Лекциялық сабақтар мазмұны 3-25 Зертханалық сабақтардың қысқаша сипаттамалары



жүктеу 7,69 Mb.
бет6/12
Дата19.11.2018
өлшемі7,69 Mb.
#20532
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Фильтрлер.

Программада бейнелерді өңдеу үшін әртүрлі фильтрлер қолданылады. Олардың бәрі фотоны сурет бейнесіне келтіреді. Фильтрді қолданып бейненің ауытқулары мен ақауларын жойып, оны сапалық параметрлерін арттыруға болады. Әр фильтрдің өзінің қолдану аясы бар.Біреуі пейзажды өңдеуге, келесісі портреттерді өңдеуге, ал кей біреулері контрасты түстермен жұмыс істеуге арналаған.



Суреттерді ретуштау.

Суреттерді ретуштау дегеніміз майда ақауларын жою және өңін келтіру.

Суреттердің сызылған, жыртылған, ескірген сияқты ақауларын жоюға болады. Түстік балансты келтіргеннен кейін суреттің өңін келтіруге болады. Ол үшін ФильтрРезкость командасы қолданылады.

Бейненің фокусын азайту үшін және контрасын азайту үшін Размытие филтрі қолданылады. Кіші бөліктер үшін фильтрден гөрі Резкость және Размытие құралын пайдаланған дұрыс. Майда ақауларды жою үшін келесі команданы орындаңыз: ФильтрШумПыль и помехи Бұл фильтр пикселдерді жою принціпіне негізделген. Бұл фильтрлеу нәтижесінде бейненің өңі өзгереді.



Жойылған фрагменттерді қалпына келтіру және сызылғанды өшіру үшін Клонированный штамп құралы пайдалынады. Клондау дегеніміз бейненің туынды облысын қайталау дегенді білдіреді. Клондауды бастау үшін:

1. Клонированный Штамп құралын таңдаймыз;

2. Опциялар панелінде қылқаламның(штамптың) қажетті көлемін қоямыз;

3. Нұсқағышты көшірмесі жасалынатын бейне фрагментінің жоғарғы жағына қоямыз. Нұсқағыш резиналық штампқа айналады;

4. Alt батырмасын басып тұрып, дубликаты жасалу қажет фрагментті шерту керек;

5. Нұсқағышты дубликаттау облысына орналастырамыз;

6. Тышқанның батырмасын басып тұрып, тышқанды жылжытамыз. тПикселдер дубликатталған жерлер ерекшеленеді.



3.1 тақырып. AutoCAD-бағдарламасын жүктеу.Объектілерді таңдау әдістері мен кілттері: Графикалық зона.Саймандардың құралы және меню

қатарлары. Меню қатарлары және оның құрамы

AutoCad бағдарламасы автоматикалық жобалаудан CAD-системасына жатады. Тәжірибелік денгейдегі әр-түрлі сызбаларды сызуға болады және техникалық құжаттарды дайындауға арналған система. CAD (Computer Aided Design)-жалпы бүкіл әлемдік системада әртүрлі объектілердің модельдерін әзірлеуге және конструкторлық құжаттарын, сызбаларын, дайындауға арналған. САПР-техникалық ұйымдастыру системасы автоматикалық жобалау құралдарының көмегімен әртүрлі жобаларды жасайды. AutoCad бағдарламасын тағайындаушы-Америкалық Autodesc-компаниясы бүкіл әлемдік рынокта САПР системасында әдістемелерді дайындауда алдыңғы қатардағы көш басшы болып келеді. AutoCad бағдарламасы 90-шы жылдары тез арада тарай бастады. Ен алғаш 10,11,12,13 версиялары MS DOS операциялық жүйесінде жұмыс істеді. AutoCad бағдарламасы

14 версиясынан бастап Windows операциялық жүйесіме жұмыс істей бастады. 90-шы жылдардың сонында 15 версиясы сосын 2000 жылы жаңа версиясы шықты. Қазіргі кезде AutoCad-2004 бағдарламасы кенінен қолданылады. Сонғы версиясының мүмкіншілігі бұрынғыларға қарағанда екі есеге өсті (мысалы: градиентік бояулар, құралдар палитрасы және т.б.).AutoCad 2004 бағдарламасын жүктеу үшін компьютерге мынандай талаптар қойылады;



  • Процессор: Pentium III 500 MГц және одан жоғары.

  • Оперативтік жадтың қажетті мөлшері: 128 Mb ұсынылады, негізі 256 мб және оданда жоғары болғаны дұрыс.

  • Қатты диск (винчестер): Программаны қатты диске жүктеу үшін 300

мб көлемінде болу керек.

  • Видео: мониторы 15”-17”, жарықтандыру мүмкіншілігі 1024х780 болу қажет.

  • Тышқан және трекбол (шариктік манипулятор).

  • Перне тақта.

Және тағыда қосымша құралдар керек; графикалық планшет, дигитайзер сызбаларды сызу үшін, принтр немесе плоттер.

Объектілерді таңдау әдістері мен кілттері:

Add (Қосу) – қолданыстағы жинаққа объектілерді қосу режимін орнатады. Бұл объектілерді таңдау үшін қолданылатын бастапқы режим болып табылады.

All (Барлығы) - өшірілген және бекітіліп қойылған, сонымен қатар қолданылмайтын аралықтардығы жеке объектілерді таңдауға мүмкіндік береді.

Auto (Авто) – курсор көрсетіп тұрған объектілерді таңдайды. Егер бірде бір объект таңдалмаса, онда қоршаудың (рамканың) бірінші бұрышы бастапқы нүкте болып табылады.

Box (Бокс) – екі нүкте бойынша тік төртбұрышты белгілейді. Егер екінші нүкте біріншісінің оң жағында болса, таңдау Window (Рамка) сияқты, ал егер сол жығында болса Crossing (Секрамка) қиюшы рамканы таңдау арқылы жүргізіледі.

Crossing (Секрамка) – қиюшы рамка рамканың ішінде немесе рамканың контурын қиятын барлық объектілерді таңдайды Select objects: (объектілерді таңдаймыз) сұрағына келісім бойынша рамканың бірінші бұрышын, содан соң екінші бұрышын оңнан солға қарай белгілеуге болады. Бұл кезде командалық қатарда мынадай сұрақ шығады: Select objects: [объектілерді таңдаймыз:] - рамканың бірінші бұрышын көрсету керек; Specify opposite corner: [қарама-қарсы бұрышты көрсетеміз:] - рамканың қарама-қарсы бұрышын көрсету керек.

Cpolygon (СМн-угол) – Crossing және Wpolygon режимдерін біріктіреді және көпбұрыштың ішіндегі объектілердітолығымен, сондай-ақ оның шекаралармен қилысатындарын да белгілуге мүмкіндік береді. Таңдалатын объектілердің айналасындағы нүктелерді белгілеу арқылы Шекара обылысы беріледі. Көпбұрыш осы нүктелерді белгілеу арқылы кез келген формада мүмкін, бірақ олар өзара қилыспау керек. Ол әрбір жаңа төбені көрсеткен сайын автоматты түрде тұйықталып отырады. Соңғы көрсетілген нүкте мен курсор арасында резина жіп тартылған.

Fence (Сызық) – сызық өзі қиып объектілерді ғана таңдайды. Рамкалық және қиюшы көпбұрыштардан айырмашылығы – сызық өзін-өзі қиып өте алады. Нүктелерді көрсеткен кезде таңдау сызығы шығып, графикалық курсор айқышына резина жіп жүргізіледі.

Group (Топ) – берілген топ ішіндегі барлық объектілерді таңдайды.

Last (Соңғы) – экранда көрініп тұрған, соңғы салынған оъектіні таңдайды.

Multiple (Бірнеше) – бір мезгілде бірнеше объектілерді таңдайды немесе <бос орын> клавиштерінің бірі басылмайынша таңдау процесі тоқтатылмайды.

Point (Нүкте) – нысаны қиып өтетін оъектіні таңдайды. Егер бірде бір оъект табылмаса және PICKADD жүйке айнымалысы қосылып тұрса, онда бірінші бұрыш ретінде қиюшы рамка Crossing немесе Window рамкасының бірінші бұрышы алынады.

Previous (Ағымдығы) – объектілердің ағымдығы жинағын таңдайды.

Remove (Шығарып тастау, алып тастау) – көрсетілген, белгіленген объектілерді жинақтан шығарып тастау режимін орнатады.

Single (Жалғыз) – жалғыз бір ғана оъектіні таңдау режимін орнатады. Егер объект немесе оъектілер тобы көрсетілсе, онда таңдау аяқталады деп есептеледі де, сұрау қайталанбайды.

Undo (Алып тастау) – жинаққа қосылған соңғы оъектіні алып тастайды (өшіреді).

Window (Рамка, қоршау) – қоршаудың ішіне толығымен кіретін объектілерді таңдайды.

Wpolygon (РМн-бұрыш) - Window сияқты, бірақ белгіленген обылыстығы шекарасы көпбұрыш болатын объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Бірінің үстінде бірі жатқан объектілерді таңдау қиын. Бұны орындау үшін пернесін басып тұрып енгізу құрлығысын пайдалану керек. Таңдалатын объектілердің жинағын түс, слой, объекті типі сияқты қасиеттері

бойынша Фильтр-тізімдері пайдаланып шектуге болады. Фильтр-тізімдері одан кейін де пайдалану үшін сақтап қоюға болады. Фильтр-тізімдері жасау және сақтап қою үшін Select objects: сұрағына filte деп жазып, Object Selection Filers диалог терезесінде Фильтр-тізімдері көрсету жеткілікті

Графикалық зона

Графикалық зона AutoCAD жұмыс терезесінің ортасындағы үлкен кеңістік. Бүкіл құрастырулар графикалық зонада жасалынады. Әдеттегі графикалық зонаның түсі қара болады, ал құрастырулары ақ сызулармен көрсетіледі. Бұл сіздің көзіңіздің талмауы үшін жасалған нәрсе. Монитордың ақ экранына қарау шамға қарағанмен бірдей. Көз жаңарына мұның пайдасы

аз. Сызуларды басқан кезде қалай болу керек солай болуға тиісті: қағаздың түсі ақ болады, ал сызулары қара (әлде қандай түсті өзіңіз қаласаңыз сондай түсті таңдайсыздар). Сызу экранда қара түсті болып көрінеді. Экранда ақ түсті қаласаңыз оны жасау қиын емес. Ол туралы 21.3. п. жазылған. Бұл кітаптағы барлық иллюстрациалар ақ графикалық зонамен жасалған, өйткені олар кітапта жақсы көрінеді. Мен күнделікті жұмысымда графикалық зонаның қара түсін пайдаланамын, өйткені ол көз жаңарына пайдалы. Графикалық зонаның астыңғы сол жақ бұрышында координаттар жүйесінің пиктограммасы орналастырылған. Бұл пиктограмма екі сызықтан құрастырылған, координаттар өсінің (ось координата) дұрыс бағытының көрсеткіштері. Графикалық зонаның астыңғы жағында Model (модель) деген жазуы бар. Бастапқыда осы жазуға байланысты жұмыс жасайсыз Model (модель) жазуының қасында екі жазу бар 1 бет және 2 бет. Олар арнайы сызу кампановкасының жасау үшін қолданылады баспаға шығарардың алдында, күрделі жағдайсыз тиісе беруге болмайды (олар туралы 22 гл. айтамыз). Сызулардың стандарттық баспалары және бүкіл құрастырулары Model, модель таңбасы арқылы жасалынады.

Саймандардың құралы және меню қатарлары

Меню қатарлары және оның құрамы

AutoCAD командасы функционалдық белгісі бойынша системалық қатарларда 11 бөлім-пункт түрінде топтасқан. Бұл бөлімдер мынандай:



File (файл) – ашу. Бұл бөлімде сызу файлдарымен жұмыс жасау үшін құрастырылған командалар: баспаны ашуға, сақтауға, басқа сызу файлдарға көшуге және AutoCAD системасынан шығуға.

Edit (Правка) - түзету. Бұл бөлімде жалпы редакциялық командасы жиналған: көшіру, кесіп тастау, енгізу.

View (Вид) - түрі. Экрандағы сызу түрін басқару бұйрықтарын жұптастыратын бөлім, және үш өлшемді модельдердің параметрлерінің елестетуін басқаруда.

Insert (Вставка) - қою. Сызуға әртурлі элементтерді қоюуға арналған өзіне бұйрықтарды жұптастырған бөлім. (Блоктары, суреттері, OLE объектілері және т.б.).

Format (формат) - Бұл бөлім AutoCAD системаның қатарында мынандай бұйрықтарды құрайды: сызу шеттерін құру және бірлік мөлшерін құруда, тексттің стилін мөлшерін басқаруда, қатпар, түс, типтермен жұмыс жасауда және сызудың қабатымен жұмыс жасауда.

Tools (Сервис) - Бөлім құрастырушы бұйрықтары системаға басқаруға сызудың параметрлерін құру үшін арналған және т.б.

Draw (Рисования) – сурет салу. Әртүрлі элементтерді сызу үшін бұйрықтарды құрайды.

Dimension (Размеры) – мөлшері. Бұл бөлімде мөлшерлер көрсету үшін құрастырылған бұйрықтар.

Modify (Редактирование) Графикалық объектілердің өзгерістерін редакциялайтын бұйрықтарды құрастырған бөлім.

Window (окно) – терезе. Бірнеше сызықтарды бір уақытта өзінің бұйрықтары мен көрсете алуға қалыптасқан бөлім.

Help (Помощь) – көмек. Бұл бөлімге құрастырылған бұйрықтар AutoCAD анықтама кеңсесімен жұмыс жасау және соған кіру. Тышқанның сол жақ пернесін басқанда бөлімнің атынан бұйрықтар тізімін ашасыз ол меню асты. Системалық менюді біреуін ашқаннан кейін бір пунктан басқа пунктқа көшу үшін тышқанның курсорын жәй ғана арнайы пунктқа қозғалту керек. Меню астын жабу үшін тышқанды әр жерде менюдің артында баса салуға болады.

Өлшемдерінің түрлері және саймандардың құралдары

AutoCAD-та мөлшерлерді көрсету үшін бастапқы меню Dimension (Размеры) пунктысынан бұйрықтарды қолдануға болады. Бұл мақсатта маған қолайлы Dimension (Размеры) саймандар құралын қолдану. Үндемеумен бұл құрал көрсетілмейді сондықтан ол экранда көріну үшін, кез-келген көрінетін саймандар құрамының тышқанның оң жақ пернесін басасың, және көрінген тіркеуді Dimension (Размеры) пунктын таңдайсыз. Dimension (Размеры)

құралы.

AutoCAD-та қандай размерлер құрастыруға болады және Dimension (Размеры) панелінде қай перне оған арналған:



  • Сызықтық мөлшер (Linear Dimension) – х, у осьтеріне қарама- қарсы болатын мөлшерлі сызық, осындай жағдайларда құрастырылады, бұл көбінесе көп қолданылатын тип.

Қарама-қарсылық мөлшер (Aligned Dimension) – еңкейген объектілердің мөлшерін көрсету үшін, контуры (және контурдыңфрагменттері) олардың х, у осьтарына қарама-қарсылы емес болғанда қолданылады. Мұндайда мөлшерлі сызығы мұндай мөлшерлі объектісін сызығына қарама-қарсы болады.

Ординаталық мөлшер (Ordinate Dimension) – Ординаталық мөлшер сызығында х және у кординатасын қоюу үшін көрсетілген нүкте, салыстырмалы координата басына қолданылады.




Радиус (Radius Dimension) – Шеңбермен доғаның радиусын табуүшін жасалады.




Диаметр (Diameter Dimension) – Шеңбермен доғаның диаметрін табу үшін жасалынады.

Біркелкі шынжыр (Continued Dimension) – Біркелкі шынжырлар бір бірімен қосылған мөлшерлер жүйелік ізімен ұсынады. Бұндайда екінші шығатын бірінші мөлшердің сызығы бірінші шығатын екінші мөлшердің сызығына жатады, және т.б.

Жалпы базаның мөлшерлері (Baseline Dimension) – Алдындағыдай жүйелік ізімен ұсынылатын мөлшерлер бірақ бұл мөлшерлер бір нүктеге байланған, яғни бірінші шығатын сызу басқа мөлшерлер үшін, бірыңғай саналады.

Бұрыштық мөлшер (Angular Dimension) – Екі сызудың арасындағы бұрыш мөлшерін табу үшін қолданылады.

Тез шығару (Quick Dimension) – Қисым жегілген сызық тілмен басталып сүремен бітеді. Әдетте шығарулар таңба қою үшін және текстті түсіндіруге қою үшін қолданылады.

Допуск (Tolerance) – Формалар кіру рұқсаты құруының артынан және ЕСКД – ге сәйкес орналастыру үшін қолданылады.

Орталықтың маркері (Center Mark) – Белгілі сөз ұғымында бұл мөлшер емес. Кнопкаға басқанда сіз тек шеңбермен доғаның ортасын көрсете аласыз. Сіз тек доғамен шеңберді көрсетесіз, ал AutoCAD сызудың орталығын өзі тауып көрсетеді.

Тездік мөлшері (Quick Dimension) – Бұл размер AutoCAD-та өзін сайман ретінде көрсетеді. Бірнеше объекттің мөлшерін бірден сыза алады.


Өлшемдерінің түрлері және саймандардың құралдары. Объектілік байлану жеке тәсілдерінің жекешелендірілген шақыруы. Сұхбат терезе Startup (жұмыс басталуы) көмегімен жаңа сызулар шығару. Шаблондарды қолдану. Шаблондарды қолдану әдістемесі

Объектілік байлану тәсілдерінің әрқайсысы жеке шақырылуы мүмкін. Бұл үшін AutoCAD 2004-те екі мүмкіншілігі көрсетілген.



  • объектілік байлану менюінің көмегімен;

  • арнайы саймандар көмегімен Obsect snap (объектілік байлану).

Ары қарай екі тәсілге де тоқталмақ ең қолайлы тәсілі:

  • бірінші менюдің көмегімен.

  • екінші объектілік байлану менюдің көмегімен.

Объектілік байлану менюінің көмегімен қажетті байлану режимін тез және қолайлы белсендірілдіруге болады. Ол көріну үшін клавиатураға «Shift» клавишасын бір уақыта болу керек және тышқанның оң жақ пернесін басу қажет. Меню ашылады, қажетті байлану әдісін таңдап алуға болады. Меніңше бұл қолдануда қолайлы тәсіл, және мен оны сіздерге ұсынамын. Естеріңізге саламын, жеке объектілік байлануын тек қана объектіні құрастыру кезеңінде шақыруға болады. Мысалы, кесуді құрастыруда сіз ең алдымен бұйрықты Line (кесу) шақыруға мәжбүрсіз, және оның басты нүктесін көрсетесіз, содан кейін ғана объектілік байлану қажетті тәсілін шақыру керек. Одан басқа жеке шақырылған объектілік байлану тәсілі тек тышқанның бір ғана басуымен іске кіріседі. Сондықтан, бұл тәсілді шақырудан кейін, сіз тек қана оның көмегімен бір ғана нүктені бере аласыз. Содан кейін ол өшеді. Егер кесу мысалына оралсақ, объектілі байлану қажетті тәсілін шақырғаннан кейін сіз тек қана кесудің ақырғы нүктесін көрсете аласыз, және бұдан кейін тәсілдің жасалуы аяқталады. Ал бұйрықтың Line (кесу) жасалуы жоқ.

Арнайы саймандар - Obsect snap кестесінің көмегімен (объектілік байлану)

Қажетті байлану режимін арнайы саймандар Object snap (объектілік байлану) кестенің көмегімен таңдауға болады, саймандар кестесі көрінбейді. Сондықтан ол экраннан көріну үшін қандай болсын көрінбейтін саймандар кестесіне тышқанның оң жақ пернесін басу керек және көрінген тізіміне Object snap объектілік байлану нүктесін тауып аласың.



Байлау режимін таңдауда суретте көрсетілгендей саймандар құралының (обьективтік байлау көмегімен жасауға болады)


Мына құралда пернелер қатары пиктограммалар орналасқан. Тышқанмен біреуін басып объективтік байлану керекті тәсілін сіз активизациалауға болады қандай пернеге қай тәсіл cәйкес келетіні төменде жазылған.

Endpoint (Ақырғы нүкте)
Midpoint (Орталық)




Center (Ортасы)
Node (Узел)
Quadrant (Квадрант)

Intersection (Қиылысы)

Extension (Жалғастыру)

Insertion (Қою нүктесі)

Perpendicular (Нормаль)

Tangent (Жаңама)

Nearest (Жақынырағы)
Apparent intersection (Көрініс

Parallel (Параллель)

Бұл тәсілдің жарамсыздығы қосымша бар болған құралдар саймандарының керекті көрсетуші деп саналады. Сондықтан графикалық сызу басталатын орында аймағы (область) азаяды. Сұхбат терезе Startup (жұмыс басталуы) көмегімен жаңа сызулар шығару

AutoCAD-ты қалай орнату, үстінде көрсетілгендей, сызу жасау үстелде сұхбат терезе Startup (жұмыс басталуы) көрінуі керек. Содан соң, жаңа сызу жасау үшін (AutoCAD-ты жүктеу үшін яғни белгі – пиктограммада, тышқанның қосылуынан кейін осы терең көрінеді. Керекті қимылды таңдау үшін Startup (жұмыс басталуы) терезесінде келесі төрт пернесі орналастырылған:

Open a Drawing (сызуды ашу) – сақталған сызулардың біреуін ашу. Бұл перне қолайлы тек ұхбат терезе Startup (жұмыс басталуы) AutoCAD қосылғанынан кейін көрінеді.

Start from seratch (қарапайым шаблон) – қарапайым шаблон арқылы жаңа сызу жасап шығару. Ең қарапайым тәсіл сызу жұмысын бастау. Бізден бірлік мөлшерлерінің типін көрсету ғана сұралынады; метрикалық (милиметрі) яғни бри томдық (дюймдар), «ОК» басу, сосын сызу жасалынады. Use a template (шаблонды қолдану) – шаблондарын біреуінен жаңа сызу жасау.

Сонымен Startup (жұмыс бастау) терезесімен, шаблондар, жаңа сызу жасау, яғни қарапайым бос сызу (қарапайым шаблонда ештеңесі жоқ, шеті де жоқ, бірақ бірлік мөлшері көрсетілген), яғни берілген сызу параметрінің мастерлердің біреуін қосқаннан кейін.

Quisk Setup (тез дайындық) – бұл берілген мастердің біздегі сұралатын тек мұндай бірлік мөлшерінің типін көрсету және сурет (сызу) зоналарының мөлшерін көрсету.

Advanced Setup (детальдік дайындық) – сызуларды жасауда детальяцияланған мастер боп көрсетіледі. Бастапқы этапта сызудың қосымша мінездеменің санын көрсету және суретті сызу зонасының мөлшерін белгілеуге. Объектілік орау байлану объектінің, ораудың режимін қолдану, объектілік ораудың әдісі Сызықтарды жасауда координаталық сетканың байлауларына немесе таңдамалы бұрыштарға көбінесе орау жеткілікті емес. Бұл қажет емес. Керегі, сызуда бар объектілерде орау жасалуы. Қарапайым мысал: тіктөртбұрыштың бір бұрышынан басталатын сызық сызу керек. Сіз қаншама тышқан арқылы тіктөртбұрыштың керекті бұрышының барып түскіңіз келсе де, тырысқан әрекетіңіз іске аспайды. Сызық бұрышта басталса да, бірақ, әлбетте олай болмайды. Мүмкін оныншы, мүмкін жүзінші бөлігі милиметірінде, бірақ сіз бәрібір бұрыс кетесіз.

Тура сызық салу үшін, тіктөртбұрыштың бұрышының басталатынын салу үшін, тек бір жағдайда ғана жасай аласыз, егер бұйрықты қатар сызықтың бастапқы координатасы ретінде тіктөрбұрыштың керекті бұрышындағы координатасын көрсетеміз бірақ, біріншіден, сіз бұл координаталарды білмеуіңіз мүмкін, екіншіден бұйрықта қатармен жұмыс жасау көбінесе азырақ қолайлы және тез, тышқанмен сызулар жасағанша. Бұндай сызуларды тышқан көмегімен жасау үшін, AutoCAD системасында объектілік ораулар режимі көрсетілген. Бұл режимде кесу және тік бұрыш мысалына оралсақ курсор тікбұрыштық бұрыштарының қасында болғанда ол оларға автоматты түрде жабысады. Соның арқасында керекті кесуді сіз тез және тура сызып шығарасыз.

Сонымен, объектілік байлаудың режимі – ол режим ішінде AutoCAD автоматикалық түрде дұрыс берілген нүктелердің байлауын мінездемелі объектілердің нүктелеріне сызудағы қатысты орындайды. Бұл режимді активизациялауға болады, егер OSNAP (байлау) қатар қалпындағы батырмасын басса. Режимді өшіру үшін осы батырманы тағы бір басу керек. Осы мақсатпен пернетақтадағы F3 пернесін қолдануға болады. Өзінің арсеналында объектілік байлану режимі көптеген әдістарынан құралады. Олардың көрсеткіштері осы немесе әртүрлі жағдайда мына және басқа объектілерге курсор қалай байлануын көрсетерде. Бұл тәсілдердің әрқайсысы белгіленген мінездемелі нүктелер (курсор жабысатын нүктелер) cәйкес келеді. Сұхбат терезеде Drafting setings (сурет режимі), объектілік байлану режимін орналастыруға болады. (объектілік байлану) object snup вкладкасында ескертемін, бұл сұхбат терезені меню Tools (саймандау)- Drafting scttings (сурет режимі) тізбегінен шығаруға болады. Одан басқа Object snap (объектілік байлану) вкладкасына тез көшуге болады контекстік менюден, OSNAP (байлану)

Corel Draw бағдарламасы бойынша зертханалық жұмыстар

Зертханалық жұмыс №1-2 Негізгі графикалық фигуралар
Мақсаты: Corel Draw бағдарламасының құрал-саймандар тақтасынан тіктөртбұрыш және форма құралдарын пайдаланып әртүрлі формаларды салып үйрену.

Қажетті құрал-жабдық: ДК, Corel Draw Х3 бағдарламасы .
Әдістемелік нұсқау:

Жоғарыда айтқандай CorelDRAW бағдарламасында кескіндермен жұмыс негізінен обьектілермен жұмыс болып табылады.Барлық обектілерді үш категорияға болуге болады:қарапайым, сызықтық және мәтіндік.

Бұл–тікбұрыштар, эллипстер, көпбұрыштар және стандартты фигуралар. Тікбұрыштар категориясында тек стандартты фигураларды ғана өз қалауымызша құрастыруға болады. Тікбұрыштың сыртқы түріне қарап көп жағдайларда басқа обьектілерден ажырату қиынырақ.. Егер сол обьектіге тышқанның батырмасымен бассақ қалып күй қатарында Rectangle on Layer 1 сөзі шығады, бұдан сіз оның тікбұрыш екендігіне сенімді боласыз.

CorelDRAW бағдарламасында барлық қарапайым объектілер сәйкес саймандардың көмегімен құралады. Тікбұрыштар Rectangle сайманының көмегімен тұрғызылады. Rectangle батырмасын басқан кезде тышқан көрсеткіші айқас сызыққа айналады. Қалып-күй қатарындағы тышқан көрсеткішін Rectangle құралына апарып диоганаль бойынша созу керек.Тышқанмен жылжытып болғаннан кейін оның батырмасын жібергенде, тікбұрыштың жан-жақтарындағы жиектері белгіленеді және орталық маркер шығады. Ал қалып-күй қатарында «тіктөртбұрыш тобына жататын обьекті белгіленді» деген хабарлама шығады.

CorelDRAW-да кез келген графикттік обьектіні құрғаннан кейін ол бөлініп алынған болып табылады және оның айналасында бөліп алу жақтауы пайда болады.

Тіктөртбұрыштардың атрибуттар құралы (1.1-сурет) мына қасиеттерден тұрады: төртбұрыштың өлшемі, төртбұрыштың орналасуы, масштаб коэффиценттері және т.б. Бұл қасиеттер батырмаларды өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге онда обьектілермен жұмыс жасау батырмалары орналасқан (бұрау, айналық бейне, бұрыштарды дөңгелектеу және т.б)

Объектіні еркін қозғалыспен орталықтан айналдырудан басқа, тышқанның көмегімен орталықтан нақты және дәл айналдырудың мүмкіндері бар. Ол үшін «Өзгерту» (Преобразование) атрибуттар тақтасын көрсетіп қою қажет. «Өзгерту» тақтасы бізге сол тікбұрышты бейненің формасын өзгерту үшін қолданылады.

Бұл атрибуттар тақтасын іске қосу үшін Терезе (Окна) - Тақталар (Панели) - Өзгерту (Преобразование) бұйрықтарын орындаймыз.


1-жаттығу: Төртбұрыштар.

1. Rectangle (тікбұрыш) құралын алыңыз да, тиісті формада тікбұрышты құрыңыз.

2. Квадратты құрыңыз

3. Тікбұрышты ортадан құру мүмкіндігін қолданып, төмендегідей бейнені келтіріңіз





2-жаттығу: Ellipse(Эллипс) құралының көмегімен келесі фигураларды құру болады: эллипс, дөңгелек, сектор, доға.

Бұл фигураларды эллипстің атрибуттар тақтасынан көре аласыз. Бұлардан басқа эллипс құралына пайданып, әртүрлі өзгерістер келтіруге болатын бірнеше батырмалар орналасады.
3-жаттығу: Көпбұрыш және форма

Көпбұрыш (Poligon) құралы көпбұрышты фигураларды салу үшін берілген. Биіктіктігін 3 тен 500-ге дейінгі аралықта беруге болады.



Оны құралдар тақтасынан белгішесі арқылы қосуға болады. Бұл құралды таңдаған кезде, оның атрибуттар тақтасынан тек қана бір батырма іске қосылып тұрады. Ол Көпбұрыштының, жұлдызшаның және қиын жұлдызшаның жақтарының және биіктіктерінің саны (Number of points or sides of polygon, star and complex star). Көпбұрыш құралынан көпбұрыш фигурасынан басқа жұлдызша, қиын жұлдызша, спираль және сызып алынған қағаз бейнелері бар.

Егер де батырма көрсетіліп тұрғандай 5 саны тұрса, онда бесбұрышты көпбұрыштың бір бейнесі шығады. Ал егер де 6 немесе одан да көп бұрыш саны белгіленіп тұрса(Оны өзіңіз батырмалары арқылы өзгертесіз.), алтыбұрышты немесе одан да көпбұрышты фигура бейнеленеді.



Форма құралының көмегімен көпбұрыштың сыртқы бейнесін өзгерту мүмкіндігі бар. мына формадан келесі фигураларды шығаруға болады. және т.б.


Оқушының өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар
1-тапсырма



2-тапсырма


Зертханалық жұмыс 3-4 Мәтін және сызықтарды қолданып сурет жасау
Мақсаты: Corel Draw бағдарламасында құрал-саймандар тақтасынан мәтін құралын әр түрлі формадағы бейнелерді құрастыру,үйрену;

Қажетті құрал-жабдық: ДК, Corel Draw Х3 бағдарламасы .
Әдістемелік нұсқау:

Мәтінмен жұмыс жасаған кезде басты ролдердің бірін қаріп ойнайды. Бұл түсініктің өзіне символдардың сызбасын және кегльді және гарнитураны қосады. Гарнитура (typeface) – ол берілген суреттің тыныс белгілерінің, символдарының, сандардың және әріптертердің жиыны. Арнайы қасиеттермен берілген гарнитура өзінше бірүлгідегі топтарды біріктіреді – қаріптер жанұясы (Type Family)

Көбінесе қолданылатын гарнитура тобын көрсетіп кетелік:

 Serif

 Sans-Serif

 Monospaced[Fixed Size]

 Script

 Dесorative



Coreldraw бағдарламасында мәтіннің екі негізгі типі бар:

Азатжолды мәтін (Paragraph Text) Стандартты әдістермен келесі үлгідегі пішімдеуді жүргізетін мәтіннің үлкен блоктарын құру. Құрылу үлгісі, мысалы




Жолдық мәтін (Artistic Text) қысқа мәтіндік тақырыпшаларды құру үшін берілген; сонымен қатар бұндай мәтін графикалық эффектілерде қолдануда арнауға болады.

Құрылу үлгісі, мысалы




Мәтінмен жұмыс жасау үшін құрал-саймандар тақтасынан батырмасы қолданылады.
1-жаттығу: Қара квадрат

1. құралын басып жолдық мәтінді қосыңыз да жұмыс аймағына басыңыз.

2. Бұл жағдайда мәтіннің тіктөртбұрышты ерекшеленген аймағы пайда болады.

3. «Қара» және «Квадрат» сөздерін теріңіз де, мәтінге 50 % қара тыс беріңіз: Ол үшін құралын таңдаңыз. Оның ішінен түстер заливкасының диалогты терезесін таңдаңыз. Соның ішіндегі Ат (Имя) бөлімінен «Қара» түстен 50 % қара түсті таңдаңыз да ОК батырмасын басыңыз. (Сол әрикеттерді орындау барысында мәтініңіз ерекшеленіп тұруы қажет)

4. «Квадрат» сөзін 30 % -ға , «Қара» сөзін -30% -ға вертикальды бағытта еңкейтіңіз.

5. 4.6-суретте көрсетіліп тұрғандай орналастырыңыз.

6. Екі мәтіннің де 3 көшірмесін алыңыз да, олардың біреуіне 40%, екіншісіне 30%, үшіншісіне 20 % қара түске бояңыз. Мәтіннің бояу түстері суретте көрсетілгендей бағытта орналасып тұрсын.

7. Жолдық мәтіннің көмегімен тағы да «Қара» және «Квадрат» сөзін құрыңыз.

8. «Квадрат» сөзін = - 30 % -ға , «Қара» сөзін = 30% -ға вертикальды бағытта еңкейтіңіз.

9. Түстерін қараға бояңыз. 28



10. Осылардың 3 көшірмесін алыңыз да, суретте көрсетіліп тұрғандай орналастырыңыз.


2-жаттығу: «Колесо»

1. «Колесо» мәтінін теріңіз. Гарнитурасы – Arial, кескінделуі – жартылайқалың (полужирный), түсі – қара



2. Мәтіннің пішімдеу параметрлерін төмендегі 1-кестеде көрсетіліп тұрғандай тұрғызыңыз.

жүктеу 7,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау