Лекция 1,2 Қатты денелердің зоналар теориясы



жүктеу 0,61 Mb.
бет10/15
Дата29.01.2023
өлшемі0,61 Mb.
#41057
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
дәріс

Лекция 19,20
Металл- жартылай өткізгіш түйісі
Металл мен электронды жартылай өткізгіш (n-типті) бір-біріне өте жақын түйіссін. Егер оқшауланған металдың Ферми деңгейі Fm , жартылай өткізгіштегі Ферми деңгейі Fn-нен төмен жататын болса, яғни Фm> Фn болса. Онда металл мен электронды жартылай өткізгіш түйіскен кезде жартылай өткізгіштен металлға қарай бағытталған электрондардың ағыны, металлдан жартылай өткізгішке бағытталған электрондардың ағынынан үлкен болады. Мұндай жағдайда металл теріс зарядталады, ал жартылай өткізгіш оң зарядталады. Нәтижеде түйісуші денелердің түйісінде электр өрісі Есг пайда болады. Бұл өріс жартылай өткізгіштен электрондардың металлға өтуіне кедергі жасайды.
Бағытталған электрондардың ағыны Ферми деңгейлері теңескенге дейін жалғасады (1а-сурет), яғни термоэмиссиялық токтар теңескенге дейін jmo=jno (1). Бұдан металл жартылай өткізгіш түйісіндгі түйіс потенциалы тең болады: (2)
Түйістегі көлемдік зарядтың электр өрісінің кернеулігі, көлемдік зарядтың еніне (қалыңдығына) тәуелді. Металлдағы көлемдік зарядтың қалыңдығы 10-8-10-7 см –ден аспайды, сол себепті металлдағы көлемдік зарядтың потенциал айрымы, жартылай өткізгіштегі көлемдік зарядтың потенциал айрымынан көп кіші болады. Олай болса түйіс потенциал айырмасы толығымен жартылай өткізгіште жатады.
Түйістің сыртқы қабатындағы электр өрісінің кернеулігі 106В/см-ден аспайды, ал кристаллдардың иондарының туғызған электр өрісінің кернеулігі 108В/см тең болады. Сол себепті түйісте пайда болған өріс кернеулігі жартылй өткізгіштің тиым салынған зонасының енін өзгерте алмайды. Бірақ Ферми деңгейіне салыстырғанда тиым салынған зона иіледі, ал бұл өз кезегінде түйістің сыртқы қабаттарындағы электрондар мен кемтіктердің концентрациясын өзгертеді. Жартылай өткізгіштен электронның шығу жұмысы, металлдан электронның шығу жұмысынан кіші болуына байланысты жартылай өткізгіш оң таңбалы зарядталады және тиым салынған зонаның энергиясы жоғары қарай иіледі. Сол себепті түйіске жақын қабатта өткізгіштік зонадағы электрондар саны кемиді, ал валенттік зонадағы кемтіктер саны артады, жартылай өткізгіштің жалпы көлеміндегі сандарына салыстырғанда. Сонымен Фm> Фn—болғанда түйістегі кемтіктердің саны электронды жартылай өткізгіштің жалпы көлеміндегі санынан көп болады, яғни түйісте меншікті өткізгіштігі кіші қабат пайда болады. Бұл қабатты жабушы (запирающий) қабат деп атады.
Кемтікті (р-типті) жартылай өткізгште түйісте кемтіктердің концентрациясы жартылай өткізгіштің көлеміне салыстырғанда көп болады, яғни түйісте меншікті өткізгіштігі жоғары қабат пайда болады. Бұл қабатты антижабушы (антизапирающий) қабат деп атайды.
Егер электронның жартылай өткізгіштен шығу жұмысы, металлдан шығу жұмысынан үлкен болса, яғни Фn> Фm, , онда жартылай өкізгіш теріс зарядталады және түйістегі зона энергиясы төмен қарай иіледі. Сол себепті өткізгіштік зонаның түйістегі электрондар саны артады, ал валнттік зонадағы кемтіктер саны кемиді. Бұл дегеніміз электронды жартылай өткізгіште анти жабушы (антизапирающий) қабат пайда болады, ал кемтіктік жартылай өткізгіште жабушы (запирающий)қабат пайда болады.
Түйіс қабатын өте көп негізгі болмаған заряд тасымалдаушылармен тойындырылатын болса, яғни электр өткізгіштігінің таңбасы өзгеретіндей жағдай жасалса, онда физикалық р-n- ауысу пайда болады. Ал егер түйіс қабатын негізгі заряд тасымалдаушылармен тойындырылатын болса, жартылай өткізгіш қозған күйге өтеді.
Меншікті жартылй өткізгіштерде Фm> Фn болғанда да, Фm.< Фn ,болғанда да зонаның иілуі түйіс қабатының меншікті өткізгіштігінің артуына алып келеді.



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау