SQL тілінің функциялары. Функциялар – анық аты бар және жиі қолданылатын алгоритмдерді жүзеге асыратын шағын программа. Өрнектерді есептеу кезінде қолданылатын мән функцияның орындалу нәтижесі болады. Функция айнымалыларға рұқсат етілген кез-келген типтің мәндерін қайтара алады. SQL екі типті функцияны қолдайды:
орнатылған функциялар;
қолданушылық функциялар.
Орнатылған функциялар үш типті болады: жол жиынтығын алатын функциялар, агрегатты және скалярлы функциялар.
Жол жиынтығын алатын функцияларды кестеге сілтеу сияқты операторларға қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |