Лекция №1. «Өндірістегі биотехнологиялық процестер мен аппараттар» пəніне кіріспе



жүктеу 381,14 Kb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата15.05.2018
өлшемі381,14 Kb.
#13722
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

26 

 

үшін  лимитті  фактор  оттек  бойынша  масса  алмасу  емес,  метаболизмнің  газ 



түріндегі  өнімдерінің  десорбциясының  жеткіліксіз  қарқыпдылығы  екендігі 

тағайындалған.  Сонымен  қатар,  СО

2

-нің  минималды  жəне  максималды 



критикалық концентрациясы болуы қажет. 

Аэрация процесі культуралық сұйықтықты міндетті түрде араластырумен 

жүреді.  Бірақ  бұл  процесс  торларға  механикалық  əсермен  байланысты.  Бұл 

əсерлердің  зардаптары  қолайлы  бола  алады,  егер  клетка  конгломераттарының 

(гранулалардың)  бұзылуы  байқалса,  ал  клеткалардың  бұзылуы  немесе 

зақымдануы байқалса зиянды болады. 

Демек,  өсірудің  əрбір  бақылау  процесіне  арналған  араластыру  келесі 

бағыттардың  біреуі бойынша процесті лимиттейді: 

1.  газ  –  сұйықтық  масса  беру  (аппараттың  бүкіл  көлеміне  қоректік 

ортаның бірдей жоғары турбуленттілігін жасау мүмкін емес, сондықтан барлық 

сұйық турбуленттілігі ең жоғары зона арқылы өтуге ұмтылады. 

2.  сұйық-клетка  масса  беру  (клетканың  маңындағы  араластырумен 

анықталады жəне клетканың размерлеріне тəуелді болады ). 

3.  клеткаға  механикалық  əсер  (сұйықта  жылдамдық  əсерінен  пайда 

болатын  күшке  тəуелді  болады,  бұлғауыш  қалақтарының  жылдамдығынмен 

сипатталады). 

Культуралық сұйықтық жақсы көбіктенетін сұйықтың классикалық үлгісі 

болып  келеді. 

Аэробты  культивация  процесін  жүргізгенде  көбік  түзілуді  процесті 

жүргізуге кедергі келтіретін зиянды құбылыстардың категориясына жатқызады, 

себебі: 

- көбік түзілу культиватордың толу коэффициентінің азаюына  əкеледі; 

- культуралық сұйықтықтың төгілуінен  шығын көбейеді; 

-  ластаушы  заттармен  күресу  қиындайды  жəне  ауа  аэрациялайтын 

сүзгілердің істен шығуы мүмкін; 

-  көбік  түзілу  микроорганизмдерді  оттекпен,  қоректік  заттармен 

жабдықтау  жағдайларын  нашарлатады  жəне  метаболизм  өнімдерін  шығаруды 

нашарлатады. 

Микроорганизмдерді  культивация  жасау  кезінде  көбік  деңгейін  реттеу 

үшін  жəне  микроорганизмдердің  биореактордан  шығарымын  болдырмау  үшін 

əртүрлі əдістерді қолданады . Оларды бес топқа бөлуге  болады. 

1.  Көбікке  химиялық  жəне  физикалық  –  химиялық  заттармен  əсер  ету; 

көбік  түзу  қабілеті  төмендетілген  қоректік  орталарды  пайдалану;  көбіктің 

қабықшасының беріктігін азайтушы БАЗ  қосу, 

2.  Көбікті  механикалық,  гидро-  жəне  аэродинамикалық  əдістермен  бұзу; 

сұйықпен жəне газбен əсер ету; көбікті инерциялық, ортадан тепкіш жəне басқа 

да  əдістермен  сепарациялау;  көбіктегі  газдың  қысымын  аздап  өзгерту;  көбікті 

араластырылатын сұйық ағынымен жауып көбікті бұзу. 

3.  Көбікті  физикалық  əсерлер  арқылы  басу;  дыбыс  жəне  ультрадыбыс 

жиіліктерінің  ауытқуын  өзгерту  арқылы;  өткір  бумен  немесе  қыздырылған 

сұйықтың көмегімен термиялық басу арқылы; электрлік көбік басу əдісі. 



27 

 

4.  Аэрациялайтын  ауа  шығынын  уақытша  азайту,  механикалық 



бұлғауышты сөндіру, аппараттан артық көбікті шығару арқылы көбік деңгейін 

тұрақтандыру. 

5.  Араластырылған  əсерлер.  Практикада  негізінен  көбік  сөндірудің 

химиялық  жəне  механикалық  тəсілдері  қолданылады,  сонымен  қатар  олардың 

біріктіріп те қолданады. 

Көбік  басуға  арналған  механикалық  қондырғылардың  екі  типі  болады  – 

айналатындар жəне қозғалмайтындар (статикалықтар ). 

Көбікті  басуға  арналған  механикалық  құрылғылардың  əрекеті  көбіктің 

көпіршіктерін  олардың  жұмыс  беттерімен  беттесуі  кезінде  басуға  негізделген. 

Механикалық көбік басқыштардың кең тараған конструкциясы  – көбік бетінің 

үстінде үлкен жылдамдықпен айналатын  диск. 

Автоматты  түрде  көбікті  басудың  жүйе  комбинирленген  жүйесі  электр 

энергиясының  жəне  химиялық  көбік  басқыштардың  ең  аз  шығынынымен, 

ферментатордағы көбік деңгейін ең нəтижелі реттеуге мүмкіндік береді. Көбік 

деңгейінің тұрақтылығы микроорганизмдерді оттекпен қамтамасыз етуге жəне 

СО



шығарып тұруға қолайлы жағдай жасайды. 

Вирустарға  қарсы  вакциналар  өндірісінің  технологиялық  стадияларын 

аппараттармен  жабдықтау  бактерияларға  қарсы  вакциналар  өндірісінің 

аппараттарынан көп айырмашылықтары бар. 

Гормональдық  препараттардың  бір  бөлігін  клеткалар  культуралықетінде 

өндірген  дұрыс.  Жануарлар  клеткалары  үшін  қолданылатын  орталар  күрделі 

болуы  мүмкін  (60  компонент  жəне  одан  да  көп).  Қандай  жаңа  орта  керектігін 

қазір  айту  қиын,  бірақ  ол  белгілі  орталардан  арзан,  дайындалуыжəне 

қолданылуы  оңай,  компоненттерінің  саны  аз  болуы  керек  жəне  универсалды 

болуы қажет. 

Қажетті  жабдықтарды  жасаудың  негізгі  екі  бағыты  бар.  Бірінші  бағыт 

үйлесімді  тап  осы  спецификалық  процесті  ғана  жүргізуге  арналған 

қондырғылар  жасау.  Екінші  бағыт  көп  мақсатқа  арналған,  берілген 

бағдарламадан кез келген жұмысты жасауға қабілетті қондырғылар жасау. 

Бірінші бағыттың үлгісіне өнімдерді генерациялауға қабілетті жануарлар 

клеткаларын алуға арналған аппараттарды жатқызуға болады. 

Альтернативті  методология,  насадка  қабаты  элементтерінің  беттеріне 

клеткаларды  иммобилизациялауды  қарастырады,  ұсақ  саңылаулы  матрицалар 

ішінде  клеткаларды  орналастыруға  негізделген.  Осындай  системалар 

гибридомды клеткалардың антиденесі өндірісінде сыналған болатын. 

Жануарлардың 

клеткаларын 

гомогенді 

немесе 


квазигомогенді 

культивация  жасауға  мүмкіндік  беретін    аппараттар    жасалуда,    сиымдылығы 

100 – 1000 л; оның көмегімен жануарлардың клеткаларын суспензияда өсіруге 

болады.  Аппаратты  аздап  модификациялау  (ауа  енгізу  жəне  бұлғауыш 

орналастыру)  аппаратты  бактериялар,  ашытқылар  жəне  саңырауқұлақтар 

өндірісінде қолдануға жарамды жасайды. Принципте, осындай қондырғыларда 

өсімдіктердің клеткаларының культурасын өндіруге болады. 

Бірақ,  барлық  жағдайларда  да  қондырғыларды  эксплуатациялық  - 

өндірістік сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді ескере отырып,    альтернативті 



жүктеу 381,14 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау