Экваторлық белдеу.Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25 – 300 С. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000 – 3000 мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдығын молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.Экваторлық ұдайы ылғалды ормандарда түрлі пальма, діңі қатты темір ағаш, жемісі тамаққа пайдаланылатын нан ағашы, шоколад ағашы өседі. Өсімдік сияқты жануарлары да биіктік қабаттарға бөліп таралған. Ағаштарда быжынаған бунақденелілер, ағаш бақалары, жыландар, шиқылдаған құстар қаптап жүреді. Оларға маймылдардың бақырғаны үні қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |