Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет55/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93
Бақылау сұрақтары:
1. Мұнайды қайта өңдеудің екіншілік процестерінің жіктелуін келтіру.
2. Каталитикалық крекинг процесінің шарттары мен соңғы өнімдерін келтіру.
3. Мұнай минералды майлары қандай мұнай қалдықтарынан алынады?
4. Дистиллятты майдың қалдық майларынан айырмашылығы неде?
5. Майларды деасфальтизациялау мәні неде?


Лекция 17
Алкандардың, алкендердің, циклоалкандардың, арендер мен күкіртқұрамды қосылыстардың термиялық ыдыраулары.
Термиялық крекинг процестерінің шикізаты, өнімдері және параметрлері.


Термиялық процесс – өте күрделі химиялық процесс. Шикізат көптеген жеке компоненттерден тұрады. Газ фазасында көмірсутектердің термиялық реакциялары молекулалық түрінде де, радикалды тізбекті жəне радикалды тізбексіз түрінде де жүруі мүмкін. Термиялық процестер жағдайында иондық реакциялар жүрмейді, оған əлдеқайда көп энергия қажет болады. Көмірсутектердің молекулалық реакциялары аз таралған жəне мұнай көмірсутектерінің термиялық реакцияларында болмашы рөл атқарады. Қаныққан көмірсутектер үшін молекулалық реакциялардың рөлін елемеуге болады, өйткені реакциялар аралық радикалдар түзіп, айтарлықтай үлкен жылдамдықпен жүреді. Қазіргі кезде көмірсутектердің газфазалық термиялық реакцияларының радикалды-тізбекті механизмі көбірек қолданылады. Көмірсутектердің радикалдарға ыдырауы (тізбектің инициирленуі) көбінде С-С байланысы бойынша жүзеге асады. С-Н байланысының үзілуі болмайды, өйткені ол үшін айтарлықтай көп энергия қажет: С-С байланысының энергиясы 360 кДж/моль, С-Н байланысының энергиясы 412 кДж/моль.
Ұзын тізбекті қалыпты алкандарда С-С жəне С-Н байланыстарының үзілу энергиясы тізбектің ортасына қарай аздап азаяды, алайда біріншісі екіншісінен əрдайым аз болады, мысалы, октан молекуласындағы С-С жəне С-Н байланыстарының үзілу энергиясы:


СН3-СН2-СН2-СН2-СН2-СН2-СН2-СН3


С-С байланыс энергиясы, кДж/моль: 335; 322; 314; 310; 314; 322; 335.
С-Н байланыс энергиясы, кДж/моль: 394; 373; 364; 360; 364; 373; 394.


Температура артқан сайын С-С байланысының беріктігінің айырмашылығы азаяды. Төмен температураларда (400-500°С) көміртектік тізбектің үзілуі тізбектің орта шенінде ең əлсіз байланыстарда жүреді. Температура артқан сайын басқа да байланыстардың үзілуі мүмкін.
Циклоалкандарда С-С байланыстарының беріктігі қалыпты алкандарға қарағанда біршама кемдеу: циклогександа 8 кДж/ мольге, ал циклопентанда 25 кДж/мольге кем.
Алкендердегі қос байланысы бар көміртек атомдары арасындағы С-С жəне С-Н байланыстар едəуір беріктеу, ал басқа жағдайда алкандарға қарағанда едəуір əлсізденген (цифрлар кДж/мольмен берілген байланыс энергиясын көрсетеді):


R-СН2-СН2-СН2-СН2-СН = СН2
Алкендегі σ (сигма)-байланысты сақтай отырып, π (пи)-байланысты үзу энергиясы 239 кДж/мольге тең болады:
СН2 = СН2 СН2-СН2 ∙ -239 кДж/моль
Егер қос байланыс қосарланған болса, онда π (пи)-байланысты үзу энергиясы шамамен 50 кДж/мольге аз болады:


СН2=СН-СН=СН2 СН2=CH-CH-СН2-188 кДж/моль.


Арендерде С-Н жəне С-С байланыстары алкандардағы С-Н жəне С-С байланыстарына қарағанда тұрақты, ал ароматты сақинамен қосарланған байланыстарда əлсізденген болады. Сақинамен қосарлану байланыстың беріктігін шамамен қос байланыспен қосарланудағы сияқты мөлшерде азайтады.
Арендерде байланыс алкандарға қарағанда берік болып келеді. Ал ароматты сақиналармен қосарланған байланыстарда əлсіздеу болады. Химиялық қанықпаған бөлшектер болған радикалдардың реакциялық қабілеттілігі жоғары болады жəне əртүрлі реакцияларға өте үлкен жылдамдықпен қатысады. Белсенділігі бойынша радикалдарды төмендегідей қатарға орналастыруға болады.

СН3 > С2Н5 = С3Н7 = екінші- С4Н9 > С6Н3 > үшін


– С4Н96Н3 > СН2 > СН2 = СН- СН2 > (С6Н5)2 СН

Термиялық реакциялар радикалды-тізбекті механизмге ие болады. Бұл реакцияларға радикалдар, валентті - қаныққан молекулалар қатысады. Оларды үш негізгі сатыға бөлуге болады:


- тізбектің басталуы, бұл саты барысында жұптаспаған электроны бар бос радикалдар, атомдар немесе молекулалар түзіледі;
- тізбектің өсуі, бұл сатыда реакция өнімдері түзіледі;
- тізбектің үзілуі, бұл саты барысында бос радикалдар жойылады.
Крекинг, пиролиз жəне кокстеу процестерінің термиялық реакцияларында реагенттердің біреуінің молекуласында байланыстың үзілуі үшін қажет энергия жылу ретінде жеткізіледі. (1). Онда:
СН3 -СН2− СН2- СН3 С2Н5∙ + С2Н5∙ (1)


теңдігі орындалады. Үзілу барысында тұрақты радикал түзіледі. Радикалдардың тұрақтылығы келесі қатарда өседі:

СН3 ·< СН3 - СН2 ·< СН3 - СН∙- СН3< СН3 - С∙СН3 - СН3 ׀<С6 Н5∙ (2)





жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау