп сенімді жүресіз бе?» деді. «Жоқ, - деп жауап берді соқыр адам, - елді соғып кетемін деп алаңдамаймын, көретін адамдардың мені соғып кетпеуі үшін түнде әдейі айналамды жарықтандырып жүремін» деп жауап берді.
Үлгерімі төмен оқушы соқыр адам сияқты шаммен емес, өз білімімен айналасын жарықтандырып жүруі керек. Ал ол көп еңбектенуді талап етеді. 
Мұғалім сабақ кезінде үлгерімі төмен оқушылардың пәндерді меңгеруін, нәтижелерін есепке алып, диагностикалау жүргізеді. Бұл оқушының сабақтың қай жерінде олқылықтары бар екендігін анықтап, оқытудың қызығушылығын қалыптастырады, жеке көмек береді. Диагностикалау арқылы оқушы үлгермеушілігінің себептерін анықтады, олар: жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды қажетінше түсіндіре алмауы, өздерінің де оны дұрыс игермеуі, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алмауы, мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыдан тиісті дәрежеде талап етпеуі, үй тапсырмасының орындалуын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы әсер етеді. Сонымен бірге мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы, тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы тәртібінің нашарлығы, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы, бағалаудағы біржақтылық, оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы, сабақтан жиі қалуы, оқушының ауырып қалуы да сабаққа қызығушылығын төмендетеді. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін өз бетінше жұмыс істеп, қалыптасуы үшін алған білімдерін жүйелеу, сыни тұрғыдан ойлануға жетелеу, дұрыс сөйлеуді меңгерту және жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру қажет. Тапсырмалар үлгерімі төмен оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында сөздіктер, суреттер, сөздік ойындар, сөз жұмбақтар қамтылады. Тапсырмалар негізінен суретпен жұмыс жасауға бағытталады. Жаттығулар мен тапсырмалар оқушылардың жасы мен ақыл ойының ерекшеліктеріне сәйкес бірте – бірте күрделеніп, тереңдетіле құрылады. Тапсырмаларды орындауда үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдатын нәрселерден бойды аулататқан жөн. Мектеп жағдайында деңгейі төмен балаларды өз бетінше бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімнен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен екінші түріне үнемі аударып отыруға тура келеді. Осы жұмыстарды жүзеге асыруда зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. 
Пән бойынша үлгерімі төмен оқушылардың білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту мақсатында оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге әдеттендіру жұмысы тұр. Сонымен қатар сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық болса, тапсырманы жақсы түсінсе өз бетінше ол тапсырмаларды орындай алады. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс және ерік-жігер тәрбиесін де дамытып отыру қажет. Оқушылардың өз бетінше жұмысын дұрыс қалыптастыруда мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың өз бетінше жұмысын дұрыс жүргізе алмайды.
Мұғалімнің ықпалымен, түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай оқушылар дамып отырады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады. Үлгерімі төмен оқушылар сабаққа қызығуы үшін ең оңай, қызықты материалды ұсыну, қатемен жұмысты жиі жүргізу, сыныпта достық қарым – қатынас орнату, тақта алдында немесе жауап беру кезінде оқушыға көмекші құралдар ұсыну, оқушының жауабын көтермелеу, жаңа тақырып бойынша оқушыны әңгімеге тарту, өзін–өзі тексеруге, бағалауға мүмкіндік беру, үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар даярлау, ұсыну, бақылау картасын жасау, ата–анасына талаптарды түсіндіру мұғалімнің жұмыс сапасын арттыратыны сөзсіз. Үлгерімі төмен оқушыларға мұғалімдер орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіндіру үшін білімді шын ықыласпен берсе, зейінді болуды үнемі ескеріп отырса, бір сөзбен айтқанда іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастырса ғана жұмыс нәтижелі болады. Мұғалім оларда түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтандырғаны жөн. Мысалы, көңілді алаң қылатын, ойды бөлетін әсеріне берілмей жұмыс істей беру, бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылды.
Мұғалімдік қызметте зейінді бірнеше субьектіге, объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып, жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалімдер кейде барлық сыныпты, не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да әсіресе үлгерімі төмен оқушылардың зейінін шашыратып алады. Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. 
Сонымен қатар оқушылар да зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Оқушының жекелеген тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Мысалы: оқушылар өздері есеп шығарады, осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т.б. Оқушылар бір мезгіл ішінде сабақты тыңдайды, түсінгенін жазып отырады, кітап оқиды. Еңбек әрекетінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулуда зейіннің түрлі қасиеттерін дамыту мұғалімнің басшылығымен жетіледі. Мектеп оқушыларды оқу тәрбие процесінің талаптарына сай жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, мұғалім – балаларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелейтін негізгі тұлға. Әсіресе үлгерімі төмен оқушыларға мұғалім сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Мұны жүзеге асыруда мұғалім өз ісінің шебері болуы қажет. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минутын бала өз бетінше түсініп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, өз бетінше жұмыссыз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Мұғалім балаларға сабақ үстінде сөздерді дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Ы.Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» - деп өте дұрыс айтқан.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру 
№ Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар Орындалатын тапсырмалар

1 1.Мектеп мамандарымен өткізген сұхбат арқылы оқу үлгерімі оқушылардың үлгермеу мәселелерін аңықтау: сынып жетекшілері, психолог, медбике, жеке ата-аналарымен және әңгімелесу барысында баланың өзімен де міндетті түрде кездесу.


2.Сабақта жаңа тақырыпты игерту Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау

2 Оқушылардың нақты білім деңгейін аңықтауда үй тапсырмасын орындауға бейімдеу


1.Параграфтың соңында берілген сұрақтарға жауап жазу
2. Үйге берілген параграфтың ең маңызды пункітін белгілеп, оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау

3 Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту


1.Сабақта жеке жұмысты ұйымдастыру барысында саралау қолдану, оқу үлгерімі төмен оқушыға күшейтілген жеке тапсырмаларды кіргізу, мысалы: сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.
2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру

4 Шығармашылық жұмыстарға баулу


Сыныптын оқу үлгерімі төмен оқушыларға ойланып жасайтын тапсырмалар беру
55 Жазуға байланысты жүргізілетін жұмыстар. Материалды көшіру, есте ұстау. 
66 Сөздік жұмысын жүргізу 
Сурет бойынша әңгіме Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Үлгерімі төмен оқушыларда дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін ең алдымен ең оңай қызықты, уақыт өте келе маңызды болғанымен қызықсыз материал дайындауы қажет. Материалды толық үйрену үшін оқушы мұғалімнің көмегімен, уақыт өте келе өз бетінше орындайды. Әрбір орындалған үлгерімі төмен оқушының жұмысын мадақтап отыру қажет. Мұғалімге үлгерімі төмен оқушымен жұмыс істеуде өте үлкен шыдамдылық, мейірімділік пен төзімділік болуы шарт. Мұғалім сыныпта үнемі ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Уақыт өте келе, мұғалімдерде үлгерімі төмен оқушыны алған білімін түрлі проблемаларды шешуде қолдана білетін, өз бетімен сыни тұрғыдан ойлана алатын, жаңа технологияларды қолданып, кездескен қиындықтарды шешудің жеңіл жолдарын табатын, алған білімін қоршаған ортада қайда, қалай қолдана алатынын нақты сезінетінетіндей деңгейге жеткізу міндеті тұр.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Талызина Н.Ф. Управление процессов усвоения знаний. — М., 1979.
2. Шапоринский С.А. Обучение и научное познаний. — М., 1981.
3. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся. —
М., 1979.
4. Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. — М.:
Учпедгиз, 1981.
5. Пидкасистый П.М. Самостоятельная деятельность учащихся. — М.:

№ 34 негізгі орта мектебі

Баяндама оқыған:

Жунусова Актоты Алкеновна



2015-2016 оқу жылы

жүктеу 84,82 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау