Ұйымның принциптері
Электрондық почта көбінесе қарапайым почталық қызметке ұқсас. Корреспонденцияны (хат – хабарды) қолданушы өзінің жұмыс орнында немесе почтаны дайындау бағдарламасымен немесе қарапайым мәтіндік редактордың көмегімен дайындалады. Әдетте почтаны дайындау бағдарламасы қолданушы осы типтің барлық басқа бағдарламаларына қарағанда мәтіндік редакторды шақырғанын қалайды. Содан соң қолданушы почтаны жіберу (почтаны дайындау бағдарламасы автоматты түрде жіберу бағдарламасын шақырады) бағдарламасын міндетті түрде шақыруы тиіс. Sendmail бағдарасы жіберудің стандартты бағдарламасы блып табылады. Sendmail кәдімгі почтаның бөліміне әрі қарай қамтамасыз ететін почталық курьер ретінде жұмыс істейді. Unix жүйелерінде Sendmail бағдарламасының өзі байланыс бөлімі болып табылады. Ол ол почтаны сұрыптап, адресаттарына жібереді. Өз машиналарында почталық жәшігі бар және почталық сервермер коммутацияланған телефондық желілері арқылы жұмыс істейтін жеке компьютер қолданушыларына қосымша іс - әрекеттер қажет болуы мүмкін. Мысалы осылыйша Relcom почталық қызметінің қолданушылары почтаның почталық серверге жеткізілуін қамтамасыз ететін UUPC бағдарламасын іске қосуы міндетті.
TCP транспорттық протоколын қолданатын және қолданбалы деңгейінің протоколы болып табылатын Simple Mail Transfer Protocol (SMTP) арнайы протоколы Internet желісінде электрондық почтаның жұмыс істеуі үшін құрылған. Бірақ та осы протоколмен бірге Unix-Unix-CoPy (UUCP) протоколы қолданылады. UUCP телефондық байланыс желілерінде қолдануға сәйкес келеді. Көптеген Relcom электрондық почтасының қолданушылары почтаның буынға дәл осы протоколдың жеткізілуін шын мәнінде қолданады. SMTP және UUCP – ң арасындағы айырмашылығы бірінші протоколда қолдану кезінде sendmail почтаны қабылдаушы машинасын іздеп, почтаны қабылдаушының почталық жәшігіне жіберу үшін on-line режимінде байланысады. SMTP - ны қолданған жағдайда хабарлама почталық жәшікке бірнеше минутта жетеді және хабарламаның жету уақыты қолданушының почталық жәшігін қаншалықты жиі тексеретініне байланысты. UUCP қолданған кезде почта "stop-go" принципі арқылы жұмыс істейді, яғни почталық хабарлама почталық серверлер тізбегі арқылы бір машинадан екіншісіне қабылдаушының машинасына жеткенше немесе қабылдаушы абоненттің жоқ болу себебіне байланысты қабылданбауына дейін жұмыс істейді. Бір жағынан UUCP – ді нашар телефондық каналдары арқылы да жіберуге мүмкіндік береді, себебі жіберушіден қабылдаушыға дейін желіні қолдап тұрудың қажеті жоқ, ал екінші жағынан атынан қате кеткеніне байланысты бірнеше күннен соң хабарлама қайтарылғанда наразы боласын. Сонымен жалпы ұсыныстар мынадай: егер on-line режимінде кепілді жұмыс істеуге мүмкіндік болса және ол қағидаға айналса, онда SMTP протоколы бойынша жұмыс істейтін почтаны орнату керек, ал егер байланыс желілері нашар болса немесе on-line анда – санда ғана қолданылса, онда онда UUCP – ны қолданған жөн.
Сурет 1. Почталық алмасудың қатысушыларының өзара әрекеттесу құрылымы
Кез – келген почталық қызметтің негізі адресстер жүйесі болып табылады. Нақты адрессіз почтаны жеткізу мүмкін емес. Internet – е адресстер жүйесі қабылданған, олар желіге қосылған машинаның домендік адресінде жинақталған (негізделген).
Достарыңызбен бөлісу: |