35
сұраныс жасайды: Enter mode [ON/OFF] : (Выберите режим [Вкл/Откл]
<Вкл:>). Сонда OFF (Откл) режимін таңдағанда жүйелік айнымалы 0 мәніне
иеленеді.
2.9 Нүктені тұрғызу
AutoCAD бағдарламасында объект нүктелерінің координаталарын
әртүрлі тәсілмен, соның ішінде объектілік байланыстыруды қолданып беруге
болады. Сондықтан кейбірде байланыстыруға арналған көмекші нүктелер
тұрғызылады.
Draw→Point (Рисование→Точка) менюінде екі команда бар: Single Point
(Одиночная точка) және Multiple Point
(Несколько точек). Біріншісі жалғыз бір
нүктені жасайды, ал екіншісі
басылғанша
бірнеше
нүкте
жасауға
мүмкіншілік
береді.
Басқаша
да,
пернетақтадан POINT командасын теріп бір
нүктені, ал Home (Главная) бөлігінің Draw
(Рисование) тобындағы
Multiple Point
(Точка) батырмасын басып, бірнеше нүкте
жасауға болады.
Кез келген жағдайда команда келесі
сұраныс береді:
Current
point
modes:
PDMODE=0
PDSIZE=0.0000
Specify a point:
(Текущие режимы точек: PDMODE=0
PDSIZE=0.0000
Укажите точку:)
Нүкте координаталарын перенетақтадан немесе тінтуір көмегімен беруге
болады.
PDMODE жүйелік айнымалысы нүкте кескінін, PDSIZE айнымалысы
нүкте өлшемін өзгертуге мүмкіндік береді. Ол үшін менюден Format→Point
Style (Фор-мат→Стиль точки) таңдап, Point Style (Стиль точки) диалог
терезесін ашамыз (2.17-суретті қараңыз).
Мұнда үстінен тінтуірді шырт еткізіп 20
кескіннен біреуін таңдаймыз.
Нүкте өлшемі Point Size (Размер
точки) өрісіне енгізу керек. Сонда
айырғышты Set Size in Absolute Units (В
абсолютных единицах) қасына орнатса,
нүктенің шынайы өлшемі беріледі, яғни
масштабтау кезінде оның өлшемі басқа
объектілермен бірге өзгеріп тұрады. Егер
2.17 сурет
2.18 сурет
36
айырғышты Set Size Relative to Screen (Относительно экрана) қасында
қалдырса, нүкте өлшемі өзгермей тұрады, ол нүктені объектілік байланыстыру
үшін жасағанда ыңғайлы.
2.10 Полисызықты тұрғызу
Полисызық бірнеше кесінді мен доғадан тұратын бір объект болып
келеді, 2.18-суретте үш полисызық көрсетіліп тұр.
Полисызықты жасау үшін PLINE (ПЛИНИЯ) командасын
Polyline
(Полиния) батырмасын басып қосамыз. Бағдарлама полисызықтың бастапқы
нүктесін сұрайды: Specify start point: (Начальная точка:)
.
Нүкте берілген соң
келесі сұраныс шығады:
Specify next point or [Arc/Halfwidth/Length/Undo/Width]:
(Следующая точка или [Дуга/Полуширина/длИна/Отменить/Ширина]:)
Осы сұранысқа екінші нүктені бергенде команда үндеместіктен
полисызықтың бірінші түзу сызықты бөлігін тұрғызады. Бірақ мұнда келесі
опцияларды да таңдауға болады:
Arc (Дуга) – доғаны жасауға арналған, оны таңдағанда келесі сұраныс
шығады:
Specify endpoint of arc or [Angle/CEnter/Direction/Halfwidth/Line/Radius/
Second pt/Undo/Width]:
(Следующая точка дуги или [Дуга/Центр/Направление/Полуширина/
Линейный/Радиус/Вторая/Отменить /Ширина]:)
Осыдан параметрлерді таңдап, доғаны тұрғызуға болады;
Halfwidth (Полуширина) – бөлік қалыңдығының жартысын беруге
арналған. Сонда Specify starting half-width <0.0000>: (Начальная полуширина
<0.0000>:) және Specify ending half-width <0.0000>: (Конечная полуширина
<0.0000>:) сұраныстарына әртүрлі мән берсе тарытылған немесе кеңейтілген
бөлік тұрғызылады;
Length (длИна) – түзу сызықты бөлікті оның ұзыңдығын беріп тұрғызуға
арналған. Сол кезде кесінді алдындағы түзу сызықты бөлік бойымен, ал
алдында доға тұрғызылса, онда доға жанамасы бойымен бағытталады;
Width (Ширина) – келесі аралықтардың бастапқы және соңғы
қалыңдықтарын беруге арналған.
2.11 Сплайнды тұрғызу
Сплайн сынықтары жоқ тегіс қисық сызық болып келеді, ол
пайдаланушы берген нүктелер арқылы қалыптастырылады.
SPLINE (СПЛАЙН) командасын
Spline (Сплайн) батырмасымен
қосамыз. Бағдарлама сплайнның бастапқы нүктесін беруді сұрайды:
Specify first point or [Object]: (Первая точка или [Объект]:)
Бастапқы нүктені берген соң Specify next point: (Следующая точка:)
сұранысына екінші нүктені беру керек. Содан кейінгі нүктелер үшін команда
37
келесі сұраныс жасайды:
Specify next point or [Close/Fit tolerance] :
(Следующая точка или [Замкнуть/Допуск] <касательная в начале>:)
Мұндағы опциялар келесіге мүмкіндік береді:
Close (Замкнуть) – тұйықталған сплайнды жасайды;
Fit tolerance (Допуск) – берілген нүктелер мен сплайн сызығының
арақашықтығын анықтайды. Осы опцияны таңдағанда Specify fit tolerance
<0.0000>:
(Допуск
<0.0000>:)
сұранысы
шығады.
Үндеместіктен
арақашықтық мәні 0, яғни сплайн берілген нүктелер үстінен өтеді.
Нүктелерді беріп болған соң басу керек, сонда келесі сұраныс
шығады:
Specify start tangent: (Касательная в начальной точке:)
Сплайн бастапқы нүктесіне жанаманы беру керек, сол кезде тінтуір
орналасуына байланысты сплайн түрі өзгеріп тұрады. Қажетті орналасуда
тінтуірді шырт еткізіп, тап осылай Specify end tangent: (Касательная в
конечной точке:) сұранысына сплайн соңғы нүктесіне де жанаманы беру
керек. Егер тұйықталған сплайнды тұрғызу керек болса, онда Specify tangent:
(Направление касательной:) сұранысына бір ғана жанама беріледі.
3 Сызба қабаттары және объект қасиеттері
Сызба көрнекі болу үшін объектілерді әртүрлі сызықтармен жасаған жөн.
Мысалы, сәулет сызбаларында жар бір түсті сызықпен, ал жиһаз бен
коммуникациялар – басқа түсті сызықтармен сызылады, жылу сұлбаларында
құбырларды түріне байланысты әртүрлі түспен кескіндейді. Сондықтан
объектілерді топтау үшін қабаттар қолданылады. Қабат сызба орындалатын
мөлдір қабыршақ секілді, әр объект қабат біреуінде орналасады. Қабат
сызықтарының түсі, түрі және қалыңдығы болады.
Жаңа сызбада әрқашан 0 қабаты болады, оны алып тастауға болмайды.
Бірақ оның үндеместіктен орнатылған қасиеттерін өзгертуге және басқа
қабаттарды орнатуға мүмкіндік бар.
3.1 сурет
Достарыңызбен бөлісу: |