4
Лимон қышқылы. Оның қанттан немесе оның өндіріс қалдықтарынан –
мелиссадан, сонымен қатар құрамында қант болатын ағаш гидролизаттарынан
немесе бидайдан биосинтездеу тəсілі табылады. Лимон қышқылының əлемдік
өндірісі жылына 200 мың тоннаға жуық.
Белок. Құрамында белок аз болғандығына қарамастан, адамзат белок алу
үшін етпен қоректенеді, бірақ бұл қымбат жол. Сондықтан белокты
микроорганизмдерден алу жолына көп көңіл бөлінеді. Соңғы кезде адам
жоғарғы сапалы саңырауқұлақтардың (вешенкалар,опяталар,масляталар)
мицелийін ферментте құрастыруын үйренді.
Шұжықтар. Жақсы сапалы шұжықтар алу үшін тартылған етке
тартымды дəм беру үшін белгілі түрлі микроорганизмдердің ашытқыларын
қосады.
Ас бояғыштары, консерванттар, қоюлатқыштар. Сары, қызыл, көк
түсті ас бояғыштарын өндіру үшін микроорганизмдерді немесе жоғарғы сапалы
саңырауқұлақтардың жекеленген клеткаларын қолданады. Қоюлатқыш ретінде
биотехнология микроб текті полисахарид – декстранды ұсынады.
Биотехнология текті консерванттар ретінде сүт-қышқылдық бактерияларының
арнайы штаммалары бөлетін низинді пайдаланады.
Ауыл шаруашылығындағы биотехнология. Ас белогы. Жануарларды
бордақылаған кезде белок қорегі (балық ұны, соялар, горох) қажет. Біздің
елімізде мұның бəрі жеткіліксіз. Ашытқылардың арасындағы ең əйгілі Candida
қатар техникалық метанол жəне этанол негізінде алу технологиясы бар.
Ас аминоқышқылдары. 20 аминоқышқыл арасында адам үшін
ауыстырылмайтын 8 аминоқышқыл бар. Бұл аминоқышқылдар жануар
организмінде синтезделмей сырттан қорек арқылы келеді. Лизин, триптофан,
треонин
сияқты
аминоқышқылдар
организмдерге
қажетті.
Олар
микроорганизмдердің арнайы штаммаларымен өндіріледі.
Силостық ашытқылар. Шабылған шөптің сақталынуы үшін жəне оның
қорек құндылығын жоғарылату үшін силостарға арнайы ашытқылар –
микроорганизмдер қоспасын араластырады.
Пробиотиктер. Бұл жануарлар ас қорыту трактісінің пайдалы
микроорганизмдері. Оларды кейбір жағдайларда асқа жануар биопрепараты
ретінде қосады. Бұл жағдайда бірсегментті асқазаны бар жануарлардың ауыр
асты қорытуға көмегін тигізеді.
Бактериалды тыңайтқыштар. Табиғатта ауадан азотты жұтып, оны
аммоний жəне органикалық түріне айналдыра алатын микроорганизмдер бар.
Бұл микроорганизмдермен симбиозда өскен кезде азот қорегін жинақтауға
болады.
Экологиядағы биотехнология. Ағынды сулардың биологиялық тазаруы.
ғасырдың басында активті лай микроорганизмдердің күрделі қоспасы
арқылы ағынды суларды аэробты биологиялық тазарту тəсілі тағайындалғанда
қала шаруашылығында төңкеріліс болды. Бұл тəсіл түрлі шаруашылық
тұрмыстықтан бастап өндірістіктен аяқталған ласталған су ағындардың үлкен
көлемдерін тазартуға мүмкіндік береді.
5
Су мен топырақтың мұнаймен ластануларының биодеградациясы.
Мұнайдың авариялық төгілуі кезінде ласталған аймақтардың алғашқы қалпына
келтірудің биотехнологиялық тəсілі қолданылады. Ол аймақтарда арнайы
азотпен жəне фосформен қорек ету үшін түрлі қоспалар енгізілген мұнайды
қышқылдандыратын микроорганизмдермен өңдейді. Бұл түрлі қоспалар мұнай
көмісутектерін биомассаға жəне көміртек диоксидіне айналдырады.
Мұнайдың жəне тас көмірінің күкіртсізденуі. Табиғатта сульфидтер
мен меркаптандардағы күкіртті бос элементтар күкіртке айналдыратын
микроағзалар бар. Нəтижесінде электростанциялар отындары да, мотор
отындары да экологиялық таза болып шығады, себебі атмосфераға күкірт
диоксидінің аз мөлшерін бөледі.
Ауаның оттегімен құнарлануы. Космостық кемелерінде, су асты
қайықтарында, жəне адам өмір сүретін шектелген кеңістіктерде ауаны көміртегі
диоксидінен тазартқыш рөлін микросуөсімдігі – хорелла атқарады олар күн
сəулесінің əсерінен культивирленеді.
Биотармақталатын
полимерлер.
Қазіргі
кезде
пластмасса
қалдықтарын жою мəселесі туады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғайтын
кейбір елдерде пластмасса қаптауларын шектеп жатыр. Оның орнына
полигидроксибутират немесе полиакатат негізіндегі қаптауларда ұсынуда. Бұл
материалдар негізіндегі лақтырылып тасталған қаптаулар қара топырақ
микроорганизмдерімен əрекеттесу нəтижесінде суға, көмірсутке диоксидіне
жəне осы микроорганизмдердің биомассасына айналады.
Қазіргі заманғы биосинтез өнімдерін өндіру біртұтас биотехнологиялық,
система болып табылады, оның құрамына кезекпен жүргізілетін көптеген
стадиялар мен операциялар кіреді, олардың саны мен ерекшеліктері
өндірілетін өнімнің түріне жəне тауарлық формасына байланысты.
Кез келген технологиялық системаның құрамы: биотехнологиялық агент,
субстрат, технологиялық режим, процесті жүзеге асыратын аппараттар жəне
өнім (1-сурет).
1-сурет. Биотехнологиялық системаның негізгі компоненттері
Биотехнологиялық агент
Субстрат
Процессті жүргізуге
қажетті аппаратура
Өнім
Технологиялык режим