Лекция 1 Кіріспе. Жоспар



жүктеу 0,6 Mb.
бет8/53
Дата24.05.2023
өлшемі0,6 Mb.
#42758
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Лекция 1 Кіріспе. Жоспар

Негізгі гимнастика. Негізгі гимнастиканың міндеті-денсаулықты нығайту, қозғалыс дағдыларын жетілдіру және жалпы дене дайындығы, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеу, ағза жүйелерінің қызмет дәрежесін арттыру және дененің шынығуын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі гимнастикаға: сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру, жалпы дамыту жаттығулары, еркін, қолданбалы жаттығулар, снарядта орындалатын жаттығулар, тірек секірулер, қарапайым акробатикалык жаттығулар және қимыл қозғалыс ойындары жатады.
Негізгі гимнастика мектеп жасына дейінгі балалар және бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың, орта мектеп, арнаулы оқу орындарын және жоғары оқу орындарының міндетті оқу бағдарламасында маңызды орын алады.
Негізгі гимнастика спорттың әр түрімен айналысуға қажеті алғашқы кезеңнің негізгін қалыптастырады.
Қолданбалы гимнастика. Қолданбалы гимнастика: спорттық, көркем, ырғақты, өндірістік және емдік гимнастика болып бөлінеді.
Спорттық гимнастика спортының жалпы және арнайы дене шынықтыру дайындығына, оның дене қасиеттерін дамытуға, олар зерттеп үйрене спорттың кимыл-қозғалыс әрекеттеріне кіретін жекеленген қимылдарды жетілдіруге бағытталған. Спорттық қолданбалы гимнастиканың мазмұны белгілі бір спортшы шыңдалып жетілетін спорттың түріне байланысты нақтыланады.
Спорттық гимнастика - дене шынықтыру құралдарының бір түрі болып табылады. Негізгі міндеті дененің қалыптасуы мен спорттық шеберліктің жоғары дережесіне жетуге бағытталған адамның, икемділік сапасын жетілдіру болып табылады.
Көркем гимнастика қимыл-қозғалысты жетілдіруде де спорттық сипатқа ие. Көркем гимнастиканың негізгі жаттығулары қимыл-қозғалыстың жоғары әсемділігін, үйлесімділігі мен мәнерлігін меңгертеді. Көркем гимнастикамен тек әйелдер айналысады. Көркем гимнастиканың мазмұнынан арнайы жаттырулар, жалпы дамыту жаттығулары, сондай-ақ акроба­тикалык жаттығулар орын алады.
Арнайы жаттығуларға журу, жугіру, секіру, әр турлі айналулар, халық билері элементтері, кейбір қимыл қозғалыстар, әр түрлі би үйлесімділігін, музыкалық ойындар кipeдi. Көркем гимнастикада доптар, құрсаулар, орамал, жалауша секіртпелер, ленталар кең көлемде қолданылады. Көркем гимнастиканың, ерекшелігі жаттығуларды орындау музыкамен, би жаттығуларымен тығыз байланыстылығы. Жаттығуды музыкамен, би элементтерімен көркемдеу, жаттығудың мәнерлігін арттырып, айналысушыны ырғақтыққа, эстетикалық сезімге баулу.
Ырғақты гимнастика. Мектептегі ырғақты гимнастика сырттай ғана әдеттегі «аэробикаға» ұқсас. Шындығында ол-жалпы дамыту жаттығуларының кешені түрінде ұсынылған дайындық, қосымша және негізгі материалдар. Бұл кешендер айналысушыларға көмек ретінде, яғни олардың музыка ырғағын қабылдап, жалпы дене жұмысы қабілетін арттыру үшін құрастырылады. Өйткені мұнда – ырғақты гимнастиканың мазмұнында жүрудің, секірудің, би қимылдарының, сондай-ақ қозғалыс қимылдарының түр-түрі бар. Сондықтан ырғақты музыка сабақтарының жалпы тәрбиелік те, эстетикалық та мәні үлкен.
Ырғақты гимнастика сабақтарында тиімділікке қол жеткізуге музыканың маңызы үлкен. Сондықтан орындалатын жаттығуларға орай музыка қажет болады, ол жаттығушының қимыл ырғағына сай болғаны жөн. Ырғақты гимнастика сабақтарының бастапқы кезеңінде мына жағдайлар маңызды:
Емдік гимнастика - қазіргі заманда кең тараған ұғым. Ол емдеу әдістерінің тиімді түрлерінің бірі.
Емдік гимнастиканың шығу және даму тарихына арналған ғылыми еңбектер көптеп саналады, әсіресе емдік жаттығулардың денсаулыққа әсерін анықтауға ғалымдар үлкен үлес қосты.
Әр ғасырдың өзіне тән емдеу әдісі және соған сәйкес дене тәрбиесі болған. Мысалы, бойындағы дерттен арылу үшін, адам табиғатының сыйы - суды, жарық сәулені, әр түрді қимыл-қозғалысты пайдаланған. Мәселен Қытай, Үнді елдерінде жаттығуларды біздің дәуірімізге дейінгі 3000–1800 жылдары кең пайдаланған Олар ішкі ағзалар ауырғанда, буындар зақымданған кезде тыныс мүшелері арқылы дұрыс дем алуды мұқият қадағалаған.
Қазіргі емдік гимнастиканың тағы бір артықшылығы - ол тек жеке адамды ғана емес, жалпы көпшілік қауымды қамтиды.
Денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндеті аурудың алдын алу, жаппай диспансерлік тексеруден өткізу, оқушылардың жалпы хал-жағдайын жақсарту. Осындай күрделі міндетті орындауға емдік бағыттағы гимнастиканың қосар үлесі аз емес. Ол тек аурудың алдын алып қана қоймай, оны емдеуге де ықпал жасайтыны белгілі.



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау