Бақылау сұрақтары:
1. Үйірме жұмыстарының түрлері.
2. Факультативтік оқыту ерекшеліктері.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1966, 1985
2. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1969
3. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту А., "Мектеп", 1974
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы "Рауан". 1988
5. Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. А.1982
6. Жүсіпов Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Павлодар 2003
Қосымша:
1. Асқарбаева А. Сыныптан тыс оқу. Алматы, 1992.
2. Жұмажанова Т. Сыныптан тыс оқу барысында тіл дамыту. Алматы,1992.
3. Қуанышева Т. Әдебиетке байланысты сыныптан тыс жұмыстар. Алматы, 1974.
Лекция №29
Тақырыбы:Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Педагогикалык практика – студентгерді мұғалімдік мамандыққа баулудағы жауапты кезең. Студенттіңуниверситет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру. Әрбір практикант - студенттің мемлекеттік практикадан өту кезеңінде атқаруга міндетті оқу-тәрбиелік іс шаралары:
мектептік әдеби білім талаптарына сай орталау (V-IX) сыныптардагы әдебиеттік оку курсын окушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылық еңбегі негізінде ұйымдастыра білу. Әрбір сабакты окушының әдебиет пәніне деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын ояту, әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастыру мақсатына құру;
жоғары сыныптардагы (Х-ХІ) тарихи-әдебиеттік курсты оқьггуда оқушы бойында көркем талдаудың, мәтінмен өз бетінше жұмыс жүргізе білудің білімдік-тәрбиелік дағдыларын қалыптастыру, эстетикалық деңгейін көтеру;
әдебиетті оқьпудың мектеп тәжірибесінде калыптаскан әдіс-тәсілдерін окытудың жаңа технологиясымен тиімді ұштастыра білу;
өзі бекітілген сьшып окушыларының мінез-құлкы, әдебиетке бейімділігі, оқырмандық қабылдау дәрежесі, т.б. мәселелер бойынша тұрақты бақылау жүргізу. Алынған нәтижелерді сабақ үдерісінде, сыныптан тыс жұмыстар кезінде пайдалана білу;
мектеп басшылығы мен педагогикалык практикаға жетекшілік жасаушы ұстаздармен педагогикалық практика кезеңінде тығыз байланыста ынтымақтаса жұмыс істеу.
Жоспары:
1.Студенттің университет қабырғасында алған білімдерін практикамен ұштастыру.
2.Практикант студенттің мемлекттік практикадан өту кезеңінде атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары.
Достарыңызбен бөлісу: |