Әдістемелік жұмыстың икемділігі, ептілігі, тез орындалуы. Мектеп жұмысының айқын өзгеріп отыратын жағдайын есепке ала отырып, қажетті жағдайда әдістемелік жұмысты икемді және басқаша құра білу керек.
Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты. Әдістемелік жұмыстың ұжымдық сипаты – ол жалпы мектептік, жекелей, деректі, дерексіз міндеттілік пен еріктілікті және әдістемелік жұмыстың түрлері мен мұғалімдердің өз бетімен білім алуын саналы үйлестіру.
Әдістемелік жұмыс пен мұғалімдердің шығармашылық ізденісінің нәтижелі болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау. Материалдық, рухани-психологиялық, денсаулық жағдайлары мен мамандықты көтеру үшін өздігінен жұмыс істеуіне бос уақыттың болуы.
Көптеген мектептерде әдістемелік жұмыстарды үйлестіретін әдістемелік кеңестер жұмыс істейді.
4. Мұғалімдерді аттестациялауды рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптары. Педагогикалық портфолио.
Білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі нұсқаулығында «білім беру ұйымын аттестаттау кезінде білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сəйкестігі анықталады делінген.
Аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу нысандары:
1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;
2) кадрлар құрамы;
3) білім алушылардың контингенті;
4) оқу-əдістемелік жұмысы;
5) оқу-тəрбие жұмысы жəне педагогикалық жүктеме;
6) оқу-материалдық активі;
7) оқу жəне ғылыми зертханалары;
8) ақпараттық жабдықтар мен кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми-зерттеу жұмысы;
11) кəсіптік практика болып табылады.
Мектеп қызметкерлерін аттестациялау Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 7-тарау 51-бабына сәйкес жүргізіледі. ҚР «Білім туралы» Заңының 7-тарауы «Педагог қызметкерлердің мәртебесі» деп аталады.
Педагог қызметкер міндетті:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге.
Достарыңызбен бөлісу: |