Компьютерлер мен қосымшалардың клиент-серверлік өзара әрекеттесуі
ДҚБЖ-не қатысты “клиент-сервер” технологиясыекі бөлікке бөлінеді – қосымша-клиент (front-end) және деректер қоры сервері (back-end). Бұл архитектура мэнфреймдер мен “файл-сервер” технологияларында деректерді өңдеудің жақсы жақтарын біріктіреді. “Клиент-сервер”технологиясының мэйнфреймдерден алған жақсы жақтары: орталықтандырылған әкімшіліктендіру, қауіпсіздік, сенімділік. “Файл-сервер” технологиясынан төмен бағамы және клиент-компьютерлердің ресурстарын пайдалана отырып, деректерді кеңейтілген өңдеу мүмкіндігі. Сонымен бірге, “клиент-сервер” архитектурасы деректердің бүтіндігін тексеретін ережелер сервердің өзінде болғандықтан, соның арқасында қосымшаларды құрастыруды жеңілдетеді және тездетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |