Бақылау сұрақтары:
1. Әдебиет сабағында жүргізілетін көркем мәтінмен жұмыс түрлері.
2. Шолу тақырыптарын оқыту ерекшеліктері.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Қоңыратбаев Ә.Әдебиетті оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1966, 1985
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы "Рауан". 1988
3. Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. А.1982
4. Жүсіпов Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Павлодар 2003
Қосымша:
1. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., "Мектеп" 1969
2. Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту А., "Мектеп", 1974
3. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1966, 1985
4.Байтанасова Қ.,Айтуғанова Ш. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. А.,2008
Лекция № 24
Тақырыбы:Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері
Жазушы өмірбаянын оқыту. Көркем шығармада жазушы өміртанымының, көзқарасының, мәдени-рухани деңгейінің, эстетикалық мұратының, қаламгерлік қолтаңбасының көрініп тұратыны.
V-IX сыныптарда жазушы өмірбаяны окытылып отырған көркем туындыға қатысты кіріспе әңгіме түрінде өтілетіні. Х-ХІ сыныптарда оның жазушының өмірі мен шығармашылығы түрінде жан-жақты талданып оқылатыны. Жазушының қоғамдық, тарихи-әлеуметтік қызметіне қатысты деректерді меңгертудің жолдары.
Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуға арналған әдістемелік еңбектерге шолу.
Шолу тақырыптарды окыту. Шолу такырыптарының белгілі бір кезеңге жататын әдебиет өкілдерінің шығармашылығын өтуге баспалдақ міндетін атқаратындығы. Оларда әдебиеттің даму үдерісі коғам өмірімен байланыста қарастырылатыны. Шолу тақырыптарын өтуге қажетті маңызды тарихи-әдеби материалдарды таңдап алудың өлшемдері мен әдістемесі. Оқылатын тақырыпқа сай қосымша әдебиеттерді пайдаланудың маңыздылығы.
Шолу такырыптарының түрлері, олар бойынша жүргізілетін жұмыс формалары. Шолу тақырыптарын өтуде әдебиетті окыту әдістерін пайдаланудың тиімді жолдары.
Шолу тақырыптарын оқьггу әдістемесі туралы еңбекгерге шолу.
Сабақга әдеби-сын мұраларды пайдалану. Жоғары сыныптарда көркем шығарманы оқьпуда әдеби-сын еңбектерін пайдаланудың қажеттігі. Оларды пайдалану тәсілдері.
Әдебиет теориясы мәселелерін оқыту. Көркем шығармадағы әдеби-теориялық үғымдардың қолданысы жазушының сөз қолданыс шеберлігін айкындайтыны. Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгерту үшін жүргізілетін жүмыс түрлері. Әдеби-теориялық үғымдарды таньггудың әдіс-тәсілдері. Ү-ІХ сыныптарда әдебиетген берілетін теориялық үғымдардың көлемі.
Әдеби бағыттар. Бұлардын пайда болу, дамуы мен қалыптасуының тарихи-әлеуметтік себептері. Реализм мен романтизм үғымдарының әдеби шығармадагы көрінісі.
Әдебиет теориясын оқытуға қатысты еңбектерге шолу.
Достарыңызбен бөлісу: |