Демократиялық (жариялылық) стиль: басшылық бөлінеді, басшылыққа педагогтар да қатыстырылады, жауапкершілік бөлінеді.
Осы стильдерді бөліп көрсетудің басты ерекшелігіне басқарушылық шешімдерін қабылдау жəне басшының қол астындағы адамдарға қатысы ықпал етті.
Өктемшіл стильге қарағанда, басқарудың демократиялық стилі, басшының ұжымдық шешімдер жасауға тырысуы, адами қатынастардың маңызды екендігін түсінуімен сипатталады. Басшы қызметкерлермен бірлесіп ұйымның мақсаттарын жəне топ мүшелерінің жеке талап-тілектерімен келіседі, жұмыстарды бөліседі. Қызметкерлердің қызметін бақылау кезінде жəне оларды бағалауда ол объективті, бəрі білетін белгілерді басшылыққа алады, қол астындағы адамдарға қажетті көмектерін көрсетеді. Олардың мүмкіндіктерін арттыруға тырысып өндірістік міндеттерді, кəсіби құзыреттіліктерін өз бетімен шешеді, қажетті жеке қасиеттерін дамытады, оларға өкілеттіктерін табыстайды. Мұндай басшыны адамдарға үйірлігінен, сын көзбен қарау, өзін-өзі бақылау жəне қол астындағы адамдармен тең түрде ұстауынан ажыратуға болады.
Либералдық стиль: басшының іс-әрекеті аздау, ал оның қарамағындағы қызметкерлер өз шешімдерін қабылдауда толық еркіндік алады.
Либералдық стильге басшының шешім қабылдаудан жалтаруы немесе бұл міндеттерді басқа біреуге аудара салуға тырысуы, оның ұжым ісіне мүлде қатысы жоқтығы тəн. Мұндай стильді таңдаған басшы əдетте, өзінің қол астындағы адамдарға толық еркіндік береді. Басшылықтың барлық үш классикалық стилі көріністің сипатты түрлеріне ие. Өктемшіл басшыға бет əлпетінің қаталдығы, қатты, бұйрық бере сөйлейтін, өзін топтан бөлек ұстайтын қылықтары тəн. Демократиялық басшыға адамдарға үйірлік, сыртынан қарағанда мейірімді, өкімдері өтініш немесе ұсыныстар түрінде, сөз мəнерінде «мен» дегеннің орнына «біз» жүреді. Либералдық стильде басшының сыртқы келбеті ештеңеге қатысы жоқ, көрінбейтіндей.
Білім беру ұйымдарындағы корпоративтік (ұйымдық) мəдениет. Адам туралы түсінікті материалдық немесе рухани өндірістің жеке бір бұрандасы деп қараудан кету керек, оның əлеуметтік жəне жеке мəнінің, еңбек ұжымының басқа мүшелерімен байланыстарының маңыздылығын түсіну, алдымен, теориялық, кейіннен практикалық жоспарда корпоративтік (ұйымдық) мəдениет проблемасының пайда болуын айқындады.
Достарыңызбен бөлісу: |