Мемлекепік аппараттағы бюрократизм себептері. Әскер және мемлекеттік
қауіпсіздік органдары және тәртіпті қамтамасыз ету саяси институттардың
ерекшелігі ретінде.
Бюрократия ұғымы /француздың
«bureau»
- стол, канцелярия және
гректің «kratos» - билік/ тікелей столбастық, канцелярия, контор билігі деген мағынаны
береді.
Бюрократия ұғымын түсіндірудің екі ғылыми тұрғысы кездеседі. Оның бірі неміс
ғалымы М.Вебер /1864-0920 ж./ атымен байланысты, ол басқару теориясында үлкен іс
қалдырды. Бұл тұрғыда бюрократия ұғымы тиімді ұйымдастырылған басқару жүйесі, онда
кәсіби қызметкерлер заң мен ереже бойынша өз қызметтерін орындайды. Яғни, М.Вебер
бойынша бюрократия дегеніміз тиімді-құқықтық биліктің қажетті элементі және ол
европалық өркениеттің дамуы негізінде пайда болған. Екінші тұрғыда бюрократия
жағымсыз бағаланады және қоғамдағы жағымсыз құбылыс ретінде қарастырылады. Барлық
уақытта мұндай жағдайда үшінші бір бағыт пайда болады. Онда бюрократия қоғам үшін
қажеті құбылыс, бірақ оның жағымсыз жақтары бар деп саналады. Көбінесе мұнда
бюрократия жақсы, ал бюрократизм жаман деп саналады. Бұл ситуация бюрократия
құбылысына нақты талдау жасап, қорытынды жасауды талап етеді.
Бюрократиялық ұйымның мына төмендегідей сипатымен ерекшелінеді:
•
Нәтижелігімен, ұйымның мүшелері арасындағы міндеттерді нақты бөлінуі арқылы
жеткен, жоғары кәсіби мамандарды басшы қызметке алуға мүмкіндік беруі;
•
Биліктің қатал иерархиялануы, биліктің жоғары сатысында тұрған адамның өзінен
төмендерді бақылауға мүмкіндік беретін;
•
Формалды қалыптасқан және нақты тіркелген ереже жүйесі, басқару қызметінің
біржақтылығын қамтамасыз ететін;
•
Тұлғасыз әкімшілік қызмет және көңіл-күйден бейтарап қатынас, олардың әр
қайсысы индивид ретінде емес, әлеуметтік билік пен белгілі бір лауазымды алып жүруші
ретінде әрекет етеді.
Бюрократияны зерттеуші ғалым Ф.Хэди оны екі топқа бөледі. Біріншісі, классикалық
бюрократия, веберлік сипаттауға өте жақын, шығуы жағынан орта ғасырлық абсолюттік
тәртіппен байланысты. Ол тиімділігі мен жоғары кәсібилігімен ерекшелінеді, бірақ
икемділігі жоқтығымен ерекшелінеді. Классикалық бюрократиялы елдер- Франция мен
Германия. Саяси бюрократия, бәрінен бұрын ағылшын тілді елдерге тән, саяси бақылауға
оңай ұшырайды. Сондай-ақ либералды-демократиялық елдердегі шенеуіктер екі нұсқаны
да алып жүреді. Соңғы жылдары бюрократияның жаңа формасы пайда болды, олар жоғары
саяси білім алған және ол білімдерін іске асыруға талпынған.
Бюрократияның өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
o
Бюрократия қоғамдық құбылыс, тек социумға /қоғамға/ ғана тән;
o
Билікпен тығыз байланысты құбылыс;
o
Бюрократизм, билік субъект және объекті принципі бойынша бөлінген кез келген
билікке тән;
o
Бюрократизмнің объективті негізі биліктің субъект пен объект болып бөлінуінде,
олардың бір-бірінен алшақтауы биліктің мүддесін орындау мүмкіндігін әлсіретеді;
o
Бюрократизммен күрестің радикалды тәсілі билік пен басқаруды ұйымдастыру
принципін өзгерту, нақты айтсақ өзін-өзі басқаруға өту;
o
Бюрократизммен биліктің кез келген сатысы: лауазымды адам, мемлекеттік ұйым,
тұтас мемлекет ауруы мүмкін;
o
Бюрократизм динамикалық құбылыс, билік-басқару жүйесінде көп немесе аз болуы
мүмкін;
o
Мемлекеттік ұйымдардың әр түрлі жүйесі бюрократизмге әр түрлі деңгейде
ұшырайды, бюрократизмге ең көп ұшырайтыны басқармалардың кәсіби аппараты,
мемлекеттік қызметкерлер, ал аз ұшырайтыны демократиялық жолмен пайда болған
мемлекеттік ұйымдар; бюрократия- бұл билікті ұйымдастыру тәсілі, ал бюрократизм-
бюрократиялық ұйымдасқан билік-басқару жүйесін сипаттаушы сапалар, қасиеттер,
белгілер жиынтығы;
o
Демократия мен бюрократия бір-бірімен сиыспайды, олар билікті ұйымдастырудың
әр түрлі тәсілдерін қолданады.
Бюрократияны бақылау ресми және ресми емес, сонымен бірге ішкі және сыртқы
болып бөлінеді.
Қоғамды бюрократизациялаудың жолдары:
❖
Демократияның дамуы, жариялылық;
❖
Шаруашылық механизмдердің жетілуі, нарықтық жүйедегі қатынас;
❖
Биліктің өкілділік ұйымдарының демократиялануы және атқарушы биліккке
ықпалдың күшеюі;
❖
Құқықтық жауапкершілік, бюрократтарға заң арқылы қысым жасауды күшейту;
❖
Жалақының, карьера мен қоғамдағы орнының оның қызметінің соңғы нәтижесіне
тәуелділігін күшейту.
Посткеңестік шенеуніктікті қарастыра отырып, А.Облонский, олар веберлік
классикалық бюрократияға жете алмады деп санады. Сондықтан да оларды
квазибюрократия деп атады. Автор сонымен бірге қазіргі әкімшілік жүйе тіпті нашар
қызмет етуде деп санады:
➢
Кәсібилік деңгейінің төмендеуі, яғни ең білікті және қабілетті аппарат
қызметкерлердің мемлекеттік қызметті тастауы;
➢
Аппарат қоғамға қызмет көрсетуге үйретілмеген;
➢
Аппараттық жемқорлықтың күшеюі;
➢
әкімшілік моралдің кодексінің бұзылуы, бюрократиялық жазаламаушылықтың
арттуы.
Мемлекеттік басқаруды демократияландырудың дербес әдістері мыналар:
1.
мемлекеттік басқару қызметінің орталыққа тәуелділігін жою;
2.
мемлекеттік басқару өкілеттілігінің шоғырлануын жою;
3.
алқалық институттардың қызметін жетілдіру /өкілдік/;
4.
мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі жариялық пен ашықтықты
кеңейту;
5.
мемлекеттік басқару органдарының халық алдында жауап беруін күшейту;
6.
барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының бағдарламаларын
азаматтық институттардың бекітуін қамтамасыз ету.
Қоғамның бюрократиялануын жою үшін мынадай тетіктерді жетілдіру қажет деп
санаймыз:
1.
демократияның дамуы, жариялық процестері мен конструктивті сынның жаппайға
айналуы;
2.
қызметкерлердің жалақысының, карьерасының, қоғамдағы жағдайының оның
қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелді болуы;
3.
шаруашылық механизміні, нарықтық қатынас жүйесін жетілдіру;
4.
өкілділік билік ұйымдарын демокартияландыру және атқарушы билікке ықпалын
күшейту;
5.
заңдық жауапкершілік, бюрократтарды заң бойынша жауапқа тарту ережесін
ендіру.
Брюрократияның өмір сүруі кәсіби адамдар топтары, басқарушылық қызметпен
айналысатын - бұл қалыпты, жағымды процесс. Бюрократизм жағымсыз, аномальді
құбылыс ретінде қалыптаса бастауы, ол бюрократияның анық нақты көрініс беруі.
Достарыңызбен бөлісу: |